Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала



Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес. Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.
Тараз қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. X ғасырдағы араб геогрофы Әл-Макдиси былай деп жазды:“Тараз-бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр”.
Ежелгі Таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты анықталды. Бірінші қабат-осы заманғы: екіншісі XIII-XV ғғ. сәйкес келеді: үшіншісі қаланың XI-XII ғғ. өмір сүргенін куәландыратын қалдықтардан тұрады: төртіншісі VIII-X ғғ. Түргеш қарлұқ кезеңіне қатысты: бесіншісінде V-VII ғғ. мәдениетінің іздері табылды. Соның ішінде X-XII ғғ. Тараздың тамаша көркейгені жөнінде сыр шертетін үшінші қабат орасан бай олжа болып шықты. Үшінші қабат керамикасына тән сипат қара және қоңыр түстермен ұштасқан күңгірт –қызыл боялардың басымдығы болып табылады.
XI-XII ғғ. салынып, өзіндік жоспарлармен ерекшеленген қоғамдық моншалары Тараздың даңқын алысқа жайыпты. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, су құбырлары болды. Монша қабырғалары өрнекті суреттермен әшекейленді.
Қалашықтың жалпы аумағы 90 гектарға жуық жерді құрайды, шаһарстанның қираған орны 7,5 гектар көлемді алып жатыр. Мұнарлары қамал қабырғаларының қалдықтар да сақталған. Архиологиялық қазбалар кезінде зороастрийзмге тән жерлеу табылды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІ ғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІ ғғ.) мавзолейлері сияқты ескерткіштер бар.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тараз - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V ғасырдан бері емес. Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земарх ауызға алады. Бірнеше он жыл өткен соң, 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан хабарлайды, Тараздың ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Бұл қала хақындағы мәліметтер барлық уақытта да тоқталмапты. VIII ғасырда Тараз Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас-ұлыс атауларымен мәлім.
Тараз қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. X ғасырдағы араб геогрофы Әл-Макдиси былай деп жазды:"Тараз-бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдары мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр".
Ежелгі Таразды қазу нәтижесінде жоғарыдан төмен қарай жатқан бес мәдениет қабаты анықталды. Бірінші қабат-осы заманғы: екіншісі XIII-XV ғғ. сәйкес келеді: үшіншісі қаланың XI-XII ғғ. өмір сүргенін куәландыратын қалдықтардан тұрады: төртіншісі VIII-X ғғ. Түргеш қарлұқ кезеңіне қатысты: бесіншісінде V-VII ғғ. мәдениетінің іздері табылды. Соның ішінде X-XII ғғ. Тараздың тамаша көркейгені жөнінде сыр шертетін үшінші қабат орасан бай олжа болып шықты. Үшінші қабат керамикасына тән сипат қара және қоңыр түстермен ұштасқан күңгірт - қызыл боялардың басымдығы болып табылады.
XI-XII ғғ. салынып, өзіндік жоспарлармен ерекшеленген қоғамдық моншалары Тараздың даңқын алысқа жайыпты. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, су құбырлары болды. Монша қабырғалары өрнекті суреттермен әшекейленді.
Қалашықтың жалпы аумағы 90 гектарға жуық жерді құрайды, шаһарстанның қираған орны 7,5 гектар көлемді алып жатыр. Мұнарлары қамал қабырғаларының қалдықтар да сақталған. Архиологиялық қазбалар кезінде зороастрийзмге тән жерлеу табылды. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІ ғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІ ғғ.) мавзолейлері сияқты ескерткіштер бар.
Ежелгі Тараз тарихи оқиғаларға бай. Өзі өмір сүрген VI-IX ғғ. алғашқы кезеңінде қала қарлұқтарға қарады, ал Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін ІХ ғ. соңында Саманидтер әулеті иеліктерінің құрамына енді. Х ғ. аяғы мен ХІ басы ғасырда Тараз Қараханидтер мемлекетінің астанасы болады. ХІ ғасырдың ғұлама ғалымы Махмұд Қашқари Тараз тұрғындары түрік және соғды тілдерінде сөйлегенін тілге тиек етеді. ХІғ. Таразда ақша сарайы жұмыс істеген. Көптеген Шығыс елдеріндегі архиологиялық қазбалар кезінде Таразда соғылған күміс дирхемдер табылды. Тараз Дех, Адахкес, Бехлу, Шелжі, Сус, Нужикес, Хамукат, Жікіл секілді шаһарлары бар үлкен аймақтың орталығы болды. Өзінің көп ғасырлық тарихында Тараз әлденеше рет қирауға ұшырады.
1207-1210 жж., оны Хорезм шахы Мұхаммед, ал 1219-1220 жж. Монғолдар, 1307 ж. Шағатайлықтар жермен жексен етті. XVI ғ. біржолата қиратылды. Әмір-Темір заманында Тараз қаласы Жаңа Талас аталады да, XV ғ. соңында мүлде құлдырайды.
XV- XVII ғғ. қалада аздаған үйлер сақталып, ХІХ ғ. оның орнына Әулиеата шаһары салынады. 1936-1938 жж.-Мирзоян қаласы.
1938-1997 жж. Жамбыл қаласы аталып, 1997 жылы ғана ежелгі тарихи Тараз аты қалпына келтірілді.( ҚР Президентінің Жарлығы. Жамбыл облысының орталығы - Жамбыл қаласының атын өзгерту туралы. Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өтінішін және жұртшылығының тілегін ескере келіп, Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қаулы етемін: Жамбыл облысының орталығы-Жамбыл қаласының аты Тараз болып өзгертілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Алматы, 1997 жылғы 7 қаңтар, № 3315 а)
Қытай жылнамаларындағы үйсін сөздерін талдап оқыған синолог Я.Бичурин мына төмендегі сөздер мен атауларды үйсін тіліне тән деп қарайды. Олар: тархан, темір, ақа, жосы, аран, ши, сойыс, та, нор, (жалпы есімдер): Чаян,Бури, Күңгел, Темірлік, Нарын, Долос, Талас, Қарқара, Ақсай, (жер -су аттары). Күнбег, Өңгбай, Шеригбай, Эршак, Еркін (кісі аттары):, т,б Атаудың мағынасы жайлы нақты пікір айту өте қиын. Алайда Тараз, Тархан, Тарғап, Дараты сияқты топонимдердің бірінші компоненттеріндегі тар\дар сөздері түбірлес әрі мәндес болуы мүмкін. Олардың екінші компононттерндегі азас, хан, ғап, аты сөздерінің де семантикасы бар жеке сөздердің де семантикасы жеке сөздер екені анық. Тараз атаының дәл, анық айты, тап баспағанымызбен ғалымдардың пікірлерін Талас атауы туралы мақалада келтірдік. Онда Талас және Тараз атауларының негізі бір деген пікір айтылған. Ал ғалым Ғ.Ақпанбектің пікірнше: Тарихи аты қайтарылған Тараз қаласы да аспан әлемімен байланысты. Тараз сөзінің мәні әдеміліктің үлгісі келеді. Тараз қыз-тал бойлы талдырмаш қыз (І. Кеңесбаев. қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі,1977ж.494б.) Сол сияқты, Тараз-үлгі,жүйе деген мағынада. Ғылым мен мәдениеті өркендеген көрікті қала. Қаланың үлгісі, әсемдік пен сұлулықтың эталоны, стандартындай деп танылған.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1931 жылы ашылған. Әуел бастан ол қалалық мұражай мәртебесіне ие болды, ал кейін, 40-жылдардың соңында мұражайға облыстық тарихи-өлкетану мәртебесі берілді. Жылдар бойы мұражай коллекциясы түрлі дереккөздерден толығып отырды. Негізінен, қазақстандық ғалымдардың археологиялық экспедицияларының экспонаттары болды, сондай-ақ қор қалалық қоғамдастықтың белсенді қатысуы арқасында толықты.
Мұражайдың ең қымбат экспонаттары археология, нумизматика, этнография бұйымдары, құжаттар мен фотосуреттер. Археологиялық бұйымдардың ғылыми сипаттамасы мен даталауын ол кезде жас ғалым М.Е. Массон жүргізді. Белгілі қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Г.И. Пацевич мұражайды ұйымдастыру және қызмет ету жұмысына белсенді ат салысты. Облыстық мұражайда үш ғылыми бөлім бар: қор бөлімі, тарих, археология және этнография бөлімі, қазіргі заман қоғамының тарих бөлімі.1980 жылдан бастап мұражай бөлімі ретінде алаңы 303 ш.м. көрме залы қызмет етеді. 1978 жылы мұражайға қаланың дәл орталығы Достық алаңынан үш қабатты ғимарат бөлінді. 13 экспозициялық залда алғашқы табылған палеонтологиялық заттардан бастап бүгінгі күнге дейін тарихтың негізгі кезеңдері хронологиялық реттілікпен көрсетілген.
Мұражай Тектұрмас, Бай-Төбе қорғаны, Яны қорғаны сияқты ежелгі қалалар мен мәдениет ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізген экспедиция жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Мұражай қызметкері А.П. Попов бастаған археологиялық экспедиция ІX-XІІ ғасырлардағы ежелгі Тараз моншасына қазба жұмыстарын жүргізді. Археологтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде экспонаттар саны едәуір көбейді.
Қазіргі кезде мұражай қоры 35000 сақтау бірлігінен тұрады. 2002 жылы Тараз қаласының 2000-жылдық мерейтойына орай мұражай толығымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т а р а з
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Жібек жолы одан
Қазақстанның ең ежелгі қаласы
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Тарих толқынындағы көне қалалар
Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихы
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Пәндер