Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасындағы қатынастар


Қазақстан Республикасы мен Беларусь арасындағы қатынастар
Жалпы мағлұматтар
1992 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі ашылды.
1997 жылдың 13 шілдесінде Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.
2008 жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Владимирович Смирнов.
2010 жылдың қаңтарынан бері Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Валерий Анатольевич Брылев.
Саяси қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамуда. Екі мемлекеттің ұстанымдары аймақтық және халықаралық мәселелердің көпшілігі бойынша өзара сәйкес келеді. Екіжақты және көпжақты форматтарда ТМД мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы жоғарғы және басқа деңгейлердегі байланыстар нығая түсуде.
1999 жылдың қарашасында Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды.
2000 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары жасалды.
2000 жылдың қазанында Қазақстанда ресми сапармен Беларусь Республикасының Премьер-министрі В. Ермошин болып қайтты.
2004 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары С. Мыңбаевтың Минскке сапары болды.
2005 жылдың 18-19 мамырында Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапар жасады.
2007 жылдың 21-22 мамырында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Д. Ахметов Беларусь Республикасында ресми сапармен болды.
2007 жылдың 12-13 қыркүйегінде Беларусь Республикасының Премьер-министрі С. Сидорский Астанаға жұмыс сапарын жасады.
2009 жылдың 25-26 ақпанында БР Премьер-министрінің бірінші орынбасары В. Семашконың Қазақстанға жұмыс сапары болды.
2009 жылдың 21 мамырында БР Премьер-министрі С. Сидорскийдің Астанаға жұмыс сапары жасалды.
2009 жылдың 28-29 мамырында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ө. Шөкеевтің Минскке сапары болды.
2009 жылдың 9-10 маусымында ҚР Премьер-министрі К. Мәсімовтің Минскке ресми сапары болып өтті.
2009 жылдың 22-24 қыркүйегінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары С. Ахметовтың Минскке сапары жасалды.
2009 жылдың 25-26 қарашасында ҚР Президенті Н. Назарбаев Минскте ресми сапармен болды.
2010 жылдың 19-20 мамырында ҚР Премьер-министрі К. Мәсімов Минскте жұмыс сапарымен болып қайтты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан Беларусьтің ТМД шеңберінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың 2009 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009 жылы қаржылық дағдарыс екі мемлекеттің екіжақты саудасына теріс ықпалын тигізіп, нәтижесінде Қазақстан мен Беларусьтің сауда айналымы 388, 3 млн. доллар ғана құрап, өткен жылдың деңгейінен 27, 7 пайызға кем көрсеткіште болды. Оның ішінде қазақстандық экспорт 2008 жылдың деңгейінен 56, 4 пайызға кем 74, 9 млн. долларды ғана құраса, белорустық экспорт 2008 жылмен салыстырғанда 14, 2 пайызға кеміп, 313, 4 млн. доллар болды.
Сонымен қатар, өткен жылы тараптармен жасалған жұмыстардың нәтижесінде, 2010 жылдың басынан екіжақты сауда айналымының біртіндеп өсуі байқалуда.
2010 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша, ҚР мен БР арасындағы сауда айналымы 106, 7 млн. долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылдың осы кезеңінен 40, 6 пайызға жоғары. Осы кезеңде белорустық экспорт 56, 5 пайызға артып 91, 8 млн. долларға жетсе, қазақстандық экспорт керісінше 13, 5 пайызға кеміп, 14, 9 млн. долларды ғана көрсеткен.
Қазақстаннан Беларуське негізінен мақта, болат, мырыш, резина және астық экспортталады.
Беларусьтен Қазақстанға арнайы мақсаттағы автомобильдер, жүк және ауыл шаруашылығы машиналары, тракторлар, тіркемелер, подшипниктер, қант, пластмасса ыдыстар, рельстер, радиаторлар, ауа ысытқыштар, насостар, электр құралдары, тұрмыстық техникалар, мұздатқыштар, жиһаз, дәрі-дәрмектер, көтергіш құралдар жеткізіледі.
Қазіргі таңда Қазақстанда белорустық кәсіпорындардың 23 сервистік орталықтары, 60 шамалы бірлескен кәсіпорындар, 6 сауда үйлері, әртүрлі белорустық кәсіпорындардың көптеген өкілдіктері мен дилерлері жұмыс жасайды.
2009 жылдың маңызды оқиғалары ретінде соңғы 9 жылдағы алғашқы рет жасалған ҚР Президентінің Беларусь Республикасына ресми сапары мен екі елдің арасында дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері бірінші рет ҚР Премьер-министрінің Беларуське ресми сапарын айта аламыз.
Осы сапарлардың нәтижелерінде өндірістік және ғылыми-техникалық кооперация, денсаулық сақтау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, жоғарғы және жоғарғы оқу орындарынан кейінгі білім беру, туризм, мұрағат ісі, сонымен қоса ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, дәрі-дәрмектерді бірлесіп шығару, балалар тағамы және басқа да өнімдерді өндіру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
2010 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К. Мәсімовтің Беларуське жұмыс сапары барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы қазақстан-белорус қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму көкжиектері талқыланды. Үкімет басшылары Кедендік одақ аясындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, Қазақстанның жеделдеткен индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жобалардың бірлесіп жүзеге асырылу барысын қарастырды.
Сапар шеңберінде Минскте Қазақстан-белорус іскерлік форумы болып өтті. Форумның нәтижесінде оған қатысушылар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешені, құрылыс, денсаулық сақтау, азық-түлік өнімдерін шығару, халық тұтынатын тауарлар саудасы салаларында уағдаластықтар жасасып, шарттарға қол қойды.
2009 жылы Қазақстанда өткен «БелЭкспо-2009» көрмесіне 130-дан астам белорустық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-белорус үкіметаралық комиссиясының жұмысы септігін тигізеді. Оның соңғы отырысы 2009 жылдың 18 маусымында Брест қаласында болып өтті.
Екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылы Ақмола, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының делегациялары Беларусьте болып қайтса, БР Премьер-министрінің бірінші орынбасары В. Семашко Қазақстанға жұмыс сапарымен барды. 2010 жылдың басынан бері Гродно және Могилев облыстарының Қазақстанға сапарлары болды. Жасалған сапарлардың қазақстан-белорус аймақтық ынтымақтастығына жаңа серпін бергенін ескере отырып, Елшілік екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясының кеңеюі мен өзара сауда айналымының артуына ықпал ететін осы бағыттардағы ынтымақтастықты бұдан былай да дамытуға ниетті.
Екі мемлекеттің арасындағы төлемдік қатынастарды әрі қарай нығайту, БР экономикасына қазақстандық жеке, бірінші кезекте банктер мен басқа да қаржы-несие мекемелерінің капиталын тарту бойынша қадамдар жасалуда.
Минскте 2002 жылы құрылған «БТАбанк» (Беларусь) Жабық акционерлік қоғамы жемісті жұмыс жасауда.
2005 жылдан бері белорустық БТА Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі «БТА Банк» тобына кіреді және оның еншілес банкі болып табылады. «БТА Банктің» 75, 1 пайыз акциялары «Самұрық-Қазына» қоры арқылы соңғы бенефициарлық меншік иесі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі, ал, тиісінше қазақстандық «БТА Банк» белорустық «БТА Банктің» 99, 29 пайыз акцияларын иемденіп отыр.
Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық
2007 жылдың маусым айында Қазақстан-белорус ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бойынша комиссиясы құрылды. Комиссияның 2009 жылдың 23-25 қарашасы кезеңінде өткен екінші отырысында 2010-2011 жылдарға арналған қазақстандық және белорустық ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарының ғылыми-техникалық ынтымақтастығының бағдарламасы бекітілді.
2010 жылдың 10-14 наурызында Қазақстан-белорус ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бойынша комиссиясы екінші отырысының хаттамасын орындау жолында Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары ректорларының делегациясы Беларусь Республикасында болып қайтты. Сапардың мақсаты ЖОО-лардағы университеттік басқару жүйесімен, ғылыми зерттеулердің нысандарымен, мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау және оқу орындарында инновациялық инфрақұрылымды жасау тәжірибесімен танысу, оған қоса екіжақты ынтымақтастықтың дамуын қарастыру болды.
2010 жылдың 20-21 мамырында Қазақстан-белорус іскерлік форумының аясында ҚР мен БР жоғарғы оқу орындарының өкілдері ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылап, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
Қазақстан мен Беларусьтің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы белсенді дамуда.
2009 жылдың 13-14 мамырында Минскте Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Мәдениет күндері болып өтті. Мәдениет күндерінің шеңберінде «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, «Қазақстан камераты» мемлекеттік классикалық музыкалық ансамблінің, Қазақ Ұлттық музыка академиясының «Шат» домбырашылар ансамблінің және басқалардың қатысуымен Қазақстан өнер шеберлерінің Гала-концерті берілді. Ал, 2010 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Беларусьтің Мәдениет күндері жоспарлануда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz