Әскери өнердің шыңдалған шыңы – жекпе-жек
1. Жекпе.жектің әр ұрыстың алдында өткізілуі, яғни соғыс бастамасына тікелей әсері;
2. Тәжірибелі кәсіби батырлардың жеке айқастарының ұрыс тағдырына ықпал етуі;
3. Жекпе.жек айқаста жаудың басты батырларын құрту;
4. Ұрыс алдында жауға күш көрсету, мысын басу;
5. Екі жақ батырларының күш сынасуы.

Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының әскери өнері оның әскери-тарихи болмысын айқындап берді. Көшпелілердің әскери жүйесінің мұрагері қазақтар өз заманына сай аталған өнерді одан әрі дамыта білген. Әскердің құрылымы, соғыс жүргізу тактикалары мен маневрлік әдіс-айлалары, ұрыстың барысына ықпал еткен батырлар жекпе-жектері, жауынгерлердің рухани және тұлғалық болмысы, қазақ әскери өнерінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Жекпе-жекке шығатын кәсіби жауынгерлер соғыс тағдырына тікелей ықпал ететін күш болды. Алайда жекпе-жек әскери жүйеде әлі де өзінің тиісті бағасын ала алмай келеді.
Қазақ әскери өнеріндегі жекпе-жек, негізінен, ауқымы кең, тың тақырып. Демек, өзінің кезегін күтіп тұрған, әлі зерттеуді қажет ететін күн тәртібіндегі мәселе.
Жекпе-жек – ұрыс не майдан алдындағы батырлардың жеке айқастары, оған қатысу батырлардың жауынгерлік борышы саналған. Өз ісіне машықты кәсіби жауынгерлер аз қантөгіспен, жеке айқастарымен соғыс тағдырын шешіп отырған. Жекпе-жекте жау батырын жеңу, батырлардың атағын шығарып, дәрежесін өсірген.
Қазақ әскери өнеріндегі жекпе-жектің орнын мынадай белгілермен көрсетуге болады:
1. Жекпе-жектің әр ұрыстың алдында өткізілуі, яғни соғыс бастамасына тікелей әсері;
2. Тәжірибелі кәсіби батырлардың жеке айқастарының ұрыс тағдырына ықпал етуі;
3. Жекпе-жек айқаста жаудың басты батырларын құрту;
4. Ұрыс алдында жауға күш көрсету, мысын басу;
5. Екі жақ батырларының күш сынасуы.
Майдан алдында атақты жауынгерлердің жекпе-жек айқасын өткізу – өткен ғасырларда, бұрынғы замандарда барлық халықтардың әскери сословиесіне ортақ дәстүр. Еуропа рыцарлары, жапон самурайлары, Үнді кшатрийлері соғыста жекпе-жек өткізуді жиі қолданғанын олардың эпикалық жырларынан, тарихи шежірелерінен көруге болады. Көшпелі халықтарда да айқастар көбіне батырлар жекпе-жегімен басталатын. Көшпелі түркі-монғол халықтарының батырлық эпостары да жекпе-жек айқастарды суреттейтін сюжеттерге толы.

1. Қ.С.Ахметжанов. Жараған темiр кигендер. Алматы, 1996.
2. Ақсауыт. Батырлық дастан. 1 том.Алматы,1987.
3. Батырлар жыры. 5 томдық.
4. Ұзақбай Доспанбет. Жекпе-жек.-// Атамекен,2003. 5-мамыр.
5. Iлияс Есенберлин. Көшпендiлер. Алматы, 2001.
6. Мұхтар Мағауин. Аласапыран. Алматы,1985.
7. Р.С.Липец. Образ батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе.Москва,1984.
8. Ш.Ш.Уәлиханов. Шығармалар жинағы.4 томдық.
2. Ақсауыт. Батырлық дастан. 1 том.Алматы,1987.
3. Батырлар жыры. 5 томдық.
4. Ұзақбай Доспанбет. Жекпе-жек.-// Атамекен,2003. 5-мамыр.
5. Iлияс Есенберлин. Көшпендiлер. Алматы, 2001.
6. Мұхтар Мағауин. Аласапыран. Алматы,1985.
7. Р.С.Липец. Образ батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе.Москва,1984.
8. Ш.Ш.Уәлиханов. Шығармалар жинағы.4 томдық.
Әскери өнердің шыңдалған шыңы – жекпе-жек
Ұстағалиев Ернар, ҚазҰУ-дің 4 курс студенті
Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының әскери өнері оның әскери-тарихи
болмысын айқындап берді. Көшпелілердің әскери жүйесінің мұрагері қазақтар
өз заманына сай аталған өнерді одан әрі дамыта білген. Әскердің құрылымы,
соғыс жүргізу тактикалары мен маневрлік әдіс-айлалары, ұрыстың барысына
ықпал еткен батырлар жекпе-жектері, жауынгерлердің рухани және тұлғалық
болмысы, қазақ әскери өнерінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Жекпе-жекке шығатын кәсіби жауынгерлер соғыс тағдырына тікелей ықпал ететін
күш болды. Алайда жекпе-жек әскери жүйеде әлі де өзінің тиісті бағасын ала
алмай келеді.
Қазақ әскери өнеріндегі жекпе-жек, негізінен, ауқымы кең, тың тақырып.
Демек, өзінің кезегін күтіп тұрған, әлі зерттеуді қажет ететін күн
тәртібіндегі мәселе.
Жекпе-жек – ұрыс не майдан алдындағы батырлардың жеке айқастары, оған
қатысу батырлардың жауынгерлік борышы саналған. Өз ісіне машықты кәсіби
жауынгерлер аз қантөгіспен, жеке айқастарымен соғыс тағдырын шешіп отырған.
Жекпе-жекте жау батырын жеңу, батырлардың атағын шығарып, дәрежесін
өсірген.
Қазақ әскери өнеріндегі жекпе-жектің орнын мынадай белгілермен көрсетуге
болады:
1. Жекпе-жектің әр ұрыстың алдында өткізілуі, яғни соғыс бастамасына
тікелей әсері;
2. Тәжірибелі кәсіби батырлардың жеке айқастарының ұрыс тағдырына ықпал
етуі;
3. Жекпе-жек айқаста жаудың басты батырларын құрту;
4. Ұрыс алдында жауға күш көрсету, мысын басу;
5. Екі жақ батырларының күш сынасуы.
Майдан алдында атақты жауынгерлердің жекпе-жек айқасын өткізу – өткен
ғасырларда, бұрынғы замандарда барлық халықтардың әскери сословиесіне ортақ
дәстүр. Еуропа рыцарлары, жапон самурайлары, Үнді кшатрийлері соғыста жекпе-
жек өткізуді жиі қолданғанын олардың эпикалық жырларынан, тарихи
шежірелерінен көруге болады. Көшпелі халықтарда да айқастар көбіне батырлар
жекпе-жегімен басталатын. Көшпелі түркі-монғол халықтарының батырлық
эпостары да жекпе-жек айқастарды суреттейтін сюжеттерге толы.
Батырлар жекпе-жегінің мақсаттары – аз қантөгіспен, тәжірибелі кәсіби
жауынгерлердің жеке айқастарымен соғыс тағдырын шешу, айқас алдында жауға
күш көрсету, жаудың басты батырларын құрту, екі жақтың батырларының күшін
сынасу. Бір жақтың батырлары өте басым түскен жағдайда, қарсы жақ кейде
соғысты жалғастырмай, кері шегініп кететін де болған.
Жекпе-жекке қатысу – батырлардың жауынгерлік борышы. Жекпе-жекте жау
батырын жеңу, батырлардың атағын шығарып, дәрежесін өсіретіндіктен, оған
қатысу абырой да саналған. Жеңімпаз батырлар әскердің, елдің ұранына
айналып, жекпе-жек айқастарда қаза болғандардың есімдері өзі шейіт болған
жерге қойылып, елі үшін жанын пида қылған ерлер есімі кейінге сақталып
қалатын [1;208] .
Айқас алдында батырлар жекпе-жегін өткізу қазақтарда XIX ғасырға дейін
сақталып келді. Ақтабан шұбырынды кезінде қазақ пен қалмақ батырларының
жеке айқастары тарихи жырларда көп айтылады. Кенесарының қырғыздармен
соғысында да қазақ-қырғыз батырларының жекпе-жегі өткізіліп отырған. Исатай-
Махамбет бастаған халық көтерілісі кезінде Исатай мен Қарауыл қожа әскері
кездескенде де батырлар жекпе-жегі өткен. Жекпе-жекте жеңіске жете берген
Исатай батырларының сұсынан сескенген Қарауыл қожа әскерін шегіндіріп алып
кетеді.
Көшпелі батырлар мен көршілес отырықшы халықтардың әскерлерінің жекпе-жек
айқастары ол халықтардың әдеби, тарихи жазбаларында айтылады. Иран мен
Тұран батырларының жекпе-жегі “Шахнамеде”, ертедегі Русь богатырлары мен
қыпшақ батырларының немесе орыс және Алтын Орда жауынгерлерінің жекпе-жегі
орыс жылнамаларында суреттеледі. Бұл жекпе-жек айқастарды олардың бейнелеу
өнерінің ескерткіштерінде, миниатюраларында көруге болады. Көшпелі
халықтардың петроглифтерінде де батырлардың жеке айқастары бейнеленген.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде, батырлық жырларда, батырлар туралы
ертегілерде жекпе-жек айқастар жиі суреттеледі. Ауыз әдебиеті мен бейнелеу
өнері материалдары батырлар жекпе-жегін өткізудің қалыптасқан өзіндік жолы
болғанын көрсетеді.
Соғыс кезінде әскердің әр түрлі әрекеті дабыл арқылы белгі берілетін
болғандықтан, батырлар жекпе-жегін де бастар алдында дабыл қағылып, белгі
берілетін.
Майданда дабыл қақтырып,
Ерлердің жолын аштырып...
Жеке айқастардың басталуын әскердің үлкен дабылымен білдірсе, әр айқасты
батырлар ердің қасына байлаған өздерінің кішкентай жеке дабылдарын қағып,
жау батырын ұрысқа шақырумен бастайтын болған.
Бурыл атты ойнатып,
Алдына дабыл қағады.
“Қызылбас шыққын жеке, ”-деп,
Қасына жетіп барады [2;1т.144] .
Дабылдармен соғыс кезінде әр түрлі дыбыстық сигналдар берілген. Жекпе-жекке
шақырғанда дабыл ұрудың батырлардың бәріне түсінікті арнаулы, шартты қағысы
болған. Сол арқылы екі жақ бір-бірін сөзсіз түсінген [1;210] .
Жекпе-жекке шыққан батырлар ұрыс бастар алдында бір-бірінің есімін, елін
сұрап, өздерін де таныстыратын, өйткені батыр үшін кімді жеңіп, кімнен
жеңілгенін білуі өте маңызды. Кейін батырлардың атына мадақ айтылғанда, ол
жеңген, өлтірген батырдың да аты аталып отырған. Батыры жеңілген жаққа да
бұл кейін өзінің батыры үшін кімнен кек алу керектігін білу үшін қажет.
Жекпе-жекке шығу аса батырлықты қажет ететіндіктен, оған қатысқан ерлердің
атының аталуы, олардың даңқын өз еліне де, жауына да танытатын.
Сонда Бегіс сөйлейді:
“Тегім еді Ноғайлы,
Арғы атам Қарадөң,
Бергі атам Жұбаныш,
Өзімнің әкем Сүйініш,
Тұқымы едім мен тегіс,
Менің атым Ер Бегіс” [3; 5т.254] .
Елдің атын ер шығаратындықтан, ал айқас тағдыры жекпе-жектегі батырларының
жеңісіне көп байланысты болғандықтан, екі жақ та, екі әскердің қолбасшылары
да жекеге шығатын батырларды алдын ала таңдап, жақсылап ойластырып отырған.
Бас қолбасшы Әбілқайыр хан жекпе-жекке шығатын батырлар жөнінде шешімге
келеді: “...Қанжығалы Бөгенбай – жасамыс батыр, бірақ Аллам жаратқан бөлек
күш-қуаты бар! Ең айқынырағы сол - Қанжығалы Бөгенбай исі қазаққа танымал,
әбден құлақ сіңісті жан!” [4; 5] .
Жекпе-жекке батырлар көбіне өзімен дәрежесі тең адаммен шығады. Хан мен
хан, қолбасшыға қолбасшы, атақты батырға тәжірибелі батыр т.с.с. Өзіне тең
адам шықпаса, батыр айқастан бас тартуға хақысы болған. Бұл өз абыройын
кетірмеудің, намысын түсірмеудің белгісі болғандықтан, ол қорқақтық
саналмайды да, оның талабын екі жақ та мойындайды.
Қарсыласыңа психологиялық шабуыл жасау да – айқас әдісінің бірі. Сондықтан
ұрыс бастарда, батырлар бір-бірін сөзбен түйреп, намысына тиіп, сес
көрсетіп, мысын басу үшін сөзбен қақтығысқанын батырлық жырлардан
көруімізге болады.
Қазақ эпостарында, жалпы түркі халықтарының батырлық жырларында жекпе-жек
айқастар әр түрлі қарулармен күш сынасуы арқылы өткендігін көреміз.
“Шынтасұлы Төрехан” жырында қалмақ пен қазақ батырының жекпе-жегі былай
суреттеледі:
Қаһар мен Төре – қос пері
Найзаласа бергені,
Алдырмастай айласы
Бір-бірі күшін бермеді...
Үйіріп алып шоқпарын,
Бірін-бірі ұрады,
Ұрғанға шоқпар шыдамай,
Сағағынан сынады...
Сағақтан шоқпар сынған соң,
Айбалтаға қол салды...
Балта да, шіркін, шыдамай,
Сынып түсті сабынан.
Шегінісіп тұрады,
Қорамсақта жебеге
Екеуі қолын сұғады [2; 2т.304] .
Басқа жырларда да жекпе-жек осылай – найзаласудан, қылыш сермесуден,
шоқпар, айбалтамен соғысып, садақ атудан өтеді. Көбіне жекпе-жек айқасы
қарудың екі-үш түрімен өтетін болған. Олар алдымен найзаласып, одан
қылыштасып, сосын барып шоқпарласатын болған. Егер қарсыласының қаруы
сынып, басқа қару алса, екіншісі де сол қаруды алған. Мысалы, найза қылыш
пен шоқпардан басым болған, егер бірінің найзасы сынса не түсіп қалса,
екіншісі бас салмай, оған басқа қару алуына мүмкіндік берген және қарсыласы
қандай қару таңдаса, екіншісі де сол қаруды алған, яғни батырға батырша тіл
қату, ол батырлық этикаға, жауынгерлік дәстүрге жататын болған.
Енді халық ауыз әдебиетіндегі атақты батырлардың жекпе-жектеріне, ондағы
қару қолдану кезектері мен тәсілдеріне тоқталып өтсек.
“...Енді бір мезгілде Бөгенбай мен Аңырық өзара қайта найза салысты. Мұның
алдында қарсыластың болат сүңгісін сондай болат сүңгімен қайтару әдісі
белең алса, енді сол қолдарындағы дөңгелек темір қалқандар көбірек жораға
жүрді. Қарсыластың найзасына темір қалқанды тосып, екінші қолымен найзаны
оның көкірегіне туралай қадайды. Бірақ оның да неше түрлі өрнек әшекейлеген
дөңгелек темір жабдығы дап-дайын. ...Бөгенбайдың найзасының сабы шарт
сынбасы бар ма? Ол жанынан қошқардың басындай бар қайың шоқпарын жұлып
алды. Қалмақ батыры Аңырқай Бөгенбайға көзінің астымен сүзіле бір қарады
да, өз найзасын ерінің алдыңғы қасына көлденең қойып, қақ бөліп сындырды.
Иә, батырға батырша тіл қатты.
Бөгенбай мен Аңырқай енді өзара шоқпар салысты. Шоқпар сілтескендер ең
алдымен өз қарсыласының басын, иығын нысанаға алды” [4; 5-6].
Бөгенбай батыр мен қалмақ батыры Аңырық арасындағы жекпе-жектен көріп
отырғанымыздай, қарудың үш түрі – найза, қылыш, шоқпар қолданылады.
Кей жекпе-жектерде батырлар бір-бірін ала алмаған кездері де болғанын
төмендегі үзіндіден көре аламыз:
“...Бөгенбай мен Шұно-Дабо аттары үзеңгілесе тақалып кеп қалғанда,
қолдарындағы бұзаубас қара шоқпарларын біріне-бірі тағы сілтеді. Бұ жолы
шоқпарлардың шойын бастары біріне-бірі дәл тиді, аямай ұрған қос батырдың
алып күшіне шыдай алмай, қыл мойындарынан шорт сынып, екі жаққа ұшып түсті.
Аттарының басын қайта бұрып, екі батыр біріне-бірі қарсы ұмтылғанда,
бұлардың қолдарында енді сала құлаш көк құрыш алдаспандары жарқ-жұрқ
ойнады. Үзеңгілес келіп, екеуі алдаспандарын қатар сермеді... Батырлар
аттарының басын бұрып алып қайта шапты. Бұл жолы олар ақ көбік атып, қара
терге малынған жүйріктерін бір орнында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz