«Көк бөрі» сөзінің түрік мифологиясынан алатын орны



Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр. Сол сөздердің ішінде «Көк бөрі» сөзі мені қызықтырды. Бір қарағанда жай ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін. Мен «Көк бөрі» сөзінің мағынасын зерттеу барысында «көк» сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім. Мына төмендегідей мағыналарды сөздіктен таптым:
а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,
Құс алған көкке қарар (халық даналығы)
ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі
б) Көк күмбезі – аспан әлемі
в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин) [ 1 ]
г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.
ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.
М. Жармұхамедовтың «оғыз нама» дастанында «көк» сөзі айрықша жиі қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр:
А) Заттың сын – сипатын білдіретін кәдімгі «эпитет» түрінде («өң – шырыйы көк еді», «көк жарық түсті», «жарық айнадан көгілдірек», «көзі көктен көгірек», «көк бөрі», «көкжал арлан»)
Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты («көк шатырымыз болсын», «оқты көкке атыңдар», «Көк – Оғыздың ұлының аты»)
В) Жаратушы, әмірі күшті Алла («көк тәңірі», «көктен көк жарық түсті», «қыз күлсе, көк тәңірі» мағынасында «тәңірі күлер еді, жыласа көк тәңірі жылар еді», «көк тәңірге мен өтемін») [ 2 ]
Мен бұл «көк бөрі» сөзін талдау барысында алдыма қойған көптеген мақсаттарым болды. Мысалы ең негізгілерін атап айтатын болсам;
 Байрағымыз неге көк?
 Түріктер өзінің шығу тегін неге көк бөріден таратады?
 «Көк бөрі» туралы көптеген аңыздар шындыққа ұласа ма?
 С.К.Игiбаевтiң «Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі» атты тарихи еңбегiндегі айғақтары нені дәлелдеді?
 «Оғыз қаған» жырындағы жол бастаған Көкжал бөрінің көк бөріге қатысы бар ма?
 З. Тұрсынханұлының кітабы неге «Көк бөрілердің көз жасы» деп аталды?
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж. 682б.
2. М. Жармұхамедов «Көненің көзі» - Алматы «Санат» 1996 ж,54 б.
3. Ана тілі 3 сынып – Алматы «Атамұра» 2003ж.
4. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы «Ана тілі» 1991 ж.
5. Қазақ тілі 10 сынып- Алматы «Мектеп» 2006 ж.
6. Образование тюркского каганата и его распад – Өскемен 2004 ж.
7. Қ. Өмірәлиев «Оғыз қаған эпосының тілі» - Алматы: «Ғылым» 1988ж.
8. Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» - Астана «Елорда» 2002 ж.
9. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр – аңыздар» - Алматы: 1985 ж.
10. Жетісу газеті Талдықорған қаласы 14.01.2006ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КӨК БӨРІ СӨЗІНІҢ ТҮРІК МИФОЛОГИЯСЫНАН
АЛАТЫН ОРНЫ

Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы
бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан
шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр.
Сол сөздердің ішінде Көк бөрі сөзі мені қызықтырды. Бір қарағанда жай
ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып
көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін. Мен Көк
бөрі сөзінің мағынасын зерттеу барысында көк сөзіне тоқтала кетуді жөн
көрдім. Мына төмендегідей мағыналарды сөздіктен таптым:
а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,
Құс алған көкке қарар (халық даналығы)
ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі
б) Көк күмбезі – аспан әлемі
в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген
таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин) [ 1 ]
г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.
ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.
М. Жармұхамедовтың оғыз нама дастанында көк сөзі айрықша жиі
қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр:
А) Заттың сын – сипатын білдіретін кәдімгі эпитет түрінде (өң –
шырыйы көк еді, көк жарық түсті, жарық айнадан көгілдірек, көзі
көктен көгірек, көк бөрі, көкжал арлан)
Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты (көк шатырымыз болсын,
оқты көкке атыңдар, Көк – Оғыздың ұлының аты)
В) Жаратушы, әмірі күшті Алла (көк тәңірі, көктен көк жарық түсті,
қыз күлсе, көк тәңірі мағынасында тәңірі күлер еді, жыласа көк тәңірі
жылар еді, көк тәңірге мен өтемін) [ 2 ]
Мен бұл көк бөрі сөзін талдау барысында алдыма қойған көптеген
мақсаттарым болды. Мысалы ең негізгілерін атап айтатын болсам;
✓ Байрағымыз неге көк?
✓ Түріктер өзінің шығу тегін неге көк бөріден таратады?
✓ Көк бөрі туралы көптеген аңыздар шындыққа ұласа ма?
✓ С.К.Игiбаевтiң Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі атты
тарихи еңбегiндегі айғақтары нені дәлелдеді?
✓ Оғыз қаған жырындағы жол бастаған Көкжал бөрінің көк бөріге қатысы
бар ма?
✓ З. Тұрсынханұлының кітабы неге Көк бөрілердің көз жасы деп аталды?
Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске
түсіреді. Зеңгір көк ашық аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшіліктің,
аманшылық пен тыныштықтың белгісі болған. [ 3]
Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге
қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі.
Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған
деректерде былай суреттеледі;
Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ –
қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол
балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап
жазып алады.
Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала
жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі
бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады.
Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты – мыс. Он ұлының ең
күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге
сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы Асянь – Шад деген елбасы халықты
үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен. [ 4 ]Мен оқып
танысқан Ежелгі дәуір әдебиеті кітабынан мынандай деректен екінші
сұрағыма жауап алғандаймын. Енді көк бөрі аңыздарының шындығы қайсы
десеңіз, б.з.V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпасы Сарыжазық дейтін өз
мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың
439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің аты – Түркіт екен. Түркіт -
дулыға деген сөз – күшті, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол
заманда – ақ темір қорыта білген. Темірден қару – жарақ, қажетті бұйымдар
жасаған. Көк бөрі аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін. [
5 ] Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын,
соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап салатын болған.
Қасқырдың төтемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше.
Сонау 535 жылы Ергене Күнде көтерілген Алтын бөрі бас ту мен Бөрі (Көк
бөрі) деп шақырған ұран олардың ұрпақтарымен тарих көші соқпағында кешегі
Хlx ғасырға дейін тозбай, өшпей бірге келді.
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым!
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып жүргенде
Бөлініп қалған жан емен, - деп келетін Сүйінбай
ақын жыры осының куәсі. Бұл жыр жалғыз Сүйінбай ақынның сөзі емес, тарихтың
сөзі. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батыл жігіттерді Көк
бөріге теңеп көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы
ретінде бейнелейді. [ 6 ]
Түркология пән ретiнде қалыптасқаннан берi оның зерттеу объектi
кебiнесе байырғы Орхон ескерткiштерiнiң тiлi жене оның қазіргі түркi
халықтарының тiлiмен болған байланысын зерттеу болып келгенi мәлiм. Ал,
байырғы түркi халықтарының тарихын түркi тiлiндегi байырғы ескерткiштермен,
өзге де деректермен, бұдан бұрынғы ғалымдар еңбектерiмен салыстыра зерттеу,
әсiресе, аталмыш этностың қазақ тарихымен байланысын жан-жақты қарастыру
бүгiнгi отандық түркологияның басты мiндетi болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда, С.К.Игiбаевтiң Түркі қағанатының құрылуы және
оның күйреуі атты еңбегi осы бостықтың орынын толтыруға қызмет ететiн тың
iзденістің жемiсi деп есептеймiн. Ол бұдан бұрынғы ғалымдар еңбегiн саралай
отырып, түркi қағанатының қалыптасуы мен түркiлердiң этникалыкқ тегi,
Қытайдың Таң империясымен болған байланысы, кейiн келе Түркi қағанатының
орынында пайда болған өзге де қағанаттар туралы тың ойларын, ғылыми
дәлелдерiн ортаға салады. Әсiресе, автордың Н.Я.Бичурин мен Л.Н.Гумилев
еңбектерiне сiлтеме жасай отырып, олар тарапынан жiберiлген қателер, атап
айтқанда, түркi халқы мен олардың билеушi тайпасы ашиналар монғол тiлдес
болған, монғол тiлiнiң басқа диалектiсiнде сөйлеген деген пiкiрлерiне
тойтарыс береді. Түркiлердiң ата-бабасы ғұндардың да, телестердiң де түркі
тiлдес этнос болғандыын бұлтартпас фактiлермен делелдейдi.
Л..Н.Гумилев түрiктер алғашында Алтайға келгенде, олардың жауы
алтайлықтар мен осы күнгi қазақтың арғы ата-бабалары болған,-дейдi. Сонда
қазақтың ата-бабасы кiмдер едi? Гумилевтiң ойынша, қазақтар ата-бабасынан
Түркiлермен мүлде қатыссыз бөгде этнос болғанға ұқсайды. Бұл ХIII ғасырға
дейiн монғол үстiртiн мекендеген түркi халқының тарихын түркi халықтарының
өзiнен аулақтатқысы келетiн, сол үшiн оларды бiрден монғол тектi етiп
көрсетуге тырысатын көне кеңестiк атитүрiкшiлдiк идеологияның бiр көрiнiсi
деуге болады. Л.Н.Гумилев бұнымен ғана шектелiп қалмайды, көне түркiлерден
соң билiк басына келген ұйғырларды (этнонимi ғана өзгерген түркi
тайпаларын) еуропалық нәсiл ретiнде көрсетедi. Бүгiнге дейiн көптеген
ғалымдар олар айтқан жаңсақ пiкiрлердi бiрiнен соң бiрi көшiрiп алып
пайдаланып келедi. Сөйтiп, түркi халықтарының тарихын көне түркi
қағанатының тарихымен байланыстырғысы келмейтiн, керағар бағыт-бағдар
беретiн концепция ғылымда әбден орнығып алған. Бұл еңбекте осы тектес
концептуалды мәселелерге теориялық және дерекнамалық тұрғыдан талдау жасай
отырып, қателiгiн ашып керсетедi. Түркi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түріктердің түсінігіндегі бөрі образы
Түрік мифологиясының құдайлары
Түркі мифологиясы
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің шығу төркіні
Ұлттық наным-сенімдер және олардың қоғамда алатын орны
Түркілердің өміріндегі бөрінің орны
Көне түріктердің діні
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазақ тілінде сандар жүйесінен көрінетін қазақ ескіліктері
Пәндер