Қазақстандағы билікті жүргізу әдістері



1. Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары
2. Билік
3. Сенат
4. Мәжіліс
5. Атқарушы билік
Жалпы саясаттың негізгі мәселесі билік, мазмұны билік үшін күрес, билікті жүргізу. Шығыстың ойшылы Ибн Холдун адамдардың басқа жан – жануарлардан ерекшелігі билік үшін күресуінде деп айтқан. Ал ағылшын философы Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғалымдарда нгізгі ұғым билік болып табылады. Билік негізінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:
1) теологиялық;
2) бихеверистік;
3) инструменталистік;
4) струптуалистік;
5) конфлектілік
Саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Билік ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлінеді: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық,саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани және т.б. Саяси биліктің ерекшліктері, өктемдік сипаты бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі кәсіби басқарушылардың ерекше тобының болуыбасқаларға қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар, себебі, біреулері басқарады, екіншілері бағынады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.
Қазақстан Республикасы – Еуропа мен Азия қос континенттерінің тоғысының солтүстік жарты шарында орналасқан. Жер көлемі бойынша Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада, Үндістаннан кейінгі әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен шекаралас. Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет.Қазақстандағы Мемлекеттік билік бірыңғай болып табылады және оның құрамына Парламентпен жүзеге асатын заңшығарушы билік, Орталық орган мен жергілікті органдардан, мемелекеттік сот қарамағында қызмет ететін сот билігінен тұратын Үкіметтің атқарушы билігі кіреді. Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары

Жалпы саясаттың негізгі мәселесі билік, мазмұны билік үшін күрес, билікті жүргізу. Шығыстың ойшылы Ибн Холдун адамдардың басқа жан - жануарлардан ерекшелігі билік үшін күресуінде деп айтқан. Ал ағылшын философы Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғалымдарда нгізгі ұғым билік болып табылады. Билік негізінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:
1) теологиялық;
2) бихеверистік;
3) инструменталистік;
4) струптуалистік;
5) конфлектілік
Саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Билік ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлінеді: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық,саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани және т.б. Саяси биліктің ерекшліктері, өктемдік сипаты бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі кәсіби басқарушылардың ерекше тобының болуыбасқаларға қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар, себебі, біреулері басқарады, екіншілері бағынады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.
Қазақстан Республикасы - Еуропа мен Азия қос континенттерінің тоғысының солтүстік жарты шарында орналасқан. Жер көлемі бойынша Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада, Үндістаннан кейінгі әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен шекаралас. Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет.Қазақстандағы Мемлекеттік билік бірыңғай болып табылады және оның құрамына Парламентпен жүзеге асатын заңшығарушы билік, Орталық орган мен жергілікті органдардан, мемелекеттік сот қарамағында қызмет ететін сот билігінен тұратын Үкіметтің атқарушы билігі кіреді. Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады.

Билік
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республика Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституци яның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Қазақстан Республикасыың Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Заң шығарушы билік Заң шығарушы биліктің мемлекеттік биліктің жалпы құрылымындағы жетекші рөлі мемлекеттік биліктің өзге тармақтарының тек осы билік құрған құқықтық негіз шеңберінде ғана әрекет ете алатындығымен негізделген. ҚР субъектілеріндегі заң шығарушы билікті әртүрлі атаулары бар заң шығарушы (өкілді) органдар жүзеге асырады.

Сенат
ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінен тұрады. ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және мемлекет астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенат та ұлттық-мәдени және қоғамның өзге маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, он бес депутатты ҚР Президенті тағайындайды. Сена тқа сайланатын депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз дерутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат сайлаған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны ҚР Президенті ұсынады.
Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы саны - 47 адам. ҚР Парламенті Сенатының (Парламенттің Жоғарғы палатасының) ерекше өкілеттіктері: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, және Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтен боса-ту, олардың анттарын қабылдау; Республика Президентінің Ұлттық Банк Төрағасын, Республиканың Бас Про-курорын, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяла-рын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру; конституциялық заңдар және Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқта-туға байланысты, оның уақытша болмаған кезінде заңдар қабылдау жөнінде Республика Парламентінің функцияларын орындау;
Сенат Парламентіне Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мәжіліс
Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің Депутаттық корпусын тең және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар құрайды. ҚР Парламентінің Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палат аға бірдей мүше бола алмайды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл . ҚР Парламенті Мәжілісінің (Парламент тің төменгі палат асы) ерекше өкілеттіктері: Парламентке енгізілген конституциялық заңдар және заңдар жобасын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін сайлауға Республика Президентіне келісім беру; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; Мәжіліс Парламентіне Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы - Мұхамеджанов Орал Байғонысұлы.

Мәслихаттар
Мәслихаттар - жергілікті өкілді орган дар - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Мәслихаттардың құзырына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білікті мамандардың шетелге кету мәселесі туралы сұхбат алу
Биліктің ауыспалылығы
Нарық жағдайында персоналды басқару және оны жетілдіру
Ұйымдағы персоналды басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның жағдайы таралуы
Қазақстан Республикасындағы саяси биліктің ерекшілігі
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер