Перитонеалды диализ. Бүйрек қабыну ауруларының УДЗ диагностикасы


Перитонеалды диализ (грек. Peritonaion құрсақ; син: құрсақтық диализ, перитонеалды лаваж) - ағзаны бүйректен тыс құрсақтың жартылай өткізгіш мембранасын диффузия және осмос арқылы зат алмасу өнімдерінен, электролиттермен судан, экзогенді токсиндерден тазарту.
Бұл әдіс құрсақ қуысына арнайы диализдеуші ерітіндіні енгізіп, іш перденің мезотелиалдық клеткалары арқылы концентрациялық грдиентке байланысты, қанда және организмдегі сұйықтықтарда бар әр түрлі заттар, соның ішінде азоттық өнімдер қуысқа шығарылады.
1979 ж перитонелды диализ клиникалық практикаға ене бастаған кезде, гемодиализ аймағының атақты зерттеушісі Шеллман оны «екінші сортты емдеу, екінші сортты дәрігерлер үшін» деп бағкалаған. Өмір бұл пікірді толығымен жоққа шығарды.
Қазіргі таңда созылмалы бүйрек шамасыздығымен ауыратын 100 мың жуық науқас перитонеалды диализ қабылдайды.
Перитонеалды диализ артықшылығы:
- Ол балаларда қолдануға ыңғайлы. Балаларда гемодиализ жасау қиынға соғады, сондықтан ПД арқылы оларды бүйрек трансплантациясына жеткізуге болады.
- Ол жедел бүйрек шамасыздығында, реанимацияда ерекше орын алады;
- Науқастарға тұрғылықты жеріне тақау орналастыруға ыңғайлы;
Клиникалық артықшылығына келетін болсақ:
- Қанның химиялық құрамының тұрақтылығы.
- Орта молекулалы заттардан тазартудың жоғарғы көрсеткіші
- АҚҚ бақылауға ыңғайлы
- Постдиализді синдром болмауы
- Гемоглобинмен гематокриттің жоғары көрсеткіші, ол қан құю қажеттігін, эритропоэтин мұқтаждығын төмендетеді.
- Ем дәмді қажет етпейді
- Бүйрек қызметінің ұзақ уақыт сақталуы
- Жеңілдетілген психологиялық бейімделу.
Көрсеткіштер:
- Созылмалы және жедел бүйрек шамасыздығы, азотемиямен, декомпенсирленген метаболикалық ацидозда, гипергидратацияда, гиперкалиемия (К>6, 5 ммоль/л) қосарланса.
- Гемодиализ жүргізуге қарсы көрсеткіш болғанда
- Жоғары қанағыштықта
- Гепаринге сезімталдық жоғары болғанда
- Қант диабетінде
- Балаларда артериовенозды шунт салу мүмкін болмағанда
- Қарт адамдарда шеткі облитерацияланған атеросклероздық артериямен
- ауыр улануларда өзіндік әдіс ретінде немесе детоксикацияның қосымша әдісі ретінде қолданады
- Іріңді перитонит
- Олигоанурия (сағ диурез 0, 5 мл*кг*сағ 4 сағ ішінде), олигурия себебіне байланыссыз.
- Септикалық шок.
Қарсы көрсетілімдер
- Құрсақ қуысының іріңді- қабыну аурулары
- Жаралы-некротикалық энтероколит
- Құрсақ қуысындағы жыланкөз
- Құрсақ қуысы тамырына протез жасалған болса немесе жақын арада жарақаттанса
- Кеуде қуысымен құрсақ қуысы арасындағы патологиялық қатынас болса
- Онко ауруларда
- Кахексия болса
- Ауыр жүрек шамасыздығында
- Бауыр циррозында
- Өкпе шамасыздығында
- Контагиозды созылмалы инфекцияда
- Гемиплегияда
- Паралитикалық ішек өтімсіздігінде
- Жүктілік
- Колостома
- Үлкен кистозды бүйректе
- алдыңғы құрсақ қуысы тыртықтарында.
Перитонеалды диализ, гемодиализ тәрізді әртүрлі режим және әдіспен жүргізеді. Жедел бүйрек шамасыздығында ПД сирек қолданады, негізінде артериовенозды немесе венозды гемодиализ қолданады.
Созылмалы ПД-ні 40- шы жылдар соңында қолдануға тырысқан, бірақ ол Тенкоффтың құрсақ қуысында ұзақ уақыт қалдыруға болатын катетрін ойлап тапқаннан соң қолданыла бастаған.
1978 ж тұрақты амбулаторлы перитонеалды диализ пайда болды. Оның ерекшелігі диализденген сұйықтықты құрсақ қуысына өздері енгізеді де, катетрді жауып, кейін 4-6 сағ соң сұйықтықты шығарып, жаңасын құяды. Арнайы құрал жабдықтар қажет етпейді.
Интермиттеуші ПД арнайыланған стационарда қолданады, сондықтан ол қымбат тұрады.
Тұрақты циклдік ПД үй жағдайында жүргізіледі (түнгі уақытта), ал тұрақты амбулаторлы түрін үйден тыс жүргізуге де болады.
Құрсақ қуысына енгізілген катетр арқылы арнайы сұйықтықты енгізеді. Диализат құрсақ қуысында ұзақ уақыт сақталу керек, себебі қан айналымдағы зат алмасу өнімдері соған баяу өтуі керек. Кейін диализатты шығарып, жаңасын енгізеді.
Әдетте жұмсақ силиконды немесе полиуретанда катетр қолданады, ол сұйықтықтың баяу ағуына көмектеседі.
Перитонеалды диализ жүргізу техникасы:
- Енгізер алдында диализді ерітінді 38*Сқа дейін жылытылуы керек
- ПД-ның алғашқы 2 сеансында 2, 5% глюкоза ерітіндісін 15 мл/кг көлемінде қолданады. ПД кезінде шыққан сұйықтық аз мөлшерде қан аралас болса, ол ПД тоқтатуға қарсы көрсеткіш емес.
Диализат ағуының бұзылуы перитонеалды дренаж дұрыс орнатылмауы немесе дренаждың шажырқаймен немесе қан ұйындысымен бітелуі нәтижесінде болуы мүмкін.
- Сеанс жүргізудің бастапқы жиілігі- 24 р/тәул (сағ диурез қалыптасқанша, мочевина тұрақтанғанша, креатинин төмендегенше, ацидозды жойып, электролиттер орнына келгенше)
- Диализат құрсақ қуысына тамшылатып 10-15 мин енгізіледі
- Диализаттың құрсақ қуысындағы экспозициясы 15-20 мин құрау керек
- Диализат эвакуациясы пассивті дренаж әдісімен стерилді ыдысқа жасалады.
- ПД-ның әрбір сеансында сұйықтықтың теңдігі есептелуі керек.
Диализдеуші сұйықтық құрамы:
- дәріханада дайындалады
- NaCl 2, 2 гр.
- MgSO4 0, 075 гр.
- Глюкоза 10 гр. (люкоза концентрациясы 2, 6%)
- 355 мл-ге дейінгі дистилденген су.
ІІ Қолданар алдында қосылады
1. Na CO3 5% 22 мл (рН пациента 7, 35-7, 45) немесе (рН < 7, 3)
2. Лидокаин 1% 0, 8 мл
3. Гепарин 200 ЕД.
4. KCl 7, 5% 1, 6 мл (при К сыв. = 4 ммол\Л)
Гипокалиемия кезінде: науқас калиінің молярлығы және диализдеуші сұйықтық нәтижесі 8 ммоль/л болуы керек. Гиперкалиемия кезінде диализатқа калий қосылмайды.
Сұйықтықтың соңғы осмолярлығы= 400 мосм/л
Перитонеалды диализдің гемодиализбен гемофидьтрациядан айырмашылығы:
1. ПД қосымша артериялық және көктамырлық катетр қоюды қажет етпейді
2. ПД гепаринді қажет етпейді
3. палатада жасалады
Асқынулары:
ПД-ны науқастар еш асқынусыз ұзақ жылдар бойы көтере алады, бірақ асқынулар болуы мүмкін. Құрсақ қуысына катетр бекітілген жерден қан кетуі мүмкін, кейде катетр орналастырғанда құрсақ қуысындағы ағза зақымдануы мүмкін. Диализат құрсақ қуысы маңындағы тінге немесе құрсақ қуысына тиіп кетуі мүмкін.
ПД кезіндегі жағымсыз жағдай- инфекциямен асқыну. Ауру туғызушы бактериялар құрсақ қуысын зақымдайды, немесе катетр орналасқан теріде немесе құрсақ қабырғасынад көбейіп, абсцесс туғызуы мүмкін. Инфекция көзін антибиотик арқылы жояды, егер ол көмектеспесе катетрді алып тастауға тура келеді.
Диализ кезінде альбумин деңгейі төмендеуі мүмкін- гипоальбуминемия. Сирек жағдайда құрсақ фиброзы болады ( перитонеалды склероз), жіңішке ішектің жиі өтімсіздігі, қалқанша без гормондары төмендеуінне алып келеді. Қандағы қант деңгеі жоғарылауыда сирек асқынуы болып табылады. Шап жарығы және іш жарығы 10 % науқастарда кездеседі.
Перитонеалды диализ қабылдаушы науқастар іш қатуға бейім болады.
Жоспары:
- Перитонелды диализге жалпы түсініктеме
- Перитонеалды диализ артықшылығы
- Перитонеалды диализ көрсетілімдері
- Перитонеалды диализм қарсы көрсеткіштері
- Перитонеалды диализ жүргізу әдістері, техникасы
- Асқынулары
Қолданылған әдебиеттер:
- Внутренние болезни: 3-е издание, «Медицина», -2005. -515 стр
- Внутренние болезни: Т2, «Медицина», -2000. - 68 стр
- Ішкі аурулар: Т1, «Кітап», -2005.
- Алексеев В. Г Диагностика и лечение внутренних болезней Болезни почек, М: Медицина, 1996
- Витворт Дж. А Руководство по нефрологии, М. : Медицина, 2000
- ВИНОГРАДОВ А. В. Дифференциальный диагноз внутренних болезней. М., Медицина, 1980. -816 с.
- Интернет желісі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Ж. Асфендяров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра: № 3- ішкі аурлар кафедрасы
Цикл: Нефрология
СӨЖ
Тақырыбы :32. 3 Бүйрек қабыну ауруларының УДЗ диагностикасы
Орындаған: Алимбаева Н. А
Алимкулова А. М.
Емдеу ісі-0500201
Тексерген: Усимбаева К
Алматы-2010
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Ж. Асфендяров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра: № 3- ішкі аурлар кафедрасы
Цикл: Нефрология
СӨЖ
Тақырыбы : 35. 3 Перитонеалды диализ. Көрсеткіштер. Варианттары және әдістемелері, асқынуы.
Орындаған: Алимбаева Н. А
Алимкулова А. М.
Емдеу ісі-0500201
Тексерген: Усимбаева К
Алматы-2010
Бүйрек УДЗ- бүйректің әртүрлі ауруларын диагностикалаудың негізгі әдісі. Бүйрек УДЗ арқылы бүйрек ті және жанындағы тіннің құрылымын, бүйрек қантамырларын бақылаға мүмкіндік береді.
Адамның қалыпты өмір сүруі үшін бүйрек функциясының маңызы жоғары. Бүйректегі ақаулардың орналусуын және сипатын анықтауға немесе жоққа шығаруға бүйрек УДЗ маңызы жоғары.
Зәр шығару жүйесіндегі диагностиканың негізгісі- бүйрек УДЗ.
Бүйрек УДЗ мына белгілер пайда болғанда жүргізу керек:
- беттегі ісіну белгісі
- дене салмағын жоғалту
- бел аймағындағы, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі
- зәр шығару жиілеуі
- тұнықтығы өзгеруі, түсінің өзгеруі
Бұл диагностика әдісі қауіпсіз және ауру сезімсіз болады. Бүйрек УДЗ жатқан қалыпта немесе тұрған қалыпты да жүргізуге болады.
Бүйрек УДЗ жүргізуге көрсеткіш
- Зәрдің клиникалық талдауының өзгерісі
- Бел аймағындағы ауру сезімі
- Гинекологиялық аурулар
- Бүйректік ұстамалар
- Бүйректің әртүрлі жарақаты
- Бүйрек ісіктерін диагностикалау
- трансплантацияланған бүйректі бақылау
- Жедел және созылмалы бүйрек қабыну аурулары
- Жиі қан қысымы көтерілуі
- Әртүрлі аймақ ісінулері
- Профилактикалық диспансерлік бақылау;
Бүйрек УДз арқылы мыналарды анықтауға болады:
Орналасуы, формасы және бүйрек контурын; Бүйрек құрылымын; Бүйректің ісіктік емес аурулары, киста; Зәр-тас ауруы және оның асқынулары; Бүйректің қатерлі ісіктері; Бүйректің қатерсіз ісіктері;
Бүйректің және несепағардың даму аномалиялары; Бүйрек паренхимасының диффузды ауруы.
Науқасты бүйрек УДЗ дайындау
Бүйрек УДЗ арнайы дайындықты қажет етпейді. Тексерістің алдында 100 мл-ден артық сұйықтық ішуге, зәр айдағыш препараттар қабылдауға болмайды. Метеоризм болатын болса, талшықты клетчаткасы бар тағамды, сүт және нан жеуге тиым салады.
Бүйректің қабыну аурулары кезінде УДЗ оның деструктивтік және обструкциялық формасын анықтьауға көмектеседі. Бағалы зерттеу түрі созылмалы және жедел зәр ағуының бұзылуын эхографиялық зерттеу түрі.
Біріншілік жедел (обстрктивті емес) пиелонефриттің бастапқы кезінде, УДЗ-да қалыпты көрініс болады.
Екіншілік (обстрктивті) пиелонефрит кезінде тек обструктивті көрініс болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz