«Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( syllabus)
1. Оқу пәндерін оқытудың жоспары
2. Оқытылатын пән бойынша глоссарий
3. “Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру” пәні бойынша аралық бақылауды өткізуідің кестесі
4. Аралық бақылау бойынша «Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру» пәнінен емтихан сұрақтары
5. Аралық бақылау бойынша «Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру» пәнінен тест сұрақтары
6. «Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру» дәрістер желісі

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.
Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу элементері мыналар:
- субъект;
- объект;
- салық көзі;
- салық ставкасы;
- салық өлшем бірлігі;
- салық оклады;
- салық жеңілдіктері;
- салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
- салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері;
- салық төлеуін бақылау;
- салықтық жазалау шаралары.
Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.
Қазақстанда салық төлеушілер:
- резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көптеген тауарлық-материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді.
Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.
Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.

1 ҚР Салық кодексі.
2 «ҚР кеден ісі туралы»
3 «ҚР бюджеттік жүйе туралы»
4 «Жеке кәсіпкерлер туралы» заң
5 «ҚР Ұлттық банк туралы» заң
6 «ҚР Жер туралы» заң
Қосымша әдебиеттер
Салық және салық салу. Ермекбаева Б.Ж Алматы 2001 ж.
7 Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие. Алматы. 2002
8 Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с
9 Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос. -Алматы,2005. -216с.
10 Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. «Мерей». 2000ж. 154бет
11 Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік., Алматы:,1993ж. -320б.
12 А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.
13 Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.
14 Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.

Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру пәні бойынша
оқу бағдарламасы ( SYLLABUS)
1. Оқытушы туралы мәлімет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық
университеті Қаржы кафедрасының аға оқытушысы:
Дулатбекова Жанар Абдираевна . Қызметтік сымтетігі: 51-29, 801 кабинет.
2. Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру – 3 кредит
3. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты)
Преквезиттер
Экономикалық теория
Макроэкономика
Бухгалтерлік есеп
Қаржы
Салық салу
4 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Курстың пәні Қазақстан Республикасының салықтың пайда болу тарихынан
бастап, қызметі мен салық саясатының экономикалық мағынасы мен
қажеттілігін; нарықтық қатынастар жағдайындағы салық салу, салық жүйесінің
механизімін; салық салу принциптері мен салық қызметін; Қазақстан
Республикасының Салық заңдарын; салық қызметі органдарының жұмысын
ұйымдастыруды; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем
түрлерін, оларды есептеу тәртібі және төлеу мерзімін оқытуды қарастырады.
Курстың міндеттері:
1. салықтың мәні мен атқаратын қызметтерін, салық салу қағидаларын білу;
2. салық жүйесі мен салық салу элементтері бойынша барлық заңдылықтарды
білу,
3. арнаулы салық режимдері бойынша салық салу ерекшеліктерін білу;
4. ҚР салық комитетінің құрылымы мен қызметін, құқықтарын оқып үйрену
Оқу пәндерін оқытудың жоспары
Сағаттар саны-менБӨЖ үшін
АпталТақырыптар аты оқытуды тап-сырмалар
ар ұйымдастыру-дың (СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ)
формалары
дәріс Прак. CОӨЖ СӨЖ
1 Салықтың мәні, салық салу механизмі 2 1 3 3
Салық жүйесі, даму кезеңдері 2 1 3 3
2 Табысқа салынатын салықтарды 2 1 3 3
бюджетке аударуды ұйымдастыру
Табысқа салынатын салықтарды 2 1 3 3
бюджетке аударуды ұйымдастыру
3 Меншікке салынатын салықтарды 2 1 3 3
бюджетке аударуды ұйымдастыру
Жанама салықтарды бюджетке аударуды 2 1 3 3
ұйымдастыру
4 Жер қойнауын пайдаланушылардың 2 1 3 3
салықтары мен төлемдерін бюджетке
аударуды ұйымдастыру
Ойын бизнесі салығын бюджетке 2 1 3 3
аударуды ұйымдастыру
5 Экспортталатын шикі мұнайға және газ2 1 3 3
конденсатына салынатын рента салығын
бюджетке аударуды ұйымдастыру
Мемлекеттік бажды бюджетке аударуды 2 1 3 3
ұйымдастыру
6 Арнаулы салық режимінің жүргізілуі 2 1 3 3
мен ресімделу тәртібі
Арнаулы салық режимінің жүргізілуі 2 1 3 3
мен ресімделу тәртібі
7 Мерзімінде орындалмаған салық 2 1 3 3
міндеттемелерін өндіріп алуды
ұйымдастыру
Мерзімінде орындалмаған салық 2 1 3 3
міндеттемелерін өндіріп алуды
ұйымдастыру
8 Салық есебін ұйымдастыру 2 1 3 3
Барлығы: 30 15 45 45
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер
1 ҚР Салық кодексі.
2 ҚР кеден ісі туралы
3 ҚР бюджеттік жүйе туралы
4 Жеке кәсіпкерлер туралы заң
5 ҚР Ұлттық банк туралы заң
6 ҚР Жер туралы заң
Қосымша әдебиеттер
Салық және салық салу. Ермекбаева Б.Ж Алматы 2001 ж.
7 Худяков А.И., Бродский Б.М. Теория налогоообложения: Учебное пособие.
Алматы. 2002
8 Нурхалиева Д.М., Омирбаев С.М., Омарова Ш.А. Налоги и налогообложение
в Республике Казахстан: Учебник. Астана. 2007г. 400с
9 Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учеб.пос.
-Алматы,2005. -216с.
10 Қаржы. Құлпыбаев С. Оқу құралы. Алматы. Мерей. 2000ж. 154бет
11 Аяпова Ж. М., Арынов Е.М. Экономикалық түсіндірме сөздік.,
Алматы:,1993ж. -320б.
12 А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық.
Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.
13 Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика,
1998г.
14 Қаржының жалпы курсы. Мельников Б.В. Алматы 2001ж.
Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
№ Жұмыс Әдебиеттер Орындау Рейтинг Бақылау түрі Тапсыру
түрлері уақыты шкаласы уақыты
бойынша
балы
1 2 3 4 5 6 7
1 № 1-15 үй Семинар 1 сағат 4,6 бал 15Семинарды соңғы1-15
тапсыр-масысабақ-тарының бір үй үй талқылауға семинар
тақы-рыптарына тапсыр-мастапсыр-масдейін аралығынд
байланысты ына ына а
2 Тест СОӨЖ 1 сағат 5,4 бал 45СБӨЖ –ні соңғы СОӨЖ 1-45
сұра-қтарынтапсырмаларының СБӨЖ СБӨЖ талқылауға
құ-растыру тақырыптарына тапсыр-масбойынша дейін өткізуі
және байланысты ына қажет
жаз-баша
жұ-мыстарды
орындау
3 Реферат СОӨЖ 15 сағат 1 реферат Ағымдық бақылауСОӨЖ –ге
және тапсырмаларының 2,8 бал сәйкес
мақалалар тақырыптарына
байланысты
4 Тест 1 1-7 тақырыптар 1 сағат 3,2 бал Ағымдық бақылау3 аптада
бойынша
5 Бақылау 1-7 тақырыптар 1 сағат 3,2 бал Аралық бақылау 4 аптада
жұмысы бойынша 1-7 тақырыптар
бойынша
6 Тест 8-15 тақырыптар 1 сағат 4 бал Ағымдық бақылау5 аптада
бойынша
7 Бақылау 8-15 тақырыптар 1 сағат 3,2 бал Аралық бақылау 6 аптада
жұмысы бойынша 1-7 тақырыптар
бойынша
8 Емтихан 1-15 тақырыптар 2 сағат 50 бал Тест бойынша 7 аптада
бойынша
Оқу тәртібінің саясаты.
- ағымдық бақылау бойынша ең төменгі рейтингі – 10 бал;
- ағымдық бақылау бойынша ең төменгі рейтингі –20 бал;
- 45 СОӨЖ үшін бағалау ағымдық бақылау бойынша бағалаудан (27 % ағымдық
бақылаудан), 15 үй тапсырмасы бойынша бағалау (23 % ағымдық бақылаудан),
семинар сабақтарын талқылауға қатысу және реферат жазу (14 % ағымдық
бақылау бағасынан), тест 1 (16 % ағымдық бақылау бағасынан), тест 2 (20 %
ағымдық бақылау бағасынан);
- аралық бақылау бойынша ең төменгі рейтингі – 15 бал.
- аралық бақылау бойынша бағасы бақылау жұмысы бойынша алған бағаларынан
құралады.
- қорытынды бақылауға жіберілетін рейтингі аралық және ағымдық бақылау
бойынша алған балдарынан құралады. Ең төменгі рейтингі -25 бал, жоғарғы -50
бал;
- қорытынды бақылау бойынша ең төменгі рейтингі -25 бал;
- қорытынды бақылау бойынша ең төменгі рейтингі -50 бал;
- қорытынды бақылау бағасы емтихан бағасына қойылады;
- СОӨЖ бойынша барлық тапсырмалар жазбаша түрде орындалады;
- уақыты бойынша тапсырылған СОӨЖ-лер ғана бағаланады;
- үй тапсырмаларының барлығы жазбаша орындалады;
- тек белрілген уақыты бойынша тапсырылған үй тапсырмалары ғана бағаланады;
- барлық рефераттар мен ақпараттық хабарламалар және тапсырмалар жазбаша
орындалады;
- тек берілген уақыт бойынша тапсырылған тапсырмалар ғана бағаланады;
- СОӨЖ –ге сәйкес ақпараттық тапсырмаларды, рефераттарды талқылау және
тыңдау орындалады;
- лекция, семинар және СОӨЖ бойынша қатыспаулар, СОӨЖ және үй тапсырмаларын
уақытылы тапсырмау ағымдық бақылаудың сәйкесінше қорытынды бақылаудың
бағаларының төмендеуіне әсер етеді.
Оқытылатын пән бойынша глоссарий
1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету
мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада
жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында
өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;
2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан
Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне
сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер)
бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не
купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан
дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); вексель бойынша төлемдер;
3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда),
фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар
бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын
заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар
ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі
табыстар;
4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және
мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын
және Қазақстан Республикасының Конституциясына қай шы келмейтiн, мемлекеттiк
органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен
қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне,
заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне
белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн
мүлiк;
5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту
үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және
халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар,
техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-
дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз
берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы
бөлетiн мүлiк;
6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың
басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды
қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi
табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза
табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының,
қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының,
қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда,
мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы
қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке
алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны
арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы
құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар,
облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық
бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;
9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын
ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды және инвестициялық пай
қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде
жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен
төлемдер);
11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге
асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
12) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық
қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау
сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн
даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы
ұсынымдарды әзiрлеу;
13) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон)
- эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың
номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы;
14) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан
Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам;
заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына
сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына
сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы
Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы
мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде
қарастырылады;
15) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен
шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету,
тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен
бастап есептеледi;
16) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген,
белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын
бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
17) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен
айыппұлдардың төленбеген сомалары;
18) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
19) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын
салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке
кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан
Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлға;
20) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық
мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары
нормаларының жиынтығы;
21) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;
22) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының
аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
23) негiзгi құралдар - өндiрiсте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi) беруге, жалға беруге және (немесе) әкiмшiлiк
мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзiмi бiр жылдан астам материалдық
активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептiлiк
стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлiк;
24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары
бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы
орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке
алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық
активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы
қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк
қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады.
Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы
құралдары базалық активтер болуы мүмкiн;
26) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және
жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам;
мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар
кеңесiнiң мүшесi;
27) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды
тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге
берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
28) роялти - мыналар үшiн: пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк
құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi,
сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған
ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп,
сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану
құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi,
бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны
немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-
чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк
жабдыққа жатады;
29) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор
биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп
белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа
салыстырылған биржалық бағамы; теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-
саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп
белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
30) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары
үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және
жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша
салық есептiлiгiн берудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн
бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi;
31) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты
тарату мақсатында өтeуciз негiзде: жеке тұлғаларға жарыстарға,
конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық,
ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт
шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау
түрiнде; коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске
асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
32) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;
33) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар
сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң
үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi;
34) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - мемлекет алдындағы салық
мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк органы;
35) уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi
есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының
Yкiметi уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк органдары;
36) ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсету - ақпараттық
массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы
ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөнiндегi
қызметтер;
37) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық
форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық
төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық
құжат;
38) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық
цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың
дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн
растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi;
39) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды
бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы
қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi.
40) салық салынатын табыс – жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес
алынатын шегерістердің айырмасы.
41)салық төлеуші (субъект)- салықты бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.
42) салық объектісі- заң жүзінде негізделген салық салуға негіз
болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б.
көпстеген тауарлы-материалдық игіліктер.
43) салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық
жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
44) салық ставкасы- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында беріледі. Пайыздық салық
ставкалары прогрессивтік, регрессивтік, пропорционалдық болып бөлінеді.
45) прогрессивтік ставкалар – салық сланытаны табыстың өсуіне сәйкес
ұлғайып отырады.
46) пропорционалды ставкалар- салық салынатын табыстың мөлшеріне
байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
47) регрессивті салық ставкасы- салық салынатын табыс мөлшерінің
өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі.
48) тұрақты салық ставкасы - салық объектісінің көлемінен тәуелсіз
бірінғай сома түрінде белгіленеді.
49) салық өлшем бірлігі- есептеу үшін берілген салық объектісінің
өлшем бірлігі.
50) салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін
салық сомасы.
51) салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе
салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық
босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын
төмендет, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады.
52) салықты төлеу мерзімі – салықтыр мен басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке төлену уақыты.
“Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру” пәні бойынша аралық
бақылауды өткізуідің
КЕСТЕСІ
№ Бақылау Тақырыптың аты Бақылаудың өткізу
р.н түрі уақыты
1 Салықтың мәні, салық салу механизмі
4 аптада
Салық жүйесі, даму кезеңдері
Табысқа салынатын салықтарды бюджетке
аударуды ұйымдастыру
Табысқа салынатын салықтарды бюджетке
аударуды ұйымдастыру
Меншікке салынатын салықтарды бюджетке
аударуды ұйымдастыру
Жанама салықтарды бюджетке аударуды
ұйымдастыру
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары
мен төлемдерін бюджетке аударуды
ұйымдастыру
2 Ойын бизнесі салығын бюджетке аударуды
ұйымдастыру
4 аптада
Экспортталатын шикі мұнайға және газ
конденсатына салынатын рента салығын
бюджетке аударуды ұйымдастыру
Мемлекеттік бажды бюджетке аударуды
ұйымдастыру
Кеден төлемдерін бюджетке аударуды
ұйымдастыру
Алымдарды бюджетке аударуды ұйымдастыру
Төлемақыларды бюджетке аударуды
ұйымдастыру
Мерзімінде орындалмаған салық
міндеттемелерін өндіріп алуды ұйымдастыру
Салық есебін ұйымдастыру
“ Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру ” пәні бойынша
оқытушының басқаруымен бірге студенттердің өзіндік жұмысын орындау
КЕСТЕСІ
СОӨЖ №Тақырыптың аты Тапсырманы СОӨЖ орындау
орындау уақыты түрі
1 2 3 4
1-3 Салықтың мәні, салық салу 1- аптада жазбаша
механизмі
4-6 Салық жүйесі, даму кезеңдері 1- аптада жазбаша
7-9 Табысқа салынатын салықтарды 2- аптада жазбаша
бюджетке аударуды ұйымдастыру
10-12 Табысқа салынатын салықтарды 2- аптада жазбаша
бюджетке аударуды ұйымдастыру
13-15 Меншікке салынатын салықтарды 3- аптада жазбаша
бюджетке аударуды ұйымдастыру
16-18 Жанама салықтарды бюджетке 3- аптада жазбаша
аударуды ұйымдастыру
19-21 Жер қойнауын пайдаланушылардың 4- аптада жазбаша
салықтары мен төлемдерін бюджетке
аударуды ұйымдастыру
22-24 Ойын бизнесі салығын бюджетке 4- аптада жазбаша
аударуды ұйымдастыру
25-27 Экспортталатын шикі мұнайға және 5- аптада жазбаша
газ конденсатына салынатын рента
салығын бюджетке аударуды
ұйымдастыру
Мемлекеттік бажды бюджетке
аударуды ұйымдастыру
28-30 5- аптада жазбаша
31-33 Кеден төлемдерін бюджетке аударуды6- аптада жазбаша
ұйымдастыру
34-36 Алымдарды бюджетке аударуды 6- аптада жазбаша
ұйымдастыру
37-39 Төлемақыларды бюджетке аударуды 7- аптада жазбаша
ұйымдастыру
40-42 Мерзімінде орындалмаған салық 7- аптада жазбаша
міндеттемелерін өндіріп алуды
ұйымдастыру
43-45 Салық есебін ұйымдастыру 8 -аптада жазбаша
Аралық бақылау бойынша Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру
пәнінен емтихан сұрақтары
1. Салықтың экоомикалық мәні
2. Салықтардың пайда болу тарихы
3. Салықтың экономикалық мәні.
4. Салық механизімі
5. Салық салу қағидалары
6. Салықтың жіктелуі
7. Салық салу элементтері.
8. Салық салуды ұйымдастыру механизімі.
9. Салық жүйесі.
10. Салық жүйесінің даму кезеңдері.
11. Салық қызметі органдарының мақсаты мен құрылымы.
12. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының міндеттері мен
құқықтары.
13. Меншікке салынатын салықтар.
14. Жер салығы, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
15. Мүлік салығы, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
16. Көлік құралдары салығы, салық салу ерекшеліктері мен салық салу
элементтері.
17. Акциз салығы, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
18. ҚҚС, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
19. КТС, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
20. ЖТС, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
21. Әлеуметтік салық, салық салу ерекшеліктері мен салық салу элементтері.
22. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, салық салу ерекшеліктері мен
салық салу элементтері.
23. Арнаулы салық режимі және оны қолдану ерекшеліктері.
24. Кеден төлемдері.
25. Мемлекеттік баж.
26. Алымдар мен төлемдер.
27. Төлем көзінен алынатын табыстар.
28. Төлем көзінен алынбайтын табыстар.
29. Инвестициялық салық преференциялары.
30. залал және көшіру тәртібі.
31. Жылдық жиынтық табыс.
32. Шегерімтер.
33. Тіркелген актвитер.
34. Резидент және резидент еместерге салық салу ерекшеліктері.
35. Кеден баждарының түрлері.

пәнінен тест сұрақтары
1. Салық дегеніміз:
А) мемлекеттік бюджетке белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін төлемдер
болып табылады. В) мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан тұрақты
төлемдері болып табылады. С) мемлекеттік бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгілі бір мөлшердегі жеңілдіктері болып табылады. D) бұл
қаржылық ортаға қызмет ету шараларының жүйелік жиынтығы. Е) мемлекеттік
бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде
түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
2. Пайыздық салық ставкасының түрлері:
А) тұрақты немесе пайыздық. В) бір және екі өлшем бірлігінен алынатын салық
мөлшері. С) прогрессивтік, пропорционалдық, регресивтік. D) тұрақты
пропорционалдық, регресивтік. Е) прогрессивтік, тұрақты.
3. Салық оклады:
А) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді.
В) салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты. С)
салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы. D) есептеу
үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі. Е) заңға сәйкес салық
төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.
4. Салықтың тікелей, жанама жіктелуі белгісі неге байланысты:
А) салықтарды пайдалану сипаттамасына байланысты. В) салықтарды өндіріп алу
органдарына байланысты. С) салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасы
бойынша. D) салықтарды төлеу формасына байланысты. Е) субъекті бойынша.
5. Салық салудың міндеттілігі принципі:

В) салық міндеттемелерін дер кезінде орындауы. С) заңға сәйкес салық
төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. D) ҚР салықтар мен
басқа да міндетті төлемдер айқын мәндетті болуы тиіс. Е) салық төлеуші
салық заңдарына сәйкес салықты толық белгіленген мерзімде орындауға
міндетті.
6. ҚР-да неше төлем қызмет етеді:
А) 13. В) 9. С) 1. D) 12. Е) 17.
7. Салық жүйесінің дамуының төртінші кезеңі қай жылдарды қамтыды:
А) 1992-1995. В) 1992-1998. С) 1996-1998. D) 1998-2000. Е) 2001-2002.
8. Құжаттық тексерулер жүргізу, кәсіпорындардың жабылуына байланысты
тексерулер жүргізу қай бөлім қызметі:
А) салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің негізгі қызметі. В) салықтан
қарызы бар салық төлеушілердің банктегі шоттарын тексеру. С) салықтарды
еріксіз өндіру бөлімінің негізгі қызметі. D) жоғарғы органдарға мәліметтер
беру. Е) салықтық аудит бөлімінің негізгі қызметі.
9. Салық төлеушілерге салық заңнамаларын түсіндіру салық комитетінің қай
бөлімінің қызметі:
А) салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің негізгі қызметі. В) салықтық
аудит бөлімінің негізгі қызметі. С) құқықтық қамтамасыз ету бөліміің
негізгі қызметі. D) ұйымдастыру бақылау қызметінің негізгі қызметтері. Е)
салық комитетіне түскен арыздарды, өтініштерді тексеру.
10. Тіркелген активтер:
А) жылдық жиынтық табыс алу үшін қысқа мерзім пайдаланатын материалдық емес
объектілер. В) жылдық жиынтық табыс алу үшін орта мерзім пайдаланатын
материалдық емес объектілер. С) жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзім
пайдаланатын материалдық емес объектілер. D) жылдық жиынтық табысқа қосу
үшін ұзақ мерзім пайдаланатын материалдық емес объектілер. Е) жылдық
жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзім пайдаланатын материалдық объектілер.
11. Резидент емес тұлғаларға:
А) салық жылында 180 күн және одан да көп уақыт қызмет ететін шетелдік
тұлғалар. В) салық жылында 183 күннен аз уақыт қызмет ететін шетелдік
тұлғалар. С) салық жылында 181 күн және одан да көп уақыт қызмет ететін
шетелдік тұлғалар. D) салық жылында 183 күн және одан да көп уақыт қызмет
ететін шетелдік тұлғалар. Е) салық жылында 182 күн және одан да көп уақыт
қызмет ететін шетелдік тұлғалар.
12. Резидент емес тұлғаға КТС ставкасы неше пайыз:
А) 13. В) 12. С) 30. D) 15. Е) 10.
13. Салық жылында 183 күннен аз уақыт қызмет ететін шетелдік тұлғалар
аталады:
А) резидент тұлғалар. В) салық жылында 181 күн және одан да көп уақыт
қызмет ететін шетелдік тұлғалар. С) резидент емес тұлғалар. D) азаматтығы
жоқ азаматтар. Е) жеке тұлалар.
14. Дивидендтер қатысу үлесінен түскен табыстарға КТС ставкасы неше пайыз:
А) 10. В) 5. С) 11. D) 20. Е) 15.
15. ЖТС төлеушілер:
А) ҚР да табыс алатын резидент заңды тұлғалар. В) ҚР да табыс алатын
резидент емес заңды тұлғалар. С) жылдық жиынтық табысы бар ҚР заңды
тұлғалар
D) зейнеткерлер. Е) салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар.
16. Тұрақты салық ставкасы ол:
А) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады. В) пайыздық
салық ставкасы. С) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты
пайызбен тағайындалады. D) регрессивті салық ставкасы. Е) салық
объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленуі.
17. Салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады ол:
А) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты пайызбен
тағайындалатын ставка. В) регрессивтік салық ставка. С) салық объектісінің
көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді. D) прогрессивтік салық
ставкасы. Е) салық салынатын табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты
тағайындалуы.
18. Мүгедектер жұмыс жасайтын мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік 2007
жылдан бастап салықты қанша пайызбен төлейді:
А) 3,5. В) 4,5. С) 5,6. D) 5,4. Е) 6,5.
19. Импорталатын салық салынатын орын:
А) салық салынатын табыс жиынтық табыс есептелген орын. В) жылдық жиынтық
табыс. С) салық салынатын айналым және табыс. D) салық салынатын табыс
алатын орын. Е) тауарды өткізу орны.
20. Жер салығының салық салу объектісі:
А) мекеме орналасқан орын. В) жерге иелік ететін және пайдаланатын заңды
және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері. С) жер. D) қорықтар. Е)
арнайы жер.
21. Салық салу принципінің негізін қалаушы:
А) А. Смит. В) К. Маркс. С) Дж. Кейнс. D) Ю. Цезарь. Е) М. Кэне.
22. Жеке тұлғалар бір жолғы талон негізіндегі АСР бойынша босатылады:
А) жеке кәсіпкер ретіндегі мемлекеттік тіркеуден. В) заңды тұлға ретіндегі
мемлекеттік тіркеуден. С) заңды тұлға ретіндегі және жеке кәсіпкер
ретіндегі мемлекеттік тіркеуден. D) жеке кәсіпкер ретіндегі мемлекеттік
тіркелмеуден. Е) заңды тұлға ретіндегі және жеке кәсіпкер ретіндегі
мемлекеттік тіркелмеуден.
23. Жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзім пайдаланатын материалдық емес
объектілер ол:
А) материалдық активтер. В) жылдық жиынтық табыс алу үшін орта мерзім
пайдаланатын материалдық емес объектілер. С) жылдық жиынтық табысқа қосу
үшін ұзақ мерзім пайдаланатын материалдық емес объектілер. D) материалдық
емес активтер. Е) жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзім пайдаланатын
материалдық объектілер.
24. Салық салынатын табыс бұл:
А) салық салынатын мүлік. В) салық көзі. С) салық салынатын жер құны. D)
салық салынатын айырбас құралы. Е) салық салынатын бағалы қағаз.
25. Аксизделетін тауарлардың тізбесіне қайсысы жатпайды:
А) алкогольді өнімдер. В) спирттің барлық түрі, темекі өнімдері. С) ойын
бизнесі
D) құрамында темекі бар басқа да өнімдер. Е) жеңіл автомобиль.
26. Кешенді тексеру салық тексерулерінің қай түріне жатады:
А) хронометраждық. В) рейдтік тексеру түрі. С) тақырыпты тексеру түрі. D)
рейдтік орта. Е) құжатты тексерудің түрі.
27. Акциздік алым таңбасы:
А) бұл нақты өнім бірлігі туралы бекітілген бірегей ақпаратты қорғау
денгейі бар таңба. В) бұл нақты қызмет туралы бекітілген бірегей ақпаратты
қорғау денгейі бар таңба. С) бұл нақты қызмет туралы бекітілген жалпы
ақпаратты қорғау денгейі бар таңба. D) өнімнің бірлігіне әкелетін
географиялық жолағы бар таңба. Е) өнімнің бірлігіне әкелетін географиялық
жолағы жоқ таңба.
28. Салық жеңілдіктері дегеніміз:
А) салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленуі.
В) заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел
босату. С) салық оклады. D) салық реттеуі. Е) салықтар мен басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.
29. КТС төлеушілер:
А) ҚР да табыс алатын резидент және резидент емес заңды тұлғалар. В)
резидент және азаматтығы жоқ азаматтар. С) резидент және резидент емес
тұлғалар азаматтығы жоқ азаматтар. D) резидент және резидент емес тұлғалар
азаматтығы бар азаматтар. Е) азаматтығы жоқ азаматтар резидент емес
тұлғалар.
30. Көлік құралдарының салық ставкалары жеңіл автокөлік құралдары бойынша
тәуелді:
А) жергілікті өкімет органдарының шешіміне. В) көлікті пайдалануына
байланысты. С) шығарған мемлекетіне байанысты. D) двигателінің көлеміне
байланысты. Е) машинаның түсіне.
31. ҚҚС төлеушілер:
А) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар. В) ҚР да ҚҚС бойынша
есепке тұрған тұлғалар. С) заңды тұлғалар. D) заңды және жеке тұлғалар. Е)
жеке кәсіпкерлер.
32. Мүгедектер жұмыс жасайтын мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты
қанша пайызбен төлейді:
А) 3,5. В) 4,5. С) 5,6. D) 5,4. Е) 6,5.
33. Инвестициялық салық преференциялары келесі тұлғаларға беріледі:
А) жеке тұлғаларға. В) жеке кәсіпкерлерге. С) жеке шаруашылық
қожалықтарына. D) жеке тұлғаларға заңды тұлғаларға. Е) заңды тұлғаларға.
34. Салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің негізгі қызметі:
А) салық төлеушілердің жеке шотын ашу және жүргізу. В) салықтан қарызы бар
салық төлеушілердің банктегі шоттарын тексеру. С) жоғарғы органдарға
мәліметтер беру. D) салық комитетіне түскен арыздарды, өтініштерді тексеру.
Е) салық төлеушілердің есебін жүргізу, салық тіркеу номерін беру.
35. Салықтық емес міндетті төлемге не жатқызылады:
А) Жеке табыс салығы. В) Акциз. С) Мүлік салығы. D) Көлік құралыдары
салығы. Е) Мемлекеттік баж.
36. Салық ставкасы:
А) жалпы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. В) бір өлшем бірлігінен
алынатын салық мөлшері. С) арнайы өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
D) есептелген өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Е) жеке өлшем
бірлігінен алынатын салық мөлшері.
37. Салық объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленуі:

пайызбен тағайындалады. D) тұрақсыз салық ставкасы. Е) тұрақты салық
ставкасы.
38. Салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс етуі:
А) салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіппен табыс етуі. В)
салық төлеушінің міндеті. С) салық төлеушінің құқығы. D) мүлікті тексеруге
жол беруі. Е) салық қызметкерінің заңды қызметі.
39. Объектілердің экономикалық белгілері бойынша:
А) бекітілген, реттеуші. В) тікелей, жанама. С) табысқа салынатын, тұтынуға
салынатын. D) Республикалық, жергілікті. Е) ақшалай, натуралы.
40. ҚР –да неше салық түрі қызмет етеді:
А) 9. В) 4. С) 5. D) 6. Е) 17.
41. Салық жүйесінің дамуының екінші кезеңі қай жылдарды қамтыды:

42. Жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес алынатын шегерістердің айырмасы
ол:
А) жылдық жиынтық алымдар пен заңға сәйкес алынатын шегерістердің айырмасы.
В) жылдық жиынтық табыс және шегерімдер пен заңға сәйкес алынатын
шегерістердің айырмасы. С) жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес алынатын 8
АЕК тәуліктік төлемдер айырмасы. D) салық салынатын табыс. Е) жылдық
жиынтық табыс пен заңға сәйкес алынатын 7 АЕК тәуліктік төлемдер айырмасы.
43. Бюджетке түскен салықтардың есебін жүргізу салық комитетінің қай бөлім
қызметі:
А) ақпаратпен қамтамасыз ету және есеп бөлімінің негізгі қызметі. В)
салықтық аудит бөлімінің негізгі қызметі. С) құқықтық қамтамасыз ету
бөліміің негізгі қызметі. D) ұйымдастыру бақылау қызметінің негізгі
қызметтері. Е) салық комитетін заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету.
44. Ұйымдастыру бақылау қызметінің негізгі қызметтері:
А) салық төлеушілерге салық заңнамаларын түсіндіру. В) салық төлеушілердің
жеке шотын ашу және жүргізу. С) салықтан қарызы бар салық төлеушілердің
банктегі шоттарын тексеру. D) жоғарғы органдарға мәліметтер беру. Е) салық
комитетіне түскен арыздарды, өтініштерді тексеру.
45. Инвестициялық преференциялар неше жылға беріледі:
А) 1-4. В) 1-3. С) 1-5. D) 1-6. Е) 1-7.
46. Резидент еместің кәсіпкерлік қызметтеі жүзеге асыратын тұрақты қызмет
орнына мыналар жатады:
А) резидент еместің кез келген басқару орны. В) тұрақты мекеменің қызметіне
байланысты табыстарының барлық түрлерін алатын сала. С) резиденттердің ҚР
жеке тәуелсіз қызмет көрсетуден алынған табыстар шетелдегі орны. D) ҚР
орналасқан мүлікті жалға беруден түскен табыстарын алатын бөлім. Е)
резиденттер шығарған бағалы қағаздарды кез келген түрдегі қарыздық
міндеттемені өткізу кезідегі құн өсімінен түскен табыстары аукцион.
47. ҚР да резидент еместердің тауарларды өткізуден, жұмыстарды
орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар қандай табыстарға жатады:
А) қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тауарларды өндірумен,
жинақтаумен, өткізумен, жөнелтумен байланысты қызметін жүзеге асыратын кез
келген орынға. В) резидент еместің кез келген табыстары. С) резидент емес
тұлғалардың Қазақсатндық көздерден алынған табыстарына. D) табиғи
ресурстарды өндірумен байланысты кез келген орын. Е) резидент тұлғалардың
Қазақсатндық көздерден алынған табыстарына.
48. КТС объектісі:
А) салық салынатын айналым. В) салық салынатын мүлік. С) салық салынатын
меншік. D) салық салынатын табыс және айналым. Е) салық салынатын табыс.
49. Тұрақты мекемеге байланысты емес көздерде алатын басқа да табыстарға:
А) 10. В) 5. С) 11. D) 20. Е) 15.
50. Жеке табыс салығы бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстар:
А) мүлікті жалға беруден алынаған табыстар. В) адвокаттар мен
натариустардың табыстары. С) жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы. D)
бір жолғы төлемдерден алынатын табыс. Е) ҚР шегінен тыс жерлерден алынған
табыстар.
51. Салық объектісі:
А) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу
жөніндегі заңды тұлға. В) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз
болмайтын табыс, мүлік, ақшалай операциялар, т.б.С) заң жүзінде негізделген
салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, ақшалай операциялар, т.б. D) заң
жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын несиелер, мүлік, ақшалай
операциялар. Е) заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын
дотациялар т.б.
52. Пропорционалды салық ставкасы:
А) салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады. В) салық
салынатын табыстың өсуіне сәйкес салық ставкасының төмендеуі. С) салық
объектісінің көлеміне тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді. D) бір
және екі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Е) салық салынатын
табыстың өсуіне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
53. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты не
деп аталады:
А) салық төлеу мерзімі. В) салық міндеттемелерін дер кезінде орындауы. С)
заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.
D) есептеу үшін белгіленген салық обектісінің өлшем бірлігі. Е) салық
бойынша декларацияны тапсыру уақыты.
54.Ақшалай, натуралы жіктелуі белгісі неге байланысты:
А) салықтарды төлеу формасына байланысты жіктелуі. В) салықтарды өндіріп
алу органдарына байланысты. С) салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасы
бойынша. D) субъекті бойынша. Е) салықтарды пайдалану сипаттамасына
байланысты жіктелуі.
55. Салық салудың әділдігі принципі:

В) салық міндеттемелерін дер кезінде орындауы. С) ҚР салық салу жалпыға
бірдей және міндетті болып табылады. D) салық төлеуші салық заңдарына
сәйкес салықты толық белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Е) салық
төлеуші салық заңдарына сәйкес салықты толық белгіленген мерзімде орындауға
міндетті.
56. ҚР Салық жүйесі туралы Заң қашан қабылданған:
А) 1991. В) 1992. С) 1993. D) 2003. Е) 2001.
57. Салық жүйесі қай жылы бес күрделі өзгеріске ұшырады:
А) 1991. В) 1992. С) 1999. D) 2003. Е) 2001.
58. Салық комитетін заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету қай бөлім
қызметі:
А) салықтарды еріксіз өндіру бөлімінің негізгі қызметі. В) салықтық аудит
бөлімінің негізгі қызметі. С) салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің
негізгі қызметі. D) салық комитетінің іс жоспарын жасау. Е) құқықтық
қамтамасыз ету бөліміің негізгі қызметі.
59. Салықтарды еріксіз өндіру бөлімінің негізгі қызметі:
А) салық төлеушілерге салық заңнамаларын түсіндіру. В) салықтан қарызы бар
салық төлеушілердің банктегі шоттарын тексеру. С) салық төлеушілердің жеке
шотын ашу және жүргізу. D) жоғарғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz