Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 14 маусымда тiркелдi. Тiркеу N 1155.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы 2000 жылғы 5-18 маусымда № 12 (183)

Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р. Н. ) :
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С. Б. ) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е. Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

Ұлттық Банк
Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179
қаулысымен
"БЕКIТIЛГЕН"

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын
пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен
аударымдарын жүзеге асыру ережесi

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырғанда төлем құжаттарының түрлерiн және оларды ресiмдеу мен пайдалануды белгiлейдi.

2. Осы Ереже ақшаны жөнелтуге банк есепшотын ашпай ақша төлемдерiн және аударымдарын жасаумен, қолма-қол ақша өткiзу жолымен жүзеге асырылатын төлемдермен байланысты қатынастарға, сондай-ақ төлем карточкасының көмегiмен аударымдарды жүзеге асыру тәртiбiне қолданылмайды.
Осы Ереже клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын:
1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша;
2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн;
3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттемейдi (төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата түру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа) .
Ескерту: 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен , 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

3. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетiлген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
1) валюталау күнi - бастамашы өзiнiң төлем тапсырмасында көрсеткен және "валюталау күнi" деп аталған бенефициар ақшаны алуы тиiс күн;
2) дебеттiк аударымдар - ақша жөнелтушi төлеуi үшiн бенефициардың банкке төлем құжаттарын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
3) кредиттiк аударымдар - бастамашының алушы-банкке төлем тапсырмасын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
4) төлем құжаты - азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, шарттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына және соттың шешiмдерiне сәйкес ақша мiндеттемесiн орындауға негiз болатын немесе жасауға көмектесетiн құжат;
5) төлем аудару жүйесi - белгiленген ережелер бойынша нұсқаулар жiберу және ақша аудару тәртiбi;
6) инкассалайтын банк - бенефициардың талабын ақша жөнелтушiнiң банкiне немесе ақша жөнелтушiге осы Ереженiң талаптарына сәйкес оны кейiннен төлеуi үшiн өткiзу жөнiндегi мiндеттеменi өзiне алатын банк.

4. Нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқаулар мен өкiмдердi алушы-банк тек өзi белгiлеген операциялық күн iшiнде қабылдайды.

5. Егер нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқау немесе өкiм операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай нұсқауға немесе өкiмдi алушы-банк келесi операциялық күннiң басында алған болып саналады.
Егер бастамашының нұсқауында белгiленген валюталау күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда келесi жұмыс күнi валюталау күнi болып саналады.

6. Алушы-банк акцептелген нұсқау бойынша жөнелтушiнiң ақшасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, алуға (оның банк есепшотын дебиттеуге) құқылы.

7. Құжаттық есеп айырысу - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келiсiмде көзделген және банк iшiнде қолданылатын: коносамент, көлiк тауар құжаттамасы, тасымалдаудың аралас түрлерiнiң көлiк құжаты, курьерлiк және пошталық түбiршек, сақтандыру полисi, коммерциялық есепшот, сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегi туралы куәлiк, жүктiң салмағы туралы анықтама және басқа құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем.
Құжаттың есеп айырысу түрлерi болып құжаттық аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) және құжаттық инкассо (бұдан әрi - инкассо) болып табылады.

8. Аккредитив - бұл клиенттiң нұсқаулығымен және өтiнiшi бойынша немесе өз қалауы бойынша көрсетiлген бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдерiне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгiленген мерзiмге негоциация жасауға, егер аккредитивтiң барлық талаптары сақталса, банк өзiне алған мiндеттеме.
Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе басқа шарттан ерекшеленген мәмiле болып табылады.

9. Инкассо - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы келiсiмде көзделген бастамашы берген төлем және басқа құжаттың есеп айырысуда ұсынылатын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген акцепт және/немесе төлем алу мақсатындағы басқа құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын банк операциясы.

10. Аккредитив және инкассо Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қолданылады.

11. Қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелерiнде ашылған мемлекеттiк мекемелердiң есепшоттарынан ақша төлемi мен аударымын жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасы төрағасының 2007. 04. 30 N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

12. Сомасы 4000 айлық есептiк көрсеткiштен асып түсетiн мәмiле бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қолма-қол жасалмайтын тәртiппен ғана жүзеге асырылады.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

2-бөлiм. Төлем құжаттары
1-тарау. Төлем құжаттарының түрлерi
мен ресiмдеу тәртiбi

13. Төлем құжаттарының түрлерi:
1) төлем тапсырмасы;
2) чек;
3) вексель;
4) төлемдiк талап-тапсырма;
5) инкассалық өкiм, салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмi;
6) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген басқа төлем құжаттары.

14. Төлем құжаттарында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мынадай деректемелер болуы тиiс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номерi, оның жазылған күнi, айы, жылы. Күн - санмен, ай - жазумен, жыл - санмен жазылады. Компьютердi пайдаланып ресiмделген төлем құжаттарында айды санмен белгiлеуге болады;
3) ақша жөнелтушi - осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды;
4) ақша жөнелтушi банктiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы, оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн) ;
5) бенефициар - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды;
6) бенефициардың банкiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн) ;
7) төлемнiң мақсаты, сондай-ақ Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген оның код белгiсi;
8) санмен және жазумен көрсетiлген төлем сомасы;
9) ақша төлемi және/немесе аударымы бастамашысының уәкiлеттi адамының аты-жөнi және қолы, егер бар болса - оның мөрiнiң таңбасы (қағазға жазылған құжаттар үшiн) ;
10) бенефициар және ақша жөнелтушi - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН) (вексельдерден және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес СТН қою талап етiлмейтiн басқа да төлемдiк құжаттардан басқа) .
Мұндайда ақша жөнелтушiнiң және бенефициардың, сондай-ақ олардың жеке бiрдейлестiру кодтары төлем құжаттарында бiр рет көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ жөнелтушiнiң, бенефициардың және оларға қызмет көрсететiн банктердiң ұйымдық-құқықтық нысандарын банктер мен клиенттердiң жұмысын қиындатпайтындай етiп қысқартуға болады.
Ескерту: 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 ; өзгерту енгiзiлдi 2007. 07. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) ; 2010. 08. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) қаулыларымен.

15. Жөнелтушiнiң қағаз жазбадағы төлем құжатында жөнелтушiнiң уәкiлеттi адамының қолы және қол қою және мөр таңбасы үлгiлерiне сәйкес оның мөрiнiң таңбасы қойылуы тиiс. Мұндайда, егер қол қою және мөр таңбасы үлгiлерi бар құжатта банк есепшотына билiк ететiн уәкiлеттi адамдар ретiнде бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар адамдар көрсетiлсе, төлем құжатында осы адамдардың қолы мiндеттi түрде болуы тиiс.

16. Ақша төлемiн және/немесе аударымын жасағанда банк төлем құжаттарында қосымша деректемелердiң қойылуын, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе, талап етуге құқылы.

17. Төлем құжаттары және төлем құжаттарын керi қайтарып алу туралы өкiм электрондық түрде де, қағаз жазбасында да ұсынылуы мүмкiн. Электрондық төлем құжаттары және төлем құжаттарын керi қайтарып алу туралы өкiм электрондық төлем хабарлары үшiн белгiленген нысандарға сәйкес құралады және банкке электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша жiберiледi.
Ескерту 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009. 08. 24 N 85 қаулысымен.

18. Төлем құжаттарын және төлем құжатын керi қайтарып алу туралы немесе оны орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдi магниттi тасымалдаушымен ұсынуға тек санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Сонымен бiрге, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде басқаша көзделмесе, магниттi тасымалдаушыдағы ақпаратта банк қабылдаған бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесi болуы тиiс.

19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi беру үшiн банк өзiне қойылған қолдарды және мөр таңбаларын бар үлгiлермен визуальды салыстырып тексеруден басқа, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген қорғау iс-қимылдарының өзге элементтерi кiретiн санкцияланбаған ақша төлемдерiнен және/немесе аударымдарынан олар жасаған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтауға мiндеттi.

20. Төлем құжаттарында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс. Оларды жасағанда өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi банктер және оның клиентi арасында шартпен белгiленедi.

21. Электрондық тасымалдаушымен орындалған төлем құжатында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмде кез келген түзетулер жасауға болмайды. Банк түзетулердi, түзеулердi, сондай-ақ санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеуiн байқаған жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебi көрсетiлiп оның бастамашысына қайтарады.

22. Алушы-банк немесе бенефициар банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолданудың ережелерi мен ерекшелiктерiн реттейтiн осы Ереженiң және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес емес нысанда толтырылған және ұсынған, сондай-ақ клиенттiң деректемелерi (оның атауы, жеке бiрдейлестiрiлген (бұдан әрi - ЖБК), СТН коды) төлем құжатында көрсетiлген деректемелерге, сәйкес келмеген жағдайда, ал салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде - бюджеттiк жiктеу кодының сандық белгiсi болмаған және/немесе оның "төлем мақсаты" жолында көрсетiлген мәтiндiк атауына сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банктiң төлем құжатын акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырылады.
Егер басқа деректемелерi (СТН) банк клиентiн бiрегейлендiрсе, клиенттiң инкассалық өкiмде көрсетiлген атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары электрондық тәсiлмен ұсынған инкассалық өкiмдi акцептеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 22-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен , 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен , 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен , 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен , 2007. 04. 30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) ; 2007. 07. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) ; 2009. 08. 24 N 85 ; 2010. 08. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) қаулыларымен.

22-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелерi) төлем құжаты "төлем мақсаты" бағанында мемлекеттiк мекеменiң бес миллион теңгеден артық сомадағы, бенефициар ұсынатын хабарлама (бұдан әрi - хабарлама) болған кезде орындалуы тиiс азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн (мiндеттемелерiн) тiркеу туралы хабарламаның нөмiрiн, күнi көрсете отырып, банкте бенефициардың жеке iсiне тiгiлiп, сақталады. Хабарламада қазынашылықтың аумақтық бөлiмшелерi және мемлекеттiк мекеме басшыларының қолдары, мөрлерiнiң таңбасы болуы тиiс.
Бенефициардың хабарламада көрсетiлген деректемелерi (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетiлген деректемелерге сәйкес келуi тиiс.
Төлем құжатының "төлем мақсаты" бағанында хабарламаның нөмiрi мен күнiнен басқа төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкiлiктi" мәртебесi көрсетiлуi тиiс. Банкте сақталған хабарламаның нөмiрi және күнi "төлем мақсаты" бағанында көрсетiлген хабарламаның нөмiрiмен және күнiмен сәйкес келуi тиiс.
Осы тармақтың бiрiншi, екiншi және үшiншi абзацтарында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, банк заң актiлерiнде акцепт үшiн көзделген мерзiм iшiнде осындай төлем құжатын орындамастан оның жөнелтушiсiне қайтарады.
Банк "ағымдағы" төлем мәртебесi бар төлем құжатын орындаған кезде хабарламаның сыртқы жағына негiзiнде төлем жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелерi, орындалған төлемнiң сомасы және хабарлама бойынша төленуi тиiс қалған сома көрсетiледi. Банк "түпкiлiктi" төлем мәртебесi бар төлемдi жүзеге асырған кезде хабарламаның сыртқы жағына бұл туралы тиiстi белгi қояды.
Бенефициар ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Мемлекеттiк зейнетақы төлеу жөнiндегi орталық, Орталық депозитарий көрсетiлген мемлекеттiк борышты, зейнетақы төлемдерiн, әлеуметтiк төлемдердi, мемлекеттiк арнайы және мемлекеттiк әлеуметтiк және өзге әлеуметтiк жәрдемақыларды өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, сондай-ақ бенефициар ретiнде алушы банк көрсетiлген төлем құжаттарына хабарлама ұсыну талап етiлмейдi.
Ескерту: 22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004. 01. 24 N 13 ; 2005. 08. 27 N 95 ; 2007. 04. 30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) ; 2007. 07. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) ; 2010. 08. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) қаулыларымен.

23. Ақша жөнелтушiнiң ақшасын оның банк есепшотынан алу ақша жөнелтушi акцептеген төлем құжаты не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның акцептелуiн талап етпейтiн төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi.

24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, қағаз жазбада орындалған ұсынылатын төлем құжаттары және төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдерi даналарының санын әр банк өзi белгiлейдi және оның ережесiнде операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы айтылады.

25. Банк ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыру бойынша ақша жөнелтушi және/немесе нұсқау жөнелтушi алдындағы оның мiндеттемелерiне байланысты емес шағымдарды қарауға мiндеттi емес.
Ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы шағымдар алушы-банктiң акцепт нұсқауы заңды болғанда ғана алушы-банктiң қатысуынсыз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, төлем құжаттарында оларды iшiнара орындау туралы талап қоюға болмайды.

2-тарау. Төлем тапсырмасы

27. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетiлген сомадағы бенефициардың пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушiнiң қызмет көрсететiн алушы-банкке тапсырмасын бiлдiредi.

28. Ақша жөнелтушi қызмет көрсететiн алушы-банкке төлем тапсырмасын белгiленген нысандағы бланкте (N 1 қосымша) ұсынады.
"Төлемнiң мақсаты бағанында ақша жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыруға негiз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, номерiн және күнiн, және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе сондай-ақ "төлем мақсатының коды" бағанында төлемнiң код белгiлерiн көрсетуге мiндеттi.
Заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды төлеу кезiнде "төлем мақсаты" бағанында ең алдымен, төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң СТН, одан кейiн оның атауы көрсетiледi.
Салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде төлем тапсырмасында "төлем мақсаты" жолында көрсетiлген осындай кодтың мәтiндiк атауына және төлем мақсатына сәйкес келетiн бюджеттiк жiктеу кодының сандық белгiсi қосымша көрсетiледi. Төлем тапсырмасында бюджеттiк жiктеу кодын көрсетудiң дұрыстығы үшiн жөнелтушi жауапкершiлiк атқарады.
Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтiк аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтушi төлем тапсырмасымен бiрге бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресiмделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтiк аударымдар төленетiн тұлғалардың тiзiмiн (бұдан әрi - тiзiм) алушы банкке ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндерi) бар тiзiмдi алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тiзiмнiң көшiрмесiн қоса бере отырып ұсынады. Алушы-банк егер бұл алушы-банктiң iшкi құжаттарымен белгiленген жағдайда, 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндерi) бар тiзiмнiң электрондық көшiрмесiн ұсынуды талап етуге құқылы.
Ескерту: 28-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003. 01. 31 N 20 , 2004. 01. 24 N 13 , 2005. 08. 27 N 95 ; 2007. 07. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) ; 2009. 08. 24 N 85 ; 2010. 08. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) қаулыларымен.

29. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен төлем жасау және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен төлем жасағанда және/немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жiберушiнiң қызмет көрсетушi алушы банкке ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылатын, белгiленген нысандағы (N 2 қосымша) бланкiлерге толтырылған ақша аударуға өтiнiшi пайдаланылады.
Банк ақша аударуға берiлетiн өтiнiште осы Ереженiң N 2 қосымшасындағы нысанда көрсетiлген деректемелерден басқа осы өтiнiштi өңдеу үшiн оған қажет болатын ақша жiберушi туралы қосымша мәлiметтердi қосуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда банк ақша жiберушi туралы басқа да мәлiметтердi толтыруды талап етедi. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместiң пайдасына ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде банк ақша аудару үшiн берiлген өтiнiште бенефициардың СТН көрсетудi талап етпеуге құқылы.
Ескерту: 29-тармақ өзгертiлдi, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2000. 12. 29 N 488 ; жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002. 01. 18 N 20 , 2003. 01. 31 N 20 ; 2007. 07. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) ; 2010. 08. 20 N 76 (қолданысқа 2010. 08. 13 бастап енгiзiледi, 2-т . қараңыз) қаулыларымен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының төлем жүйелері
Корпоративтік төлем карточкалары
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі
Банктер арасындағы төлемдер
Төлем жіберуші банк
Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz