СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов 1900 жылғы 22 апрельде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Сәбит Мұқанов атындағы совхозда кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

Ата-анасынан жастай жетім қалып, Октябрь революциясына дейін ауыл байлары мен деревня кулактарында жалшылықта болды. Ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап алып, мақамдап айтып үйренді. 14-15 жасынан өлең-жырды өзі ауызша қиыстырып та, жазып та шығара бастады. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында оқиды. Бітіргеннен кейін, біраз уақыт мұғалім болды. 1919-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарды: ел арасында астық жинау жұмысын (продразверстка) жүргізді, кулактардың бүліншілігін басу үшін құрылған коммунистік төтенше әскери бөлімнің қатарында жауынгер, Ақмола ГІІУ-інің Көкшетау облысындағы оперативтік уәкілі және партияның Ақмола губерпиялық комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны 1926 жылы бітірді. 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарды: «Еңбекші қазақ» газетінің бөлім бастығы, Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы болды. 1928 жылы Ленинград университетініц филология факультетінде оқыды. Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне 1933 жылы түсіп, оны 1935 жылы бітірді. 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының председателі, 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында профессор, 1943-1951 жылдары тағы да Қазақстан Жазушылар одағының председателі болған.

Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері 1922 жылдан бастап жариялана бастады. 1926-1927 жылдары үш жинағы шықты: «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрь өткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрді. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы, т. б. туындылары жарияланды. Бұл романды, едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайтадан бастырып шығарды.

30-жылдарда «Жұмбақ жалау» романын жазды. Роман СССР халықтарының көптеген тілдеріне және бірқатар шетел тілдеріне аударылып басылды. Романға негізделіп пьеса жасалып, Қазақстан театрларының сахнасына шығып, кинофильм түсірілді.

Сәбит Мұқанов творчествосының ішінде дербес тұратын шығарма - «Өмір мектебі» трилогиясы.

Сәбит Мұқанов ұзақ жылдар бойы қазақтың XIX ғасырдағы ойшыл-демократы, ағартушы-ғалымы, Шоқан Уалихановтың өмірі мен творчествосын терең зерттеумен болды. Ал, осы жөніндегі творчестволық мақсатын жүзеге асыру талабымен Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сондағы өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді.

Омбының, Ленинградтың архивтерінде, кітапханаларында больш, Шоқан өміріне қатысты материалдарды жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пъесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды. Шоқан өміріне негіздеп, «Аққан жұлдыз» романын жазьш, оның екі кітабын шығарды. Жазушының жоспарынша 4 том болуға тиіс бұл роман аяқталмай қалды.

Ол 200-ден астам әдеби-сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, қазақтың батырлық және ғашықтық жырларын, айтыстарын зерттеді.

XVIII-XIX және XX ғасырлардағы эдебиет тарихы және ағартушы-демократтар творчествосы туралы зерттеу еңбектер жазды, оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» (Тарих және этнографиялық шолу) атты кітабы - қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы, т. б. туралы жазылған зерттеу.

Сәбит Мұқанов - халық жазушысы. 1920 жылдан КПСС мүшесі. Ол 1956-1966 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Әлденеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. СССР Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды. Абай атындағы республикалық Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Ол екі рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен наградталды.

Сәбит Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов
Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ЖАЗУШЫНЫҢ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
Хаббас Тоғжановтың саяси өмірі мен қызметі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz