Орталық нерв жүйесі



Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына қажетті және ағзадағы белгілі бір қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып табылады.

Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшіліктері нерв орталықтарын құрайтын нейондар арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты.

Нерв орталықтарының негізгі қасиеттері:

1) Қозуды біржақты өткізу.

Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты, рецепторлық нейроннан эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтарында көптеген синапстық байланыстың болуына байланысты. Синапстарда қозу тек бір жақты ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан бөлінетін медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.

2) Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі.

Бұл қасиетте синапстардың санына байланысты. Себебі, рефлекторлық доға жүйесінде қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 мсек болатындығы анықталған.Соған байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың санына тәуелді болады.

3) Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы.

Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз қозуларды) жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздан көрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.

4) Қозу ырғағының трансформациясы.

Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ

Орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтары арқылы

қозудың өтуі

Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына қажетті және ағзадағы
белгілі бір қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып
табылады.

Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшіліктері нерв орталықтарын
құрайтын нейондар арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты.

Нерв орталықтарының негізгі қасиеттері:

1) Қозуды біржақты өткізу.

Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты, рецепторлық нейроннан
эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі
нерв орталықтарында көптеген синапстық байланыстың болуына байланысты.
Синапстарда қозу тек бір жақты ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан
бөлінетін медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.

2) Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі.

Бұл қасиетте синапстардың санына байланысты. Себебі, рефлекторлық доға
жүйесінде қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі.
Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 мсек болатындығы
анықталған.Соған байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың
санына тәуелді болады.

3) Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы.

Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап
сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен
кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді
ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз қозуларды) жинақтауынан жауап
реакцияны алуымыздан көрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі,
бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына
бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі
келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік
жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше
рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет
тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.

4) Қозу ырғағының трансформациясы.

Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады,
трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына
жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан
басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде
нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв
орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары
түседі.

5) Әрекет соңы. Бұл қасиет жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру
ұзақтығынан артық бола алуында. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса
және оның әсер ететін уақыты көп болса, соғұрлым әрекет соңы да ұзаққа
созылады.

6) Нерв орталықтарының шаршауы. Нерв талшықтарына қарағанда нерв
орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв
талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп
әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.

Н.И. Веденский орталыққа тепкіш нейронды тітіркендіргенде рефлекторлық
жауаптың 10-40 сек. кейін жоғалғанын байқаған. Одан кейін ол тітіркендіруді
орталықтан тепкіш нервке көшіріп, рефлекстің қайта пайда болатынын
байқаған. Бұл бақылау шаршаудың орталық нерв жүйесінде туындайтынын
дәлелдейді.

7). Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв
жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса
алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы
импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия),
кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік
талшық арқылы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше
нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды
жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады.
Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер 2
не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің
қосындысынан артық болады.

8). Оттегі жетіспеушілігіне жоғары сезгіштік. Адам миы әр минут сайын
шамамен 40-50 мл, оттегін сініреді. Бұл тыныштық күйдегі бүкіл организм
пайдаланатын оттегінің 61-18-і. Оттегіне қажеттіліктің осынша
жоғарылығынан оның жетіспеушілігін де нерв жасушалары тез сезеді.

9). Химиялық заттардың орталық нерв жүйесіне спецификалық әсер ететіндігі.
Нерв клеткалары мен синапстар әр түрлі химиялық заттар әсерін таңдап сезе
алады.

10). Нерв орталықтарының тонусы. Орталық нерв жүйесінде биоэлектрлік
құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде
болғанның өзінде нерв орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі
жиіліктегі нерв импульстері шығып шеткі органдарға қарай бағытталып
отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп
есептейді.

Организм функцияларының үйлесімділігі (координациясы)

Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның
әсеріне бейімделуін орталық нерв жүйесінде ағзаның қызметтерінің
үйлестірілуі дейді. Орталық нерв жүйесінің рефлекторлы реакцияларды
үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың
қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе
принциптері айқындалған.

1) Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы
Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы
орталық нерв жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік
нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан
афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі,
сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың
денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол єр
түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады жєне организмдегі кез келген
рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар
рефлекстерді одақтастар жєне онтогенистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-
бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни
, өзара жалпы ақырғы жол үшін күреседі.

2) Иррадиация принципі.

Орталық нерв жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды.

Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса,
иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір нерв орталығында пайда
болатын қозу көрші жатқан нерв орталығына да тарала алады. Бұндай қозу
таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының жєне єр
түрлі нерв орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар
тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.

3) Индукция принципі.

Нерв орталығында қозу -тежелуге немесе тежелу- қозуға жылдам ауысады,
сонымен қатар бір нерв орталығының қозуына байланысты екінші бір нерв
орталығының қозуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы
Нерв талшықтарының қасиеттері
Нервтер мен нерв талшықтары
Нерв жүйесі
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Нерв жүйесінің функциясы, физиологиясы, анатомиясы. Ми ісіктері
Нервтердің жіктелуі
Жүйке жүйе физиологиясы
Нерв тіні
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы туралы
Пәндер