Қазақстан Республикасының Президенті және оның конституциялық дәрежесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Президенті және оның конституциялық дәрежесі

Мемлекеттің және атқарушы билдіктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президент - бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент мемлекет билігінің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, оның барлық тармақтарының келісімімен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға және Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лдауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам, міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін белгілейді.

Конституцияда Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру қажеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Мұндай талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс.

Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ ждерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесу үшін, мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасы Президенті бола алады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен астамын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала-алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Президентті лауазымынан босату және кетіру жөніндегі институты Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан бостау және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Сырқаттығына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға жұмыс қабілетінің үнемі болмауы кезінде Президент мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конституция Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгіленген. Президент өзінің міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін. Кінә тағу және оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдануы мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталарының

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары
ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы туралы
Мемлекеттік органдар жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру проблемалары - пәнаралық методологиялық проблема
Республика Конституциясында және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі жайлы
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы
Судья мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz