Жалқылау (айырынқы) әдіс



1. Жалқылау (айырыңқы) әдіс
2. Әріппен таныстыру
Жалқылау әдіс – жалпылау әдіске қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы-іріден ұсақтату.
Жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықтығын қуаттайтын пікір 18 ғасырдың аяғында туады. Бастап туған жері - Франция. Бастап қуаттаушылар бұл әдістің артықтығын былайша дәлелдегендер: бір нәрсемен баланы таныстырғанда, онң бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз, тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз. Оқу үйреткенде де сөздің әріптен, буынынан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.
Бұларша оқу үйрету үшін әліп-би кітабы болсын, басқа кітаптар болсын – бірі де керек емес. Түсінікті сөздерді алып, балаларға көрсетумен балалар сөздерді танып, оқып кетеді. Мағынасыз әріптерді, ежіктерді жаттаудан мағыналы сөздерді жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де болады дейді.
Францияда мұндай пікір туып тарай бастағанда, немістерде де осы пікірге келушілер болады.
Неміс әлімі Гедике 1- деген жалқылау әдісін қуаттаушының бірі болып пікір таратады.Ол қуаттағанда былай ділелдейдә: диние танып, білім білуіміздің бәрі жалқылау әдіс жолымен болады: дерекіз заттан деректі затты бұрын таримыз, мүшелерінен тұтас тұлғасын танимыз. Балаға оқу үйретуде сол жолмен болу тиіс, оқу үйрету балаларға түсініксіз әріп сияқты дерегі нәрседен басталмай, түсінікті тұтас сөзден бастау керек дейді.
1.Б.Б.Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия. Оқу құралы. – Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы. 2007. - 240 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классигі- Ахмет Байтұрсынов-Жалқылау
(айырынқы ) әдіс

ЖАЛҚЫЛАУ (АЙЫРЫНҚЫ) ӘДІС

Жалқылау әдіс – жалпылау әдіске қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы
ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы-іріден ұсақтату.
Жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықтығын қуаттайтын пікір 18 ғасырдың
аяғында туады. Бастап туған жері - Франция. Бастап қуаттаушылар бұл
әдістің артықтығын былайша дәлелдегендер: бір нәрсемен баланы
таныстырғанда, онң бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз, тұтас тұрған
тұлғасында таныстырамыз. Оқу үйреткенде де сөздің әріптен, буынынан
бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.
Бұларша оқу үйрету үшін әліп-би кітабы болсын, басқа кітаптар болсын –
бірі де керек емес. Түсінікті сөздерді алып, балаларға көрсетумен
балалар сөздерді танып, оқып кетеді. Мағынасыз әріптерді, ежіктерді
жаттаудан мағыналы сөздерді жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де
болады дейді.
Францияда мұндай пікір туып тарай бастағанда, немістерде де осы пікірге
келушілер болады.
Неміс әлімі Гедике 1- деген жалқылау әдісін қуаттаушының бірі болып
пікір таратады.Ол қуаттағанда былай ділелдейдә: диние танып, білім
білуіміздің бәрі жалқылау әдіс жолымен болады: дерекіз заттан деректі затты
бұрын таримыз, мүшелерінен тұтас тұлғасын танимыз. Балаға оқу үйретуде
сол жолмен болу тиіс, оқу үйрету балаларға түсініксіз әріп сияқты
дерегі нәрседен басталмай, түсінікті тұтас сөзден бастау керек дейді.
1791 жылы Гедике тұтас сөзбен үйрететін әліп-би кітабын шығарады. Бес
жасар қызын сонымен үйретіп, үш айда сауатын ашып, кітап оқитын етеді.
Үш айда сауат ашып, кез-келген сөзді оқи білерлік ету о заманда
болмайтын оқиға.
Бір әріпті үйрету үшін бір Гедике неше сөз алады. Мәселен а-ны
үйрету үшін бізше болғанда мынадай сөздерді алған: ар, азық, арғын, ас,
ақыл.
Кітаптың бірінші бетіндегі бірінші жлдағы сөздер осылар болмақ. Басқа
жолдарындағы сөздер басқа болмақ, бірақ олардың ішіндегі а әрпі
болмақ. Бұлардың а-сы басында келмейді, ортасында, аяғында келедц.
Басында а келетін атау сөздер өз алдарына бір жол болып екі-үш жолдан
кейін қайта-қайта келіп отырады. Елеулі болу үшін а әрпі бірде қызыл,
бірде қара бояумен басылған. Үйрету тұтас сөзді оқудан басталады.
Мұғалім 1-ші жолдағы сөздерді бір-бірлеп көрсетеді, оқиды; балалар
көрсеткеніне қарап мұғалім айтқанын олар да айтады; солай етумен балалар
әлгі алған бір жолдағы бес сөзді әбден танып көрсеткенде айтарлық,
айтқанда көрсетелік дәрежеге жеткенде, сөздің буынын айыруға түседі;
онан әрі буынның әріптерін айыруға түседі.
Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, а-р деп екеуін қоспай
жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айтылып тұр деп сұрайды, сонан
соң әр бөлімін бөлек айтқызады. 2-інші, 3-нші, 4-нші, 5-нші сөздердіде
солай етеді. Бәрінің де басындағы дыбысы бірдей болып, басқаларынікі
ондай болмаған соң, а дыбысы айырықша болып шығады. Сонда бұл дыбыстың
әрпі мынау деп, а әрпін көрсетеді. Басқа сөздерге де басқа әріптермен
таныстырғанда істейтін тәсіл осылай болған. Балалар бір беттегі
сөздерді танып, оқырлық дәрежеге жеткенде, 2-нші беттегі сөздерге түскен.

Мұның тәсілі жеке балаларды оқытуға жараса да, мектепте көп баланы
оқытуға жарамсыз болып шыққан. Негізгі кемшілігі сөзді жаттау, сөз
әріптен, буыннан мағыналы, балаларға түсінікті болғанмен, не үшін былай
ат етіп сызған нәрсе ат болып оқылуға тиістігі, онысы балаларға
түсініксіз, сондықтан бұл әдіс те іске асып жарамайды, бірақ жалқылау
әдіс пікірі өшпейді.
Жалпылау әдіске жан беріп, күшейткен атақты француз оқытушысы
Жакото.1.
Жакото үйрену талабын қоздырса, білімнің бәрін басқаның көмегінсіз өзі-ақ
алады. Балаға талаптылық тәрбие беру үшін басынан табиғат жолымен
үйрету керек. Табиғат жаратқан нәрсесін тұтас түрінде жаратады. Табиғат
нәрсесін адам да әуелі тұтас түрінде түйеді. Бала, оқытушы осыны дәйім
есінде сақтау керек. Балаға ән үйретпек болсақ, әуелі дауыстың түрін
(нотасын), дауыстың даражасын (тонын), сң барып әнді үйретер ме едік.
Әуелі әннен бастап үйретер ме едік. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАСЫ
А. Байтұрсынұлы қағидасы және қазіргі қазақ емлесі
Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Дидактика туралы түсінік
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген жаңалықтарын саралау
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Тілдік қатынас негіздері пәнінің мақсаты, міндеті зерттеу нысаны
Әріптерден сөз жасау
Пәндер