Бала емізу



1. Қалай емізу керек
2. Баланы қалай ұстау керек
3. Емшек күтімі
4. Емшектің қабынуы
5. Бала емізіп жүрген кездегі тамақтану
6. Ерекше жағдайлар
7. Ең пайдалысы . емшек емізу!
8. Соңғы сөз
Бала емізу адамзаттың ежелгі заманнан бері ұстанып келе жатқан және денсаулыққа өте пайдалы дәстүрлерінің бірі. Қазақтың «Ана сүті – бал» дегеніндей, адам өмірінің алғашқы 6 айы ішінде ана сүтіне тең келер ешбір ас жоқ. Себебі:
1.Оның құрамында нәрестенің дені сау әрі күшті болып өсу­іне қажетті нәрлі заттардың барлығы бар.
2.Ана сүті оңай қорытылады.
3.Сүтте алғашқы айларда нәрестені қабынулардан (инфекциялардан) сақтай­тын иммундық заттар бар.
4.Ана сүті әрқашан таза.
5.Ол әрдайым керекті жылылықта.
  6.Ол тегін.
7.Ол аллергия туғызбайды.
8. Емізгенде ана мен бала ерекше жақындық пен қауіпсіздікті сезінеді.
Баланы тек емшекпен қоректендіру ананы тым тез қайтадан екіқабат болудан сақтай алады. Бірақ бұл әйелді жүктіліктен толығымен сақтамайды, әсіресе баланы түнде емізуді тоқтатқан жағдайда. Сондықтан егер дереу қайтадан екіқабат болғыңыз келмесе, жүктіліктен сақтанудың басқа да шараларын қолданған жөн.
Қалай емізу керек
Күндіз болсын, түнде болсын, балаңызды қарны ашып емшек сұраған сайын емізетін болыңыз. Жас нәрестелер, әсіресе алғашқы айларда, әр 1–3 сағат сайын емгісі келіп тұрады. Нәресте қашан және қанша уақыт емгісі келсе, сонша емізіңіз. Ол емген сайын емшектегі сүт бітіп қалмайды, қайта түзіле береді. Алғашқы айлардан кейін, балаңыздың біртіндеп әр 3– 4 сағат сайын емуге көшетінін байқайсыз.
Ана сүтінің құрамы емізген кезде өзгеріп отырады. Алдымен шыққан сүттен гөрі бірнеше минуттан кейін шыға бастай­тын сүт майлырақ болады. Нәресте осы майға өте мұқтаж. Сондықтан емізгенде ол алдымен бір емшекті еміп босатсын. Тоймаса, екінші емшекті ұсыныңыз. Келесі рет емізгенде, бала­ға соңғы рет еміп тауыспаған немесе (егер тауысқан болса) ембеген емшекті беріңіз. Осылайша сіз емшектің екеуін де жүйелі түрде босатып отырасыз.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бала емізу
Бала емізу адамзаттың ежелгі заманнан бері ұстанып келе жатқан және денсаулыққа өте пайдалы дәстүрлерінің бірі. Қазақтың Ана сүті  -  бал дегеніндей, адам өмірінің алғашқы 6 айы ішінде ана сүтіне тең келер ешбір ас жоқ. Себебі:
1.Оның құрамында нәрестенің дені сау әрі күшті болып өсу­іне қажетті нәрлі заттардың барлығы бар.
2.Ана сүті оңай қорытылады.
3.Сүтте алғашқы айларда нәрестені қабынулардан (инфекциялардан) сақтай­тын иммундық заттар бар.
4.Ана сүті әрқашан таза.
5.Ол әрдайым керекті жылылықта.
  6.Ол тегін.
7.Ол аллергия туғызбайды.
8. Емізгенде ана мен бала ерекше жақындық пен қауіпсіздікті сезінеді.
Баланы тек емшекпен қоректендіру ананы тым тез қайтадан екіқабат болудан сақтай алады. Бірақ бұл әйелді жүктіліктен толығымен сақтамайды, әсіресе баланы түнде емізуді тоқтатқан жағдайда. Сондықтан егер дереу қайтадан екіқабат болғыңыз келмесе, жүктіліктен сақтанудың басқа да шараларын қолданған жөн.
Қалай емізу керек
Күндіз болсын, түнде болсын, балаңызды қарны ашып емшек сұраған сайын емізетін болыңыз. Жас нәрестелер, әсіресе алғашқы айларда, әр 1 - 3 сағат сайын емгісі келіп тұрады. Нәресте қашан және қанша уақыт емгісі келсе, сонша емізіңіз. Ол емген сайын емшектегі сүт бітіп қалмайды, қайта түзіле береді. Алғашқы айлардан кейін, балаңыздың біртіндеп әр 3 -  4 сағат сайын емуге көшетінін байқайсыз.
Ана сүтінің құрамы емізген кезде өзгеріп отырады. Алдымен шыққан сүттен гөрі бірнеше минуттан кейін шыға бастай­тын сүт майлырақ болады. Нәресте осы майға өте мұқтаж. Сондықтан емізгенде ол алдымен бір емшекті еміп босатсын. Тоймаса, екінші емшекті ұсыныңыз. Келесі рет емізгенде, бала­ға соңғы рет еміп тауыспаған немесе (егер тауысқан болса) ембеген емшекті беріңіз. Осылайша сіз емшектің екеуін де жүйелі түрде босатып отырасыз.
Баланы қалай ұстау керек
Баланы емізгенде ол қиналмай еміп, жұта алатындай ұстаңыз. Өзіңіз де ыңғайланып отырыңыз немесе жаты­ңыз. Сонда сүт жақсы шығады. Баланың басын қолыңызға қойы­ңыз. Оның басы мен денесі түзу болсын.

Баланы емшекке жақындатып, ұшы­мен оның үстіңгі ернін қы­тықтаңыз. Ол аузын кеңірек ашқанша күте тұрыңыз. Содан соң емшекті салыңыз. Емшектің ұшы ғана емес, айналасындағы қоңыр дөңгелектің біраз бөлігі де оның аузына кіруі керек.
Бала емізу өзіңізден де, сәбиіңізден де табандылық пен тө­зімділікті талап етеді. Оған үйрену үшін сізге де, нәрестеңізге де уақыт және жаттығу керек. Бұл өзінен-өзі бола қалмайды. Қажымаңыз, табысқа жете­сіз! Ақыр соңында емізуді үйренбей кететіндер кемде-кем.

Емшек күтімі
Сүт шыға бастағанда (екінші, үшінші күндері) емшек көбіне қатайып, іседі. Бала емшекті дұрыс еме алмай, оның ұшы жарылып немесе ауыра бастауы ықтимал. Сол кезде азырақ емізгіңіз келуі мүмкін, бірақ олай етсеңіз сүт те азырақ бөлінетін болады.
Сіздің былай істегеніңіз жөн:
Мүмкіндігінше емізуді бала туғаннан кейінгі алғашқы сағаттан бастаған дұрыс.
Балаңызды дұрыс ұстаңыз (жоғарыдағы суреттерді қар.).
Егер емшегіңіз қатайып, нәрестеңіз жақсы еме алмай тұрса, аздап сауып тастаңыз, жұмсарған емше енді балаға сорғызуға болады.
Емізіп болғаннан кейін азғантай емшек сүтін емшек ұшына, оның айналасына жағыңыз, сосын шикі қырық­қабат (капуста) жапырақтарын сол жерлерге басыңыз.
Емшектің қабынуы
Егер емшектің ісігі басылмаса, бұның себебі мынау: Сүт емшектің ұшын­дағы сүт шығаратын жолдардың бірі немесе бір­нешеуі арқылы өте алмай жатыр. Емшегіңіздің бір бөлігі ісіп, қатайып ауыра бастайды, жиі қызу көтеріледі (37,5°- тан жоғары). (Мұндай қабыну мастит деп те аталады.)
Сіздің былай істегеніңіз жөн:
1.Емізер алдында қабынған емшекке қайнаған жылы суға малынған таза шүберек басыңыз.
2.Әсіресе ауырып тұрған емшекті емізуді жалғастыра беру өте маңызды. Оның сүті балаға еш зиянды емес.
3.Бала еміп жатқан кезде емшектің ісініп қатайған жерін ұшына қарай жайлап сипалап, уқалаңыз.
4.Сүт емшектің барлық бөліктерінен де шыға алу үшін әр түрлі қалыпта отырып не жатып емізетін болыңыз.
5.Егер мүлдем емізе алмасаңыз, сүтті қолмен сығып шығарыңыз немесе жылы бөтелке әдісін қолданыңыз. (Төмендегі нұсқауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы балалардың тамақтануы жөніндегі ұлттық стратегия
Балалардың тамақтануы
Босанудан кейінгі ағзада болатын өзгерістер
Бір жасқа дейінгі баланы табиғи тамақтандыру
Сәбилік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының теориялық негіздер
Емшекпен емізудің ережелері
Патронаж қызметкері - осы қызметтің ортасында
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Нәрсетеледің физиологиялық сарғаюы
Лактация
Пәндер