Су - тіршілік көзі туралы ақпарат


Жоспары:

Кіріспе

1. Су

2. Судың микрофлорасы

3. Судың өзін-өзі тазалау процесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Су әр түрлі микроорганизмдердің табиғи ортасы болып табылады. Өзен, ашық су қоймаларында, теңіз, мұхит суларында таксономиялық топтардың барлық түрлері анықталған: скотобактериялар, фотобактериялар, архебактериялар, бактериялар сонымен қатар қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, балдырлар.

Суларда болатын барлық микроорганизмдердің байланысуы «микробтық планктон» терминімен анықталады. Табиғи судың микрофлорасы олардың пайда болуына байланысты. Ағынды су - өзендер, бұлақтар; тұрып қалған сулар - көлдер, тоғандар, суқоймалары; жерасты сулары- топырақ, грунт, артезиан сулары; атмосфералық - жаңбыр, қар және теңіз сулары.

Суды қолдануына қарай ауыз суы: орталықтандырылған су құбырлары мен жергілікті, яғни суды ашық су қоймаларынан немесе жер асты суларынан ( скважина, бұлақ, құдық), жүзу бассейнінің сулары; медициналық немесе шаруашылық мұздар деп ажыратады. Санитарлық қорғауды ағын сулар қажет етеді: шаруашылық-фекальді, шаруашылық, аралас (шаруашылық-фекальді, шаруашылық), жауын-шашын сулары, олардың микрофлорасы табиғи суларды ластайды.

Судың микрофлорасы мен гигиеналық көрсеткіштері олардың пайда болуы мен қолданылуына қарай ерекшеленеді. Шаруашылық - ауыз су ретінде жерасты сулары, артезиан, грунт сулары қолданылады, топырақ қабаттарынан түсетін микробтық ластанулардан жақсы қорғалған.

Жерасты суларының микрофлорасы өте аз, ал артезиан бұрғыларында 1 мл суда аздаған ғана бактериялар болады. Кең көлемде сумен қамтамасыздандыру үшін ашық су қоймаларын қолданады: табиғи - өзендер мен көлдер, жасанды - су қоймалары.

Сулардың микрофлорасы әр түрлі су микроорганизмдерінің тіршілік ету шарттары әр түрлі болғандықтан сол ортаның ерекшеліктерімен анықталынады. Экологиялық тұрғыдан сулардың микрофлорасын 2 топқа бөлуге болады: автохтонды (немесе сулы) және аллохтонды (судың ластануынан пайда болатын) .

Аутохтонды флора - суда тіршілік етіп, көбейіп, дамып отыратын микроорганизмдер. Судағы микробтар бірлестігі әдетте онымен үнемі байланыста болатын топырақ микрофлорасын көрсетеді және сол себептен судағы көптеген микробтардың түрлері топырақта кең таралған өкілдері болып табылады. Суда тіршілік етуге қалыптасып, бейімделген микроорганизмдерді судың арнайы микрофлорасы деп есептеуге болады. Оларға аэробты кокктарды: Micrococcus candicans, micrococcus roseus, Sacina lutea, бактериялар - Bacterium aquatilis Pseudomonas fluorescens, Proteus тұқымдастары, Leptospira өкілдері жатады. Таза, ластанбаған су құбырларында анаэробты бактериялар аз. Жиі кездесетіндері: Serratia marcescens, Bacillus cereus, Bacilus mucoideus, Chromobacierium violaceum, Clostridium туыстастығының бактериялары.

Ашық су алаңдарындағы микроорганизмдердің сандық қатынастары өте үлкен көлемде: суқұбырының түріне, ластану деңгейіне, метеорологиялық, маусымдық жағдайлардың өзгеруіне және т. б. байланысты. 1 мл суда бірнеше ондаған, жүздеген, милллионға дейін жетеді. Суда микробтың көбеюіне және олардың тіршілігін жойуына әсер ететін заттар болады.

Мысалы, белгілі бір микробтың өмір сүру әрекетінен пайда болған күкірт сутегі немесе күкірт қышқылы басқа бактерияларға жағымсыз әсерін тигізеді. Сонымен бірге су микрофлорасы оның биоценозына және де басқа тірі ағзалардың түрлерінің құрамы мен санына байланысты болады. Суда болатын бделловибрион фагтары және қарапайымдылар миллиондаған және миллиардтаған бактерияларды жояды. Судың түбі мен жағалауында микробтардың саны көптеп кездеседі, жағалаудағы топырақпен, жаңбыр суымен байланысты болады, сол себепті кез-келген уақытта судың беті өзгеріп, жаңарып отырады. Жағадан алыстаған сайын микробтар саны азаяды.

Судың микроорганизмдері табиғаттағы зат алмасу процестеріне қатысады. Олар органикалық қалдықтарды ыдыратады, жасушалары суда тіршілік ететін басқада организмдерді қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

Санитарлық тұрғыдан өсімдік және жануар тектес, патогенді микроорганизмдердің органикалық субстраттары суды ластайды, осылардан тазалау процесі толғандырады. Бұл процесс суды өзін-өзі тазалау деп аталады. Әрине, ол таза суларда болмайды, органикалық ластанулардан кейін болады. Судың сапрофитті микрофлорасының тіршілігі белсене түседі. Ол органикалық заттардың таралуына әр түрлі бактериялар түрлерінің төмендеуіне алып келеді, әсіресе фекальдік ластану.

Сулардың өзін-өзі тазарту процесіне қабілеттілігі белгілі биоценоздағы тұрақты микроорганизм түрлерінің болуымен сипатталады. Бірақ, биоценоздағы сандық және сапалық қатынастары тұрақты емес және органикалық заттардың құрамы, басқа да шарттарға байланысты өзгеріп отырады.

«Сапробтылық» терминін (грек тілінде «іріңді») судағы микроорганизмдердің белгілі дамуымен, органикалық заттардың белгілі концентрацияда болуымен және белгілі минерализация деңгейімен анықталатын судың толық комплексін айтамыз.

Сапробтылық шкаласы бойынша 3 аймаққа ажыратады: полисапробты, мезасапробты және олигосапробты.

Полисапробты аймақ (көп ластанған аймақ) жеңіл таратылатын және микро-организмдерге жеңіл қабілетті органикалық заттар өте көп мөлшерде болады. Полисапробты аймақтарда толығымен оттегі болмайды. Микробтар бірлестігі негізінен шіру мен ашытуды тудыратын анаэробты бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтармен сипатталады. Осы бактериялар әсерінен күрделі органикалық заттар аммиак, көмірқышқыл газы, индол, скатол, метан түзе отырып қарапайым заттарға дейін ыдырайды. Бұл аймақтағы 1 мл суда бактериялар саны милллиондаған және одан да көп.

Мезасапробты аймақ (орташа ластанған) қышқылдық процесі, нитрификацияның жүруімен сипатталады. Азотқұрамды заттар нитрат пен нитритке дейін қышқылданатын аммиакқа ыдырайды. Бактериялар саны 1 мл суда 100 мыңнан аса. Сапалық құрамы әр түрлі. Негізгі бөлігін нитрификациялайтын бактериялар - грам теріс таяқшалар, кокктар, облигатты аэробтылар болып табылады. Сонымен қатар анаэробтылар - Clostridium туыстастығының бактериялары, Pseudomonas, Mycobacterium, Flavobacterium Streptomycis, Candida және т. б. , Көмір құрамды қосылыстар - целлюлозалар, клетчаткалар, лигнин және т. б. минерализациялауда маңызды роль атқарады.

Олигосапробты аймақ (таза су аймағы) аздаған органикалық қосылыстардың өзін-өзі тазарту процесінің аяқталуымен және минерализация процесінің аяқталуымен сипатталады. Сол себепті микрофлорасы кәдімгі су флораға жақын. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000-ға дейін барады. Су жоғары деңгейдегі тазалығымен ерекшелінеді.

Судың өзін-өзі тазарту процесі биоценоздың деңгейлік ауысуымен кезектесіп және үздіксіз түрде ауысып отырады. Судағы әр түрлі микроорганизмдер, сонымен қоса судың ластануымен түсетін патогенді түрлі полисапробты аймақтарда көптеп кездеседі, бірақ уақыт өте тіршілігін жояды: мезасапробты аймақтарда аз, ал олигосапробты аймақтарда кездеспейді. Өзен суларында бактериялар санының 24 сағаттан кейін 50%-і, 48 сағаттан кейін 25-10%-і және 4 күннен кейін проценттің оннан бір бөлігіне дейін азаюы анықталған. Судың биологиялық өзін-өзі тазарту процесі бактериялардың қолайлы ортасында көбеюі заңдылығына бағынады және негізінен көбею қисығымен анықталады: алғашында баяу, содан соң санының төмендеуімен аяқталатын жылдам түрде өсуі. Бірақ, қисық сызық бактериялардың көбею ортасына тәуелді болады.

Биологиялық өзін-өзін тазарту, сонымен бірге микроорганизмдердің бөгде заттарды шығару процесіне көптеген факторлар әсер етеді. Негізгі факторлардың бірі ластанған судың таза сулармен ластануы болып табылады. Тез және интенсивті араласу органикалық қосылыстардың концентрациясының төмендеуіне, яғни тағамдық заттардың санының төмендеуіне алып келеді, соның нәтижесінде сыртқы ортадан келген бактериялардың (эшерихий, патогенді эндобактериялар) жойылуын тездетеді. Ағынды сулардағы өзін-өзі тазарту процесі ағынды суларға қарағанда интенсивті түрде өтеді. Ағынды суларға таза су араласуы нәтижесінде судың мөлдірлігі жоғарылайды, күннің ультракүлгін сәулесінің терең енуі сапрофитті және патогенді микроорганизмдердің жойылуына әкеледі.

Судағы бактериялардың көбеюіне әсер ететін негізгі фактор судың температурасы болып табылады. Жазды күні микроорганизмдер тұрып қалған суларда белсенді түрде көбейеді, ал су қоймаларындағы суларда олардың сандары азаяды. Қыста өзін-өзі тазарту процесі баяулайды. Сол себептен судың санитарлық жағдайы қыста төмендейді, сонымен бірге температураның төмен болуына байланысты оларда ішек инфекцияларының қоздырғыштары, энтеробактериялар тіршілік етеді. Ішек инфекциялары қыс уақытында жиі кездеседі, себебі судың өзін-өзі тазалау процесінің интенсивтілігі төмендейді. Микроорганизмдердің тіршілік етуінің төмендеуі судың қолайсыз рН ортасы микробтарға улы әсер ететін әр түрлі химиялық заттардың болуына байланысты.

Табиғи өзін-өзі тазарту процесін тоқтау суларға қазіргі индустрияның қалдықтардың түсуі өзгертеді. Зиянды химиялық қосылыстары бар осындай сулар сапрофитті флораның көбеюін төөмендетеді, микробты өзін-өзі тазарту процесіне белсенді қатысатын биоценозға әсер етеді. Кейбір балдырлар түрінің де тіршілік етуі төмендейді. Осының барлығы патогенді бактериялардың судағы циркуляциясын ұзартады. Тұрақты сулармен химиялық ластанулар - беткі-белсенді заттар және мұнай заттарының концентрациясы он есе және одан да жоғары болса энтеробактериялардың көбеюіне әкеледі, олардың өмір сүруін ұзартады. Ол судың эпидемиологиялық қауіпін тудырады. Көптеген органикалық заттар, көбінесе ақуыздардың ыдырау өнімдері судағы сапрофитті және патогенді бактериялардың тіршілігнің сақталуына әсер етеді.

Өзін-өзі тазарту процесіне қарсыласу қарым-қатынасы әсер етеді, оттегі және қоректік заттар үшін микроорганизмдердің әртүрлі топтары күреседі. Метабиотикалық және антогонистік қарым-қатынастар жатады.

Антогонистік қарым-қатынас улы заттардың микробтық антогонистерін және анти-биотик тәріздес қосылыстарды бөлуінен тұратын қатынастар. Жіп тәрізді және планктонды балдырлар өліп, өздерінің аутолиз өнімдері - микроорганизмдер үшін қоректік заттар болып табылады. Органикалық қосылыстармен қамтиды. Осылай бактериялар мен планктондар арасында белгілі бір байланыс туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның құрамдас бөлігі
Музыкалық аспаптар үнін байланыстыру
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Жайық өзенінің мәселесі
Концепт туралы түсінік
Экожүйенің жіктелуі
Жасушадағы зат алмасу және энергия айналымы
Су тіршілік көзі
Каспий аймағының қоршаған ортасын ластаудан қорғаудың құқықтық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz