Еуропадағы қазақ диаспорасы және ана тілі мәселесі: кейбір проблемалар мен ұсыныстар



Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі Қазақстан Республикасы шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде де Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс Түркістан аймағынан) 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балаларынан құралады. Олардың келешегі бір шағын тобы болса, ашаршылық жылдары Қазақстаннан Ауғанстанға босқан, 1980 жылдардың басында тағы Түркия арқылы Батыс Еуропа елдеріне келіп қоныс тепкен қазақ отбасылары мен олардың ұрпақтарынан тұрады. Батыс Еуропаның түрлі елдерінде тұратын сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін сақтап қалу, болашақ ұрпақтарға жеткізу үшін 10 қазақ орталығын құрып, солардың айналасына топтасқан. Осы қазақ орталықтары өзара байланыстарын, жұмыстарын белгілі бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатына орай Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясы деген бір шағын ұйым да құрған.
Еуропа Қазақ қоғамдары алдарына қойған аталған мақсаттарын жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар да қолдануда. Олардың ең бастыларының бірі, жыл сайын Еуропаның қазақтар қоныс тепкен бір елінде өткізілетін «Еуропа Қазақтарының Кіші Құрылтайы» деген дәстүрлі құрылтай. Бұл құрылтайларға, Еуропадағы Қазақ диаспорасының жүздеген өкілдеріне қоса, орталығы Алматыдағы Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының басшылары, Қазақстанның үкімет адамдары, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері, ән-би ансамбльдері, баспасөз қызметкерлері де қатысып тұрады. Әсіресе шетелдерде туып-өскен қазақтардың бір-бірлерімен танысып, білісулеріне дәнекер болған осы құрылтайларда Еуропадағы Қазақ диаспорасы дидарласып отырған ана тілге, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерге қатысты проблемалар талқыланып, оларға шешім-шаралар қарастырылуда. Әйткенмен, алып барылып отырған мұндай ізгі ниетті іс-әрекеттерге, шараларға қарамастан, Еуропа қазақтары арасында қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқанын, әсіресе жас буынның ана тілін мүлдем білмей ұмыта бастағанын мойындауға мәжбүрміз. Диаспорадағы қазақтарды қатты алаңдатқан мұндай ұнамсыз жағдайдың қалыптасуының кейбір себептерін келтіре кетсек артық етпейтін шығар.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Абдулқайым Кесежи
Еуропа Қазақ қауымдастығының
төрағасы, саясаттану ғылымдарының
докторы, саясаттанушы (Германия)

ЕУРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ МӘСЕЛЕСІ: КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАР МЕН
ҰСЫНЫСТАР

Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі Қазақстан Республикасы
шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Еуропаның бірқатар
елдерінде де Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді.
Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс
Түркістан аймағынан) 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға
көшкен, ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ
отбасылары мен олардың балаларынан құралады. Олардың келешегі бір шағын
тобы болса, ашаршылық жылдары Қазақстаннан Ауғанстанға босқан, 1980
жылдардың басында тағы Түркия арқылы Батыс Еуропа елдеріне келіп қоныс
тепкен қазақ отбасылары мен олардың ұрпақтарынан тұрады. Батыс Еуропаның
түрлі елдерінде тұратын сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық
қасиеттерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін сақтап қалу, болашақ
ұрпақтарға жеткізу үшін 10 қазақ орталығын құрып, солардың айналасына
топтасқан. Осы қазақ орталықтары өзара байланыстарын, жұмыстарын белгілі
бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатына орай Еуропа Қазақ Қоғамдары
Федерациясы деген бір шағын ұйым да құрған.
Еуропа Қазақ қоғамдары алдарына қойған аталған мақсаттарын жүзеге
асыру үшін бірқатар шаралар да қолдануда. Олардың ең бастыларының бірі, жыл
сайын Еуропаның қазақтар қоныс тепкен бір елінде өткізілетін Еуропа
Қазақтарының Кіші Құрылтайы деген дәстүрлі құрылтай. Бұл құрылтайларға,
Еуропадағы Қазақ диаспорасының жүздеген өкілдеріне қоса, орталығы
Алматыдағы Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының басшылары, Қазақстанның
үкімет адамдары, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері, ән-би
ансамбльдері, баспасөз қызметкерлері де қатысып тұрады. Әсіресе шетелдерде
туып-өскен қазақтардың бір-бірлерімен танысып, білісулеріне дәнекер болған
осы құрылтайларда Еуропадағы Қазақ диаспорасы дидарласып отырған ана тілге,
ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерге қатысты проблемалар талқыланып,
оларға шешім-шаралар қарастырылуда. Әйткенмен, алып барылып отырған мұндай
ізгі ниетті іс-әрекеттерге, шараларға қарамастан, Еуропа қазақтары арасында
қазақ тілінің жағдайының жыл өткен сайын нашарлап бара жатқанын, әсіресе
жас буынның ана тілін мүлдем білмей ұмыта бастағанын мойындауға мәжбүрміз.
Диаспорадағы қазақтарды қатты алаңдатқан мұндай ұнамсыз жағдайдың
қалыптасуының кейбір себептерін келтіре кетсек артық етпейтін шығар.
Бұрын диаспорада тұратын елден келген үлкен кісілер басқа тіл
білмегендіктен балаларымен және немерелерімен тек қазақ тілінде сөйлейтін.
Сондықтан үйлерде қазақша сөйлеу басым болатын. Қазір сол аға буынға
жататын үлкен кісілердің қатары тым сиреп, олар түгесіліп бітті десе де
болатындай. Бұл шетелдерде тұратын қазақтар арасында қазақ тілінің
қолданылу үрдісіне ауыр соққы болып тиеді.
Ал, Еуропада қазақша сөйлейтін орта жоқ. Балалар мектептерде,
үлкендер болса жұмыс орындарында тұрған жерлерінің тілімен сөйлейді. Үйге
келсе олар түрікше сөйлеседі. Өйткені қазіргі Еуропадағы Қазақ
диаспорасының орта буын өкілдерінің барлығы дерлік Түркияда туып-өсіп,
мектептерде түрік тілінде оқыған адамдардан құралады. Сондықтан олардың
балалары қазақшаға шорқақ не болмаса бүтіндей білмейді. Бір ескерерлік жай,
тамырлас, түбі бір тіл болғандықтан ба түрікше сөйлеген қазақ жастары кейін
қазақшаны тез қабылдап, тез үйреніп кетіп жүр. Мұның кейбір мысалдарын
Түркиядан яки Еуропадан Қазақстанға оқуға барған қазақ жастарының арасынан
көріп те жүрміз. Бірақ қазір Қазақ диаспорасының жаңа буынына жататын және
Еуропада туып-өскен ата-аналар арасында жаңа бір дағды қалыптасып келеді.
Осы жаңа буын ата-аналар отбасында өзара және бала-шағаларымен өздері
тұрған Еуропа елдерінің тілдерімен сөйлесе бастады. Бұл енді шетелдегі
қазақтар арасында болашақта қазақ тілін сақтап қалуға төнген ең үлкен
қауіптің бірі болып есептелсе керек.
Еуропадағы қазақ орталары Еуропада тұратын жаңа буын қазақтарының
қазақша үйренуі үшін қанша талпынғанмен, қанша күш жұмсағанмен кездескен
қиындықтарды жеңіп шыға алмай отыр. Қазақ тілін оқытатын курстар
ұйымдастыру және онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
Эмигрант және эмиграция ұғымы
Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар
Қазақтар (шетжұрты)
Қазақтар
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Түркиядағы қазақ диаспорасы
Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі
Пәндер