Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы

  1. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
  2. Коммерциялық банк филиалдары, өкілдіктері, еншілес банктері

1. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру

Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданаған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданаған «Қазақсатан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің көпжылдық тарихы бар деп айтуымызға болады. 90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине, бұл олардың сандық жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немес сапалық өсуімен байланыстыруға болады.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің (Қаржылық қадағалау агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебептығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекетттік органадар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданаған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай 3 кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға рұқсат алу;
  2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін өтініші;
  • құрылтайшылық шарт (түпнұсқа) ;
  • банктің жарғысы (түпнұсқа) ;
  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
  • құрылтайшылар туралы мәліметтер;
  • құрылтайшылардың соңғы екі есепиік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін) ;
  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
  • егер, бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резидеті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
  • егер, банк операцияларның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - 3 жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде 2 жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде бір жылдық еңбек тәжірибесінің болуы және т. с. с. ;
  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс) ;
  • жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс) ;
  • жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары, мен ауқымы, қаржылық болашағы есеп айырыу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) 3 жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
  • нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш 3 ай әрі кеткенде 6 ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.

Екінші кезеңде, жаңадан құрылатын банк Қаржалық Қадағалау Агенттігі рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Қаржылық Қадағалау Агенттігінің банк ашуға рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде, банктің операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық Қадағалау Агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

2. Коммерциялық банк филиалдары, өкілдіктері, еншілес банктері

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық Қадағалау Агенттігінің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Филиал ашуға рұқсат алуға өтініші;
  • банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
  • бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет етететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі де Қаржылық Қадағалау Агенттігінің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын басқару
Қазақстан Республикадағы Орталық Ұлттық банк
Екінші деңгейлі банктерінің экономикадағы рөлі
Банктік қызметтің мәні
Ақша - несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Ұлттық банкі, оның, мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz