ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін басқарудың конституциялық негізі



ҚР Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Бұл органдарды 2001 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң реттейді. Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді жіне атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді. Оларға төмендегілер жатады:
1. маслихаттар мен әкімшіліктер жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы мен инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге, сондай-ақ бұл органдардың шешімдері Конституцияға және басқа да нормативтік актілерге қайшы келмеуге тиіс;
2. маслитаттар мен әкімшіліктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін сақтауға тиіс; ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелер шеңбері арнайы заңда белгіленген;
3. маслихаттар мен әкімшіліктер өз құзыреттерінің шектерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; бұл олардың ортақ міндеті болғанымен, заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін оны орындаудың түрлі әдістерін белгілеген.
4. маслихаттар мен әкімшіліктерге Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капитал, қаржы нарқын қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтермен еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады;
5. маслихаттар мен әкімшіліктер өз аумақтарын дамыту жоспарларын әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарларын басшылыққа алуға тиіс.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін басқарудың конституциялық негізі
 
ҚР Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары
жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар
тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып
табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін
басшылыққа алады. Бұл органдарды  2001 жылы қабылданған "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң реттейді.
Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін,
қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихат депутаттарының
құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында
бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген.
Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді жіне атқарушы органдар
тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа
да заңдық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында
жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заң маслихаттар мен әкімшіліктер
үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді. Оларға
төмендегілер жатады:
1. маслихаттар мен әкімшіліктер жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі
саясатқа, қаржы мен инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің
қабылдануына жол бермеуге, сондай-ақ бұл органдардың шешімдері
Конституцияға және басқа да нормативтік актілерге қайшы келмеуге тиіс;
2. маслитаттар мен әкімшіліктер Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін сақтауға тиіс; ұлттық
қауіпсіздікке қатысты мәселелер шеңбері арнайы заңда белгіленген;
3. маслихаттар мен әкімшіліктер өз құзыреттерінің шектерінде
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақталуын қамтамасыз етуге
міндетті; бұл олардың ортақ міндеті болғанымен, заң маслихаттар мен
әкімшіліктер үшін оны орындаудың түрлі әдістерін белгілеген.
4. маслихаттар мен әкімшіліктерге Қазақстан Республикасының шегінде
бірыңғай еңбек рыногын, капитал, қаржы нарқын қалыптастыруға, тауарлар
мен қызметтермен еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға
тиым салынады;
5. маслихаттар мен әкімшіліктер өз аумақтарын дамыту жоспарларын
әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың
стратегиялық жоспарларын басшылыққа алуға тиіс.
Жергілікті өкілді орган (маслихат) облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы
смайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және
олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады.
Маслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде
құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлайды.
Маслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып саналады; заңды тұлға
болып табылмайды, яғни қандай-бір шаруашылық әрекеттер жасамайды.
Маслихат кіммен де болмасын шаруашылық қатынастарға кірмейді. Ол
мемлекеттік, құқықтық проблемаларды шешетін мемлекеттік орган болып
табылады және азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және т.б.
жай күйінен тәуелсіз бүкіл халықтың еркін білдіреді.
Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана
алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.
Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:
1. Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету,
депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;
2. Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік
дамуы бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер
тыңдау;
3. Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық
құрылымдардың мәселесін шешу;
4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы
билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы
органдардың басшыларының есебінен тыңдау кіреді.
Маслихат тұрақты әрекет ететін мемлекеттік басқару органы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалдық құқық
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары: құрлымы, мәртебесі, мақсаты және міндеттері
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Жергілікті өкіметті басқару жүйесінің қазіргі жағдайы және жетілдіру болашағы мамандық бойынша
Парламенттік басқару формасы
Пәндер