Саясаттану пәні



1. Саясаттану пәні
2. Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі
3. Саяси талдаулар мен ұсыныстар
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді, қалыптасу мен дамудың ұзақ жолынан, яки, саясат туралы ғылым қоғамдық ғылымдар мен тұтастықта және философиямен ара жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік әмбебаптықтан (универсализмнен), ең бастысы, саясаттың заңдық нормалар ой-өрісінің ықпалымен дамып, мемлекет пен құқық жөніндегі ғылымдардың жіктелу кезеңі арқылы, содан кейін саясатты оқып үйренуге философиялық, әлеуметтанулық және психологиялық бөліністер кезеңі арқылы, әлеуметтану, құқықтық және т.б. әр қилы көзқарастар мен ықпалдарды жинақтап, тұтастыратын саясат (саясаттану) туралы ғылымнын қалыптасуы, жүріп жатқан қазіргі кезеңге жетуі сияқты ұзақ жолынан өтті.
Қоғам туралы білім дамуының әр түрлі кезеңдерінде саяси ілімді зерттеуге Платон, Аристотель, әл-Фараби, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Токвилль және еткен дәуірлердін т.б. ойшылдары зор үлестерін қосты. Саяси ойдың дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудың қазіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің. К.Луйистің, Р.Риплидің, В.Пареттоның, Г.Монтескьенің, Ч.Мерриамның, А.Финифтердің және т.б. көзқарастар жүйесі елеулі ықпал жасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды, оның объектісі мен ғылым ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Саясаттанудың көтерген идеялары мен қағидалары жалпы адамзаттық құндылықтардың саяси ой арқылы қол жеткізген ортақ табысы болып табылады және олар кең түрде қолданылатын интернационалдық атауларда кезігіп отырады.
Дербес ғылым мен оқу пәні ретінде әлемнің барлық елдерінде дерлік оқылатын саясаттанудың айқындалуы жаратылыстанудың қисының қалпына келтіріп, оның ғылыми прогресс желісіндегі табиғи дамуы мен өркендеуіне даңғыл жол ашады.
Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі – қоғамның саяси жүйесі мен оның негізгі буыны мемлекет. Сонымен қатар, қоғамның тұтастай алғандағы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады. Бұл жерде неғұрлым күрделі де маныздысы — саясаттану пәні туралы мәселе.
Осыған байланысты, саясаттану пәні туралы ғылыми әдебиеттердегі пайымдауларда әлі күнге дейін тиянақты пікірлер қалыптаспағандығын айта кеткен жөн. Саясаттану пәнінің әртүрлі саяси мектептер, бағыттар және әр түрлі зерттеушілер тарапынан әр қилы сипатталатындығы да сондықтан.
Бүгінде негізінен екі түрлі ыңғайдағы бағыт айқындалып отыр. Оның біріншісі - саясаттану пәнін мемлекеттен немесе саяси билікпен, сондай-ақ, саяси партиялармен және ұйымдармен тікелей байланыстыра қарастырып, анықтайтын тар көлемді түсінік.
Екіншісі – саясаттануға күллі саяси мәселелерді, саясат туралы кез келген ғылыми білімді ғана емес, сонымен бірге, кейбір саясатпен шектес күрделі мәселелерді де бірге қарастыратын кең көлемдегі түсінік.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Саясаттану пәні

Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді, қалыптасу мен дамудың ұзақ жолынан, яки, саясат туралы ғылым қоғамдық ғылымдар мен тұтастықта және философиямен ара жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік әмбебаптықтан (универсализмнен), ең бастысы, саясаттың заңдық нормалар ой-өрісінің ықпалымен дамып, мемлекет пен құқық жөніндегі ғылымдардың жіктелу кезеңі арқылы, содан кейін саясатты оқып үйренуге философиялық, әлеуметтанулық және психологиялық бөліністер кезеңі арқылы, әлеуметтану, құқықтық және т.б. әр қилы көзқарастар мен ықпалдарды жинақтап, тұтастыратын саясат (саясаттану) туралы ғылымнын қалыптасуы, жүріп жатқан қазіргі кезеңге жетуі сияқты ұзақ жолынан өтті.
Қоғам туралы білім дамуының әр түрлі кезеңдерінде саяси ілімді зерттеуге Платон, Аристотель, әл-Фараби, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Токвилль және еткен дәуірлердін т.б. ойшылдары зор үлестерін қосты. Саяси ойдың дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудың қазіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің. К.Луйистің, Р.Риплидің, В.Пареттоның, Г.Монтескьенің, Ч.Мерриамның, А.Финифтердің және т.б. көзқарастар жүйесі елеулі ықпал жасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды, оның объектісі мен ғылым ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Саясаттанудың көтерген идеялары мен қағидалары жалпы адамзаттық құндылықтардың саяси ой арқылы қол жеткізген ортақ табысы болып табылады және олар кең түрде қолданылатын интернационалдық атауларда кезігіп отырады.
Дербес ғылым мен оқу пәні ретінде әлемнің барлық елдерінде дерлік оқылатын саясаттанудың айқындалуы жаратылыстанудың қисының қалпына келтіріп, оның ғылыми прогресс желісіндегі табиғи дамуы мен өркендеуіне даңғыл жол ашады.
Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі - қоғамның саяси жүйесі мен оның негізгі буыны мемлекет. Сонымен қатар, қоғамның тұтастай алғандағы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады. Бұл жерде неғұрлым күрделі де маныздысы -- саясаттану пәні туралы мәселе.
Осыған байланысты, саясаттану пәні туралы ғылыми әдебиеттердегі пайымдауларда әлі күнге дейін тиянақты пікірлер қалыптаспағандығын айта кеткен жөн. Саясаттану пәнінің әртүрлі саяси мектептер, бағыттар және әр түрлі зерттеушілер тарапынан әр қилы сипатталатындығы да сондықтан.
Бүгінде негізінен екі түрлі ыңғайдағы бағыт айқындалып отыр. Оның біріншісі - саясаттану пәнін мемлекеттен немесе саяси билікпен, сондай-ақ, саяси партиялармен және ұйымдармен тікелей байланыстыра қарастырып, анықтайтын тар көлемді түсінік.
Екіншісі - саясаттануға күллі саяси мәселелерді, саясат туралы кез келген ғылыми білімді ғана емес, сонымен бірге, кейбір саясатпен шектес күрделі мәселелерді де бірге қарастыратын кең көлемдегі түсінік.
Міне, осыған байланысты "саясаттану нені зерттейді?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа "саясаттану" ғылымының "роlіtіке" деген грек сөзінен шыққан атауына сүйене отырып, жауап беруге болады. "Роlісіке" деген сөз - "мемлекеттік, я болмаса қоғамдық істер, мемлекетті басқару өнері" және "logos" "ілім" дегенді білдіреді, яғни, екеуін сөзбе-сөз қосып айтқанда, саяси ғылым немесе саясат туралы ілім болып шығады.
Демек, саясаттанудың өзіндік ерекше пәні бар. Бұл пән әр түрлі ғылымдардың аясында пайда болғанымен, оларды қайталамай-ақ саясат ғылымын оқып-үйренуге әбден болады. Мысалға, саяси билік мәселесін алсақ, оның мазмұны өте бай. Конституциялық құқық саласына енбей-ақ, яғни, саяси биліктің мәні мен құрылымдары, оның заңдылығын тану, билік субъектілері, топтық және жеке түрдегі жетекшілік, көсемшілік пен демократия, билік феномені ретіндегі зорлау мен күштеу, авторитарлық, үлгі-өнегелік пен құқықтық құндылықтар аясындағы билік -- міне, бұлардың ешқайсысымен де заң ғылымдары шұғылданбайды, себебі, бұл оның негізгі пәні емес.
Саяси дағдарыстар, қақтығыстар, келісімдер, саяситұрақтылық, саяси құрылымдардың тұрақсыздығы жағдайындағы тұлғалар тәртібі сияқты мәселелермен қандай ғылым шұғылданады? Сондай-ақ, әр түрлі мәдениеттердің иерархиясы мен өзара қимыл-әрекеттері, олардың өркениеттік, қалыптық аймақтық және діни өлшемдері мәселелерімен қандай ғылым шұғылданады? Онымен ешқандай да ғылым шұғылданбайды. Ешқандай да ғылым митингілер мен жиналыстардағы адамдар тәртібінің ерекшелігімен, саяси институттар мен билік аппараттарының қызметімен, сондай-ақ, адамдардың саяси кіріптарлықтан құтылуы және әлеуметтендірілуі меселелерімен шұғылданған емес, шұғылданбайды да. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы
Теологиялық парадигма
Саясаттану пәні, ұғымдары,әдіс-тәсілдері мен қызметтері жайлы
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Саясаттану пәні және оны оқып-үйрену әдістері
Саясаттану ғылым ретінде
Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану туралы
Қазіргі кездегі саяси жүйелер
Пәндер