Мойынқұм ауданы



1. Мойынқұм ауданы
2. Ауданның географиялық сипаттамасы
3. Ауданның табиғи ресурстары
4. Аудан тарихы
Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысының солттүстік - шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жер аумағы 55,5 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. Тұрғыны 31 773 адам (2010).
1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды. Аудан орталығы Фурмановка ауылы болды.
Ауданның географиялық сипаттамасы
Мойынқұм ауданы Оңтүстік Қазақстанның орталығына жуық 40-46 градус солтүстік енділікпен 68-74 градус шығыстық-бойлық аралығына орналасқан. Ауданның шығысынан-батысына дейінгі қашықтық 330 шақырым болса, ал оңтүстігінен-солтүстігіне дейін 275 шақырым қашықтықты алып жатыр. Аудан солтүстік жағынан Қарағанды облысынан 190 шақырым қашықтықты қамтитын аумағымен шектессе, Солтүстік Шығыс бөлігінде Балқаш көлінің 115 шақырым жиегін қамтитын жерлерді басып өтеді. Ауданның оңтүстік-шығыс шекарасы Алматы облысының 140 шақырым жерімен шектесіп жатыр және 40 шақырым қашықтықта облысымыздың Қордай ауданының жерін жиектейді. Оңтүстік шекара қашықтығы 180 шақырым Шу, 120 шақырым Т.Рысқұлов аудандарының жерімен шектеседі. Ал оңтүстік-батыс және батыс жағынан қашықтығы 250 шақырым созылған жерлерде Талас ауданының шекарасымен, батыс және терістік-батыс бөлігінде ұзындығы 250 шақырымға шамалас Сарысу ауданының жерімен шектеседі. Жалпы алғанда ауданның шекарасының ұзындығы 1285 шақырымға жетіп, территориясының жалпы көлемі 59 330 шаршы км-ге тең.
Ауданның табиғи ресурстары
Мойынқұм ауданының жер қыртысы әртүрлі. Ауданның оңтүстік –шығысы мен батыстарында жоталармен қыраттар биік үстірттер кездеспейді. Оның есесіне жал-жал боп жатқан құмды төбешіктер, бұйраттар кездеседі, ал солтүстік-шығыспен Балқаш көлінің оңтүстік жиегін алып жатқан алқапта Шу-Іле тауының сілемдері көп жерді алып жатыр. Қырғыз Алатауының бір тармағы болған, теңіз деңгейінен 1800 м биік. Айтаудан биіктігі 1053 метрлік Хантау бөлінеді. Бұл таудан Жиек деп аталатын қырат басталып, бірнеше ондаған шақырымнан кейін Желтау және биіктігі 947 метрлік Жамбыл тауымен жалғасады. Одан әрі Қойжарылған, Майжарылған, Байғара, Шағырлы деген шөлейтті әр қыратты жерлермен ұштасады.
Аудан тарихы
1903 жылы Гуляевкада қазіргі Мойынқұм ауданының орталығы Фурмановка ауылында 4 үй болған. Олардың ең алғаш қоныстанған орта дәулетті шаруа Гуляев Федор Яковлевич деген кісі. Бұған дейін Ф.Я.Гуляев Қырғызстандағы Шалдуардан жыл сайын жаз айларында малын айдап келіп осында бағып жүрген. Кейін осы маңайда қоныстанып бір-жола тұрып қалады. Гуляевкамен қатар пайда болған Алексеевка ауылы. Фурмановка ауылының батысында 30 шақырым жердегі қазіргі «Маяк» участогі. Жергілікті халық ондағы немістердің көптігіне байланысты көбінесе оны неміс ауылы, ал ондағы базарды неміс базары деп атап кеткен.
1925-1926 жылдары уақ болыстарды ірілендіру, болыстық советтің атқару комитеттерін ұйымдастыру, әкімшілік басқару орындарының аумақтарын белгілеу істері жүргізілді. Сол жылдары 18 старшин елді / кейін ауыл советі аталды/ қамтитын Аққолтық, Ағашақ, Жалайыр болыстары біріктіріліп Гуляев сельсоветі құрылды. Оның орталығы бұрынғы Гуляевка / қазіргі Фурмановка ауылы болды/.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мойынқұм ауданы
Мойынқұм ауданы - Жамбыл облысының солттүстік - шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жер аумағы 55,5 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. Тұрғыны 31 773 адам (2010).
1964 жылы 31-ші желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының Қаулысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм ауданы құрылды. Аудан орталығы Фурмановка ауылы болды.
Ауданның географиялық сипаттамасы
Мойынқұм ауданы Оңтүстік Қазақстанның орталығына жуық 40-46 градус солтүстік енділікпен 68-74 градус шығыстық-бойлық аралығына орналасқан. Ауданның шығысынан-батысына дейінгі қашықтық 330 шақырым болса, ал оңтүстігінен-солтүстігіне дейін 275 шақырым қашықтықты алып жатыр. Аудан солтүстік жағынан Қарағанды облысынан 190 шақырым қашықтықты қамтитын аумағымен шектессе, Солтүстік Шығыс бөлігінде Балқаш көлінің 115 шақырым жиегін қамтитын жерлерді басып өтеді. Ауданның оңтүстік-шығыс шекарасы Алматы облысының 140 шақырым жерімен шектесіп жатыр және 40 шақырым қашықтықта облысымыздың Қордай ауданының жерін жиектейді. Оңтүстік шекара қашықтығы 180 шақырым Шу, 120 шақырым Т.Рысқұлов аудандарының жерімен шектеседі. Ал оңтүстік-батыс және батыс жағынан қашықтығы 250 шақырым созылған жерлерде Талас ауданының шекарасымен, батыс және терістік-батыс бөлігінде ұзындығы 250 шақырымға шамалас Сарысу ауданының жерімен шектеседі. Жалпы алғанда ауданның шекарасының ұзындығы 1285 шақырымға жетіп, территориясының жалпы көлемі 59 330 шаршы км-ге тең.
Ауданның табиғи ресурстары
Мойынқұм ауданының жер қыртысы әртүрлі. Ауданның оңтүстік - шығысы мен батыстарында жоталармен қыраттар биік үстірттер кездеспейді. Оның есесіне жал-жал боп жатқан құмды төбешіктер, бұйраттар кездеседі, ал солтүстік-шығыспен Балқаш көлінің оңтүстік жиегін алып жатқан алқапта Шу-Іле тауының сілемдері көп жерді алып жатыр. Қырғыз Алатауының бір тармағы болған, теңіз деңгейінен 1800 м биік. Айтаудан биіктігі 1053 метрлік Хантау бөлінеді. Бұл таудан Жиек деп аталатын қырат басталып, бірнеше ондаған шақырымнан кейін Желтау және биіктігі 947 метрлік Жамбыл тауымен жалғасады. Одан әрі Қойжарылған, Майжарылған, Байғара, Шағырлы деген шөлейтті әр қыратты жерлермен ұштасады.
Аудан тарихы
1903 жылы Гуляевкада қазіргі Мойынқұм ауданының орталығы Фурмановка ауылында 4 үй болған. Олардың ең алғаш қоныстанған орта дәулетті шаруа Гуляев Федор Яковлевич деген кісі. Бұған дейін Ф.Я.Гуляев Қырғызстандағы Шалдуардан жыл сайын жаз айларында малын айдап келіп осында бағып жүрген. Кейін осы маңайда қоныстанып бір-жола тұрып қалады. Гуляевкамен қатар пайда болған Алексеевка ауылы. Фурмановка ауылының батысында 30 шақырым жердегі қазіргі Маяк участогі. Жергілікті халық ондағы немістердің көптігіне байланысты көбінесе оны неміс ауылы, ал ондағы базарды неміс базары деп атап кеткен.
1925-1926 жылдары уақ болыстарды ірілендіру, болыстық советтің атқару комитеттерін ұйымдастыру, әкімшілік басқару орындарының аумақтарын белгілеу істері жүргізілді. Сол жылдары 18 старшин елді кейін ауыл советі аталды қамтитын Аққолтық, Ағашақ, Жалайыр болыстары біріктіріліп Гуляев сельсоветі құрылды. Оның орталығы бұрынғы Гуляевка қазіргі Фурмановка ауылы болды.
Селода сол кезде 40-50 ғана үй болған. Бұл сельсовет алғашқыда Гуляев сельсоветі, кейіннен Гуляев подрайоны деп аталған. Сельсоветтің подрайон болып ресми аталғандығы жөнінде мұрағаттық құжаттар сақталған. Гуляев подрайон болған жылдары Гуляевка ауылы өзінше бір ауыл село болып, оның алғашқы басшылығына Василий Гуляев сайланған.
Гуляев селолық Советіне немесе подрайонына 6 ауылдық Совет қамтыған бұрынғы 18 старшина ел қараған.
1925 жылдың аяғында Көктерек болысындағы елдерде - Көкірек ауыл Советі құрылып, Жетісу облысы, Алматы уезі Шоқпар подрайонына қараған.
Қазіргі Талдыөзек совхозының территориясында Қылышбай деген әрі ақын, сөзге шешен адам болған. Жамбыл атындағы совхозда Бектас деген жыршы, Зікір деген балуан, Құмөзек совхозының территориясында Дүрмішев Молдабек деген ақын болған. Көктерек совхозынан арғы елдерде Кенжеқожа, Сауытбек, Жидебай деген ақындар болған. Олар төменгі Шуды жиі-жиі аралап өз өнерлерін ортаға салып жүрген. Сауытбек әрі әнші, композитор болған. Оның Ақбөпе деген әні Мойынқұмның Бескепе деп аталатын жерінде шығарылған. Белгілі қазақ-совет ақыны Иса Байзақов Сауытбектің Ақбөпе әнін шығарудағы оқиғасын Ақбөпе поэмасын жазуға сюжет етіп алған. Сонымен қатар қазіргі Мойынқұм совхозының орталығынан шығысқа қарай 14-15 шақырым жердегі Құралай сұлудың бейітіне байланысты Құралай сұлу поэмасын жазған. Шу бойындағы осындай өнерпаздардың өнерінің дамуына Октябрь революциясының алдында ғана келіп қайтқан композитор әрі әнші Балуан Шолақтың ықпалы өте күшті болған. Ол Көкшетау шонжарларының қуғындауынан бой тасалап Шу бойына, Сәмбет елінде 3-4 жыл жүріп қайтқан.
Гуляевка ауылынан 30-35 шақырым төмен №18 ауылға қарасты бұрынғы Алексеевка ауылында 1926 жылы ұйымдасқан бұл серіктіктің негізгі шаруашылығы мал өсіру болды. Маяк серіктестігі 1932 жылға дейін өмір сүрді.
1928 жылдың күзінде Мойынқұм ауданындағы ірі оқиғаның бірі орталықтан Ораз Жандосов, Жүсіпбек Арыстанов, Қаратаев, Есболов деген коммунистердің келуі болды. Олар Шу бойындағы елдерді аралап колхоз, ТОЗ, малсеріктік ұйымдастыруға елді үгіттеп, Союз қосшының жұмысын жақсартуға бағытталған практикалық көмек көрсетті. Шу өзенінің ар жақ-бер жағындағы Гуляев селолық, Қызылтал ауылдық Советтері мен Төменгі Шудағы халықтардың өкілдерін жинап, қазіргі Құмөзек совхозы орталық шығысындағы 10-15 шақырым жердегі Ботабай күмбезінде 3 күндей мәжіліс өткізді
Гуляевка ауылының төңірегіндегі 4 хозауыл ұйымдастырылды. Олар көбінесе Құмбел, Желдиірмен, Қоралас деп аталып жүрген серіктіктер еді. Бұлардың барлығы да 1931 жылы Семейсозақ деген артельге келіп бірікті. Ораз Жандосов Көкірек ауыл Советіне қарасты Жиекті мекендеген елдерді аралап, ол жерлерде де мәжілістер өткізіп, комиссиялар құрған. Ораз Жандосовтың Шу өңірінде болуы конфискация мен шаруашылықты коллективтендіру ісін жеделдетуге үлкен әсер етті.
1929-1930 жылдары бұрынғы №6 ауыл қазіргі Бірлік ауылы, Ұзынтоған деген жаңа серіктік ұйымдастырылды, ол 1932 жылы Коминтерн, Көркей, Көлтабан, Бірлік деген колхоздардың ірге тасын қалады. Қазіргі Айдарлы совхозының орталық усадьбасы бұрынғы №1 ауыл 1920-1925 жылдары Көкірек болысына, 1925-1930 жылдары Көкірек ауыл Советіне қарап, шаруашылықты коллективтендіру ісін қолға ерте алды. 1929 жылы бұл жерде Айдарлы деп аталатын 27 жеке қожалықтан серіктік ұйымдастырылды. Бұрынғы Сталин атындағы артель болған жерге қайтадан біріктіріп, Кеңес деген колхоз ұйымдастырды. Бұл колхоз Биназар тоғанынан су шығаруға қолайлы Айдарлының 3-4 шақырым батысында, Шу өзенінің оң жақ жағалауына келіп түпкілікті қоныстанды.
1930 жылы Қызылтал ауыл Советіне қараған қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың Ынталы участогіндегі Жәнібек деп аталатын ел артельге ұйымдасты. Артельдің негізін сол жерде 1928 жылы ұйымдасқан серіктігі қалады. Қазіргі Аманкелді атындағы кеңшарын мекендеген елдерде 1930 жылға дейін-ақ серіктіктер ұйымдаса бастаған. Кеңшардың қазіргі Қызылту ауылында, яғни бұрынғы Ақдала ауылында, оның оңтүстігінде Шу өзеніне таман 3-4 шақырым жердегі елді мекенде 1929-1932 жылға дейін Қызыл жұлдыз және Ұмтыл деп аталатын мал серіктері болды. 1932 жылы бұл серіктіктер бірігіп Қызыл октябрь артелін ұйымдастырды.
1930-1931 жылдары қазіргі Талдыөзек совхозынының аумағында Карл Маркс атындағы және Талдыөзек серіктігінің ұйымдастырылған.
Осы күнгі Құмөзек совхозының аумағындағы серіктіктер 1929-1930 жылдары ұйымдасқан. Совхоз орталығы тұрған жерде ерте кезде №19 ауыл болған. 1928-1930 жылдары қазіргі Қарабөгет совхозының территориясында №20 ауыл тұрған.
Айдарлы колхозына жалғас жатқан Кеңес колхозы 1933 жылдың көктем айында 31 үйден қайта құрылып, жыл өткен сайын экономикасы нығайды. Жаңатірлік, Ынталы колхоздарының, Қызыл Октябрь колхозының ірге тасын қалаған бұрынғы Қызыл жұлдыз, Ұмтыл, Кеңес серіктестігінің, Қызылотау, Қызылту колхоздарының жерлері Қызылтал советіне енді.
1930-1936 жылдардың арасында серіктестік болған Кеңес 1937 жылдары Амангелді атындағы колхозбен біріккен. Осы күнгі Талдыөзек совхозының аумағындағы 1935-1936 жылдары бұрынғы майда серіктіктерден қайта ұйымдастырылып, Алға тарт, Жаңа талап, Алға, Ерназар және Карл Маркс атындағы колхоздары болып қайта ұйымдастырылды.
1937 жылдың аяғында Гуляевка ауылына қиыр шығыстан қоныс аударған корейлер көшіп келе бастады. Сарқырама ауыл советінің территориясында оларды түпкілікті тұрақтандыру және колхозға біріктіру ісі қолға алынды. 225 жаны бар 56 үй корейлерге бұрынғы Маяк серіктігінің жері берілді. 1938 жылы қаңтарда құрылған бұл серіктік Маяк болып аталды.
Қазіргі Құмөзек кеңшарының аумағын ертерек мекендеген №19 ауыл 1936 жылдары бірнеше артельдерге біріктірілді. Қызыл қоян, Қызылту, Қоқи, Алға тарт колхоздары ұйымдастырылып, бұлар алғашқыда Қызыл арна, кейіннен Қоқи ауыл Советіне қарады.
1928-1930 жылдары қазіргі Қарабөгет совхозының территориясында бұрынғы №20 ауылда құрылып 1932 жылы тарап кеткен серіктіктер 1933 жылы қайта бірігіп, Қызыл қоян артелін құрды. Кейін бұлар ірілендірген Қоқи артелінің және 1940 жылы құрылған Жамбыл атындағы колхоздың негізін қалады. 1934-1935 жылдары Қызыл қоян артелінде 50-ге тарта үй болды.
1939 жылы Қоқи колхозында ертеректе тұқымдыққа берілген жеке қожалыққа мал жинап алынып, ферма ұйымдастырылды. Қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың терістік-батысында,орталықтан 19-20 шақырым жерінде Молдияр тоғанының басына алғашқыдан 15-16 үй Қызыл қояндықтар, артынша басқалары да көшіп келіп басы құралған 60-шақты үйдің адамдары тоғанды қазып су шығарды. Сөйтіп 1940 жылы көктемде осы жерде Жамбыл атындағы колхоз құрылды. Кейбір деректерге қарағанда 67 үй Құмнан көшіп келіп, 1934-1935 жылдары қазіргі Қарабөгет совхозының маңында Ынталы деп аталатын серіктік құрылған.
1931 жылы Бурыл байтал балық зауытына балық өткізетін Балық одағы мекемесі ашылған. 1934 жылы Мыңарал балық консерві зауытын салуын қажет етті. Алайда 1935 жылы Мыңаралда балық консерві зауыты салынбай, балық қабылдау пункті ұйымдастырылды. Мыңарал пунктіне таяу Достижение, Пасет, Новый путь артельдері 1940 жылы тек балық аулаумен айналысатын шаруашылықтар болып қайта құрылды. 1939 жылы қараша айында Жамбыл облысында 10 аудан құрылды. Соның бірі қазіргі Мойынқұм ауданының барлық дерлік аумағын қамтыған Көктерек ауданы еді. Бұл аудан Шу ауданынан бөлініп шықты.
Аудан еңбеккерлері халық шаруашылығын қалпына келтіру, 1946-1953 жылдары
Төрт жылға созылған сұрапыл соғыс халық шаруашылығына орасын зиян келтірді. Соғыс зардабын жою үшін бүкіл совет халқы сияқты Көктерек ауданының еңбеккерлерің де өндірістік майданға шықты. Қоғамдық мал басын арттыру, егістік жер көлемін көбейту сияқты күрделі істер атқарыла бастады. Фурмановка ауылындағы үш колхоздың бірі Чапаев атындағы колхозда 1946-1951 жылдары И.В.Похаленко, 1951-1953 жылдары арасында Федор Радай колхоз басқармасының председателі болып істеді. Бұл уақыт ішінде колхоз шаруашылығы соғыс қарсаңындағы экономикалық дәрежесіне жетіп одан да асып кетті. Осы селодағы Семейсозақ және Фрунзе атындағы колхоздардың өндірістік табысы аз болған жоқ. Бірлік колхозында да осындай өрлеу туғызуда көптеген жұмыстар атқарылды.
Айдарлы, Амангелді атындағы т.б. колхоздардың қайсысы болмасын 1946 жылдан бастап бесжылдықтың жоспарларын орындауға атсалысып, көптеген игілікті істер жүргізілді.
1896 жылы қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың территориясында Жазылбек Қуанышбаев 1930 жылдан бастап алғашқы құрылған Кеңес мал серіктерінде, 1956 жылы Көктерек, кейіннен Айдарлы совхозында үнемі шопан болып істеді. 1936 жылы Ж.Қуанышбаевты Кеңес колхозы қатарындағы малшы ретінде Алматыда алғашқы рет ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне жіберді. Осы сапардан оралысымен аға шопан мал тұқымын асылдандыру ісімен шындап айналысы бастады. Ж.Қуанышбаевтың жергілікті қылшықты жүнді қоймен будандастыру (шағылыстыру) ісі жүргізілді. Бірақ 1941 жылға соғыс бұл істі жүргізуге мүмкіндік берген жоқ. Бұл отардағы әр жүз саулықтан Ж.Қуанышбаев 1947 жылы 130-дан қозы алды. Оның осы еңбегін үкімет пен партия зор бағалап, Ж.Қуанышбаевқа 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берді.
Даңқты шопан селекционерлік ісін одан әрі жүргізе берді, қаракөл елтірісінің сапасын арттыруда жақсы нәтиже берді. Оның отарынан алынған қаракөл елтірілері халықаралық көрмелерге қойылып, Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк қалаларындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі мемлекеттік мекемесі
Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау
Жерді пайдалануды есепке алу
Мойынқұм ауданының 2007 - 2008 - жылдарға арналған индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы
Қаржы секторын тұрақтандыру
Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын мониторинглеу
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Техногендік шөлейттену
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Пәндер