Нематодтар


Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікте таралуы сипаты жағынан да ең жоғарғы тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бірклеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде (бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ арасына енуге) қалыптасқан.
Грек тілінде “nematos”- жіп деген мағынаны бірдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрге әзер жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір ұзын болады. Мысалы, жылқы аскаридасының (Parascaris eguorum) ұзындығы 37 см, ? -ның 8 метр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүірінен, екеуі арқа және құрсақ бөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




      Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікте таралуы
сипаты жағынан да ең жоғарғы тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін
ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында
еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен
жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың
паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады.
Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы
арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен
бірклеткалы организмдермен салыстыруға болады.
      Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне
қарамастан құрылыстары бірдей.
      Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы
(пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде
(бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ арасына енуге) қалыптасқан.

      Грек тілінде “nematos”- жіп деген мағынаны бірдіреді. Бұлардың денесі
жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай
сүйірлене түседі.
      Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрге әзер
жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір ұзын болады. Мысалы, жылқы
аскаридасының (Parascaris eguorum) ұзындығы 37 см, ? -ның 8 метр. Денесінің
алдыңғы ұшында ауызы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін
бойлай төрт жолақ (екеуі бүірінен, екеуі арқа және құрсақ бөлімдерінің
ортасынан) таралымдар өтеді.
      Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған.
Кутикула (латынша“cuticula” – қабықша) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий
клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен минералды
заттар және сақиналы әрі ұзынша келген таралымдары оған механикалық
беріктік береді де, оны созылғыш етеді. Кутикула сомалық (дене)
бұлшықеттерге тірек бола тұрып нематоданың өзіндік сыртқы қаңқасын құрайды
да, денені механикалық жарақаттанудан, улы заттардың әсерінен сақтап,
қорғайды.
      Кутикуланың астында орналасқан гиподерма қабаты бар. Денесінен өтетін
төрт таралымына (сызығына) байланысты гиподерма ішке қарай төрт ойық 
құрайды.
      Гиподерманың астында бір қабаттан тұратын ұзына бойы бұлшықеттер
жатады. Олар тұтас қабат құрмай гиподерманың төрт ойығына сәйкес төрт лента
тәрізді жіктеліп, бөлініп жатады: екеуі бүйір, екеуі арқа құрсақ бөлімінде.
      Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасында схизоцель деп аталатын
денесінің алғашқы реттік қуысы орналасады. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы
жоқ және іші сұйық затқа толы. Сұйық зат денені кернеп, оның жұмырлығын
тұрақты түрде сақтайды. Алғашқы реттік қуыс дененің тірегі бола тұрып, зат
алмасу процесіне де қатысады. Дене қуысы арқылы қорытылған заттар ішектен
бұлшықеттерге, ішкі мүшелерге, ал зат алмасудың қалдық өнімдері зәр шығару
мүшесіне ауысады. Осылайша дене қуысы организмнің ішкі ортасы болып келеді.
Паразитті нематодтардың дене қуысында түссіз сұйыққа толы клеткалар
топтасып жатады.  Қуыстың сұйық затында валериан, капрон қышқылдары бар,
сондықтан да олар улы.
      Ас қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы,
ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында
орналасып, еріндермен қоршалған: арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз
қуысымен жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы әр түрлі. Нематодтардың
жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында
кутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит)
ауыз қуысы сорғыш мүшеге – стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы
бұлшықет – протракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік
ететін жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын
өсінділер – онхамен қаруланған.
      Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың,
бұлшықетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады.
Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы
(кардиальды). Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған.
      Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі (cardium)
болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың
өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
   Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп “қарыншық” немесе жұтылған
қоректің резервуары қызметін атқарады.
      Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол аналь
тесігі арқылы сыртқа ашылады. Нематодтарыдың алдыңғы және артқы ішегі
эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.
            Зәр шығару жүйесі. Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне
байланысты протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару
қызметін мойын безі (ренетта) деп аталатын бір клеткалы тері
(гиподермальды) бездері және фагоцитарлы клеткалар атқарады.
      Мойын бездері 2 типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін
тіршілік ететін нематодтардың мойын безі шомбал типті, түтікшесі қысқа.
Топырақта және паразиттік тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі – мойын
безі денеде бойлай орналасқан екі бүйір эскреторлы түтікшелерден құралған.
Түтікшелердің артқы ұшы тұйықталып ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Нематодтар, паразиттер
Нематодтар туралы
Нематода паразиттері
Нағыз жұмыр құрттар класы (Nematoda)
Қызыл балдырлар. Жұмыр құрттар
Бұрышқа зиян келтіретін бунақденелердің биологиясы, зияндылығы, таралуы
Цестодтардың жіктелуі
Асқорыту стронгилятозы қоздырушыларының морфологиясы және биологиясы
Өсімдіктің зиянкеске төзімділігі
Астық түйірдегі зиянды қоспалар
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь