Жамбылдың тәрбие тағылымы (1846-1945)



Жамбылдың тұңғыш кітабы 1944 жылы ''Песни и поэмы'' деген атпен орыс тілінде әуелі Алматыда, соңынан Мәскеуде шықты. Толық жинағы қазақ тілінде Сәбит Мұқановтың бас мақаласымен 1946 жылы шықты. Кітаптың беташарында бірсыпыра фактылармен, қазақтың тоқсан-нан асқан қарт ақыны бас-аяғы бір-екі жылдың ішінде одақ көлеміне қалай әйгілі болғаны айтылғанды.
1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігі болғанда Жамбыл мен Сәкен Сейфуллин екеуі Еңбек Қызыл ту орденін алды.
Жамбыл бүкіл Жетісу өңіріне аты шыққан дарқан ақын болды. Қазақтың қараңғылық халі қырық бөлініп қаналған мешеулік жағдайы, оның өрісін бұдан әрі жібермеді. Соның өзінде, ізсіз ұшарсыз өшіп қалмай, жер бетіне жарып шығып, жұрт көзіне жоталы дарын иесі екенін таныта алуы, кейін осы қалып дәрежеде Мұхтар Әуезовтың ''Абай жолы'' романына елеулі бір ақындық образына негіз салуы - Жамбылдың көптің бірі емес, ілеуде бір ұшырасатын ерен талант екенінің айғағы.
Баспа жүзінде қазақ оқушысы Жамбыл есімін ең алғаш 1923 жылы Шамғали Сарыбаевтың ''Қазақтың революцияға дейінгі ақын-жыраулары'' атты мақаласында таныды. Бұдан кейін Жамбыл есімі он екі жыл бойы баспа жүзінде көрінбей кетті.
Бірақ Жамбыл жырынан тиылған емес, ешкім ерен көңіл бөлмесе де қарт ақын өз төңірегіне революция заманы, жаңалықтарына әрдайым үн қосып, халқының күрес жолын, бақыт жолын жырлап отырды. Алайда, сондағы жырларының көпішілігін ешкім жазып алмағандықтан ізсіз-түзсіз жоғалып кеткен. Тек 1927 жылы Жетісу жері Түркістаннан бөлініп Қазақстанға қосылғанда шығарған ''Қазақстан тойына'', 1927 жылғы жер бөліс науқанына арналған ''Заман ағымы'', 1928 ''өркенің өссін еңбекшім'' деген бірен-саран жырлары ғана сақталған. Бұл осы екі-үш жырының өзін бүгін оқып тыңдасақ қарт жырау сол жылдары қазақ жеріндегі жер бөлінісін, оның еңбекке байланыстылығын, барлық байлық жер қойнауында деп, егіншілікпен айналысқан бау-бақша-мен гүлденген Жетісу жерін жырлайды, халықты, қалың жұртшылықты сол жылдардағы еңбекшілердің бірігуін еңбек етуге шақырады.
Еңбекшіге арналған бұл өлең жырының өзінде еңбек-шілерді бірлесіп еңбек етуге, жастарды еңбекке, білімге, тәрбиеге нұқсаған қаншама өсиет өнеге жатыр. Сол жылдары одан кейінірек те жазылған ''Тарих тағылымы-тәрбие'' атты өлеңінде мынадай жыр шумақтары тәрбиенің өмірдегі орнын, сол дәуірдегі және бүгінгі жастарымызды тәрбиенің, еңбектің құдіретіне тағылым етуге шақырады.
Барлық адам өмірі,
Еңбектен келіп жаралған.
Тіршілік, тыныс, рахат,
Еңбекпенен табылған, немесе ендібір жерінде өлеңнің: Қуаныш, шаттық қызығы, Табиғат - байлық рызығы. Жер, су, шалғын, бәйшешек
Еңбекпен өсіп танылған, - деп жырау бір ғана еңбектің, маңызы мен мазмұнын қаншама жырға қосады. Осының өзі ақынның алғашқы жыр бастауы еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы үлкен тағылым болса керек.
Отызыншы жылдардың соңы, қырқыншы жылдардың басындағы ақын өмірінің шырқау биігі деп аталатын кезеңі басталып, жыр маржанын төгіп, халық даналығын, халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеп, өсиетті-ұлағатты жырларын жазып, жастарға батасын бергендей болады. Оған мынадай өлең шумақтарын келтіруге боады:
Жастарым жайнап жаңғырған,
Еңбекпенен танылған.
Көз жіберсек өткенге,
Еңбексіз қолың жеткен бе?
Теңсіздік басы байлылық,
Құр сенделдік, қаңғыдық.
Ерінбей адал еңбек ет,
Рахатын тап жаныңның.
Еліңнің аяулы ұлы бол,
Біл бабаңның қадірін, - деп еңбектің мазмұнын аша отырып, еңбектің түбі өнбек және рахат деген ой түйеді ақын.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жамбылдың тәрбие тағылымы (1846-1945)
Жамбылдың тұңғыш кітабы 1944 жылы ''Песни и поэмы'' деген атпен орыс
тілінде әуелі Алматыда, соңынан Мәскеуде шықты. Толық жинағы қазақ тілінде
Сәбит Мұқановтың бас мақаласымен 1946 жылы шықты. Кітаптың беташарында
бірсыпыра фактылармен, қазақтың тоқсан-нан асқан қарт ақыны бас-аяғы бір-
екі жылдың ішінде одақ көлеміне қалай әйгілі болғаны айтылғанды.
1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің он күндігі болғанда
Жамбыл мен Сәкен Сейфуллин екеуі Еңбек Қызыл ту орденін алды.
Жамбыл бүкіл Жетісу өңіріне аты шыққан дарқан ақын болды. Қазақтың
қараңғылық халі қырық бөлініп қаналған мешеулік жағдайы, оның өрісін бұдан
әрі жібермеді. Соның өзінде, ізсіз ұшарсыз өшіп қалмай, жер бетіне жарып
шығып, жұрт көзіне жоталы дарын иесі екенін таныта алуы, кейін осы қалып
дәрежеде Мұхтар Әуезовтың ''Абай жолы'' романына елеулі бір ақындық
образына негіз салуы - Жамбылдың көптің бірі емес, ілеуде бір ұшырасатын
ерен талант екенінің айғағы.
Баспа жүзінде қазақ оқушысы Жамбыл есімін ең алғаш 1923 жылы Шамғали
Сарыбаевтың ''Қазақтың революцияға дейінгі ақын-жыраулары'' атты
мақаласында таныды. Бұдан кейін Жамбыл есімі он екі жыл бойы баспа жүзінде
көрінбей кетті.
Бірақ Жамбыл жырынан тиылған емес, ешкім ерен көңіл бөлмесе де қарт
ақын өз төңірегіне революция заманы, жаңалықтарына әрдайым үн қосып,
халқының күрес жолын, бақыт жолын жырлап отырды. Алайда, сондағы жырларының
көпішілігін ешкім жазып алмағандықтан ізсіз-түзсіз жоғалып кеткен. Тек 1927
жылы Жетісу жері Түркістаннан бөлініп Қазақстанға қосылғанда шығарған
''Қазақстан тойына'', 1927 жылғы жер бөліс науқанына арналған ''Заман
ағымы'', 1928 ''өркенің өссін еңбекшім'' деген бірен-саран жырлары ғана
сақталған. Бұл осы екі-үш жырының өзін бүгін оқып тыңдасақ қарт жырау сол
жылдары қазақ жеріндегі жер бөлінісін, оның еңбекке байланыстылығын, барлық
байлық жер қойнауында деп, егіншілікпен айналысқан бау-бақша-мен гүлденген
Жетісу жерін жырлайды, халықты, қалың жұртшылықты сол жылдардағы
еңбекшілердің бірігуін еңбек етуге шақырады.
Еңбекшіге арналған бұл өлең жырының өзінде еңбек-шілерді бірлесіп
еңбек етуге, жастарды еңбекке, білімге, тәрбиеге нұқсаған қаншама өсиет
өнеге жатыр. Сол жылдары одан кейінірек те жазылған ''Тарих тағылымы-
тәрбие'' атты өлеңінде мынадай жыр шумақтары тәрбиенің өмірдегі орнын, сол
дәуірдегі және бүгінгі жастарымызды тәрбиенің, еңбектің құдіретіне тағылым
етуге шақырады.
Барлық адам өмірі,
Еңбектен келіп жаралған.
Тіршілік, тыныс, рахат,
Еңбекпенен табылған, немесе ендібір жерінде өлеңнің: Қуаныш, шаттық
қызығы, Табиғат - байлық рызығы. Жер, су, шалғын, бәйшешек
Еңбекпен өсіп танылған, - деп жырау бір ғана еңбектің, маңызы мен
мазмұнын қаншама жырға қосады. Осының өзі ақынның алғашқы жыр бастауы еңбек
пен еңбек тәрбиесі туралы үлкен тағылым болса керек.
Отызыншы жылдардың соңы, қырқыншы жылдардың басындағы ақын өмірінің
шырқау биігі деп аталатын кезеңі басталып, жыр маржанын төгіп, халық
даналығын, халықтың дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеп, өсиетті-ұлағатты
жырларын жазып, жастарға батасын бергендей болады. Оған мынадай өлең
шумақтарын келтіруге боады:
Жастарым жайнап жаңғырған,
Еңбекпенен танылған.
Көз жіберсек өткенге,
Еңбексіз қолың жеткен бе?
Теңсіздік басы байлылық,
Құр сенделдік, қаңғыдық.
Ерінбей адал еңбек ет,
Рахатын тап жаныңның.
Еліңнің аяулы ұлы бол,
Біл бабаңның қадірін, - деп еңбектің мазмұнын аша отырып, еңбектің
түбі өнбек және рахат деген ой түйеді ақын.
Жамбылдың өлең-жырларында патриоттық сезім, тәрбиенің күші бар,
тәрбиенің күшіне сенген ақын, тәрбие тағылымын, үлгісін әрбір өлеңнің
арқауы ете білді. Қарт жырау Жамбыл бұл жерде өлеңдерін педагог, мұғалім,
оқушыларға тура арнап жазбағаны белгілі. Алайда, ол сол өзі өмір сүрген
дәуірдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық күйін, жаңа мәдениетін,
халықтың, бүкіл қоғамның тарихи дамуын, дәуірге, белгілі бір кезеңге
байланысты оқу-ағарту процесінің қалыптасу үлгісін жырына қосты. Бүгінгі
педагогикалық тұрғысынан қарап, ақын жырларын талдап, зерттесек, ол
адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесін, патриоттық, идеялық-саяси тәрбиені,
еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарап көп жырларында еңбекті,
еңбек тәрбиесінен бастап тәрбиенің барлық түрін, еңбек тәрбиесінің құрамдас
бөлігі ретінде қарастырады. Мұның ішінде тәрбиенің негізгі категориялары
ақылдылық, даналық, адамгершілік, ұлағаттылық пен парасаттылық Жамбыл өлең-
дерінің өзекті проблемалар ретінде қаралады, соны жырға қосады. Мұны мына
шумақтардан айқын көре аламыз.
Еңбекпен туған елімнің
Ағызып білім бұлағын
Адамшылық, даналық
Туғызып ақыл ''құрағын''.
өнерім өшпес өмірім
Даналығым, ақылым
Пайда тигіз халқыма
Лапылда, жырым лапылда!
Жастарым жайна, жалында
Еңбектің тігіп ордасын,
Оқы-оқы, өнер қу қалма қапыда
Бүгінгі ұлы дүбірде,
Бұл да бір сын ақынға
Болашағым ұрпағым,
Лапылда, өшпей лапылда!
Ақын толғаулары оқу, өнер, білімге, келешекке меңзейді, жасөспірімді
алдағы өнер асуына, болашаққа, сәулетті де салтанатты өмір сарайын соғуға
шақырады.
Жамбыл 1930 жылдардың соңында жазған ''Абай жастар жыршысы'', ''Абайды
еске алу'', ''Абай ізімен'' атты өлеңдерде Абайша толғанысқа, Абайша халқын
сүюге, жастарды оқу, өнер, білімге шақырады, оларды баулиды, тәрбиелейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Жабаев Жамбыл (1846-1945)
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Пәндер