Майда еритін витаминдер



Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т.б. жақсы ериді.
А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтез-делген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар – А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны – А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады).
Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында β-ионон сақинасы, оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А витаминдері сары түсті, 59-64°-та балқиды, от¬тексіз 100°-қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын крис¬талды заттар. Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады:
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады.
А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т.б. Ал өсім-діктерде А витаминінің провитаминдері – каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota – морковь) – ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жи¬дек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері – α-, β-, γ-каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен β-каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Майда еритін витаминдер
Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде:
спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т.б. жақсы ериді.
А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің
бірнеше витамерлері бар – А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны – А1 (теңіз
балықтарының бауырында көп болады).
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада көрсетілген, яғни А2
витаминінің β-ионон сақинасында екінші қос байланысы бар:
Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында β-ионон сақинасы,
оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А
витаминдері сары түсті, 59-64°-та балқиды, оттексіз 100°-қа дейін қыздыруға
төзімді, жылдам тотығатын кристалды заттар. Организмде ферменттердің
қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға
(альдегид) айналады:
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин,
янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады.
А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда,
етте, жұмыртқада, сары майда, т.б. Ал өсімдіктерде А витаминінің
провитаминдері – каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota – морковь) –
ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған,
қызыл бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері – α-, β-
, γ-каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен β-
каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.
 
А авитаминозының белгілері
А витамині организмде жетіспесе адам мен малдың өсуі баяулайды, салмағы
азаяды. Тері мен ішкі органдардың кілегей қабаты кеуіп, мүйізденеді, көру
процесі нашарлайды. Көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар.
Ол опсин белогы – мен А витаминінің альдегидтік түрі ретинальдың қосылысы.
Жарықта родопсин опсин және ретинальға бөлініп, көздің көру қабілеті
жоғарылайды:
Қараңғыда, керісінше екі зат бірігіп, родопсин түзілген кезде ғана
көздің көру қабілеті жоғарлайды. Егер А витамині организмде жеткіліксіз
болса, родопсиннің концентрациясы төмендеп, іңірде көздің көру қабілеті
нашарлайды, ақшам соқырлығы немесе тауық соқырлығы деген ауру пайда
болады. Сондықтан, бұл витаминді көру витамині деп те атайды.
Авитаминоз кезінде көздің мүйіз қабаты құрғап, кеуіп, жас бөлінуі азаяды.
Көздің мөлдір қабатына микробтар еніп, қабынып, жұмсарып жара пайда болады,
көздің көру қабілеті төмендеп зақымданады, ксерофтальмия (грек. xeros –
кебу, ophtalamus – көз) деген ауруға шалдығады. Бұл жағдайда микробтарды
жоятын лизоцим ферменті түзілмейді, сондықтан организмнің жұқпалы ауруларға
төтеп беру қабілеті нашарлайды. Осыған орай, А витаминін денсаулық
витамині деп те атайды.
А витамині организмге шамадан тыс көп түскен кезде гипервитаминоз ауруы
пайда болады, егер ол бір рет өте көп мөлшерде организмге түссе – уланады.
Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)
Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп
тарағандары – Д2 (эргокальциферол), Д3 (холекальциферол) витаминдері.
Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер
– стеролдардың туындылары:
Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен
холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек
атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.
Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық
заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.
Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та
балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда,
спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.
Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасындағы 7-ші және 8-ші
көміртек атомдары арасындағы қос байланыстары үзіліп, өте тез бұзылады.
Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен
синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста
кездеседі.
Биомедициналық қызметі
Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының
клеткаларында сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың фосфорға қатынасы 2:1
(CaP=21) болатындықтан, осы тепе-теңдікті сақтайды, сүйектің беріктігін
қамтамасыз ететін фосфор-қальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша
безінің функциясына әсер етеді. Кальциферол қанның белоктарымен кешен түзе
отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды.
Д витамині тағамда жетіспегенде балалар – мешел (рахит; грек. zhachіs –
арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер – остеомаляция (ostean – сүйек,
malatіa – жұмсару), немесе остеодистрофия, ал бөгде адамдар остеопороз
(грек. poros – саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша
бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының
аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.
Д витаминдері балық майында, сары майда, жұмыртқа сарысында, бауырда, сүтте
көп болады.
Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл
жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте
минералданады, балалардың өсуі тежеледі.
1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан бөліп оны холестерин
туындысы екендігін анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа терісінің
үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді бөліп, оның ультракүлгін күн
сәулесінің әсерінен активті Д3 витаминіне айналатындығын анықтайды. Д3
витаминінің синтезделу процесі төмендегідей:
Е витамині (токоферол, антистерильдік)
1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың құрамында жануарлардың қалыпты
ұрықтануына өте қажет бір заттың бар екендігін көрсетеді. Олар ашытқы
қосылған жасанды азық берілген жануарлардың бедеулікке ұшырағанын байқаған.
1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан, кейіннен мақта майынан бензопиранның
үш туындысын – α-, β-, γ-токоферолдарды (грек. tokos – ұрықтану, phero –
әкелемін) бөліп алады. 1938 жылы α-токоферол синтездік жолмен алынады.
Қазіргі кезде Е витаминінің 7 витамері белгілі. Жеке токоферолдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Витаминдер сипаты
Май еріткіш дәрумендер
Витаминдер классификациясы
Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау
Витаминдердің топтары мен түрлері
Витаминдердің жіктелуі
Витамин алмасуының бұзылуы
Құрамында витаминдер бар дәрілік шикі заттар
Витаминдер жайлы жалпы түсініктеме
Витаминдер жайлы
Пәндер