Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар



1. Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
2. "Қуалай дамуды" жүзеге асыру
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі — өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, "қуалай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі — бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік денгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Сонын нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, билікті тармақтау, оның заң шығарушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жаңғырту. Бұл мағынада бейімделу – осы жолға түскен елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.
"Қуалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты – ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты (типі) бар. Біріншісі -- өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, "қуалай дамушы" мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзкарастар бар. Солардың ішінде бұрыннан келе жатқан және кең тарағанының бірі -- бейімделудің сызықтық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік денгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі. Оларда соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Сонын нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында қазіргі мемлекеттің болашақ үлгісі ретінде Американың "еркін" қоғамын айтатын. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өмірдің барлық саласында Батыс бастауларына еліктеу, солардың істегенін қайталау сияқты көрінді. Мысалы, саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату, билікті тармақтау, оның заң шығарушы және атқару органдарын, көппартиялық жүйені жаңғырту. Бұл мағынада бейімделу - осы жолға түскен елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты. Себебі, дамудың өзі қоғам өмірін неғұрлым батыс үлгісінің негізгі ерекшеліктерін, белгілерін тезірек ұйымдастырған сайын жеделдей түсетін.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; ә) Батысқа бейімделу "үшінші елдердің" табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; б) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.
"Қуалай дамуды" жүзеге асырудың басты амал-әдісі - Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, жан басына шаққанда белгілі бір деңгейге жету Батыстағы әлеуметтік және экономикалық қоғамның жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа жағдайға бейімделудің шешуші жайты - ақша. Ол әлеуметтік технологияларды, қазыналарды, демократиялық институттарды таратуға көмектеседі. Сол арқылы тұтыну деңгейін көтеруге, адам құқықтарын бұрмалауды тоқтатуға, мәдениеттің құлдырауын жеңуге болады деп ұйғарды.
Бірақ жаңа жағдайға етудің "сызықтық қозғалыс" теориясы Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің Батыстың билікті ұйымдастыру, мемлекет пен азамат қатынастарының үлгі-өнегесі ойлаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процесс туралы
Аралас экономиканың концепциясының эволюциясы
Тоталитаризмен демократиалық қоғамға өтудегі мәселелер
Жастардың әлеуметтену механизмі
Психологиялық бейімделу компоненттері
Білім алушылардың әлеуметтік ортаға психологиялық бейімделуі
Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Психологиялық және психоаналитикалық антропология
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Адам экологиясы – экология ғылымының бір тармағы
Пәндер