Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары


Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т. с. с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтын білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл аткарады. Себебі, солардың аркасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, X. Линдз) бұған көрісінше қарайды. Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген, билік институттарын дұрыс пайдаланып басқаруға білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, кұлдырауға әкеледі. Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық кажет. Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заңды, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия калыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады. Авторитарлық тәртіп әртүрлі кездесетіндіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар.
Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр. Әр елдің даму сатысына, әлеуметтік-саяси құрылымына, әдет-ғұрпына және т. с. с. байланысты бұл процесс әр түрлі рең алуы мүмкін. Кейбір ғалымдар балама түрін де жокқа шығармайды. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейімделу жолына түскен елдердің бәріне тән әмбебап талаптар мен принциптерге жауап беру керектігі мойындалды. Мысалы, экономика саласында өндірістің товар-ақша арқылы реттелуі, мемлекеттер арасында экономикалық және сауда қатынастарының кеңеюі, ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы технологияларды кеңінен тарату, білім мен ғылымды дамытуға қаражатты көбейту және т. с. с. Әлеуметтік салада сословиелік-касталық бөліністерді жойып, бір жіктен екінші жікке кедергісіз етуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті алуан түрлілік түрғыда ұйымдастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, саяси қатынастарды кеңейту және әрдайым жетілдіріп отыру, саяси шешімдерді қабылдағанда, кикілжіндерді шешкенде мәмілеге келе білу және т. с. с.
Әрине, бұл көрсетілген әмбебап талап, принииптерді еріксіз сырттан теліп, міндетті түрге айналдыруға болмайды. Бұлар бағдар сияқгы. Соған орай әр ел өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты әрекет етеді. Егер халық бұл тарихи кұбылысты түсініп, қабыл алса, оған өту оңайырақ болады. Ал оны орынсыз жылдамдатпақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырап, шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бұл жолға түсушілерге алды-артын байкап, терең саралап іс істеуге кеңес береді.
XX ғасырдың 50-60 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас қамал сияқты болып көрінетін. Дегенмен, 70 жылдары жағдай өзгере бастады. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Греция, Португалия, Испания) өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты. 80 жылдардың басында Аргентинада әскерилер билікті өз қолдарынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті 1964 лсылы басып алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп демократиялық жолға шығарды. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де бола бастады. Кейінірек Чилидегі әскери хунтаның бастығы генерал Пиночетте оларға қосылды.
Көп жылдар бойы Оңтүстік Кореяда авторитарлық тәртіп үстемдік еткен. Олар демократиялық жолға көшті. Филиппинде президент Маркостың отыз жылдык билігі құлады. 1989 жылы Шығыс Еуропада "барқыттық революция" кан төгіссіз, бейбіт жолмен жүзеге асты. Бұрынғы социалистік елдер бірінен кейін бірі тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті. Капиталистік және социалистік жүйеге бөлінудің нышаны (символы) сияқты болып тұрған Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызды. Ең соңында бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп күйреп, оған қараған республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең ел болды. Бұл оқиғалардың бәрі келіп, саясатганушылардың алдына тоталитарлық, авторитарлық тәртіптерден демократиялық тәртіпке қалай өтуге болады деген сұрақты тудырды.
Варшава университетінің (Польша) көрнекті профессоры, саясаттанушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жақган да зорлықты тудырады. Сондықтан оған тек бейбіт жолмен ғана жетуге болады. Оның үш түрі бар.
Біріншісінде, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысалы, Түркияда президент Ататүріктің басқаруымен осылай болды. Жоғарьіда аталғандай, Бразилияда да әскерилер өздері өзгеріс жасады. Бірақ мұндай жағдайлар тарихта сирек кездеседі.
Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, Грекияда басқарып тұрған полковниктер 1974 жылы Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінді. Түркия мен Грецияның арасы соғыс жағдайына келді. Греция АКШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді. Осындай жағдай 1982 жылы Аргентинада да қайталанды. Ондағы генералдар біздің жеріміз деп Мальвин аралдарына басып кірген. Ал ол аралдарды Фольклендтік аралдар деп атап, ағылшындар иелік ететін. Соғыс салдарында аргентиналық генералдар жеңіліс тауып, өздерін-өздері әшкерелеп, амалсыз билікті азаматтық үкіметке өткізуге мәжбүр болды. 1989 жылы бейбіт жағдайда ГДР мен Чехословакияның басшылары (Хонеккер мен Гусак) биліктен амалсыз бас тартуларына тура келді.
Үшіншісінде, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін), Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т. б.
Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсатгардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған Батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.
Казіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы - тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.
Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.
Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостандық әкеледі, әділдікті, демократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліннің экономикалык, мәдени, ғылыми деңгейіңді салыстырып, байкауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті өміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы маңызды айнада көргендей боламыз дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz