Низами Гәнжауи тағылымы - тәрбие тәлімі



Азербайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде жазған. өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас кезінде лирикалық өлеңдер жазып көрді. 1173 жылы Аппақ атты қыпшақ қызына үйленіп, көп өлеңдерін соған арнаған. Низами Гәнжауидың негізгі шығармасы ''Хомсе'' (Бес кітап''). Оған ''Құния қазына'' (1173-80), ''Ләйлі мен Мәжну'' (1188), ''Жеті ару'' (1197), және ''Ескендірнама'' (1203) атты бес дастаны кіреді. Лирикалық өлеңдер жинағының (динаванның) жекеленген бөлімдері 6 қасида, 116 ғазел, 20 рубай сақталған. Низами дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гумманистік идеясымен ерекшеленеді. ''Құпия қазына'' - дидактикалық-философиялық поэма. Ақын онда өкімет басшыларын әділ болуға, қармағындағы халқына қамқорлық жасауға шақырады. Поэма діни сарында жазылғанымен негізінен гуманистік мақсатты көздейді. ''Хұсрау мен Шырын'' поэмасында Хұсрау Шаүхтың Шырын сұлуға деген махаббаты суреттелген. Шығармада басты кейіпкер ретінде Шаүх емес, әйел бейнесі алынған. Автор Шырынды ғажайып қасиет иесі етіп көрсетеді. Поэмада ерлік пен адамгершілік үлгісі ретінде Фаррүад суреттелген, ''Ләйлі-Мәжнүн'' поэмасы екі араб аңызының сюжеті негізінде жазылған. ''Жеті ару'', Баүрам Гоур шаү жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баүрам Гурдің жеңіл мінезді Шаүзададан біртіндеп ақылды да әділ патшаға айналуы, жолсыздық пен зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халін көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерлейді. Соңғы поэма ''Ескендірнама'' деп аталады. Автор бұл поэмасын өз творчествосының қортын-дысы - деп санайды. Низами Гәнжу творчествосы кейінгі дәуірлерде, шығыстың көптеген ақын-жазушыларына елеулі әсер етті. 13 ғасырдан бастап Низами поэмаларына еліктеп жазылған ондаған шығарма пайда болды. Мысалы, оған Әмір Хұсрау Дехлеун, Ә. Науаи, Ә. Жәми Каши тағы басқалардың дастандарын жатқызуға болады. Низами шығармалары қазақ еліне көптен мәлім. Оның дастандары ерте кездің өзінде-ақ қазақ арасына ауызша және жазбаша түрінде кеңінен таралған. Низами Гәнжауи негізінде Абай ''Ескендір'' атты поэма жазып, ұлы ақынның идеяларын одан әрі дамыта түсті. Совет өкіметі жылдарында Низами творчествосы Қазақстанға кеңінен тарады. Оның ''Ләйлі-Мәжнүн'' дастаны қазақ елінде бірнеше кітап болып басылды. Ақын шығармасы жөнінде қазақ ғалымдары М. Әуезов, Е. Исмайлов, А. Нұрқатов т. б. мақалалар жазды.
Низамидың тәрбие тағылымдарында - халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында поэма мен дастандарында - тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік - ақыл мен еңбек-тің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.
Ғұлама Низами - адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада - айнала ортадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көрініс-теріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарас-тарға қарсы шықты.
Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшы-демократиялық педагогиканың негізін салушы В. Т. Белинский - өзінің 1829 жылы жазған ''Ойлау'' атты тәрбие жөніндегі шығармаларында: ''Тәрбие-нің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдауси мен Низамидей тәрбиенің тегін терең түсінген - ғұлама, тәрбиенің күшімен ''Ләйлі мен Мәжнүн'' мен ''Шаүнамадай'' ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады - деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ Белинский бұл ғұламалардың тәрбие тағылымдарын талдай келіп, өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның рөлін шетінен асыра бағалады. Мысалы, Низамидің лирикалық шығармалары ғасыр біткен сайын, дәуір өзгерген сайын жаңарып, үлгі ретінде қабылданып келген, кейінгі ғасыр-ларда туған лирикалық поэмалар мен дастандар, ''Қызжібек пен Төлеген'', ''Қозы мен Баян'' осы ''Ләйлі мен Мәжнүн'' негізінде жазылған. Бұл шығарма ''Ләйлі мен Мәжнүн'' бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның Кавказ халықтарының төл туындысына айналып келген.
Низамидың қай шығармасын алсаңыз дене еңбегі, оның ішінде еңбек тәрбиесі адамнан ажырамайтын, адамның күнделікті тіршілігінің негізгі борышы делінеді. Бүгінгі педагогикалық еңбек тәрбиесі туралы ой-жүйесі бостандықты, әйел теңдігін, езгіден құтылу, жеке адам-ның қол өнершілдігі, кәсіпкерлігі, ауыл шаруашылық еңбегінің салалары, әр түрлі мамандықты меңгерудің қажеттілігі жатыр делінген. Олардың түсінігінше мамандық - жақсы тұрмыс, молайыр өмір сүрудің өзінің бостан-дығын да қорғай алады.
1 Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2 Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
5.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
6.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
7.Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997.
8.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.
9.Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987. тарау.
Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.
Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.
Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.
Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.
Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.
Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985.
Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.
Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985.
20.Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.
21.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991.
22.Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. -А., 1983.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы; Низами Гәнжауи тағылымы - тәрбие тәлімі
Азербайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауи 1141 жылдар шамасында туған.
Еңбектерін парсы тілінде жазған. өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас
кезінде лирикалық өлеңдер жазып көрді. 1173 жылы Аппақ атты қыпшақ қызына
үйленіп, көп өлеңдерін соған арнаған. Низами Гәнжауидың негізгі шығармасы
''Хомсе'' (Бес кітап''). Оған ''Құния қазына'' (1173-80), ''Ләйлі мен
Мәжну'' (1188), ''Жеті ару'' (1197), және ''Ескендірнама'' (1203) атты бес
дастаны кіреді. Лирикалық өлеңдер жинағының (динаванның) жекеленген
бөлімдері 6 қасида, 116 ғазел, 20 рубай сақталған. Низами дастандары
композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гумманистік
идеясымен ерекшеленеді. ''Құпия қазына'' - дидактикалық-философиялық поэма.
Ақын онда өкімет басшыларын әділ болуға, қармағындағы халқына қамқорлық
жасауға шақырады. Поэма діни сарында жазылғанымен негізінен гуманистік
мақсатты көздейді. ''Хұсрау мен Шырын'' поэмасында Хұсрау Шаүхтың Шырын
сұлуға деген махаббаты суреттелген. Шығармада басты кейіпкер ретінде Шаүх
емес, әйел бейнесі алынған. Автор Шырынды ғажайып қасиет иесі етіп
көрсетеді. Поэмада ерлік пен адамгершілік үлгісі ретінде Фаррүад
суреттелген, ''Ләйлі-Мәжнүн'' поэмасы екі араб аңызының сюжеті негізінде
жазылған. ''Жеті ару'', Баүрам Гоур шаү жөніндегі аңызға негізделген. Поэма
Баүрам Гурдің жеңіл мінезді Шаүзададан біртіндеп ақылды да әділ патшаға
айналуы, жолсыздық пен зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Автор халықтың
ауыр тұрмысын, қайғылы халін көрсетумен бірге сарай маңындағылардың
қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерлейді. Соңғы поэма ''Ескендірнама'' деп
аталады. Автор бұл поэмасын өз творчествосының қортын-дысы - деп санайды.
Низами Гәнжу творчествосы кейінгі дәуірлерде, шығыстың көптеген ақын-
жазушыларына елеулі әсер етті. 13 ғасырдан бастап Низами поэмаларына
еліктеп жазылған ондаған шығарма пайда болды. Мысалы, оған Әмір Хұсрау
Дехлеун, Ә. Науаи, Ә. Жәми Каши тағы басқалардың дастандарын жатқызуға
болады. Низами шығармалары қазақ еліне көптен мәлім. Оның дастандары ерте
кездің өзінде-ақ қазақ арасына ауызша және жазбаша түрінде кеңінен
таралған. Низами Гәнжауи негізінде Абай ''Ескендір'' атты поэма жазып, ұлы
ақынның идеяларын одан әрі дамыта түсті. Совет өкіметі жылдарында Низами
творчествосы Қазақстанға кеңінен тарады. Оның ''Ләйлі-Мәжнүн'' дастаны
қазақ елінде бірнеше кітап болып басылды. Ақын шығармасы жөнінде қазақ
ғалымдары М. Әуезов, Е. Исмайлов, А. Нұрқатов т. б. мақалалар жазды.
Низамидың тәрбие тағылымдарында - халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде
халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана
тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында поэма мен
дастандарында - тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді.
Адамгершілік - ақыл мен еңбек-тің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен
нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік,
эстетикалық тәрбиенің негізін салды.
Ғұлама Низами - адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді.
Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада - айнала ортадағы
өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу процесінің көрініс-
теріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын
мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарас-тарға қарсы шықты.
Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшы-демократиялық
педагогиканың негізін салушы В. Т. Белинский - өзінің 1829 жылы жазған
''Ойлау'' атты тәрбие жөніндегі шығармаларында: ''Тәрбие-нің әсерімен адам
Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдауси мен Низамидей тәрбиенің тегін
терең түсінген - ғұлама, тәрбиенің күшімен ''Ләйлі мен Мәжнүн'' мен
''Шаүнамадай'' ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады - деп көрсеткен
болатын. Сондай-ақ Белинский бұл ғұламалардың тәрбие тағылымдарын талдай
келіп, өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты
деп, оның рөлін шетінен асыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Жас мұғалімдер
Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерініңқоғамдық - саяси өмірі
Әлішер Науаидың, Омар Хайямның, Мақтымқұлының, Өтебойдақ Тілеуқабылұлының тәрбие тағылымдары
Әзірбайжан халқы туралы мәлімет
Фархад-Шырын жыры
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары
Пәндер