Жер — қазына, су — алтын


Жер - қазына, су - алтын.

Жер дауы - қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарындағы жерге меншік құқығының бұзылуынан туатын дау.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жер тұтас елдікі, халықтікі болып саналды және мемлекеттік нышан қызметін атқарды, оның бүтіндігі саяси дербестіктің белгісі болды. Сондықтан жер тек қоныс және көші-қон нысаны ретінде ғана құқықтық айналымға түсті. Мұрагерлік жолмен келе жатқан және түрлі саяси оқиғалардан соңғы (жаугершілік, шапқыншылық, т. б. ) жерді бөлісу немесе қайта бөлісу хан жарлығымен жүзеге асып, билер мен рубасы ақсақалдар кеңесі шешімі арқылы белгіленді. Жер дауының реттелуі көшпелі қоғамда ғана емес, отырықшы, жартылай отырықшы қауымдар үшін де қажет болды. Осы реттерде және күнделікті тұрмыста туындайтын жер-су, көші-қонға байланысты күрделі дау-жанжалдарды шешу ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарымен қатаң түрде атқарылып отырды. Жер дауының дұрыс шешілмеуі руаралық араздықтың өршуіне, ел бірлігінің бұзылуына апарып соқты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” деген атпен белгілі заңдар жүйесінде, Тәуке ханның тұсындағы “Жеті жарғыда” және өзге де бұрыннан қалыптасқан қағидаларда жер дауын шешудің барынша тиімді жолдары қарастырылды. Дауды қарау шарттары мен тәртіптері айқындалды. Бұл тұрғыда өзен, көл, жол, арықтар жеке меншікке жатпайтын көпшілік мүлкі болып саналды. Дау кезінде дауласушы екі жақ та куәлар әкелуі және дауланған жердің өз меншігіне жататындығын дәлелдейтін белгілерін айтуға немесе көрсетуге тиісті болды. Ол дәлелдемелерге: ата-баба қорымы, қазылған құдық, арық, соғылған бөгет, егілген ағаш, салынған үй тәрізді меншікті жердің шекаралық аумағын айқындайтын бұрыннан келе жатқан қозғалмайтын белгілер қабылданды. Осы аталған белгі-мұралардың біреуі талапкердің ата-бабасының не туған-туысқанының еңбегімен жасалғаны, онда бұрын қоныстанғаны анықталса, талап етуші иемденушіден ол жерді қайтарып алу құқына ие болды. Ол жерден соңғы иеленуші алып кете алмайтын оның меншігіндегі қозғалмайтын мүліктердің (ғимарат, бау-бақша, т. б. ) құны дауға бейтарап үш кісінің кесімі бойынша анықталып, талапкердің мойнына салынды. Бірақ жерді қайтарып алуға дауласқан кезде және онан кейін салынған қозғалмайтын мүліктер әдейі істелінген деп саналып, жауапкер еңбегіне өтемақы төленбеген. Дауласушы екі жақтың куәлары мен айғақтары теңдей болып, дау тұйыққа тірелетіндей жағдайда, билік айтушы билердің ұсынысымен “ант ішу” рәсімі орындалған. Сөзі мен айғағының растығына “ант ішкен” жақтың талабы қанағаттандырылған. Жер дауы кезінде жалған ант ішіп, өтірік сөйлеуге екі жақ та бара алмайтын, өйткені кейін әшкере болған жағдайда ұрпаққа кететін “ант ұрған” деген аттан намыстанып, тұқымға таңба қалдырудан қорықты. Бұл, бір жағынан, қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі антқа беріктік пен сөзге тоқтаудың көрінісі еді. Қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланғаннан бастап, қазақ халқы бұрыннан келе жатқан көші-қон дәстүрін өзгертуге мәжбүр болды, әйтсе де Кеңес үкіметі орнағанға дейін жер дауын шешудің дәстүрлі үлгілері ішінара сақталды. Қазіргі кезеңде жер дауына қатысты барлық мәселелер Қазақстанның азаматтық заңдарына сәйкес реттеледі, оның ішінде “Жер туралы” заңның (30. 1. 2001) “Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқы және жерге өзге де құқықтар” бөлімінде жер меншігіне қатысты барлық мәселелер қамтылған. [1]

Жердің дауы қай кезде де оңай шешіле салатын түйін болмаған. Ал қазір ол тіпті ушығып тұр. Бұған әртүрлі объективті-субъективті себептер әсер етуде. Ата Заңымызда қоғам өмірінің дамуының негізгі діңгегі екені атап көрсетілген жер және жер секілді басқа да табиғи байлықтардың дұрыс бөлінуі мен оң пайдаланылуы жайын тексеріп, осыған байланысты нақты шаралар қабылдауда соңғы кездері Қызылорда облыстық прокуратурасының қызметкерлері ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Еліміздің жер туралы заңнамасында жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың нормалық талаптары белгіленіп, оның табиғи нысан мен табиғи ресурс және барлық қоғам үшін әлеуметтік, өндірістік үдерістердің ажырамас бөлігі ретіндегі ерекшеліктері ескерілген.

Бүгінде облыстың жер көлемі 24 млн. га құрайды. Мұның 12 млн. гектары, яғни 50 пайызы босалқы жерлер болса, тағы 6, 5 млн. гектарын, яғни 27 пайызын орман қоры құрайды. Мұның сыртында 2, 4 млн. гектар (10%) алқап ауылшаруашылық мақсатындағы жер саналса, қалған 2, 2 млн. гектары (9%) су қорының, 0, 7 млн. гектары (3%) елді мекендер жерлері болып табылады. Облыс прокуроры келтірген тағы бір дерек бойынша білгеніміз, біздің еліміздің бір тұрғынына шаққанда 17 гектардан жер телімі келеді екен. Мұның ішінде әрбір тұрғынды 1, 5 гектар егістік жерімен қамтамасыз етуге болады. Бұл - Австралия мен Канададан кейінгі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында - 40 000, Арал ауданында - 3 114, Қазалы ауданында - 4 486, Қармақшы ауданында - 898, Жалағаш ауданында - 1 451, Сырдария ауданында - 286, Шиелі ауданында - 5 835, Жаңақорған ауданында 313 адам жердің кезегінде тұр. «Былайша айтқанда, бүгінгі күнге облыстың 50 мыңға жуық тұрғыны немесе өңір халқының 7, 6 пайызы өздері сұраған жермен қамтылмаған, - дейді бұдан әрі Сапарбек Айтуұлы. - Облыс аумағындағы 3 қала, 11 кент, 131 ауылдық округтердің құрылыс жобалары немесе толықтай егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әлі жоқ, яғни Қазақстан Республикасының Жер кодексі 44-бабының талаптары сақталмаған».

Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметіне сәйкес, Қызылорда қаласын дамыту мақсатында 2010-2013 жылдары 1809 га. жердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге 140, 7 млн. теңге қаржы бөлінген екен. Ал «Сырдария өзенінің сол жағалауы» аумағының жоспарын әзірлеуге 2014 жылға 1532 гектар үшін 107, 1 млн. теңге қаралғанымен, ол әлі күнге дейін дайын болмай отыр.

Прокурордың айтуынша, жер телімдерінің егжей-тегжейлі жоспарында көрсетілген мақсаттарға қайшы келетін деректер де тыйылмауда. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша «Урбастиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 36 863 100 теңгеге жалпы аумағы 500 га. болатын «Астана» шағын ауданының жоспарлау жобасын орындаған. Оны облыстық әкімдік 2010 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен бекіткен. Бірақ, соған қарамастан, 2011 жылдан бері бұл аумақтағы жоспарлау жобасында көзделген мақсаттарға қайшы келетін жер телімдерін табыстау жұмыстары әлі жалғасып келеді. Айталық, «СМПК-70» тұрғын үй ауданында мұндай 37 дерек орын алса, «Ипподром» маңында 27 жағдай тіркелген. Сондай-ақ, бірінші кезекте құрылыс салу жоспарланған жер учаскелерінде, соның ішінде көпқабатты тұрғын үй орналасатын аудандарда 2 жер телімі табысталып кеткен.

Тексеру барысында Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарайтын Ақсуат ауылдық округінде жер учаскелерін сұраған 200-ге жуық азаматтың өтініштері негізсіз есепке алынбағаны белгілі болған. Сол сияқты қалалық жер комиссиясының оң қорытындысы қабылданған 7 мыңға жуық азаматқа жер учаскелерін табыстау жөніндегі құқықтық актілері әлі қабылданбаған. Бұған басты себеп - Қызылорда қаласы мен оған қарасты елді мекендерде инфрақұрылымы дайын бос алаңдар жоқ. Әзірге облыс орталығы жанынан 980 гектар жер учаскесі дайындалу үстінде. Ал қалған аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін табыс етілетін жер учаскелерінің бос алаңдары дайын емес.

Облыс көлемінде бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімі және жер учаскесін алған азаматтардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тізімі мен ақпараты арнайы стенділерге немесе бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланбаған. Сөйтіп, Кодекстің 43-44-баптары талаптарындағы ашықтық қағидаттары сақталмаған. Бұдан бөлек, жер учаскесінің аукционсыз заңды тұлғаға табыс етілу дерегі де шықты. Бұған қоса, жер учаскесінің сатып алу қаржысын төлемей, үшінші тұлғаға жер учаскесін беру мақсатында жер учаскесіне меншік құқығын беретін актісін қайталап жасау, кезексіз жер учаскесін табыстау мақсатында әкімдік актісінің қосымшасындағы азаматтар тізіміне заңсыз өзгерістер енгізу секілді сипаттардағы қылмыстар да әшкереленген.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ауылшаруашылық жерлеріне инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға беру және тиімді жер нарығын құру маңыздылығы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жою қажеттілігі атап өтілген болатын. Өкінішке орай, аймақта бұл салада да жіберілген кемшіліктер жетерлік. Айталық, облыс көлемінде 140 жер пайдаланушыға берілген бүлінген жерлерді қалпына келтірудің жобасы әзірленбей қалған. Соның салдарынан ауылшаруашылық мақсатындағы 38 753 га. жер учаскелері заңсыз беріліп кеткен. Сондай-ақ, 16 жер пайдаланушының уақытша иелігіндегі 3 607 га. жер учаскесінің пайдалану мерзімі аяқталғанына қарамастан, мемлекетке қайтарылмаған.

Тексеру барысында тәртіп бұзушылықтың мынадай жолдары да ашылды. Жергілікті атқарушы органдары тарапынан жеке меншікке немесе пайдалану құқығы табысталған жер учаскелерінің сатып алу қаржысы, оның тұрақсыздық айыптары, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің шығасылары төленбейтіні, тиісінше оған мәжбүрлеп өндіру шаралары жасалмай, мемлекеттік мүдделері қорғалмайтыны белгілі болды. Анықтап айтқанда, 2009-2013 жылдар аралығында ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдерін пайдаланғаны үшін 48 заңды тұлға 384 млн. теңге көлеміндегі ауыл-шаруашылық шығасыларын, 90 млн. теңге жер телімін сатып алу қаржысын төлемеген. Ал жергілікті атқарушы органдар оны өндіру үшін титтей де шара қарастырмаған.

Облыста «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның талаптары да бұлжытпай орындала бермейді. Оған мұнда күні бүгінге дейін құрылыс салу ережесінің бекітілмегені тікелей себеп болып отыр. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, құрылыстар құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылмайды, олардың көбі қызыл сызық бойында салынуға дейін жеткен. Жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертпей пайдалану, кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін, тіпті жер қойнауын пайдалану үшін де жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжатын әзірлемей пайдалану деректері анықталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көш бастаған кәсіпорын
Қазынашылықты ұйымдастыру және оның бюджеттің орындалуындағы рөлі
Таңғажайып жеті саны
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сандар
Әлем халықтарындағы жеті саны
Тауар өндірісінің типтері
Сарыағаш кәсіпорны жағдайында минералды су өндіріснің технологиялық үрдісін автоматтандыру тақырыбындағы дипломалды практика есебі
Оқушыларға ұлттық тәрбиені берудегі халықтық тәрбиенің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz