Ежелгi Римдегi саяси жəне құқықтық ойлардың тарихы


Жоспары:
І. Кіріспе . . . 2
ІІ. Негізгі бөлім . . . 3
1) Стоиктердің ілімі . . . 3
2) Ұлы ойшыл - Сенака . . . 4
3) Эпиктет пен император Марк Аврелий Антонин . . . 6
ІІІ. Қорытынды . . . 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 8
Кіріспе
Ежелгi Римдегi саяси жəне құқықтық ойлардың тарихы бүтiндей мың жылды қамтиды жəне өзiнiң эволюциялық дамуында Ежелгi Римнiң ұзақ уақытқа созылған əлеуметтiк-экономикалық жəне саяси өмiрiндегi айтулы өзгерiстердi бiлдiредi. Рим тарихының өзi үш кезеңге бөлiнедi: 1) патшалық Рим (б. з. д. 754-510 жж. ) ; 2) республикалық Рим (б. з. д. 509-28 жж. ) ; 3) императорлық Рим (б. з. д. 27-б. з. 476 жж. ) Сонымен бiрге бiртұтас Рим империясы б. з. 395 жылы екiге: Батыс жəне Шығыс Римге бөлiнедi. Шығыс Рим -Византия империясы 1453 жылға дейiн өмiр сүредi.
Ежелгi Римдегi саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың əртүрлi топтары -патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (патрицийлер мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен популярлар (төменгi халықты қолдаушылар), ерiктiлер мен құлдар арасындағы өткiр күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемi дамып отырды.
Ежелгi Римнiң саяси-құқықтық ойы жалпы теориялық iзденiсте сол деңгейдегi ежелгi грек концепцияларының едəуiр ықпалына душар болды. Б. з. д. V ғасырдың орта кезiнде плебейлер жазба заңды құрастыруды талап еткен кезде гректiң заң шығару iсiмен, əсiресе Солон заңдарымен танысу үшiн Грецияға Рим елшiлерi жiберiлдi. Осындай танысудың нəтижесiнде ежелгi Рим құқығының басты құжаты XII кесте заңдары құрастырылды. Алғашқы он кесте б. з. д. 451 жылы, екi соңғы кесте б. з. д. 450-449 жылдары жасалып, қабылданды.
Ежелгi рим ойшылдарының маңызды табыстарының бiрi құқықтануды жеке ғылым ретiнде қалыптастыруы болды. Рим заңгерлерi мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы саласында саяси- құқықтық мəселелерге жəне жекелеген заң пəндерiне (азаматтық құқық, мемлекеттiк жəне əкiмшiлiк құқық, қылмыстық құқық, халықаралық құқық) кешендi түрде терең талдау жасады.
Ежелгi Грециядан бастау алған стоицизм римдiк саяси-құқықтық ойда одан əрi жалғасын тапты. Рим стоиктерiнiң теориялық көзқарастары ежелгi грек стоиктерiнiң философиялық, этикалық жəне саяси-құқықтық концепцияларының едəуiр ықпалында болғанымен, олардың өзiндiк ерекшелiктерi айқындалды жəне одан əрi дамытылды. Рим стоицизмiнiң басты өкiлдерi Луций Анней Сенека /3-65жж. /, Эпиктет /50-140жж. / жəне Марк Аврелий Антонин болды.
Стоиктердiң iлiмi бойынша, əлем - бiртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас жəне оны əлемдiк құдай ретiнде қарастырады. Олардың айтуынша, əлемде болып жатқан өзгерiстер қатал қажеттiлiк заңына бағынған, сондықтан ол белгiлi бiр мақсатты жолмен, яғни оны керек етуiне қарай дамиды. Қажеттiлiк заңын стоиктер қоғамдық өмiрде де қолданылады деп есептейдi. Осы заңға сүйенген олар бостандық ұғымын да қажеттiлiк ұғымы арқылы түсiндiруге тырысады.
Рим стоиктерiнiң шығармашылығы бұрынғы полистiк идеология құндылығындағы дағдарыстың күшею, принцепс билiгi мен цезаризм режимiнiң нығаю, Рим империясының əлемдiк державаға айналу кезеңiмен тұспа-тұс дамыды. Осындай жағдайда олар ежелгi гректiк стоицизмнен фатализмге, саяси жұтаңдық пен космопатолизмге көбiрек мойын бұрады.
Сол дəуiрдiң ұлы ойшылы Сенека саясаткерлiк пен ұстаздықтың əр қырынан көрiне бiлдi, ол сенатор да, император Нероның тəрбиешiсi де, көрнектi мемлекеттiк қайраткер де болды. Саясат пен қоғамдық өмiрге белсене араласқан ол өзiнiң шəкiртi Неронның бұйрығы бойынша қуғынға ұшыратылды, саяси ойынның құрбаны болған ол өзiн-өзi өлiмге бұйырды.
Басқа стоиктерге қарағанда Сенека барлық адамдардың рухани бостандық идеясын олардың қоғамдағы орнынан тəуелсiз түрде қарастырды. Оның көзқарасы бойынша құлдықтың объектiсi мен ауқымы адамның рухани жəне ақыл-ой дүниесi емес, оның тəнi ғана. ″ Құлдық адамды барлық жағынан билейдi деп ойлайтындар қателеседi″, - деп жазды ол, ″ оның ақыл-ойы құлдыққа тəуелсiз. Құлдың тəнi ғана қожайынына бағынышты, ал ақыл-ойы мен рухы өзiне тиесiлi″ . Сенеканың айтуынша, құл да табиғаты жағынан барлық адамдармен тең, оған жан жəне рухани сипаттар да тəн. Құлдың өзiн сатуға, немесе сатып алуға болғанмен, оның еркiн ақыл-ойы мен рухани жан-дүниесiн саудаға салуға болмайды.
Ежелгi грек стоиктерi сияқты Сенека да барлық себептердi құдайлық рух пен тағдырдан iздейдi. ″ Тағдыр заңы″, оның айтуы бойынша, өз дегенiне бағындырады. Адамдардың iс-əрекетi ғаламның қажеттiлiк заңына байланысты, олар бiр-бiрiнен болмай қоймайтын заңды қажеттiлiкке, яғни тағдырға өз еркiмен немесе мəжбүрлi түрде бағынуларымен ерекшеленедi. Адамдар ғаламдық қатынастарды өзгерте алмайды, оған қарсылық көрсетуге ғана талпынады. Өздерiнiң өмiрдегi ауыр тауқыметiне риза болмағандар да, молшылықта өмiр сүретiндер де тағдырға қарсы тұруға талпыныс жасайды, өйткенi адамның табиғаты тойымсыз да, қанағатсыз. Сенеканың табиғи- құқықтық концепциясында болмай қоймайтын жəне құдайлық сипатқа ие ″ тағдыр заңдарына″ бүкiл адамзат мiндеттi түрде бағынады. Табиғи құқық бұл жерде ғаламдық құрылымның тəртiбi мен оқиғаларының себебiн бiлдiретiн қажеттi табиғи факт ретiнде көрсетiледi. Заңдар өзiнiң жазылған немесе жазылмағандығымен ғана ерекшеленбейдi. Оның айтуынша, ″ жазылмаған кейбiр заңдар жазылған заңдардан да қаталырақ″ .
Мемлекеттiң пайда болуы мен өмiр сүруi де бүкiл ғаламдық қажеттiлiктен туған. ″Табиғи құқықтар мен табиғи мемлекеттi мойындау қажеттi жəне парасатты iс″ . Табиғат- заңдары бойынша мұндай мемлекет мүшелерiнiң оны мойындаған немесе мойындамағанына қарамай жалпыға бiрдей мемлекетi болып саналады. Ал кейбiр жекелеген мемлекеттiк құрылымдар жекелеген топтардың мемлекетi ғана болып табылады. Осыған сəйкес мемлекеттiң де үлкен жəне кiшi түрлерi бар. Олар да үлкен-кiшiлiгiне қарай ″ тағдыр заңымен″ жүредi немесе оған наразылықбiлдiредi.
″ Тағдыр заңының″ қажеттiлiгi туралы ойларына қарамастан Сенека адамдарды iзгiлiкке, жақсы iстерге ұмтылуға жəне даналық пен бiлiмдi үйренуге шақырады. Ол адамдарды, “алдымен iзгi ниеттердi, ал одан соң даналықты үйрен, өйткенi, алғашқысысыз соңғысына үйрену қиын. Ерлiк дегенiмiз - үрейдi жирене жек көру. Ол бiзге төнген қауiп-қателердi мазақ етедi, оларды шайқасқа шақырып, күйретедi деп, үнемi iзденiс пен талпынысқа шақырады.
Сенека ″ ұят″ ұғымын моральдың негiзгi ұғымы - адамдардың iс-əрекетiнiң үйлестiрушiсi ретiнде қарайды. Оның айтуынша ″ ұяттылық кейде заңдар шектемеген нəрсенi де шектейдi″ . Адамдар жеке басының мүддесi үшiн ғана емес, басқалар үшiн де, қоғам мен мемлекет үшiн де өмiр сүруi тиiс. Бұл қағида туралы Сенека ″ өзi туралы ғана ойлап, барлық нəрседен өз пайдасын iздейтiн адам бақытты бола алмайды. Өзiң үшiн өмiр сүргiң келсе, өзгелер үшiн де өмiр сүр″ деген тұжырым жасайды. Сенеканы өзiнiң диктатор шəкiртi Нерон билiкке қастандық жасады дегенайыппен өзiн-өзi өлтiрудi бұйырды. Билiк тəртiбiне адалдық танытқан ойшыл-ұстаз шəкiртiнiң бұйрығын өзiнiң тамырын қию арқылы орындайды.
Осындай идеяларды басқа рим стоиктерi философ Эпиктет пен император Марк Аврелий Антонин одан əрi жалғастырды. Шыққан тегi жағынан құл болған Эпиктет Кiшi Азиядағы Фригинде дүниеге келедi. Кейiннен император Неронның оққағарларының бiрi ретiнде Римге келген ол көп ұзамай еркiндiкке босатылады. Император Домицион 94 жылы Римнен барлық философтарды қуғаннан кейiн Балкандағы Никополь қаласына тұрақтап, онда өзiнiң философиялық мектебiн
ашады. Эпиктет ешнəрсе жазған емес, ол өзiнiң iлiмiн ауызша жүргiзген. Оның философиялық жəне саяси-құқықтық ойлары шəкiртi Флавий Аррионның жазып қалдыруымен ғана бiзге дейiн жеттi. Аррион өзiнiң ұстазының iлiмiн ″ Эпиктетке сүйену″, ″ Эпиктеттiң əңгiмелерi″, ″Эпиктеттiң ойлары″ деген кiтаптары түрiнде қалдырды.
Эпиктеттiң философиялық көзқарасына рим стоиктерiнiң бiрi философ Мусоня Руфтың сабағы үлкен əсер еттi. Ол кезде Римнiң зиялы адамдарының арасында стоицизм iлiмiне елiктеу жəне үйрену сəнге айналған едi. Эпиктеттiң қайыршылық өмiрi де оның өзiнiң жүргiзген iлiмiне сəйкес келдi.
Адамның ақыл-ойы мен адамгершiлiгiн жан-жақты жетiлдiрудi жəне оған мiндеттi түрде сүйенудi уағыздаған Эпиктет байлық пен құлдықты терең сынға алды. Аристотельдiң ″ Өзiңе ұнамағанды басқаға iстеме″ деген қанатты сөзiн серiк еткен ол ″ құл болу өзiңе ұнамаса, басқаны құлға айналдырма. Егер құлдың қызметiнсiз ешнəрсе iстей алмасаң, онда ең алдымен өзiңдi құл есебiне жатқыз″ деген тұжырым жасайды.
Философияны этикаға жақындатқан стоицизм тенденциясы Эпиктетте анық байқалады. Этика бойынша Эпиктет адамның құдайдың əмiрi мен тағдырға бағыну туралы қағиданы қорғайды. Жəне де бiздiң еркiмiздегi заттар мен бiздiң еркiмiзден тыс заттарды айыра бiлу керектiгiн айтады: ″ Бiздiң еркiмiзге бiздiң ойымыз, қажетсiнуiмiз, мақсатқа ұмтылуымыз жəне бейiмiмiз, яғни бiздiң барлық əрекетiмiз жатады, ал бiздiң еркiмiзден тыс нəрселерге денемiз, мүлкiмiз, атақ-даңқымыз, яғни бiздiң əрекетемiзге көнбейтiн нəрселер жатады″ . “Табиғаттан берiлген бiздiң еркiндiгiмiз бен бостандығымызға ешнəрсе де кедергi келтiрмеуi тиiс, ал бiздiң еркiмiзден тыс нəрселерден кедергi көп, оны басқалар бiзден алып та қоюы мүмкiн” деп есептейдi Эпиктет. Оның бұл пiкiрiнен адам бостандығы ұғымы көрiнiс табады. Бiрақ Эпиктет
бойынша бостандық шыдамдылық пен төзiмдiлiктi жəне өзiн-өзi шектей бiлудi қажет етедi. Ол өзiнiң бұл ойын былайша қорытындылайды: ″ адамның өзiнiң ақшасынан, үй-жайынан, қора- қопсысынан айрылуы өкiнiштi емес, өйткенi, бұның бəрi адамға тиесiлi емес. Ал адам өзiнiң шынайы меншiгi - өзiнiң қадiр-қасиетiн жоғалтса, бұл ендi өкiнiштi-ақ″ .
Марк Аврелий Антонин (121-180 жж. ) рим стоицизмiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi. Ол АнтонинПиидiң мұрагерi болатын. Антонин Пии принципаты кезiн (136-161 жж. ) Рим, ал одан кейiн Еуропа тарихшылары ″ алтын ғасыр″ деп атады. Антонин Пий өлгеннен кейiн (161 жылы) оның мұрагерлерi өзiнiң асырап алған ұлдары Марк Аврелий мен Луций Вер болады. Луций Вер қайтыс болғанға дейiн олар империяны бiрлесiп басқарады. Бiрақ iс жүзiнде империяны бұлардың үлкенi Марк Аврелий биледi (161-180 жж. ) Ол үлкен империяны билеп қана қойған жоқ, ″ Өзiммен өзiм оңаша″ деп аталатын стоицизмдiк философиялық трактат та жазады. Бiрақ оның бұл шығармасы
басуға арналмаған, өзiнiң оңаша ойларынан туған жазбалар болатын. Ол өзiмен-өзi сырласу арқылы қоршаған орта мен əлемдi тануға тырысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz