Қазақстан Республикасының прокуратурасының міндеттері


14. 7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ
Кұқыкқорғау қызметіндегі маңызды бағыттардын бірі прокурорлык кадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.
Конституцияға және «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандагы заң күші бар Жарлыққа сәйкес, Республика Прокуратурасы:
- Республика аумағыңда заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге денормативтік-құқыктык актілердің дәл жөне бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, аныктау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылык іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
- сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;
3) кылмыстық қудалауды іске асырады.
Прокурорлық қадағалау оның қызметінде негізгі бағыт болып есептеледі. Прокурорлық қадағалау деген ұғымды зандардың дәл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды дер кезінде анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдарды жауапқа тарту аркылы прокуратура қызметін мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну керек.
Прокурорлык қадағалаудың мәні мен ерекшеліктері прокуратура кызметін ұйымдастыру жұмысының негізі болып саналатын принциптермен белгіленеді.
Оларға мыналар жатады:
Прокуратурадағы тұтастық, орталықтану және дара басқару. Оның органдарының бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға бағындырылған, біртұтастықты білдіреді, мемлекет атынан әрекет етеді, және бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттары, міңдеттері, қадағалау нысандары мен әдістері бар. Бұл принцип прокурорды «патшаның оң көзі» атаған 1 Петрдің заманынан бері бар. Мүндай жағдай мемлекеттік билік заң деңгейіне көтерген ережелерден ауытқудың кез келген түріне жедел және тиімділікпен назар аударуға мүмкіңдік береді.
Мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік. Тәуелсіздік бәрінен бұрын прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес жағдайымен, оның материалдық-техникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырумен, оның органдары мен лауазымды адамдарын толық саясатсыздандырумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге тәуелсіздк бақылаусыздык деген ұғымды білдірмейді. Бас прокурор Президент алдында кем дегенде әр тоқсанда бір реттен есеп беріп отырады. Прокурордың әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға жөне сотқа шағым берілуі мүмкін.
Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлардың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.
Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеттілігі. Прокурорлык қадағалаудың негізделген актілері барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардын, лауазымды адамдардың және азаматтардың сөзсіз орындауына жатады. Прокурорлардың қаулыларын, нұсқамаларын, нұсқауларын және талаптарын орындамау заң бойынша жауапкершілік келтіреді.
Жариялылық. Прокурор қадағалауының тиімділігін арттыру үшін және құқық бұзудың алдын алу мақсатымен прокурор өз қызметін ашық жүргізеді. Тексерулердің нәтижелері көпшлікке, оның ішінде бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы да таратылады. Бұған құпиялық сақтау немесе моральға байланысты жариялау мүмкін болмайтын жағдайлар кірмейді.
Прокурорлык қадағалау сондай-ақ қүқық қорғау қызметінің жалпы принциптеріне сәйкес жузеге асырылады, оған заңдылык, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығының басымдығы, заң алдында бәрінің де тендігі, лауазымды адамдардан өз міндетін атқару кезінде талап етілетін біліктілік, іс жүргізудегі ұлттық тіл, жан-жақтылық, толықтық жөне басқалары кіреді.
Өзге құқық қорғау органдарымен ортақ міндеті - құкық қорғау міндеті бола отырып, прокуратура оған тек өзіне ғана тән тәсілдер арқылы қол жеткізеді, ол - зандылыққа бақылау ұйымдастыру, қылмыс жасаған адамдарды кылмыстық кудалау, сот органдарында мемлекет мүдделерін қорғау.
Зандылықты қадағалау негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады (оларды прокурорлық қадағалаудың салалары деп атайды) . Ол бір мезгілде біртекті қоғамдық катынастарды және оларды реттейтін нормаларды да қамтиды. Оларға мыналар жатады:
- адамның және азаматтың қүкықтары мен бостандықтарын, заңды түлғалар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауды кадағалау (жалпы кадағалау деп аталады) ; жедел іздестіру қызметін қадағалау; тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау; әкімшілік іс жүргізудің зандылығын қадағалау;
-атқарушы іс жүргізудің зандылығын қадағалау.
Осы аталған бағыттардың әрқайсысының өз міндеттері және айырықша ерекшеліктері бар. Сонымен бірге прокурорлық кадағалау біріктіреді. Жалпы мақсат Конституция мен заңдардың устемдігін камтамасыз ету, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын және қүқықтық ықпал ету әдісін қорғау. Қадағалау әрқашан тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Оған мыналар негіз бола алады:
- Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
- заңдардың бұзылғаңдығы жөнінде арыздар, шағымдар, хабарлау және басқа да деректер;
- зандардың бұзылғандық белгілерін тікелей айғақтау;
Жоғарыда түрған прокурордың тапсырмасы немесе сұрау салуы.
Прокуратураның ұйымдық қүрылымы. Прокуратура органдары жүйесінің үйымдық құрылымы аумактық- аймактық принцип бойынша түзілген. Әрбір әкімшілік-аумақтық бөліністе прокуратураның ауданнан бастап барлық тиісті тармақтары бар. Бұған қоса, мамандаңдырылған прокуратуралар болады- көлік, табиғат корғау, арнайы объектілер прокуратуралары. Олар аудандық прокуратуралардың қүқықтарына орай әрекет етеді және өз қызметтерінде тиісті облыстық прокурорға бағынады.
Мамандандырылған прокуратураларға сондан-ақ түзілісі армияда қабылданған ұйымдар қүрылымына сөйкес келетін әскери прокуратуралар да жатады.
Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган - Бас прокуратура. Оны Парламент Сенатының келісімімен 5 жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор баскарады.
Орталық аппарат Бас прокурордын ұсынымы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын бірінші орынбасардан, 3-4 орынбасарлардан, сондай-ақ - секретариаттан, басқармалардан және бөлімдерден тұрады.
Казақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан заңдылық пен кұқық қорғау проблемаларын зерттеу және кадрлар мамандығын арттыру институты құрылған.
Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері негізінен алғанда прокурорлық қадағалаудың салалары (бағыттары) бойынша құрылады.
Бас прокуратура прокуратураның бүкіл жүйесіне басшылық етеді, оның мемлекеттік билік орталық органдары, халықаралық ұйымдар алдындағы өкілдігін қамтамасыз етеді. Басқа құкыққорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста болады, Республикадағы заңдылық ахуалына және қадағалау практикасына талдау жасайды, норма шығармашылығы қызметіне катысады, заң шығару бастамаларын көтереді.
Облыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар, мәселен, әскери Бас прокуратура, астана және республикалык бағыныстағы Алматы прокуратуралары осы органдар жүйесіндегі орта буын болып табылады. Олар Бас прокуратураға бағындырылған. Олардың прокурорларын, сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары болып есептелетін әскери Бас прокурорды қоспағанда, Бас прокурор тағайындайды. Қызметкерлердің штаттық саны жағынан бұл органдардың аппараттары Бас прокуратураның құрылымымен бірдей деуге болады. Олардың да бөлімдері мен басқармалары бар. Прокурорларда олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, көмекшілері, аға прокурорлары және бөлімдер мен басқармалар прокурорлары болады.
Бас прокуратурада және облыстық прокуратураларда ұйымдық мәселелермен қоса заңдардың бұзылғандығын айғақтайтын елеулі фактілерді қарайтын кеңесші органдар - алқалар құрылады.
Прокуратура жүйесіндегі төменгі буынға жергілікті жерлерде өз құзыреті шегінде заңдардың дұрыс қолданылуын камтамасыз ететін, қылмыстық қудалауды үйымдастыратын және сот жүйесі негізгі тармағының соттарында мемлекет мүддесін қорғайтын қалалық, аудандық және соларға теңестірілген прокуратуралар жатады. Екі және одан да көп ауданда (қалада) немесе кала мен аудан аумағыңда ауданаралық прокуратуралар қүрылуы мүмкін. Атқаратын жұмысының салмағына және штат санына қарай оларда бөлімдер құрылуы мүмкін.
Прокуратура кадрлары. Қазақстан Республикасы Президентінің 21. 12. 95 жылғы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес мыналар прокурор бола алады: Республиканың Бас прокуроры, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, кадагалау саласының прокурорлары, прокуратура органдары басқармаларының және бөлімдерінің аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, өкілетті және мамаңдандырылган прокурорлар. Осылардың бәрі, сондай-ак прокуратураның ғылыми және білім беру мекемелерінің аттестатталған қызметкерлері Казақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарында қызметтен өту туралы Ереже негізінде прокуратура органдарында қызметтен өтеді.
Прокурорлық кадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпқойлық принципін камтамасыз ету мақсатында кызметтің осы саласымен айналысушыларға белгілі талаптар койылады. Мәселен, прокуратура органдарына қызметке тұру мемлекеттік қызметкерлер кадрлары туралы республикалық орталыққа алдын ала сұрау салу және азаматтарды арнайы тексеруден өткізу жолымен жүргізіледі. Бұл тексеру бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікпен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ак мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары ушін қуылған адамдарды айғақтау максатын коздейді. Сонымен қатар тексеру каңцидаттың азаматтық ахуалын, денсаулық жағдайын, білімін анықтайды. Сондай-ақ іскерлігін, жеке басының адамгершілік қасиетін өйгілейді.
Прокуратура қызметкерлері үшін мыналар міңдетті талаптар болып есептеледі:
- Казақстан Республикасынын азаматтығы;
- заңгерлік жоғары білім;
- сотталмағандық, мемлекеттік қызметтен теріс себептер-мен босатылмағандық;
- денсаулық жағдайы;
- іскерлік және моральдық қасиеттері.
Әскери прокурорлар міндетті түрде әскери қызметкерлер бо. іуіа тиіс. Прокуратураның басшы құрамына - облыстардың, аудандардың (қалалардың) және соларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорларына қосымша талалтар койы-лады - жасы 25-тен кем болмауы және прокуратурадағы жұмыс стажы 3 жыддан кем болмауы керек.
Прокуратураның барлық қызметкерлері үш жылда бір рет аттестаттаудан өтуге тиіс, ол олардьщ қызметтерін қорытындылайды, кәсіпқойлық жарамдылығын, атқарып жүрген кызметіне сөйкестігін және кызметке жоғарылату немесе кезекті сыныпты шен немесе атақ беру мүмкіндігін анықтайды.
Прокуратураның құқықтық актілері. Прокуратураның кұқықтық актілер жүйесі мыналардан құралады:
- прокурорлық қадағалау актілері;
- прокуратураның ұйымдық және қызмет мәселелерін реттейтін актілер (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ережелер) .
Прокурорлық қадағалау актілеріне нормативтік және кесімді өкімдік сыйпаттағы заңның бұзылуына прокурорлык назар аудару құжаттары - наразылықтар, қаулылар, санкциялар, ұсынымдар, нұсқамалар, нұсқаулар, шағымдар, заңды түсіндірулер жатады.
Наразылықтар мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституцияға, Президент заңдары мен нормативтік актілеріне және өзге де құкықтық актілерге қайшы келетін шешімдері мен әрекеттеріне келтіріледі. Олар тікелей заң бұзушы адамға немесе жоғары тұрған органға жасалады және 10 күндік мерзім ішіңде қаралуға жатады. Прокурор наразы-лықтары заңсыз актіні өзгертуді, оны зандармен сәйкестендіруді, лауазымды адамның заңсыз әрекетін тоқгатуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етуді қамтиды. Прокурор наразылык бойынша шешім қабылданғанға дейін шағым жасалған актіні немесе әрекетті кідірте алады.
Сот органдарына берілетін наразылыктар үшін тиісті процессуалдық заңмен белгіленетін ерекше тәртіп бар.
Қаулыны прокурор өзінің жүргізген қадағалау жұмысына байланысты процессуалдық әрекеттерін ресімдеу максатымен жасайды. Мәселен, қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу, екімшілік құқық бұзушылық ісін қарау кезінде прокурор екілетті органдар мен лауазымды адамдарды құқық бұзушы-лықты, оларға кінәлі адамдарды, айыптьшықты анықтау және оларды жауапқа тарту бойынша шаралар қолдануға бағытталған тиісті әрекеттерді орындауға міндеттейтін дәлелді қаулы жасайды.
Қадағалау тексеруін жүргізер алдында прокурор іс қозғау туралы қаулы шығарады, онда өзінің реквизиттерін, негіздемелерін, тексерудің мақсаты мен мерзімін көрсетеді. Қаулы сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайларда, мәселен, алу, тінту жүргізу, тұтқындау немесе тыйыммен шектелген шаралар қолдану (заңсыз құқыктык актінің күшін юктата тұру) және занда карастырылған езге де жағдайларда шығарылады.
Санкция белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындауға і ірокурордың жазбаша келісімі (рұқсаты) дегенді білдіреді. Ол непзінентергеу жәнешұғылшараларды орындау ушін беріледі. Мэселен, сезікті, айыпкер адамды тұтқындауға; тінту жүргізуге; айыпкерді қызметтен шеттетуге және т. б.
Санкция әдетте лауазымды тұлғаның каулысына қарар ретінде ресімделеді, бірақ принципінде оны жасаудың өзге де нысандары болуы мүмкін.
Нұсқаулар заңдық мәні бар фактілерді анықтау үшін қажетті белгілі бір әрекеттерді орындауға деген прокурордың өкімін білдіреді. Мәселен, олар қылмыстык іс қозғауға жөне тергеу жүргізуге байланысты аныктау және тергеу органдарына, жедел іздестіру жұмысын жүзеге асыратын органдарға беріледі. Прокурордың нұсқауы орыңдалуға міңдетті.
Өтініштер - мемлекеттің, занды және жеке тұлғалардың құкықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты қандай да бір мәселелерді шешу мақсатымен прокурордың сот органдарына жолдайтын құжаты. Мәселен прокурор мемлекетке, қоғамдық ұйымдарға, азаматтарға келтірілген шығындардыц орнын толтыру туралы сотқа талап етінішін бере алады, ата-аналык құкықтан айыру, әрекет қабілетінің шектеулігі және басқалар женіңде өтініш беруі мүмкін. Прокурор сондай-ақ өзінің қадағалау актісін қабылдамаған немесе белгіленген мерзімде қарамаған жағдайда, өз құқығын қорғау үшін сотка тініш беруіне болады. Прокурордың барлық отініштеріне мемлекеттік баж салығы және өзге де алымдар салынбайды.
Нұсқама - заң бұзушылықты жою туралы прокурордың жазбаша екімі, заң бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға немесе бұзылған заңды қалпына келтіруге құзыретті іауазымды адамға беріледі. Онда бұзылған нормалар құқык-бұзушылық сыйпаты және оны түзеудің шаралары туралы нақты нұскама ұсыныстар болады. Ол міндегті түрде орындалуға жатады.
Ұсыным- зандылықтың бұзылуын, оған жол беруге себеп болған жағдайларды жою туралы прокурордың кұқықтық актісі. Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституция-сына сәйкес жеке басына қол сұқпаушылық қүқығы бар адамдарды осы құқынан айыру мәселелері жөнінде және заңда қаралған басқа да жағдайларда ұсынылады. Ұсыным өзінің нысаны жағынан белгілі талаптарға сай болуға тиіс.
Үсыньш бір ай мерзім ішінде қаралуға тиіс. Оның нәтижелері женінде жазбаша хабарланады.
Заңды тусіндіру. Зандарды білмеу немесе дұрыс түсінбеу оларды органның немесе лауазымды адамның, немесе азаматтың дұрыс қолданбауына соқтыруы мүмкін деуге жеткілікті негіз болған жағдайда, прокурор заңның мазмұнын, ал қажетті жағдайларда - заңда қаралған жауапкершілікті түсіндіреді.
Прокурорлық қадағалау актілері бұқаралық ақпарат құрал-дарында жариялануы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz