Саяси процеске қатысу түрлері



1. Саяси процеске қатысу түрлері
2. Саяси процеске қатысу
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.
Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.
Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.
Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйымдастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды.
Сайлаушылар өз таңдауын жан-жақты ойланып, саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат-мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластырғаны жөн.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Саяси процеске қатысу түрлері
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.
Өкілдік органдар аркылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі -- институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі -- сайлауға қатынасу. Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4 -- 6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.
Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.
Сайлау процесі сайлау округінде жүргізіледі. Елдің, республиканың, штаттың аумағы округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір немесе бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сайлаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.
Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйымдастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды.
Сайлаушылар өз таңдауын жан-жақты ойланып, саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат-мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластырғаны жөн.
Демократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын партиялардың мүмкіншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі. Теледидарды, радионы, ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануға жағдайлары келеді. Ал кішігірім партиялардың ондай мүмкіншілігі аз келеді. Сондықтан мемлекет сайлау науқаны шығынының біраз бөлігін өз мойнына алады. Сонымен қатар жеке адамдар мен ұйымдарға, сайлау алдындағы қорға қайырымдылық көрсетудің мөлшері және үміткерлердің өз қаржысынан қанша жұмсай алатын шамасы белгіленеді.
Сайлау алдындағы үгіт сайлау болар күннен бір күн бұрын тоқтатылады. Ол сайлаушыларға өз ойын тағы да бір тексеріп, саралап шығуға мүмкіндік береді.
Сайлау жасырын дауыспен беріледі. Сайлаушының бюллетеньді қалай толтырып жатқанын ешкімнің бақылауға қақысы жоқ. Кейбір елдерде сайлау нәтижесін бұрмалауға жол бермеу үшін арнаулы дауыс беру машинасын пайдаланады.
Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін -- референдум. Бұл -- заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу. Мысалы, онда конституция қабылдау немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халыкаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді парламент немесе үкімет бастығы қояды.
Референдум жеке аймақта не округте өтуі мүмкін. Онда жергілікті жердің мәселесі қаралады. Мысалы, қалалық бюджетке түсетін қосымша салық кіргізу, жаңа зауыт, фабрика, комбинатты салу немесе ондайдың ескісін жабу, үлкен магистральдық жол тарту және т.б. сияқты мәселелерге халықтың пікірін біледі. Мұндай тәсіл АҚШ-та, Швейцарияда кең таралған.
Референдумға дайындық барысында жаңа сайлау округтері құрылмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ САЯСИ БЕЙІМДЕЛУ
Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар
Сайлау жүйесінің түсінігі
Саяси процесс туралы
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Саяси процесстің адам өмірінде алатын орны
Этно әлеуметтану
Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Сотта өкілдік ету ұғымы
Пәндер