АҚШ құрылымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1. АҚШ-тың одақтар құруы және конституциясының даму кезені

2. АҚШ-тағы конгресс, сенат ұғымы мен атқаратын қызметтері

3. АҚШ-тағы сот жүйесі, Конвент, президенттің және штаттардың пайда болу тарихы.

АҚШ Конституциясы - АҚШ мемлекетінің негізгі заңы. 1787 ж. 17 қыркүйекте Филадельфияда қабылданған. Осы күнге дейін өз күшіне ие. Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша 27түзету енгізілген. АҚШ Конституциясы “биліктің бөлінісі” принципіне негізделген: заң шығару билігі парламентке, атқару билігі президентке, сот билігі Жоғары сотқа берілген. Биліктің осы үш тармағының әрқайсының өкілеттілігі нақты айқындалып көрсетілген. АҚШ азаматтарының құқықтары конституцияға 1789 ж. енгізілген алғашқы 10 түзетуде берілді. 11-27-ші түзетулер 1798-1972 ж. аралығында енгізілген (27-түзету күшіне енбей қалды) . Конституцияға түзетулерді конгресс немесе штаттардың үштен екісінің заң шығару жиналыстарының өтінішімен арнайы шақырылған конвент ұсынады. Штаттардың төрттен үш бөлігінің заң шығару жиналыстары мақұлдаған соң түзету күшіне енеді. АҚШ штаттарының әрқайсысының өз конституциялары бар.

Президенттік республиканың басты сипаты президент қолына мемлекет басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері сипатталады. Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тиым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Джон Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған екуімен шектеліп отыратын еді. Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы тұратын ниетті құруымыз керек деп Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа мен омега (яғна бас-аяғы) болып отыр. Мэдисон тиым салу мен қарама-қайшылықтың жүйесіне мемлекет тарапынан қиянат етушілікті болдырмайтын тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен ажыратып, әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағында қарастыратын реттерді ойластырды.

Тиым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі ережелерден тұрады

1) Барлық штаттар тең құқыққа ие болады. Жалпы халықтық үкімет бұлардың бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды.

2) Басқарудың үш органы жүзеге асады. Олардың бірі заңдар шығару үшін, екіншісі оны орындау үшін, ал үшіншісі құқықтық мәселелерді шешу үшін құрылады.

3) Заң алдында барлық азаматтар тең, байда, кедей де, әлеуметтік дәрежесіне қарамай өз құқықтарының заңмен қорғалуын талап ете алады.

4) Үкімет адамдардың емес, заң үкіметі болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкімде, ешнәрсе де жоқ. Бірде-бір үкімет қызметкерінің билікті конституция немесе заңда рұқсат етілмеген өзге жағдайда пайдалануына болмайды.

5) Халық конституцияны өзерте отырып, үкімет билігін өзгерте алады.

6) АҚШ аумағында АҚШ-тың конституциясы, конгресс заңдары мен келісім-шарттары ең жоғары заңдар болып табылады.

АҚШ-та президент 4 жылға сайланады, онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің басшыларын, министрлермен кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек Президентке ғана есеп береді, оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдыайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты бейнелейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істер мен, елді басқару төрелік ететін әділ қазы сияқты рөлді атқарады. Мысалы, экономикалық бағыт қиыншылықтар тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жаңа үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттің бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақ бұл биліктің де шегі бар. Ең алдымен президенттің заң шығаруға өкілеттігі жоқ, ол бюджетті де шеше алмайды(Оны Конгресс шешеді) . Парламент Президенттің қай тағайындауын болса да бұза алады(оны право вето деп атаймыз) . Конгресс президентті орнынан ала алады(оны импичмент деп атаймыз) . Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президентінің бірі Р. Нинсонның отставкаға кетуі болды. Егер президент конституцияны бұзса, не мемлекеттке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірақ ол президенттің саясатымен келіспесе, ол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тараған. АҚШ-тың сенаты-100 сенаторлардан, ал әлемдік палатасы-435 мүшелерден тұрады. Төменгі палата екі жылғы, сенаторлар 6 жылға сайланады. Ешкім жиырма бес жасқа толмай және сайланатын штатта бір жыл мерзімінде тұрмай, өкіл бола алмайды. Өкілдер және тікелей алым салықтар одаққа кіретін әр түрлі штаттар арасында бөлінеді, жалпы халқына байланысты және бірнеше жылдар бойы істеген адамдарды қоса санау жүргізіледі. Өкілдер палатасы спикерді және басқа лауазымды адамдарды өздері тағайындайды. Бірінше жиылыс кезінде сенаторлар өздерінің қабілетіне қарай үш класқа бөлінеді. Ешбір адам 30 жасқа толмай және тоғыз жыл АҚШ-тың азаматы болмай және сол сайлану кезінде сол штатта тұрмаса, сайлана алмайды. АҚШ-тың Вице-президенті Сенаттың президенті бола алады, бірақ ол шешуші дауысты тек дауыстардың барлығы тең бөлінгенде ғана ала алады. Конгр, есстің мына мәселелерді- шешуге құқығы бар, яғни алым-салықты падациялар алуға құқылы. Олардың барлығы қарыз төлеу арқылы бірлескен қорғанысты және АҚШ-тың жалпы жағдайын жақсарту үшін алынады. Бұлардың барлығы АҚШ-тың барлық жерінде бірдей болады. АҚШ-та қызмет істейтін ешбір адам конгресстің келісімінсіз кез келген сыйлық, атақ қабылдай алмайды. Ешбір штат Конгресстің келісімінсіз шетелден келетін заттарға алым салық сала алмайды. тек келесі жағдайда ғана сала алады, егер ол штаттың қадағалау заңын немесе таза АҚШ-тың қазынасына таза табыс түсірсе ғана қойылады, бірақ оның өзі Конгресстің қарамағында болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Штаттардың соттары
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
АҚШ-тың мемлекеттік каржысын ұйымдастыруын, қаржы несиелік жүйесін талдау
Қазақстанның сыртқы саудасы
Қазақстан білім беру жүйесінің жалпы құрылымы
Қазақстан білім беру жүйесінің жағдайы
Жапония және халықаралық ұйымдар
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Шетелдердегі конституциялық құрылысы және оның негiздерi
Өндіріс және ұдайы өндіріс мәні түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz