Гипотермия


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ГИПОТЕРМИЯ

Анықтамасы

Гипотермия - бұл жылуды жоғалту, баланың жылу шығару қабілеті жəне осы - 36, 50С температурасының қалыпты деңгейден төмен түсіп кетуі.

Нəрестенің жылу шығаруының жоғарлау себептері:

- дене қызуының өз дене массасының (МГ) 1 кг мөлшеріне 3 есе көбеюі;

- массасы көлемінің 2 еседен көп болуы;

- жылу өнімінен жылу шығарудың көп жоғары болуы;

- дененің суынуына қарай бірден жылу өнімнің шектеулі мүмкіндігінің артуы.

Хаттама коды: H-P-029 "Жаңа туған нəресте гипотермиясы"

Педиатрия саладағы стационарлар үшін

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары) :

Р 80 Жаңа туған нəресте гипотермиясы

Р80. 0 Холодов жарақаты синдромы

Р80. 8 Жеңіл гипотермия

Р80. 9 Жаңа туған баланың анықталмаған гипотермиясы

Р81. 0 Сыртқы орта əсерінен болған, жаңа туған нəресте гипотермиясы

Жіктемесі

Жіктемесі жəне нəрестенің гипотермиялық диагностикасының критериі (ДДС, 1993 ж. )

Нəрестенің қалыпты дене температурасы - 360С ден 37, 50C ге дейін.

Нəрестенің дене температурасының төмендеуі:

- 36, 00С-ден 36, 40С - жеңіл дəрежедегі гипотермия;

- 32, 00С-ден 35, 90С - орташа дəрежедегі гипотермия;

- 32, 00С-ден төмен - ауыр дəрежедегі гипотермия.

Диагностика

Тиімді гипотермияның 3-зияны: ацидоз, гипогликемия, гипоксемия.

1. Ацидоздың дамуы:

- нəрестенің мұздануы, метоболизм кезінде қоңыр майдың жылу өнімінің жоғарлауы есебінен, ол дене сергуде адреналинді шығару;

- ол бос май қышқылымен (БМҚ) глицеринді, қоңыр майдың ыдырау кезінде жүреді, ол жылу көзінің маңыздылығы туу кезінде, бірақ БМҚ-ң артық саны қан ағынында ацидоздың метоболитикалық дамуына əкеледі;

- өкпе гипертензиясына əкелу, қан тамырларының гипотермиялық спазмын тудырады, қан ағынының жойылуы сақталады (қан өкпедегі аортаның (қолқаны) , артериалды ағынын жанай өтеді;

- оттегінің деңгейінің төмендеуі метаболизмнің аэробты жəне анаэробты ауыстырылуына əкеледі;

- бұндай типті алмасу сүт қышқылы концентрациясын арттырады жəне рН төмендетеді, ацидоз үдемеленеді. Қан тамырлары арасынан адреналинның шығуы, тамыр таралуына жəне гипоксияға əкеледі;

- шеткі қан ағыны төмендейді: май қышқылы жəне БМҚ тканьда түзіледі де, баяу жоғалады. Метаболиттік ацидозды өршітеді.

2. Гипогликемияның дамуы: қандағы глюкозаның метаболизмнің жай күйінің жоғарлауы көп энергияны қажет етеді, сондықтан глюкоза мен глюкогеннің артық қор көзінің азаюына əкеледі.

3. Гипоксиемияның (қан оттегінің азаюы) дамуы: қалыпты жағдайымен салыстырғанда, оттегінің қажеттіліктің артуы температураның бірнеше градус төмендеуі - қантамарының тарылуы, қан ағынының жойылуының сақталуы, гипоксимияның дамуына келуі, тыныс алуының бұзылуы, цианозға əкеледі.

Гипотермияның клиникалық зардабы:

- гомеостаз жұмысының бұзылуына;

- тыныс алу күйзеліс синдромы қауіп-қатердің дамуын жоғарлатады;

- инфекцияның дамуы қауіп-қатерді жоғарлатады;

- терінің ісініп қатаюы, ісінуі, сарғаюы;

- жүрек қызметінің бұзылуы.

Жоғарғы қауіп-қатерлі топ:

- нəресте туғанда салмағының аз болуы (2500 г. ) ;

- ұзақ уақыт қажет ететін реанимация;

- туа біткен ақауы бар балалар (іш қуыстық жəне жұлындық кемістігі) ;

- ОНЖ зақымданып туған балалар;

- «жылу тізбегінің» бұзылуы.

Гипотермияның ерте кездегі клиникалық белглері:

- аяқ қолының суықтығы (өкшесі) ;

- ықылассыз ему;

- қозғалыс белсенділігінің төмен болуы;

- жылауы əлсіз.

Гипотермияның өршуі мен сақталуы неонатальды суық жарақаттанудың қауіп-қатермен қалыпта дамуы, оның негізгі белгілері:

- нəрестенің бірден қозғалыс белсенділігінің төмен түсуі, тіпті ұзақ терең ұйқыға кетуге дейін;

- тыныс алуының үстіртін, біркелкі емес болуы;

- гипертермия дəрежесіне байланысты көрінуі, жүрек соғуының сиреуінің дамуына сəйкес болуы мүмкін;

- бала беті алқызылдануы, басқа бөліктерінің бозарып, типті көгілденуінің де артуы;

- аяқ-қол, арқасындағы терісінің қатаюы, бүкіл денесіне жайылуы.

Таралуы мен жиілігі: нəресте гипотермиясына қарамастан сыртқы орта температурасының жоғары, төмендеуі кез келген климаттық жағдайда кездеседі.

Емдеу Тактикасы

Ауруға араласу (гипертермия емдеу технологиясы) :

- жылу тізбегі;

- гипотермияны ерте уақытында диагностикалау;

- гипотермиялы баланы жылыту;

- əр гипотермиялы баланың инфекциясын зерттеу керек.

Жеңіл түрдегі гипотермияның қамтылуы:

- жылы бөлме (ауа температурасы 25-280С) ;

- «терінің теріге» жанасуы;

- күндіз де, түнде де баланы ему, қажет етсе.

Ауырлықтың орташа гипертермиясында:

- бөлменің жылылығы (ауа температурасы 25-280С) ;

- салқын киімдерін жылыға ауыстыру;

- киінген баланы жылытатын шам астында ұстау керек немесе температурасы 35-360С инкубаторға орналастыру;

- сулы матрац-жылытқыш көмегімен жылыту;

- немесе электр жылытқышты пайдалану, бала жамылынған екі көрпенің арасына орналастыру, үстін жауып қою;

- егер жоғарыда көрсетілген əдістер арқылы бала жағдайы тұрақтанбаса, «тері теріге» атты жанасуға жылы бөлмені пайдалану;

- ал инкубацияға, сулы матрац-жылытқышта орналасады, ауа температурасы сағат сайын өлшеп тұру қажет.

Егер ешқандай құрал жабдықтар болмаған жағдайда, «тері теріге» атты жанасуды пайдалану, бөлме ішіндегі температура 25-280C жəне электр жылытқышты пайдалану.

Гипертермияның барлық сатыларында:

1. Бала температурасын əр сағат сайын өлшеу. Температурасы 360С жеткенде жылыту процесін біртіндеп азайту.

2. Емізуді жалғастыру (егер ембесе, пастеризацияланбаған, сауылған сүтті зонд, қасық табақша көмегімен, өйткені калориялы сұйықтықпен қамту, ол гипогликемиядан сақтайды) .

3. Қандағы қант мөлшеріне мониторинг жасау, оның бəрі глюкозаны вена ішінде ендіруге дайындық, егер қант мөлшері қанда 1, 4 ммоль/л төмендесе жəне ана сүті қалпына келмесе: 5 минут ішінде вена ішіне 2 мг/кг дене массасына сай 10% глюкоза ертіндісін ендіру; көлеміне қарай 10% глюкозаны ендіре беруді жалғастыру, ол бала жасының қажет ету сəйкестігіне сай жəне глюкозаны мониторинг деңгейі əр 30 минутта сорғалатып ендіру (оны әрі қарай əрбір 3 сағатта қайталау) .

Тоңазу туралы не білу қажет?

Соңғы кезде теңізде зардап шеккен адамдардың өмірін сақтау мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Көптеген зерттеулердің, сонымен қатар суға батқан кемелердің экипажын құтқару тәжірибесін жалпылап қорытудың негізінде, теңізде апатқа ұшырағандардың тірі қалуын шектейтін, маңызды факторлардың бірі суық өту болатындығын айтуға болады; және кейбіреулері құтқарылғаннан кейін суық өткеннен емес, жарақат, күйік және шок алғаннан қайтыс болады.

Судың температурасы, адам денесінің температурасынан төмен болады (36-37°С), сондықтан суда біраз уақыт болғанда ағза тоңази бастап, оның температурасы төмендейді. Бұл гипотермия күйін туғызады. Гипотермия қаупін Г. Н. Клинцевичтің «Выживаемость терпящих бедствие на море» (М., «Транспорт», 1977, б. 24) кітабынан, бір мысал келтіріп көрсетейік. «Дауыл кезінде Ақ теңізде орта тонналы кеме апатқа ұшыраған. Авария кезінде ауаның температурасы +2, 5 °С, судың температурасы +2, 2 °С болған. Зардап шеккендердің үстінде теңіз киімі және құтқару көкірекшесі болған. Экипаждың барлық 17 құрамы қайтыс болды - жанында болған екінші кеме ешкімді құтқара алмады. Қайтыс болғандарды сот-медициналық зерттеуден өткізген кезінде, жалпы тоңазу себебі өлімге әкелгендігін куәландыратын патоморфологиялық себептер анықталған».

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БӘДСҰ) ықыласы бойынша Құтқару құралдары бойынша бағынышты комитеті гипотермияға қарсы күрес бойынша қажетті кепілдемелер дайындаған. Суық суда аман қалу бойынша жүк және кәсіпшілік кемелердің моряктарына арналған басшылық шығарылды. Басшылық нұсқауларының көбісін шағын серуендеу-туристік және спорт кемелерімен жүзетін тұлғалар үшін де қолдануға болады.

Шетелдерде өткізілген зерттеулер адам денесінің температурасы 30 °С дейін төмендеген кезде жүректің бір қалыпты соғуы бұзылады, ал одан әрі тоңазуы 28 °С дейін жүрек қызметі толық тоқтауына дейін қайтымсыз бұзылуы мүмкіндігін көрсетті.

Бұл зерттеулер ішкі температураның шамамен екі шегін анықтады:

34-35 °С - қиын шек, онда қауіпті бұзушылықтар пайда болуы мүмкін;

24 °С - өліммен аяқталатын шегі, онда өлімге әкеліп соғатын процестер болады.

Суық суға түскен адамның гипотермиясымен күресу қиын шегіне дейін температураның төмендеуін болдырмауға және сонымен қатар көмек көрсеткен уақытқа дейін суда қауіпсіз болуын ұзартуына әкеледі. Су температурасының және онда тірі қалудың орташа уақытының кестесін келтіреміз. Бұл кестеден көрінеді, мысалы, судың температурасы +5 °С болған кезде онда қауіпсіз болу уақыты 20 минутты құрайды, ал +20 °С температурасы кезінде бұл уақыт 7 есеге көп, яғни 2, 5 сағат.

Көрсетілген су температурасы және онда болу уақыты қауіпсіз болмағанда аймақ шекті болып табылады: адамдар әлсізденіп, өлуі мүмкін.

Өлім аймағына сәйкес температура және уақыт кезінде жеке құтқару құралын киген жағдайда да тірі қалу мүмкін емес.

Судағы адам денесінің температурасы қауіпті деңгейге дейін төмендеу уақыты көптеген себептерге байланысты болады. Көбінесе адамның жасына, тері астындағы майға, ағзаның шыныққандығына және т. б. байланысты болады; бірақ бұл киімге және суда адамның іс-қимылына айтарлықтай байланысты.

Сәйкес киім және суда адам өзін дұрыс ұстаса, гипотермия күйіне түсу уақытын ұзартады.

Киім. Дымқыл киімнің өзі қоршаған ортаға дене жылуын беруді баяулатады, сондықтан дымқыл киімде дененің температурасы су температурасынан 4-5° жоғары сақталуы мүмкін. Борттың сыртында болу мүмкіндігін ескере бірнеше қабат киім кию керек. Іш киім мен жүннен тігілген киімнен басқа үстіне жағасы мен жеңі денеге жабысып тұратын синтетикалық материалдан тігілген күртеше киген жөн. Мұндай киім әуе қабатшасын сақтап, судың денеге өтуін азайтады.

Мүмкіндік болса қолға қолғап, аяққа бірнеше қабат шұлық пен аяқ киім киген дұрыс.

Әсіресе басты жылы ұстау керек. Сондықтан жылы, резеңкелі немесе шаңғы малақайын киіп, мойынды шарфпен немесе орамалмен орап алу керек.

Статистикалық деректердің негізінде жарияланған материалдар киімнің сәйкес болуы маңызды екендігін дәлелдейді. Мысалы, моряктардың жазғы киіміне (көбінесе мақтадан тоқылған мата) және құтқару көкірекшесін киген адам, судың температурасы +5 °С болған кезде онда 45 минут шыдай алады (ауаның температурасы 6-8 °С) . Бұл жағдайда қайтыс болатындардың мүмкін пайызы - 50%. Егер адам жылы киімде болса (аң терісінен тігілген күртеше, шалбар және т. б. ) су температурасы 0 °С (ауаның температурасы 15 °С) болған кезде ол 45 минут шыдай алады; мұндай жағдайда қайтыс болатындардың пайызы 0 түседі.

Жеке құтқару құралынсыз (көкірекше, кеудеше) суық суда аман қалу мүмкін емес, сондықтан жолға шығар алдында міндетті түрде бәрі толық дайындықта болуын тексеріңіз.

СУДА ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК. Суық суға түскен кезде адамдардың қайтыс болуына негіз болатын себеп судың астында еріксіз дем алу болып табылады. Сондықтан барлық жағдайларда суға түсер алдында терең тыныс алу керек.

Суға кенеттін түскен жағдайда тез арада қолмен жұмыс істеу мүмкіндігі болып тұрғанда барлық түймелерді тағып (егер бұл алдын ала істелмеген болса) және зардап шеккендерді тез анықтау үшін арналған ысқырықты тауып алу керек.

Судың температурасы 10 °С болған кезде құтқару көкірекшесінде гипотермия күйіне түскен уақытқа дейін кемінде 1500 м жүзіп өтуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты келесі ереже тұжырымдалған. Жақсы жүзу білуіне қарамастан судың температурасы 20 °С кезінде жағаға дейін алыс болса, оған қарай жүзу қауіпті - 1500 м азырақ болса да; қиын ауыр болса да қозғалыссыз қалып, көмек күту керек. Қозғалыс, жүзу кезінде жылуды қарқынды жоғалту қайғылы аяқталуы мүмкін.

Кемеден шағын ара қашықтықтағы қалқып жүрген затты, жағаны және т. б. көрген кезде оған жету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылу соққысы - жедел экзогендік гипертермия
Балалар температурасы. Әр түрлі жастағы балалардың термореттеу ерекшеліктері. Гипо- және гипертермиялық жағдай
Наркоздың теориялары
Алюминий қорытпалары құймаларының құрылымына балқыманың салқындауының әсері
Кардиогендік шок
Шок түрлері
Анафилактикалық шок белгілері
Үсіктер
Термореттеу орталығы, терморетгеу орталығының құрылымдық ерскшеліктері
Жалпы жансыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz