Мидың шартты рефлекторлық әрекеті


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Мидың шартты рефлекторлық әрекеті

Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары
дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп аттайды. ЖДЖҚ организмнің күрделі мінез-
қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми жарты шаралары
қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның
морфологиялық негізі болып саналады. ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның
құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым -
қатынасын қамтамасыз етеді. Функционал тұрғыдан ЖДЖҚ организмнің сырткы
орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін камтамасыз ететін туа қалыптасқан
және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы.

Мінез-қылық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына
бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы
орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап
қайтаруды қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез-қылық тек
қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді. Бұл процестердің көпшілігі сыртқа
білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке
жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты
мінез-қылықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-
қылықты қоректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі.
Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте
қайнасып, бірінен-бірі туындап жатады.

ЖДЖҚ шартты және шартсыз рефлекстердің ара қатынасына негізделген,
сондықтан ол жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніл отырады.
Төменгі сатыдағы омыртқалыларда мінез-қылықтың табиғи, туа қалыптасқан
әрекеттері басым болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре біткен
әрекеттер үлесі артады да, ол жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің басым
түріне айналады, шартты рефлекстер күрделіленіп, олар организмнің сыртқы
орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші фактор болып
шығады.

Шартты рефлекстер үлкен ми жарты шаралары әрекетінің нәтижесі болып
табылады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасады. Оның өзіндік
дербес құрылымдары болмайды, ол шартсыз рефлекстерді қамтамасыз ететін
құрылымдар арқылы атқарылады. Шартты рефлекс белгілі бір әрекет тудыратын
үйреншікті тітіркендіргіштің белгілерінен шартты тітіркендіргіш әсерінен,
туындайтын акт. Шартты рефлекс шартгы тітіркендіргіш анализаторы орталығы
мен шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша
байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Шартты рефлекстер арқылы
жануар тәжірбие жинақтайды, қорек табады, жауларынан сақтанады, әр түрлі
жағымсыз әсерлерден қорғанады.

Шартты рефлексті калыптастыру үшін шартты - бейтарап, өздігінен көзделген
реакцияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Шартты және шартсыз рефлекстер
Шартты рефлекс
«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені
Жоғары жүйке жүйесінің маңызы
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
Шартты рефлекстердің тежелуі
Пәндер