Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты

Қазақ даласындағы ағартушылық пікірлерді, педагогтық толғамдарды қазақ халқының салт-дәстүрінен, ән-күйі мен ауыз әдебиетінен көптеп кездестіреміз. Әрине, бұл пікірлер этнопедагогика саласына қатысты болғанымен, қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипатын түсініп алуға көмегін тигізері сөзсіз. Педагогика тарихына қатысты мәліметтерді, әсіресе ағартушылық, педагогтық ой-пікірлерді біз қазақ елінің ғалым тұлғалары Әл-Фарабидің философиялық еңбектерінен, Ш. Уәлихановтың көзқарасынан, Ы. Алтынсариннің педагогтық әрекетінен, Абайдың әдеби шығармаларынан саралап аламыз.

Әл-Фараби (870-950) - ислам дүниесінің ең ірі, аты әлемге жайылған ғұлама философы қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Аристотельдің философиялық еңбектерін оқып, түсініктеме жазып, өз тарапынан құнды еңбектер келтірген ғалым «Екінші ұстаз» деген атқа ие болды. Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарасын оның философиялық ой-толғамдарынан іріктеп аламыз. Әл-Фараби еңбектерінде «мінез, ізгілік, білім, оқу, таным, еңбек, білім беру» т. б. педагогикалық түсініктемелер кездеседі. Бұл түсініктемелер «Тәрбие теориясы» мен «Оқыту теориясының» элементтері болып табылады, әрі педагогиканың философияның бір тарауы ретінде дамығанын анықтайтын дәлел.

Әл-Фараби өз заманының педагог-әдіскері болды. ІХ ғасырдыњ 40 жылдарында «Философтардың сұрақтарына жауап» еңбегінде оқыту, білім беру мәселелеріне тоқталады. «Оқыту», «білім беру», «оқу» түсініктері ғылыми және классикалық педагогикалық дидактиканың (оқыту теориясының) негізгі категориясы болып табылады.

Көрнекілік әдістерін : дәлелдеудің негізі мен білімнің бастамасы болып табылатын бақылау мен тәжірибені қолдануды ұсынды. Білім арқылы адамның жан-дүниесі саналы болады деп түсінді: «Саналы жан-дүниенің күшін, оның ерік күші шындыққа ұмтылатындай етіп күшейту қажет».

Оқыту, білім - ғылымды игерудің алдыңғы деңгейі. Оқыту - объективті шындықты танудың ерекше түрі. Осы жете түсінген Фараби, өздігінен білім алуға тырысты, білімге жетіп, ғылымды игерді, қажетті біліктілік пен дағдыны қалыптастырды. Оқыу, білім арқылы ғылымды игеруге болатынын түсініп, өзінің қиялын, біліктілігін дамытып, өмірді таныды.

Көрнекілік қағидасының дыбыстық, символдық, графикалық түрлеріне аса назар аударды. Бұл мәселе «Геометриялық фигуралар арқылы табиғат сырларын түсіндірудің рухани тәсілдері», «Музыканың ұлы кітабы», «Физика негіздері», «Вакуум туралы трактат», «Астрологиялық трактат» атты еңбектерінде кеңінен ашылады.

Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекі орын алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) өзінің алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін ақу-ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Ы. Алтынсарин патша үкіметі Шығыс халықтары арасында отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезінде өмір сүрді. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды. Ы. Алтынсарин өзінің әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтарына енгізген. Ол қазіргі Қостанай облысы бұрынғы Обаған ауданында 1841 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Ол ер жете келе өз бетімен Белинский мен Герценнің, Чернышевский мен Добролюбовтың, Пушкин мен Гогольдің көркем тілді, озыт ойлы пікірлерінен сусындады. Сонымен Ыбырай Шыѓыстыњ Фирдоуси, Низами мен Навои сияќты аќындардыњ шығармаларымен таныс болды.

Ы. Алтынсарин мұғалім даярлау ісімен бірге оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де айналысты. Оның ұсынуымен орыс-қазақ училищелерінде К. Д. Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л. Н. Толстойдың «әліппе және оқу кітабы», Б. Ф. Бутановтың әліппесі мен оқу құралдары, Тихомировтыњ «Грамматиканың элементарлыќ курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы. Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» (1889) жазып, бұларды қазақ орыс мектептеріне төл жұмыс оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, Паульсон, т. б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Ы. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, география, тарих, химия, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік бергісі келетінін, сөйтіп білімді жан-жақты алып топтап беруді (интеграциялауды) көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді. Ы. Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. өзінің А. А. Марохин, Ф. Д. Соколов, Ғ. Болғымбаев т. б. мұғалімдерге жазған хаттарында балаларға тиянақты білім беру, оқуды өмірмен байланыстыру, оқыту әдістерін жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Қазақстандық педагогиканың өзекті мәселелері
Түркі даласының ұлы ақыны - Жүсіп Баласағұни
Халықтың түзелуінің үміті жастарда
Педагогика пәні жайлы ұғым
Педагогика ғылымының дамуы және оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Қазақ тіліндегі тұңғыш математика оқулығы
Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz