Түргеш қағанаты



Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы. Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.
Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер "Күлтегін" ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді жөне Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы "Күлтегін" жазбаларында біршама жақсы жазылған.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды. Ел сауда, қолөнермен де айналысты. Аң аулау да кәсіптің бір түрі еді. Алайда аң аулау бай-шонжарлар үшін көңіл көтеріп, сауық құру болса, ал кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы әр түрлі пікірлер бар. Олардың бірінде соғдылар негізінен саудамен айналысатын халық болғандықтан, осы сауда арқылы келіп қоныстанған дейді. Ал екінші бір пікірде соғды диқандары мен саудагерлері Бұхараның өмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуіне шыдамай, қоныс аударуңа мәжбүр болған. Үшінші пікірде арабтардың жаулап алуымен байланыстырылады. Тарихи жағынан алып қарағанда бұл үш пікірдің үшеуі де белгілі бір жағдайларда байланысты соғдылардың шығысқа қарай қоныс аудара бастағанын теріске шығармайды. Соғдылардың қоныс аударуыңа осы үш себептің әсер еткендігі - тарихи шындық.
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ (756-940 ж.)
Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері. Қазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тйуының баурайын мекендейтіндігі хабарланады. Ал VII ғасырдың басындағы қытайдың "Таншу" әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ (70І-756 ж.)
Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы. Қағанаттың жері Орта Азияның
оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық,
Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.
Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы
алғашқы деректер "Күлтегін" ескерткішінде және қытай жазба деректерінде
кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен
аймақты мекендеді жөне Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың
бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанатының сол қанатына
енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. Түргеш қағанатының өз алдына
жеке билік құрған кезеңі туралы "Күлтегін" жазбаларында біршама жақсы
жазылған.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай
отырықшы егін салумен шұғылданды. Ел сауда, қолөнермен де айналысты. Аң
аулау да кәсіптің бір түрі еді. Алайда аң аулау бай-шонжарлар үшін көңіл
көтеріп, сауық құру болса, ал кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы әр түрлі пікірлер бар. Олардың
бірінде соғдылар негізінен саудамен айналысатын халық болғандықтан, осы
сауда арқылы келіп қоныстанған дейді. Ал екінші бір пікірде соғды диқандары
мен саудагерлері Бұхараның өмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым
көрсетуіне шыдамай, қоныс аударуңа мәжбүр болған. Үшінші пікірде арабтардың
жаулап алуымен байланыстырылады. Тарихи жағынан алып қарағанда бұл үш
пікірдің үшеуі де белгілі бір жағдайларда байланысты соғдылардың шығысқа
қарай қоныс аудара бастағанын теріске шығармайды. Соғдылардың қоныс
аударуыңа осы үш себептің әсер еткендігі - тарихи шындық.
ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ (756-940 ж.)
Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері. Қазба
деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының
құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай
тйуының баурайын мекендейтіндігі хабарланады. Ал VII ғасырдың басындағы
қытайдың "Таншу" әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес
тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық
деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген.
Қағанаттын орталығы Суяб қаласы болды. Билікті өз қолдарына алған
қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жоюды ойластырады. Олардың Тараз, Ташкент
қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа
өздері де қатынасқан болатын. Сондықтан олардан қауіп бол-дырмау үшін 766-
775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді.
Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта жүргендігін
байқауға болады. Бірінші бағыты - жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал
шаруашылығы, екінші бағыты - отырықшы егін шаруашылығы.
Бұл кезде өмір сүрген халықтардың мәдениетін екі салаға бөліп
қарастыруға болады. Бірінші материалдық мәдениеті болса, екіншісі - рухани
мәдениеті.

ТҮРІК КАҒАНАТЫ (552-603 ж.)
Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық
мемлекеттердің бірі - Түрік қағанаты. Түрік этнонимі қытай жылнамаларында
542 жылдан бері белгілі. Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552
жылдан басталады.
545 жылы түрік колбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел
арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Алайда ұзақ уақыт Жужандардың (авар)
тепкісін көрген түріктер оларға қарсы бас көтере бастайды. Түрік қолбасшысы
Бумын Жужан қағаны Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін
Бумын қаған Анағұй қағанға маған қызын әйелдікке берсін деп елші жібереді.
Мұны естіген Анағұй қаған ашуланып, менің есігімде темір балқытушы болып
жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай ғана дәті барды екен деп Бумын қағанды
кемсітеді. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол
жәбірленуші ретінде, енді Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды
деп шешіп, онымен шайқасудың сәтін күтеді.
Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың
ішінде басым көпшілігі теле (тирек) тайпалары. Теле - көптеген түрік тілдес
тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша, "теле" сөзінен түрік
сөзі шыққан. Сондықтан да "теле" мен "түрік" сөзі бір мағынаны білдіреді.
Түрік қағанатының құрамында отыздан аса теле тайпасы болған. Олардың ішінде
қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін, тағы басқа тайпалар бар.
Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария сияқты
ірі өзен бойларындағы тоғайлы жерлерде немесе тау бөктерлеріндегі күнгейлі
шатқалдарда орналасты. Өйткені ондай жерлердің от-суы мол, қысы жайлы еді.
Төрт түлік мал өсірген. Мал өнімдері (жүн, ет, тері, сүт) жесе азық, кисе
киімі болған.

Кез келген халыңтың мәдениеті олардың шаруашылық түріне байланысты.
Сондықтан да түріктердің баспанасы көші-конға ыңғайлы киізүй болды. Өйткені
мұндай үй тез тігуге, тез жығуға қолайлы еді. Қыстауда түріктер жерден
қазылған жеркепедерде немесе тастан, ағаш, қамыстан жасалған тұрақ-жайларда
тұрған.
БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (603-704 ж.)
Батыс Түрік қағанатының жер аумағы. Түрік қағанаты 603 жылы Батыс,
Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады.
Батыс қағандық оңтүстік-шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік-
батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік-
шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал
оңтүстік-батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына
қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды.
Жазғы ордасы (қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі) Мыңбұлақта орналасты.
Алғашқы кезде қағандықты Тардуш (Дато) қаған басқарған. Бұл Батыс
Түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Ал Шығыс Түрік қағанаты
керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап
отырды. Шығыс Түрік қағанатының мұндай күйге түсіп отырғанын білген Тардуш
қаған оларды басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды да ойластырды. Ол өз
ойын іске асыру үшін Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап, олардың жерін
басып та алған. Сөйтіп өзін Шығыс Түрік қағанатының да қағаны деп
жариялайды. Алайда телелер қайтадан оған қарсы көтеріледі.
Қағанаттың бірінші басшысы - қаған жоғарғы билеуші және әскербасы
саналды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Одан
кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Қағанаттағы жоғарғы
лауазымдар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілдерінің қолында болған.
Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар беріліп отырған. Ал сот істерін
бұрықтар мен тархандар атқарған. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі ті-
регі бектер болған. Қарапайым халықты "қара будундар" деп атаған.
Батыс Түрік қағанаты шаруашылығының негізін - маусымды жайылымға
негізделген жартылай мал шаруашылығы құрайды. Малы жоқ немесе малы аз кедей
шаруалар жер өңдеу кәсібімен айналысқан. Әсіресе ерте орта ғасырларда
оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерінде Испиджаб, Тараз, Талхир,
Алмалық сияқты қалалар дами бастаған. Олардың айнадасындағы қыстақтардың
көбеюі отырықшылықтың қанат жайғанын көрсетеді. Қолөнер де өркендеген.

ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ
(IX ғасырдың соңы -XI ғасырдың басы)
Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы. IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың
басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды.
Орталығы осы өзеннің бойындағы Янги-кент(Жаяа Гузия) қаласы болды.
Түрік тілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық және Орта
Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары
Түрік қағандығының құрамында болған. Батыс Түрік және Түргеш қағанаттары
құлап, Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына
ығысқан.
Оғыздардың құрамына қангар-печенегтердің біразы жөне Сырдария
аңғарының, Арал маңының және Каспий бойының далалық тайпалары - тілі
жағынан түріктене бастаған, арғы тегі үнді-еуропалықтар, финнугорлар да
кірген.
Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.
Олар Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы печенегтерді жеңіп, өздеріне
қаратады. Еділ бойындағы печенегтермен болған соғыс туралы "Оғызнамада":
"Итиль өзені деген бір өзен бар еді. ...жағасында Қаратау маңында ұрыс
болды. ...жойқын соғыс болды... Итиль өзенінің суы қып-қызыл болды" деген
жолдар кезігеді. Бұл хабар печенегтердің ойсырай жеңілгендерін кәрсетеді.
965 жылы оғыз жабғуы Киев кінязі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ
құрады. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалады. Бұл туралы "Оғызнамада"
біршама суреттеме берілген. Онда: "Ұрысбек оғлы Сақлаппен келісім жасалған"
дейді. Мұндағы "Ұрысбек оғлы Сақлап" деп отырғаны — орыстың ұлы кінязі
Святослав.
Оғыздар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен
айналысты. Жартылай көшпелілердің тұрақты, маусымды жайылымдары болды.
Тұрақты қысқы жайылымдары Сырдың орта және төменгі ағысында, Арал теңізі
жағалауларында болды. Ал жазда оғыздар Каспий теңізінің далалы аймағын
жайлаған. Әл-Бируни оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасында, ал кейбір
бөліктерінің Ұлытау баурайында көшіп жүргенін айтады.
Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты, дамыған түрі малдан алынған
өнімді өңдеу болды. Мәселен, малдың терісінен аяқ киім, ыдыс, садақтың
қабы, қорамсақ, ат әбзелдері, торсық, саба, мес секілді бұйымдар жасалды.
Ал малдың жүнінен киім, киіз, текемет, кілем, сондай-ақ арқан, көген, желі
сияқты тағы басқа да шаруаға қажетті бұйымдар дайындалды. Киім-кешек
қосымша аң терілерінен де тігілген.
ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ (942-1212 ж.)
Хғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір
бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды.
Мемлекеттің негізін Білге Кұл Қадыр-ханның немересіСатұқ Боғрахан (915-955
ж.) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғрахан саманилерден қолдау
тауып, өзінің туысы Оғұлшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен
Қашғарды да бағындырады. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан
мемлекеті құрылады. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты батыста
Жетісудан Испиджабқа және Шығыста Қашғарға дейінгі аумақ Қарахан
мемлекетіне қарады.
Жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған. Билік мұрагерлік
жолымен беріліп отырды. Билік иелері қатарына ханның ұрпақтары- тегіндер,
ілік хандар, бектер, нөкерлер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды.
Басқару жүйесі осы үлкен және шағын екі бөлікке бөлінетін үлестерге қарай
жіктелді. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Бұлар Қарлұқ қағанаты
кезіндегі "көл - еркіндерге" ұқсас еді. Махмуд Қашғаридің жазуына
қарағанда, "көл - еркін" кел-кесір, ұшан-теңіз ақыл-ой деген мағынаны
білдірген.
Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғрахан өлген соң, ел ішінде саяси
бытыраңқылық басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады. Ол
өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде
жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болады. Алайда Сатұқ
Боғраханның екінші баласы Сүлеймен-ілік Баласағұнда билік жүргізді. Аз
уақыттан кейін Мұса қаза болған соң оның орнына Әли Арслан (960-990 ж.) хан
болады.
Қарарахан мемлекетінің Жетісу аймағындағы шаруашылығы басты екі бағытта
жүргізілді.
Бірінші, Тараз, Талхир, Баласағұн сияқты ірі қалаларда және оның
маңайындағы қыстақ-кенттерде отырықшы халық егін, бау-бақша өсірумен
айналысты. Ал екінші, далалы, таулы, қыратты жерлерде жартылай көшпелі,
жартылай отырықшы мал шаруашылығы дамыды.
Қарахан мемлекетінің кезінде кедейленген малшылар мен егіншілер
есебінен қалалар мен қала халқының саны өскен. Жаппай отырықшылықтың етек
алуы қыстақ-кенттердің қатарын көбейте бастайды.

НАЙМАНДАР, КЕРЕЙІТТЕР, ЖАЛАЙЫРЛАР
VIII ғасырдағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен
Алтай тауының аралығында өмір сүрген. Монғолша "найман" сегіз" дегенді
білдіреді. Сондықтан монғолдар оларды "найман" деп атап кеткен. Ал кейбір
деректерде Монголияда Секиз деген өзен бар, сол өзен бойында тұратын
тайпаларды монғолдар "найман" деп атады ма деген ой айтылады.
Тайпаның аты Керлин (Керулен) өзененің бойында қоныстанғандықтан,
керілер (керілендіктер) деп аталады. Жазба деректреде бұл тайпалар Орхан,
Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.
Бұл тайпалардың өз алдына жеке мемлекеттік дәрежеде өмір сүргендіктері
жайлы мағлұматтар араб, парсы жазба деректерінде кездеспейді... Тек монғол
шежірелеріндегі кейбір деректерде ғана жалайырлар туралы сөз болады. Онда
жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында жөне
Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында емір
сүргендігі айтылады.
Тайпалардың басқару жүйесі хандық билік болған. Хан билігі тайтпалар
бірлестігінен құрылып, жаңа дами бастаған алғашқы феодалдық мемлекет
дәстүрінде жүзеге асты. Басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Ұлыстык жүйе ру
немесе тайпалык басқару жүйесіне ұқсамаған. Ол елдік, халықтық басқару
жүйесіне жақын болған.
Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен
айналысқан. Әсіресе керейіттерде жылқы өсіру басым болған. Мал өсіру
көшпелілікке негізделген. Көші-қон және көшу бағыттары мал басына, жер
жағдайына байланысты реттеліп отырған.
Монғолдың құпия шежіресіндегі" деректерде бұл үш тайпаның меркіт,
таңғұрт, монғол тайпаларымен көрші жатқандары жайлы кеп айтылады.

ҚАРАҚЫТАЙЛАР (1125-1212 ж.)
Бұл аймаққа қарақытайлардың келіп орналасуына негізінен екі себептің
өсері болды. Бірінші, Орталық Азиядан батысқа қарай жылжыған түрік тілдес
тайпалардың қарақытайлар жерін жаулап алуы. Содан қарақытайлар Алтай асып,
Жетісу жеріне келе бастаған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Түрік тектес түргеш тайпалары
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түргеш қағанаты туралы мағлұмат
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Түргеш қағандығының территориясы, орталығы
Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Пәндер