Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы


Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың ''5'' балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг - тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Рейтинг - ағылшын тілінде Іогаі - ''бағалау'' немесе ''жетістік өлшемі'' деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүйесінің мақсаты:
- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз
ету;
оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;
тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т. б. талап етеді.
Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерек-шелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы
міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады. Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық (текущий),
ә) аралық (рубежный),
б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі,
тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;
уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;
бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.
Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.
Зачет (сынақ) жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.
Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет.
Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.
Оқушылардың білімін бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар.
Арнайы жүргізген психологиялық зерттеулер көрсетуінше, жауап берген жоғары сынып оқушыларының 50% жуығы ''Мұғалімдер біздің білімімізді дұрыс бағала-майды, көбінесе шын дәрежесінен төмен бағалайды'', - деген, ал 10% ''Артық бағалайды'', - деген. Оқушылардың көпшілігі: ''Біздің шамамыз бен біліміміздің сапасына және оқудағы табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы дұрыстау, дәлірек баға беретін мұғалім де, тіпті бірге оқитын сынып-тастар емес өзіміз'', - деп жауап берген.
Бірақ оқушылардың мұғалім мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі түзетуі бір-бірімен тығыз байланысты процестер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz