Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік



Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.

Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.

Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы
заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір
зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.

Оқыту принциптері туралы түсінік
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық
принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен
заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың
категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін
сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принцип-терін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
4. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
5. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
6. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,
7. 1994.
8. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
9. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
10. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

11. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
12. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
13. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
14. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
15. Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.
16. Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік

Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылық-тарды меңгеру негізінде
жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы,
берік, белгілі жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады.
өзара байла-нысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы
анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту
заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы
заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар
бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке
бөліктерін қамтиды.

Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам
талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне
тәуелді.

Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін
ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп,
жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары
жатады. Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен
оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы
туралы
заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
- Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара
байланысы туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі
бөліктері болып келеді. Кейбір
зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол
ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго-гикалық
заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.

Оқыту принциптері туралы түсінік
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.
Дидактикалық
принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың
мақсаты мен
заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері
дидактиканың
категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану
әдістерін
сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принцип-терін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір
принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан
пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің
санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді.
Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына,
мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін
таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын
ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа
ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын
таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық
принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және
нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың
мақсатына
сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде
меңгеруге деген
қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі
буыны ретінде
бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі,
ғасырлар
бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
ғылымилық,
саналылық пен белсенділік,
көрнекілік,
жүйелілік пен бірізділік,
беріктілік,
тиімділік,
теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына
тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі
жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі. Ережелер
оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-
тырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың
қолын байлап қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді.
Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық
жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық
принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері
сөзсіз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады.
Ережелер педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін
қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай
қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалімнің
басшылық ролі; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және
тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу;
кіріктіру принциптері.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық. Ғылымилық
принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми
әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар:
дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге
өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті
арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет
ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-
материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазіргі даму
дәрежесіне сәйкестендіру, жаңа әдіс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың
тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш
мектептің өзінде тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.
-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау,
пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру, оларды
ізденушілікке, шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін
кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.
Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қарапайым
ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.
Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетіп оқушылардың білім
деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды
таныстыру.

Жүйелілік пен бірізділік принципі
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін
өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық
және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға
жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі;
ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының
таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету,
дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз
дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста
болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және
реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен
бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.
Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі
қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен
жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз
ету.
Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесін
көрсетіп, пәнаралық байланыс-тарды пайдалану.
Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды
сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың
ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз қателерін тауып,
талдауға үйрету.
Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытын-дылау және жүйелеу
сабақтарын өткізу.
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін
материалды бір сабақта ''айлақорлықпен'' ұғындырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды,білік
жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдің ''бүгінгі оқыту
кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады'' өсиетін нақтылай түседі. Теория
мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның ''тәжірибе - танымның ілкі бұлағы'' қағидасына
негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен
тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе - ақиқаттың
көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен
тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды
мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез
икемделеді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік.
Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушыға түсіндіру, сездіру.
Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми
білімдердің маңызын ашу.
Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған
білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету.
Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету.
Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен
тәжірибе бірлігін дәлелдеу, өзіндік жұмысты орындауға және өз бетімен білім
алуды үйрету.
Әр сабақта оқушыларға политехникалық білім беру, туған жердің шаруашылығына
лайықты мамандықтарға дайындау.
Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім-тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.
Тәжірибелік сабақтардың көмегімен оқушылар теория-лық қағидаларды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Тұтас педагогика ұғымы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары
Оқыту заңдылықтары мен принциптері түсініктері және оларға сипаттама
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер