Кірпікшелі инфузориялар класы – ciliata


Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті - микронуклеус.
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар- Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшілері инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады.
КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - CILIATA
Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді. Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30-40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптам тұрады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейді.
Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузрия туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum (10- сурет) . Ұзынша сопақтау болып келген тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.
Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшілері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады.
Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған. Пелликуланың сыртын алты бұрышты, қатар орналасқан құрылым жауып тұрады, соған байланысты парамеция денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді.
10-сурет. Инфузория туфелька - Рагао’аесiцш саца iлт: 1 кiрпiкшелер, 2- ас қорыту вакуолi, З - микронуклеус, 4 - ауыз тесiгi, 5 - жутжыншаь (цитофаринке), б - кылаулатiыш, 7 - жиырылгьоц вакуолi, 8 макронуклеус, 9 - трихоцисталар
Пелликуланың астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады - олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш қызметін атқаратын қысқа таяқшалар - трихоцисталар орналасқан. Олар тітіркенген кезде ұзын, серпінді жіпше түрінде сыртқа атылады.
Инфузория денесінің алдынғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі - немесе цитостом орналасқан, ол жұтқыншаққа - цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен коректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен) .
Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде коректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұткыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері коректік затқа толып цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту вакуольдері дененің ас қорыту циклозы (айналымы) жолымен қозғалады, ферменттер арқылы асты қорытып, плазмаға өткізіп тұрады. Сінбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ак қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса вакуольдің түзілуі де тез болады, инфузорияның коректенуі де жиілейді.
Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма және эндоплазманың арасында орналасқан. Олардың қызметі амеба мен талшықтылардың жиырылғыш вакуольдері сияқты үнемі жиырылып, осмос қысымын реттейді, зәр шығарады және тыныс алады. Бірақ инфузория вакуольдерінің құрылысы күрделі. Оларды вакуольдің өзі немесе орталық резервуар және оны қоршап жатқан жұлдыз тәрізді қосымша вакуольдер құрайды. Орталық резервуар қосымша вакуольдермен түтіктер арқылы және қоршаған ортамен арнайы зәр шығаратын тесік арқылы жалғасады.
Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады. Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа шығарыды. Туфельканың алдынғы және артқы жағындағы орналасқан вакуольдері кезектесіп жиырылады.
Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен - макронуклеус және кіші - микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрме бұршақ дәні терізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол - генеративті ядро. Парамеция барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.
Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп аталады. Конъюгацияның копуляциядан айырмашылығы - екі ядроның қосылуы.
Коньюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бұлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузрияларды коньъганттар деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz