Нерв жүйесі



1. Нерв жүйесінің маңызы
2. Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы. Нерв ұлпасы.
3. Нерв талшықтары, оларға тән қасиеттер
4. Синапс, құрылымдық.қызметтік ұйымдасуы
5. Рефлекс және рефлекторлық доға
Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

1) Орталық нерв жүйесі.

2) Шеткі нерв жүйесі.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

1) Соматикалық нерв жүйесі.

2) Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек – қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады. Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон жєне глиальдық немесе нейроглия жасушалары.

Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады. Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері – олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші жағынан, нерв жасушаларында электрлік оқшаулауды қамтамасыз етеді.

Бірақ информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін нерв жасушалары (нейрондар) іске асырады. Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар клеткаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Қысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронныњ басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты( былайша айтқанда байланысты) түзеді

Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Нерв жүйесі

Нерв жүйесінің маңызы

Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп,
оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың,
мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара
байланыстырады. Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің
жауап қайыру мүмкіндігін береді.Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық
іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі –
информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі
үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе.

Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы. Нерв ұлпасы.

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

1) Орталық нерв жүйесі.

2) Шеткі нерв жүйесі.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв
жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

1) Соматикалық нерв жүйесі.

2) Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек – қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз
ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі
органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға
әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады. Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар
құрайды: нейрон жєне глиальдық немесе нейроглия жасушалары.

Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады.
Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар
нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді
атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия
клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері –
олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші
жағынан, нерв жасушаларында электрлік оқшаулауды қамтамасыз етеді.

Бірақ информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін нерв
жасушалары (нейрондар) іске асырады. Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы
алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын,
бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон
арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы
басқа нейронға (немесе атқарушы органдар клеткаларына) сигнал беруге
маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик)
деп аталады. Қысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне
өтеді. Нейронныњ басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері
синапсты( былайша айтқанда байланысты) түзеді

Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды.
Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы
деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар
омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму
кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады,
бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі
өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон
және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын
қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

1) афференттік (сезімтал, қозуды орталық нерв жүйесіне қарай (ОНЖ)
өткізеді);

2) эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв жүйесінен
жұмыс мүшесіне қарай өткізед);

3) қондырма (қосымша немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды
эфференттік нейрондармен байланыстырады).

Нейрондарды тудыратын эффектілері бойынша да жіктеуге болады. Мысалы:
қозғағыш (моторлық), секреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы т.б.
Пішіндеріне қарай нейрондарды – пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз
тәрізді, себет тәрізді, тригулярлық, бұта тәрізді т.б. деп те атайды.

Нерв талшықтары, оларға тән қасиеттер

Нерв талшықтарының яғни нерв жасушала өсінділерінің ең негізгі қасиеті -
өздері арқылы қозу импульстерін өткізу (тарату) болып есептеледі. Біртекті
нерв жасушаларынан шығатын нерв талшықтары шоғырланып ортақ нерв жүйесі
шеңберінде өткізгіш жолдар деп аталады.

Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді
және балдырсыз (миелинсіз) деп екі топқа айырады. Миелинді сезгіш және
қозғағыш талшықтар сезім органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын
нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді. Миелинсіз
талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық нерв жүйесіне тән.

Миелин қабығы миелоциттердің (Шванн жасушаларының) осьтік цилиндрді
бірнеше қайтара орауының нәтижесінде пайда болады. Орамдар бір-бірімен
кіргісіп тығыз майлы қорап - миелин қабығы түзіледі. Ол талшықтың бойында
әрбір 1-2 мм сайын үзіліс жасайды. Мұндай ашық аймақтыі Ранвье үзілістері
деп атайды, олардың диаметрі 1 мкм шамасында.

Балдырсыз талшықтарда миелин қабығы болмайды, олар тек Шванн
жасушалаларымен (невриллемамен) ғана қапталған. Нерв талшықтарындағы
құрылымдық элементтердің де әрқайсысының өзіне тиісті қызметі бар.

Невтерден қозу өтудің заңдары. Нерв арқылы қозу өтуге (таралуға) тән
бірнеше ерекшеліктер бар.

1. Нерв талшығы морфологиялық функциональдық зақымданбаған, сау болуы
керек. Мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы деп
атайды. Егер талшықты кесіп қиса немесе оның бір бөліміне жоғарғы не
төменгі температурамен, я улы заттармен (мыс.тетродотоксинмен),
анестетиктермен әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.

2. Екі бағытта өткізу, яғни нерв талшығы қозуды екі бағытта да өткізе
алады. Бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде Бабухин дәлелдеген.

3. Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын шеткі нерв бағаны түрліше нерв
талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік нерв
талшықтары болады. Бірақ, єр нерв қозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір
нерв өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі органдарға импульстер
жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген нерв көкірек
қуысындағы барлық органдарды, құрсақ қуысындағы көптеген органдарды
жабдықтайды.

4. Нерв талшығыныњ салыстырмалы шаршамайтындығы. Егер нерв-ет препаратын
ұзақ уақыт ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын
тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды. Бұл қасиетті 1883
жылды Введенский байқаған.

Синапс, құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы

Синапс ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон енгізді.
Синапс құрылымында негізгі үш бөлімді айырады:1-пресинапстық звеноны
немесе пресинапсты (көп жағдайда ол аксонның ең ақырғы тармақтарынан
тұрады); 2- постсинапстық звеноны немесе пастсинапсты (көбінесе ол келесі
нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін аймағы); 3-
пресинапс пен постсинапс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нерв талшықтарының қасиеттері
Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы туралы
ВEГEТАТИВТІК (АВТOНOМДЫ) НEРВ ЖҮЙEСІ
Нерв жүйесінің функциясы, физиологиясы, анатомиясы. Ми ісіктері
Біржасушалы организмдер
Нервтер мен нерв талшықтары
Симпатикалық жүйке жүйесі
Нерв тіні
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Пәндер