Қожаберген жырау


ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ
1. Қожабергеннің өмірі мен қызметі
Қожаберген 1663 жылы - қоян жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл аудандық «Блоговещенский» кеңшарының Гүлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының шаңырағында дүниеге келген. Толыбай сыншы Дәуленұлы (1603-1680) өз тұсында Орта жүздің көсемі, атақты әскербасы болған. Сонымен бірге ол алдын болжайтын көреген, адамды да, атты да, құсты да сынайтын сыншы, қара қылды қақ жарған әділ би, айыр көмей, жез таңдай шешен адам екен.
Өзінің ерлігімен, әділдігімен, көрегендігімен, шешендігімен өз халқына ғана емес, көрші елдерге де әйгілі болатын. Сол себепті қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ елі, Сібірдегі Ескер, Баржы және Барабы татарлары оны Толыбай сыншы деп атап кеткен. Оның арғы тегі Орта жүз Ашамайлы керейдің Көшебе руының Таузар әулетінен шыққан.
Толыбай сыншының 2 әйелі болған. Бәйбішісі Ақбілектен (Айдабол бидің қызы) төрт ұл туған. Сол ұлдарының ең үлкені Майлы би, ең кенжесі Қожаберген екен.
Толыбай сыншының осы ең кенже ұлына Қожаберген есімі қалай берілді дегенге тоқталып өтсек, ол жайында шежіре деректері былай дейді. Толыбай сыншы Кіші жүз Әлім, төртқара әулетінің Ақша би, Жалаңтөс батыр, Сейітқұл ұлдарының апасы Жамалдан туған, Самарқанд төңірегіндегі Нұрата, Қызбибі тауын мекендейтін туған нағашылары Толыбай сыншыны қонаққа шақырып жүреді екен. Жиені әне барам, міне бараммен жүріп бара алмай уақыт өткізіп алады. 1661 жылдың мамыр айында ғана сол шақырудың сәті түсіп Толыбай сыншы Ақбілек бәйбішесі екеуі нөкерлерін ертіп сапарға шығады. Жолшыбай қыпшақ Қойлыбай әулиенің басына зиярат қылып мал шалып, құран оқиды. Одан кейін Толыбай сыншы Қожа Ахмет Иассауи мазарына келіп құран оқиды, мал шалып, түнейді. Әулиеге бір қонады, екі қонады, үшінші күні ұйықтап жатып таң алдында түс көреді. Түсінде ақ түйеге мінген, қолында асатаяғы, басында ақ сәлдесі, үстінде ақ шекпені бар ақсақалды адам Толыбай сыншына келіп: «Балам, сапарың оң болсын» дейді де, қоржынынан алып бұған найзаның ұшын, қылыш, қанжар, садақ, қобыз, қамшы, қалам, дәуіт, бүркіттің тұғырын, қойдың жауырыны мен бір уыс құмалақ және бір шоқ шөп береді. Содан кейін әлгі адам «қош, есен бол» деп жоқ болып кетеді. Толыбай сыншы ерте тұрып таң намазын оқиды да, таңертеңгі тамақ алдында бәйбішесіне, нөкерлеріне көрген түсін айтады. Қасындағы нөкерлерінің ең үлкені Нияз мырза Қожекеұлы түсін пайғамбар болып жориды. «Көсем аға, көрген түсіңіз, керемет екен. Найзаның ұшы, қылыш, қанжар - батырлық белгісі, садақ - мергендіктің, бүркіт тұғыры - құсбегілік пен аңшылық белгісі, қобыз - күйшіліктің, қалам мен дәуіт - ақындық пен ғұламалықтың, қойдың жауырыны мен құмалақ - сәуегейліктің, бір уыс шөп - емшілік белгісі. Иншалла, құдай жар болып жеңгемізден тағы бір жақсы ұл көресіз. Ол өзіңізге ұқсап әрі көсем, әрі батыр болады. Әлгі қасиеттің бәрі соның бойына қонады дей бергенде, Нияздың немере інісі Қантай сардар Толыбай сыншыға: «Тархан аға, бұл түсті Қожа Ахмет Иассауи әулиенің басында көрдіңіз ғой, болашақ келетін ұлыныздың атын Қожаберген қойыңыз» дейді. Отырғандар түгел, «иә, иә, солай» деп құптасып қалады. Сол ырым қабыл болып, нағашысына барып қайтқан соң, жарты жылдан кейін Толыбай сыншының Ақбілек бәйбішісі жүкті болып, 1663 жылы наурыз айының басында босанып, ұл туады. Дос-жарандары мен ел-жұрты жиналып баяғы уағда бойынша жас нәрестеге Қожаберген деп ат қойған екен . . .
Қожабергеннің анасы Ақбілек - Орта жүз, арғын Айдабол бидің қызы. Қожаберген «Елім-ай» дастанының бас жағында өзінің туған анасы Ақбілек жайында былай дейді:
Орта жүз арғындағы асыл тектен,
Анамның шыққан заты Сүйіндіктен.
Жиырма ұлдың көкжал туған сүт кенжесі ем,
Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен.
Қожаберген бала кезінен бастап әкесі Толыбай сыншының туған нағашысы Кіші жүз Әлім ұлының төртқара руынан шыққан атақты Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы ұрпақтарының қолында болып, ‡ргеніш, Бұқара, Самарқанд медреселерінде оқиды.
Қожаберген медресені бітірп, имам атағын алса да қожа, молда, ишан, софы болмайды. Себебі, он үш жасынан өлең шығарып, ақындық жолға бет бұрады, ал он жеті жасында кемел ақындар қатарына қосылады. Аңыз әңгімелерді хисса-дастанға айналдырып жыр етеді. Сол уақыттан ол батыр ағаларына еріп жорыққа аттанады. Мұны жырау өз өлеңінде айтқан.
Адам деп өз бойына өнер жинаған,
Ел-жұртым деп атайды мені имам.
Жорыққа он жетімнен араласып,
Болғам жоқ, молда, софы, қожа, ишан.
Қожаберген Самарқанд медресесінде бірге оқыған, жасы өзінен үлкен, Кіші жүз алшын ішінде он екі ата Байұлына жататын, есентемір руының Айбасқали Қабыланұлы деген жігітімен дос болады. Медресені тәмам етіп еліне қайтарда Айбасқалимен бірге келіп, Қабылан бидің үйіне қонақ болады. Бидің бой жетіп отырған Айша есімді қызын ұнатып, уәделесіп, көңіл қосады да, өз еліне барып әке, ағаларына айтып, Қарабас деген ағасын ертіп келіп жүздеген жылқы, түйе қалыңмал беріп, құда түсіп, қызды отаулатып алып қайтады. 1681 жылы Айшаның келін боп түскеніне бір жыл толғанда әкесі Толыбай сыншы да, шешесі Ақбілек те дүние салып, Қожаберген мен Айша ағасы Қарабас батырдың қамқорында болады.
Қожабергеннің араб, парсы тілін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болғанын білеміз. Әз-Тәукенің Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді ақылшы билері оны көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтарына, парсы еліне, түрікпенге елшілікке жіберіп, дипломатиялық жұмысқа белсене араласқанын көреміз. Оны жыраудың мына өлеңі дәлелдейді:
Тіліне араб-парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Көрші елге елшілікке ылғи барып,
Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп.
Ол үлкен шежіреші, білімдар адам болған. Жас кезінің өзінде-ақ қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата тек» деген дастанын шығарады.
Түріктен өрбіген елді тоғыз дейді,
Тартатын күй аспабын қобыз дейді.
Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ
Төртеуін шежірешілер оғыз дейді.
Енді Қожабергеннің өз ұрпағын таратып айтар болсақ, ол былай болып келеді. Қожабергеннің бәйбішесі Айшадан - Әли, Әди, Әсет, Есет, Әбет, Мәди, Нәби, Науан, Бекет, Ақыл, Ноғай, Мамай, Бағда, Сағымбек, Тоқтамыс, Бектеміс, Балқан есімді он жеті ұл, Зейнеп атты жалғыз қыз туады. Қожабергеннің ең кенже ұлы Балқан батырдан екі бала - Есболай, Естанай. Есболайдан төрт бала - Ақбатыр, Байбатыр, Бәйбек, Шойбек. Естанайдың он баласының бірі - Бекбатырдан бес ұл туады. Соның ең үлкені - Жанайдардан - Жортуыл. Одан Жарылқас зергер мен Боранбай қажы туады. Жарылқастан Рахмет, одан Қаражігіт. Қаражігіттен үш бала - Тұрарбек, Оразалы, Бораш. Қаражігіт қазір тірі, алпыс алты жаста, ол балаларымен бірге Қорған облысы, Макушин ауданы, Саратов кеңшарында тұрады. Қожабергеннің өзге балаларының көбі қазақ-қалмақ соғысында қаза болған, олардан ұрпақ жоқ.
Қазақ тарихында бір-бірімен аттас және әр кезеңде өмір сүрген әйгілі Қожаберген есімді бірнеше тұлғалар болған. Мәселен, XVII ғасырда өмір сүрген Тобықты Қожаберген сардар, XVIII ғасырда ерлігімен аты шыққан уақ руының батыры Қожаберген және шұбар-айғыр керей Қожаберген Нәрікұлы деген кісілер болғандығы шежіреден мәлім. Бірақ біз сөз етіп отырған атақты бабамыз Кәшібе керей Қожаберген Толыбай сыншы ұлының бұлардан орны бөлек. Себебі, ол қарадан шыққан мемлекет қайраткері. Оның ардақты есімі әрқашан барлық Қожабергеннен биік тұрады.
1745 жылы 82 жастағы Қожаберген жыраудың бастауымен керейлер жаудан өз жерін босатып, Қызылжар, Гүлтөбедегі жер-суына, атамекеніне қайтадан қоныстанады. Қожаберген атамекеніне келген соң, өз ауылында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ісләм дінін насихаттайды. Шеберхана салдырып, елді қолөнеріне баулиды, егін салуды қолға алады.
1763 жылы қазан айында жүз жастан асқан шағында Қожаберген жырау туған жері Гүлтөбеде қайтыс болады. Әкесінің атымен аталатын сол жердегі Толыбай сыншы қорымына жерленеді. Жыраудың ағасы Қарабастың жоғарыда айтылған Асқап деген ұлынан туған белгілі Көшек батыр 1764 жылы Қожаберген бабасының жылына арнап ас береді. Ол асқа Абылайхан, Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, Ақтамберді, ‡мбетей, Тәтіқара, Көтеш жыраулар қатысады. Көтеш жырау Қожабергеннің асына арнап өлең шығарған. Ол өз өлеңінде аста бәйгеге үшке бөлініп 1500 ат шапқанын айтады. Өз ұрпағы ақын Жанкісі Көшекұлының (1738-1817 жж. ) осы аста Қожаберген жырауға арнап үлкен жоқтау өлең шығарғаны да белгілі.
Қожаберген - Ордабасы. Ордабасы - көне түрік сөзі. Ол ұғым, бүгінгіше айтқанда бас қолбасшы деген мағынаны білдіреді. Қазақта бас қолбасшы сайланған жердің аты - Ордабасы деп аталған. Мұндай атаулар туған республикамыздың әр өңірінде кездеседі. Әдетте, қазақ салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе биді сайлағанда халық оларды боз биенің сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім кигізіп, ақ киізге орап, жоғары көтеріп, құрмет көрсетеді. 1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары жиырма бес жастағы Қожабергенді Ордабасы етіп сайлап, ақ киізге көтергенде оған Орта жүз, арғын Әнет би бата берген. Ауызекі айтылған ол бата біздің бүгінгі күнімізге жетпеген, аңыз күйінде ғана қалған. Қожаберген Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы болған сәтте тікесінен тік тұрып көкірегіне құран ұстап, қылыш сүйіп, халық алдында серт береді. Сонда ол былай дейді:
Қолбасшы батыр болмасам,
Көбелі сауыт кимейін.
Ту ұстайтын болмасам,
Арабы ақбоз мінбеймін . . .
(Өлең Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы) .
Қожабергеннің Ордабасы болғандығын оның бас шәкірттерінің бірі Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты дастанындағы мына жолдар айқын дәлелдейді (өлең тұңғыш рет жарияланып отыр) .
Ақ жолдар сардар Қожекең
Жауынан айыл жимаған.
Ерлігі көп ұстазды, -
Мұсылман түгел сыйлаған . . .
Бұқар жырау Қалқаманұлының (1693-1787 жж. ) Қожабергеннің өзіне шәкірт болғанына осы Ордабасы ақынның «Елім-ай» дастанындағы 1723 жылы шығарған мына шумақтары айғақ бола алады.
Шәкіртім Сүйіндікте Бұқар жыршы,
Ол Бұқар өзі ақын, өзі сыншы.
Ол-дағы қарап жатпас, аттан салар, -
Сөзіне оның халқым, құлақ түрші! . . .
Дауылпаз Қожаберген - тарихшы. Біріншіден, «Елім-ай» дастанында жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың «орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін» көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді халықты өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын суреттейді. ‡шіншіден, Бұқардың қазақ еліне деген қастандық саясатын, өзбек пен тәжіктің жаттығуын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз-Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас, берекесіздіктің бет пердесін ашады. Бесіншіден, ақтабан шұбырынды қалай болды, халық қалай, неге тозды деген сауаларға жауап береді. Автор өз өмір жолынан хабар береді. 61 жасының 45 жыл ғұмыры жорықта өткенін, «Жасымнан қол бастаған болдым сардар» деп, ел ағасы ретінде болашаққа көз салады.
Баһадүр Қожаберген Толыбайұлының 1688-1710 жылдар аралығында үзіліссіз жиырма үш жыл бойы қазақ, қарақалпақ, қарағаш, барабы халықтарының біріккен әскерін басқарып, басқыншы жаулармен ерлік көрсеткенін сол кездегі оған арналған ақын-жыраулар өлеңінен де айқын көреміз. Оны осы қолбасшының кіші шәкірттерінің бірі ақын Жанақ Төлекұлұлының (1743-1821) «Ордабасы-Ұстазым» атты өлеңі де дәлелдейді:
Орта жүз керейдегі Көшебеден,
Ер шыққан Толыбайұлы Қожаберген.
Әрқашан жауды жеңіп жүргеннен соң, -
Жұрт оған Ордабасы атақ берген.
Сондай-ақ Қожабергеннің ордабасылық қызмет атқарғандығын оның өзі туралы шығарған, күні бүгінге дейін еш жерде жарияланбаған мына бір өлеңінен де көруге болады.
‡ш жүзде болса да олар басты кісі,
Қазыбек, Төле, Әйтеке мекен кіші,
Соларға жол көрсеткен ұстаз едім, -
Сардар деп құрметтеген үлкен-кіші.
Қожаберген ұзақ жыл әскер бастап, сыртқы жаумен соғысып, әрдайым жеңіске жетсе де, ақыры қатты шаршап, өзін бас қолбасшылық қызметтен босату туралы Тәуке ханға 1710 жылы жазда өтініш жасайды. Әз-Тәуке оның орнына Қожаберген сияқты әрі дана, әрі батыр қолбасшы таппағандықтан Ордабасының бұл өтінішін қабылдамайды. Сонда Қожаберген өз орнына батыр шәкірттерінің бірі жас сардар қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлын (1683-1775жж) ұсынып, оған батасын береді. Осы оқиғаны белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857-1931жж) «Даналар» атты өлеңінде былайша суреттейді.
Бабадан Қожаберген бата алған,
Бөгенбай Қанжығалы сардар болған.
Ел қорғап, қамал бұзып, даңқы шығып,
Оған да аруақ пен бақыт қонған.
Ал Ордабасының шәкірті Бұқар жырау Қожабергеннің бас қолбасшылық қызметін Бөгенбайға бергеніне риза болып, мынадай жыр арнайды.
Көшебе керей ағасы,
Толыбай сыншы баласы.
Қол бастаған Кожекең
‡ш жүздің болған данасы.
Қожаберген ғаділ ер,
Қадірін білген қалың ел.
Бөгенбайдай батырға
Билігін берген ардагер.
Қожаберген Толыбайұлы Ордабасы қызметін атқарумен бірге Әз-Тәукенің бас ақыны болған. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырғанын білеміз. Мысалы, ол Тәуке ханға арнаған, кезінде елге мәлім болған, кейін ел есінен ұмытылған «Жеті жарғы» атты тарихи дастанында былай дейді:
Шығайдан соң орнында Тәуке қалды,
Әз-Тәуке деп кезінде атақ алды.
Төле, Қазыбек, Әйтеке ақылшы боп,
«Жеті жарғы» дейтұғын заң шығарды.
Қожаберген - ақын. Осымен бірге Қожаберген ақынның Әз-Тәукенің тапсырмасын орындап, «Жеті жарғыны» ақ былғарыға жазып, ханға табыс еткені соңғы кезде белгілі болып отыр. Бұған оның өзіміз ел аузынан жазып алған «Жеті жарғы» атты мына өлеңі дәлел бола алады:
Қарабас тархан ағам-ды,
Алаш жұрты тыңдаған.
Соғысқа, дауға қатысып,
Ер еді жастан шыңдалған . . .
Бұл өлеңді 1954 жылы 21 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, шежіреші Балғожа Кенжеғозыұлынан жазып алған едім. Содан кейін осы өлеңді 1956 жылы 17 маусымда Қарағанды қаласының Жамбыл көшесіндегі 45-үйде тұратын ауыз әдебиетінің білгірі, қарт педагог Омар Иманбайұлынан екінші рет жазып алып, екеуін салыстырғанда, еш айырмашылығы болмады. Осы арада Майлы бидің кім екенін айта кетелік. Майлы би Толыбайұлы Қожабергеннің ең үлкен ағасы. Шежіре дерегі бойынша 1626 жылы туған. Жас жігіт кезінде салқам Жәңгірдің, Шығай ханның бас уәзірі болған. Кейін жасы ұлғайған шағында Әз-Тәукенің төбе биі болып сайланған. Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге бата беріп, олардың әуелгі ұстазы болғанын білеміз. Бұл кісі қазақ жылнамасы бойынша үлкен Майлы би деп аталады, себебі Көшебе керейден шыққан әрі ата-анасы осы данышпанның есімін қойған екінші Майлы би және болған. Оның әкесінің аты Қалжан батыр. Осы Майлы бидің жасы, үлкен Майлы бидің кіші немересімен шамалас. Бұл Абылай ханның тұсында әрі қазы, әрі оның уәзірі болған. Біз сөз етіп отырған осы үлкен Майлы биді екінші Майлы бимен шатастыруға болмайды.
Қожабергеннің «Жеті жарғы» дастанын жазғандығына тағы бір дәлел ретінде Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты хиссасындағы мына шумақты келтіре кетуді жөн көрдік.
Қожаберген ұстазым,
Бұхара барып оқыған.
Төрт-бес тілді үйреніп,
Көкейге берік тоқыған.
Бұл айтулы дастанды біз 1957 жылы 15-16 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мұрынтау аулының тұрғыны Охап Қожанұлының аузынан жазып алдық.
Осы арада бір ескерте кететін жайт мынау: жоғарығыдай Қожабергенді ұстазым деп қатты қадірлеп, көсемдік қабілетіне бас иген шәкірті Бұқар жырау «Керей қайда барасың» деген өлеңді шығарды деу шыңдыққа жанаспайды. Бұлай деп Бұқар жырау мұрасын дұрыс зерттемеген шалағай дүмшелердің ғана айтуы мүмкін. Оған дәлеліміз - біріншіден, ағайынды керей мен арғын рулары арасында қандай бір кикілжің болғандығы туралы ешбір тарихи дерек жоқ. Екіншіден, керейлер Сарысу, Сыр өзендері бойын мекендемеген ел. 1723 жылы күзде керейдің терістік Сарыарқадан ауып, көшіп барып тоқтаған жері қазіргі Ақмола, Қарағанды облыстарының шектесетін Қорғалжын, Теңіз аудандарының жері. Бұл аймақта Керей жұртының ескі белгі-ескерткіштері: Керей өзені, Керей көлі, Жәнтекей көлі, Жұмабай көлі секілді жер-су аттары әлі күнге дейін бар. ‡шіншіден, Көшебе керей Қожабергенге Бұқар жырау шәкірт болғанын жоғарыда айттық. Шәкірт адам өзінің ұстазына ешқашан қарсы шықпайды, оның елін де орынсыз ғайбаттамайды. Төртіншіден, керей ол кезде қаймағы бұзылмаған қабырғалы қалың ел, сан жағынан да, абырой-атағы жағынан да арғынмен, найманмен терезесі тең ел болған. Оны «Ұстазым» дастанында:
Мақтады деп сөкпе жұрт,
Орта жүз қалың керейді.
Жырламауға хақым жоқ
Көпке қорған мерейді, -деп Бұқардың өзі айтқан. Біз білетін Бұқар жырауда «Керей қайда барасың» деген өлең болмаған. Бұл ежелден белгілі Бұқар Қалқаманұлының «Садыр қайда барасың» деген өлеңінің өзгертілген түрі екені белгілі. Бұл арада белгілі жазушы-ғалым Мұхтар Мағауиннің «Алдаспан» кітабында «Садыр қайда барасың» деген өлең орынсыз бұрмаланып, «Керей қайда барасың» болып жаңсақ жазылып кеткенін орынды сынға алғанына біз де қосыламыз.
Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екенін жоғарыда айттық. Оның емші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Соғыс кезінде жаралы сарбаздарын өзі емдеп, жазып отырған. Оған ақынның «Емшілік» деген өлеңі дәлел.
Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек,
Жасадым түрлі шөптен дәрі-дәрмек.
Сынықшы Қожаберген атағым бар,
Талайын науқастардың жаздым емдеп.
Қожаберген жыраудың Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелермен тұстас өмір сүріп, бірге жүріп, Әнет би мен Әз-Тәукеден бата алғанын біз жоғарыда айттық. Ал Қожабергеннен Абылай хан, Бөгенбай, Асқап, Ерсары, Көшек, Қабанбай, Жәнібек, Бөгенбай, Баян, Сырым, Есет батырлар мен Бекболат, Айтбай, Едіге, Малайсары, Қараменде, Алдабек, Әлдибек секілді билер үлгі өнеге алған. Мәселен, Едіге би Төлебайұлы Ақдәулет есімді жеті жасар ұлын ертіп тоқсан алты жастағы қартайып отырған Қожаберген жыраудан бата алу үшін сәлем бере Гүлтөбеге келеді. Едіге «халық қалай» дегенде Қожаберген «Кәрілік» деген өлеңімен жауап берген екен. Батасының ішінде Едіге бидің баласы Ақдәулетке Шоң деген есім береді. Ол бала кейін өсіп, ержетіп Шоң деген атақты би болған. Шоңның Ақынбай атты баласы СССР халық артисі, марқұм Шәкен Аймановтың төртінші атасы екенін де айта кетуіміз керек.
Осы арада Қожаберген қолбасшының мемлекет қайраткері екендігін дәлелдейтін тағы бір шежіре дерегін келтіре кетейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz