Кеден органдарының құқық қорғау қызметі


Кеден органдарының құқық қорғау қызметі
ҚР егемендігін алғаннан кейін өз бетінше мемлекет болып кету үшін көптеген қызмет түрлері құрылды. Соның бірі болып мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру барысында ҚР эканомикалық мүдделерін егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында кеден қызметі құрылған болатын. Оған көптеген ауыр міндеттер жүктелген еді. Өйткені кеден органдары бірнеше органның құзіреттілігіне жататын қызметтерді қамтиды.
Кеден органы құрылғаннан бері осы уақытқа дейін көптеген оңды көрсеткіштерге қол жеткізді. Осының негізінде алыс-жақын шетелмен эканомикалық, сауда қатынастары арта түсті. ҚР қазіргі уақытта көптеген дүниежүзілік эканомикалық ұйымдарға мүше болып табылады. Көптеген елдермен тығыз байланыста, достастықта. Әрине бұлардың әрі қарай дами түсуінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде белгілі рөлі бар кеден органдарының қызметімен тығыз байланысты. Жоғарыда айтып өткеніміздей кеден органының негізгі қызметінің бірі ҚР эканомикалық мүддесін қорғау болып табылады. Дәл қазірге дейін Республикамызда экспорттан импорт басым болуда. Экспорттың импорттан төмен болып келуі біздің әліге дейін дайын өнім өндіруде әлсіз екендігімізді көрсетеді. Ал экспорттың басым бөлігін шикізат құрайды. Осының бәрін шекарада бақылап, құрамын, көлемін белгілеп отыратын кеден органдары болып табылады. Ал кеден органдарының құқықтық қызметіне келер болсақ, ол кеден саласында орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтармен күресті жүзеге асырады. Әңгіме осы тұрғыда ары қарай өрбитін болады.
Кеден органдары кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыра отырып мемлекетіміздің эканомикалық, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал бұл еліміздің кеденшілері үшін оңай шаруа емес . Кеденшілер осы тұрғыда көптеген жағдайлармен кездесіп тұрады . Қазіргі уақытта ақшаның ең көп айналатын жері кеден болып тұр. Соған байланысты кеден саласында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың түр-түрі орын алуда. Мемлекеттің кіріс бөлігінің едәуір бөлігін кеден органдары құрайды.
Құқық қорғау қызметі дегеніміз- құқық нормаларын бұзудан қорғау бойынша мемлекеттік органдардың қызметі .
Кеден органдарының құқық қорғау қызметі кеден ісі аясындағы қоғамдық қатынастарды қорғау мақсатында заң негізінде және сәйкес нормаларды жүзеге асыратын қызмет түрі.
Кеден органдарының құқық қорғау мәртебесі ҚР Кеден кодексінде бекітілген олардың құқық қорғау ретінде ерекшелігі осында.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметі ҚР КК 15-бап.
Кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.
Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.
2001 жылдың 22 қаңтарындағы «ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша шаралар» жөнінде ҚРПрезидент жарлығына сәйкес кеден органдарын жедел іздестіру жүзеге асыру бойынша өкілеттілік пен функцияларынан айырғанымен, бірақ кеден төлемдерін төлеуден жалтару және контрабанда жөніндегі істер бойынша анықтау құқықтарын сақтады.
2004 жылдың 9 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының"жедел іздестіру мәселелері бойынша ҚРкейбір заң актілеріне өзгертулер еңгізу жөніндегі" заңға сәйкес кеден органдарына жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктер қайта берілді (ҚРКК-16-23 баптарын толықтыру) .
Кеден органдарының қызметі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады.
Кедендік құқықтық қатынастар аясындағы мемелекеттің ішкі және сыртқы қызметтің жүзеге асыруы болып табылады.
Бұл қызметтің негізгі мақсаты әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, кедендік нормаларының қолдануын, орындалуын сақтауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының заңымен бекітілген негізгі фукцияларының бірі кеден ісі аясындағы қылмыстар және құқық бұзушылықтарымен, контрабандамен күрес.
Кеден ережелерінің бұзу түрлері ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс 2001 жылы қабылдағанға дейін «Кеден ісі» туралы заңның нормаларымен қарастырылған болатын, кодекс қабылданғаннан бастап заңды жауапкершіліктің тағы бір түрі пайда болды - кеден ережелерінің бұзу үшін жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Кеден Органдарының құқық қорғау қызметі мемлекеттің кедендік құқықтық қатынас сферасының ішкі және сыртқы функциясында көрініс беретін мемлекеттік қызмет. Бұл қызметтің мақсаты болып мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және кеден органдарының қызметі сферасындығы басқа да құқық саласы.
Қазақстан Республикасы Кеден органдарының құқық қорғау қызметі «Қазақстан Республикасы кеден кодексінде» бекітілген. Кеден органдарының негізгі функциялары мен мақсаты болып, басқа құқықтық нормаларды қорғауда кеден органдарымен қолданылатын, жүзеге асырылатын, сақталатын құрал ретіндегі нормалар.
Қазақстан Республикасы кеден кодексіне сәйкес кеден органдары:
- Қазақстан Республикасы кеден заңдылығын және басқа да заңдардың сақталуын қамтамасыз етеді, яғни кеден ісін жүзеге асыру барысындағы азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғап, бақылауды жүзеге асырады;
- Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы экономикалық қызығушылығын және қауіпсіздігін сақтау;
- Сауда экономикалық қатынастарды реттеуде кедендік құралдарды қолданады;
- Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік-құралдарының өтуі барысында рұқсат беру тәртібінің салты сақталуын қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік қауіпсіздікті қорғауда, халық қызығушылығын, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда, табиғи қоршаған ортаны қорғауда, республика тұтынушыларының әкелінетін тауарлардағы қызығушылығын қорғауда әрекеттеседі;
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әкімшілік құқықтың бағыты келесі қызметтерде көрінеді: кедендік және валюталық бақылауды жүзеге асыру жолымен, тауарларды кедендік рәсімдеу, ішкі ұйымдастыру басқару қызметі барысында кеден ережелерін бұзуды анықтау.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әкімшілік процесуалдық бағыты әкімшілік құқықтың нормаларымен бекітілген, кеден ережелерімен құқық бұзушылықтарға қатысты тұлғаларды анықтау, әрекеттерін саралау, жауапкершілік шараларын бекіту және алдын алу, құқыққа қарсы әрекеттердің мемлекет мүддесіне зияның азайтуына байланысты әкімшілік процесуалдық әрекеттерді жүзеге асыруынан көрінеді. Бұл әрекеттер хаттамалар дайындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, ол істер бойынша атқару өндірісі және өндіріп алу шараларын жүзеге асыру нысандарында жүргізіледі.
Анықтау органдарын ретінде кеден органдарының құқық қорғау қызметі қылмыстық процессуалдық бағыттарын қылмыстық істерді қозғау, қылмыс іздерін анықтау бройынша жедел тергеу әрекеттерін жүзеге асырудан көрінеді.
Қорыта келе айтатын болсақ, ҚР Кеден органдарының жұмыстарының жағымды және жағымсыз жақтары бар. Осыған орай бірнеше мәселелерді атап өткен жөн.
Біріншіден, мемлекеттік шекараны техникалық қамсыздандыру қажет.
Екіншіден, құқық қорғау қызметкерлеріне контрабандамен күресті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz