Ерік және оқушыларды еркін тәрбиелеу мен дамыту
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Ерік туралы жалпы ұғым
2) Ерік сапаларын талдау
3) Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Ерік туралы жалпы ұғым
2) Ерік сапаларын талдау
3) Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат-міндеттеріне баса назар аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) түгелдей дерлік қайта қаралып, жариялануда.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірінің тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу-тәрбие процесінің сан қилы мәселелерінің ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін тигізіп отырғаны белгілі.
«Ерік» ─ орыс тіліндегі «воля» сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде «ерік-жігер», «қажыр-қайрат» ұғымдарымен астарлас сөз. «Қайрат» сөзін Абай атамыз жиі қолданған. Ж.Аймауытов еңбектерінде «ерікті» «қайрат» ─ деп алған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Жарықбаев Қ. Психология: Арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, «Білім», 1993, 209-225 беттер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ерік және оқушыларды еркін тәрбиелеу мен дамыту
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Ерік туралы жалпы ұғым
2) Ерік сапаларын талдау
3) Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат-міндеттеріне баса назар
аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-
жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке
тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т.б.) түгелдей дерлік қайта
қаралып, жариялануда.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар
мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық
ой-пікірінің тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу-тәрбие
процесінің сан қилы мәселелерінің ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін
тигізіп отырғаны белгілі.
Ерік ─ орыс тіліндегі воля сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде
ерік-жігер, қажыр-қайрат ұғымдарымен астарлас сөз. Қайрат сөзін Абай
атамыз жиі қолданған. Ж.Аймауытов еңбектерінде ерікті қайрат ─ деп
алған.
Ерік туралы жалпы ұғым. Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға
талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп
атайтындығы белгілі. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не
жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив- оның түрлі қажеттері.
Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды
орындау үшін түрлі әдіс- амалдар қарастырады.Өйткені адам сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана
қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол
қимыл- қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл- қозғалыстар
есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз
қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу
шашалу, түшкіру т.б ), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен,
жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез
келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға
болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл- қозғалыстар жасау қажет.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе
білуден көрінетін қимыл- қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе
ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез- құлқын меңгере
алу қабілеті.
Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем
буып, қайыспай, кідірмейи амал етуге ұмтылу (Ж. Аймауытов). Адамның
осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты
түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы
басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек.
Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік
т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер
кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық,
т.б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек
ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі
қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған
ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне
байланысты көрінеді. Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі жағдайда бір
қилы әрекет жасайтыны мәлім. Біз көп адамдардан не тілесем, соны істеймін
деген сөзді жиі естиміз. Кейбір философия мен психология ғылымдарының
өкілдері осындай жеке пікірлерге тас кенедей жабысып: адам не істеймін
десе де ерікті, өз қылғына өзі қожа дейді. Барлық тіршілік ерікке
байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық
жағдайлармен байланысы жоқ рухани өзінше пайда болған күш, - деп адамның
барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған
дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән берілмейді.
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше,
адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, үй қызметі
продуктісінің бірі болып, есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз
қажет.
Орыс ғалымдары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі
бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперементтік зерттеулер мен
дәлелдеді. И.М.Сеченов: Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы
қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек.... Адамның кез келген
қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады деп еріктің сыртқы ортадан
тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.
Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік табиғатына
жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын
орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталатын қозғалыстар,
яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса,
ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың
рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды.
И.П.Павлов және оның шәкірттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс
анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен
уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті
қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың
негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып
табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы
сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да
пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл қозғалыстың басталу
белгісі. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына
қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс
анализатроларының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына
орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып нерв клеткалары бар. Бұлар
нерв талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.
Қозғалыс анализаторларын құрайтын нерв талшықтарын пирамидалық жол деп
атайды. Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-
қозғалысының берекесі кетеді, мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.
И.П.Павлов ... еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің
барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс деп ерікті мидың
уақытша байланыстар принципінің заңына орайлас түсіндірді.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз – еріктің ең қарапайым түрде
сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене
бастаудан, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей
алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау – бірінші және
екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның
психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Ал
дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге
байланысты көрініп отырады. Мәселен, адам жазу үшін столдың үстіндегі
қарындашты қол созып алады. Әрине, бұл да саналы және белгілі мақсатқа
бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп
ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу
байқалмайды. Ерік амалы байқалғанмен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы
ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын
мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың (тіпті, ойланып
істелген қылық болса да) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтіп, адамның дәл
мағынасындағы ерікті амалы, біріншіден, әрбір адамның өзін-өзі билей
алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден, оның түрлі
ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап,
істі мұқият тындыруынан көрінеді.
Еріктік амалды талдау.
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі
процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады. Адамның
еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін
оқушының арнаулы оқуорнына түсуге талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсатты
алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив)
болады.Кез келген адамнан “Сен не үшін оқисың?” деп сұрасаң, оның нендей
болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін,
жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы- тілек немесе ниет деп
атайды. Тілек- келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, газетке
мақала жазсам, өзенге барып шомылсам, домбыра тартып үйренсем т.б.
деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір
қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі,
яғни оның жоспары сызылмаған. Дегенмен осы секілді тілектерде еріктік
амалға тән талғамалылық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын
қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді
де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс
қарастырады. Тілектің алдын- артын тексеріп үйренген адам балалықта
ебдейсіз, еркеліктен, қиянқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы
(М.Жұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге
келтіреді. Жақсы ниет жарым ырыс деп халық тегін айтпаған.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің
орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде
өзіне Не істеу керек? деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде
Қалай істеу керек?, Қандай жолдармен жетуге болады? деген сұрақтар
қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді,
айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің
жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол
алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға
болатындығын, қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың көлемін т.б.
топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау – күрделі
процесс. Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын
қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның
тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау- мақсаттың айқындығы, оған
жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те,
қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені
бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта
мектепті бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып
шықысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да
жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін қалау қажет.Ал осы
мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды,
бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай
жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда
мативтер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мативтердің ішінен ақылға
қонымдысы-нақты жағдайға тура келетін біреу жеңеді, тек содан кейін ғана
адам белгілі бір тоқтамға келе алады.
Мотивтер күресін Н.В.Гоголь Үйлену комедиясында жақсы көрсеткен.
Некесі қиылайын деп тұрған надворный советник Подколесин аяқ астында
үйленудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады. Үйленбей жүрген жұрттың
шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың, көрер
көзге, адасып жүргені-ай десейші. Алда-жалдв бір елге патша бола қалдым
ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай, жұрттың бәрі түп-түгел үйленсін деп
әмір берер едім... . Ол осы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн
шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның
үйлену жөніндегі бірінші мотиві. Екінші мотив- семья бақыты. Шынында ойлап
тұрсам, мінеки, әне-міне дегенше, әйелді боп шыға келгелі отырмын. Сөйтіп
енді, тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де
табылмайтын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззаттың дәмін де татқалы тұрмын.
Кенеттен оның басында қарама –қарсы мотив туа қалады: ...әйтсе де бажайлап,
қабырғама кеңесе кетсем-ақ болады, тұла бойым түршігіп сала береді. Ары
айт, бері айт, өмір бойы, мәңгі-бақи қол-аяғыңа күрмеу түсіп,қайтып енді
тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып емдеуге шамаң келмесе-шаруаңның
біржола біткені ғой.... Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың әуеніне қарай
ағатын адам. Оның ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер кіріп те шықпайды.
Некесі қиылайын деп тұрғанда осылайша әуре-сарсаңға түсуі оның қандай адам
екенін жақсы байқатады. ... Шынымен-ақ, тайып кетуге болмай ма екен?
Әлбетте болмайды, есік алды, кез-келген жерде сапырылысып жүрген жұрт ,
қайда барасың дейді ғой біреу. Жоқ, болмайды . Осы жерде ол ашулы терезені
көреді де осыдан қарғып кетсем қайтеді дейді. Жоқ болмайды, жерден алыс
екен быт-шытым шығар, екіншіден, терезеден қарғу лайық емес, үшіншіден,
қалпақсыз қалай қарғымақпын, лайық емес деп тұрып алады. Оның қалпағын досы
Кочкарев тығып қойған. Ол ақырында: терезе онша биік емес екен, қалпақсыз
қарғуға да болар деп көшеге қарай қарғып кетеді. Белгілі көзқарасы мен
сенімі қалыптасқан адамда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар көбінесе
жеке бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар мотивтерді (борыш сезімі,
нәрсенің қоғамға қажеттілігін түсіну) басшылыққа алып отырады.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу –
бәрі жиналып еріктік қимылдың даярлық кезеңі деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі- қандай болмасын тоқтамды орындау
стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын
кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы
тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады.
Бұлай болудың себебі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың
болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне
сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т.б.
себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, күші
жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды
жеңіп отыруы тиіс. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өз ісінің
дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқтамға келе алып, оны қалай да
орындаудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық,
табансыздық көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр
мақсат қояды да, ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп оны орындай алмай
қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның
еркін енжар, әлсіз етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан белгілі ерік күшін талап
ететін, тиісті жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттарды ғана алға
қоюымыз қажет.
Ерік сапалары. Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-
әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары
бар:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе
алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық,т.б.), екіншіден,
адамгершілікке сиымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне,
қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден,
еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива,
принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.
A. Тоқтамға келгіштік
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде
қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез
тоқтамға келу үшін адам асығып – аптықпайды. Бұл әрбір істі ой
таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам
алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық
мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау,
ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай
алушылық – тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісін аздыкөпті
кемшіліктерін көре білуі оның ақыл –ой парасатымен байланысып жатады.
Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші
біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық
жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі
тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды
көбінесе орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін
жегідей жеп мұқалтады.
B. Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде
де жетуді көздейді. Ол қажымай- талмай әрекет етіп, осы жолда небір
қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай
адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын
нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев
Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып
қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп,
халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның қолынан
Н.Островскийдің Құрыш қалай шынықты романы түспеді. Островскийдің
өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын
танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан
кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен
тістеп сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін
айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан
жақындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жаттығу
нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те
шапқан, жеміс бағын да өсірген.Үш айлық шоферлер курсын бітіріп,
машина жүргізуді де үйренген.Совхозда бухалтер болып істеген. Осындай
жауапты қызметте жүре біржағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз
басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, Өліммен беттескенде
деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігін,
табандылығының арқасындаөмір қызығын татып отырған қарапайым еңбек
адамының ерлік ісі тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тек
тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғандай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана
кездесетін қасиет емес, ол қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-
тәнімен сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп,
табандылық кісі тандамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе
білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына
кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына
шараларды жүзеге асырып отырады:
1) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz