Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Кіріспе
Негізгі бөлім
I.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үдерісінде мектеп оқушыларында өз бетімен оқу дағдыларының дамуы
2.1.Өздік жұмыстың анықтамасы
2.2.Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
2.3.Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары
II.Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс әрекеті
3.1.Озат мұғалімдердің іс тәжірибелерімен оқушыларды өздік жұмысты жасауға үйрету жолдары
3.2.Оқушыларда өздігінше жұмысты ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі
Қорытынды

«Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.
А.Байтұрсынов.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман – Мұғалім.
Ұстаз деп те, оқытушы, тәлімгер, мастер, педагог деп те атауға болатын адам – арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға.
Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы – бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесін таппайсың.Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі.
Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г.Г. Воробьев «Школа будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен.
Негізінен, ол талаптарды С.Б.Елканов үш топқа бөліп көрсетеді:
1. Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі (педагогикалық мораль).
2. Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.
3. Педагогикалық технологияны игеру.
Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.
Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды қамтиды: тәрбие жұмыстарын, оқыту процесін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік позициясы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық моральды, тактіні сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік позициясы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, 3
шығармашылық-жаңашылдық көзқарас, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б.) айқындалады.

1.«Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудағы ролі»
2.Бастауыш білім № 2005. 22-бет
3.Ш.Қ.Құрманалина «Педагогика» оқулығы
4.Әбенбаев «Педагогика»оқулығы
5.«Математикадан оқушылардың білімін бақылау» Г.Жолтаева, Г.Алмабекова
6.«Оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету жолдары» З.Мінайдарова «Математика және физика»№4 2005.8-10бет
7.«Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі» Ә.Мүслімов \Ұлт тағылымы №2 2002. 37-39бет
8.«Өзіндік жұмыс оқу іс әрекетінің негізгі формасы» И.А.Зимняя «Педагогикалық- психология»
9.«Жекелеп оқыту оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы мен әдістемесі»\Ұлт тағылымы №3 2005.75-бет
10.«Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру»\\Бастауыш мектеп № 5.2001-14-15-бет
11.«Өзіндік жұмыстардың маңызы зор»Қазақстан мектебі №3 2004.18-бет
12.Сайт: massaget.kz
Bilimdiler.kz
Ustaz.kz

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
I.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үдерісінде мектеп оқушыларында өз бетімен оқу дағдыларының дамуы
2.1.Өздік жұмыстың анықтамасы 4
2.2.Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 11
2.3.Өздік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары 12
II.Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс әрекеті
3.1.Озат мұғалімдердің іс тәжірибелерімен оқушыларды өздік жұмысты жасауға үйрету жолдары 14
3.2.Оқушыларда өздігінше жұмысты ұйымдастырудағы
мұғалімнің рөлі 15
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.
А.Байтұрсынов.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман - Мұғалім.
Ұстаз деп те, оқытушы, тәлімгер, мастер, педагог деп те атауға болатын адам - арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға.
Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы - бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесін таппайсың.Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі.
Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г.Г. Воробьев Школа будущего начинается сегодня деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен.
Негізінен, ол талаптарды С.Б.Елканов үш топқа бөліп көрсетеді:
1. Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі (педагогикалық мораль).
2. Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.
3. Педагогикалық технологияны игеру.
Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.
Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды қамтиды: тәрбие жұмыстарын, оқыту процесін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік позициясы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық моральды, тактіні сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік позициясы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, 3
шығармашылық-жаңашылдық көзқарас, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б.) айқындалады.
Мектеп оқушыларының жалпы іс-әрекет ретінде қарастырылатын өзіндік жұмысы көпқырлы, көпфункционалды құбылыс болып табылады. Ол тек оқу ғана емес, сондай-ақ тұлғалық және қоғамдық мәнге ие. Жалпы мойындау бойынша күрделі және көпмәнді бола отырып, өзіндік жұмыс терминологиялық тұрғыдан әлі анықталмаған, бірақ оның мазмұны барлық зерттеушілер және оқыту практиктері тарапынан біржақты түрде оқушының мақсатты, белсенді және салыстырмалы еркін іс-әрекеті мағынасында түсіндіріледі. Іс-әрекеттік анықтауда өзіндік жұмыс - бұл мектеп оқушысының өзінің ішкі танымдық түрткілерінің күшіне сай, оның көзқарасы бойынша неғұрлым ыңғайлы, ұтымды уақытта ұйымдастырылатын процесс кезінде өзі қадағалап отыратын және оны іс-әрекет нәтижесі бойынша мұғалім тарапынан мектептен тыс жанама жүйелік басқару негізінде қадағаланатын жұмыс.
Зерттеу нысаны-педагогика пәнінде өзіндік жұмысты оқыту процесінің әдісі.
Пәндік зерттеу- өзіндік жұмысты жүргізу барысында мұғалімдердің біліктілігін қалыптастыру проблемалары.
Курстық жұмыстың мақсаты - оқыту процесінде өзбетіндік жұмысты мұғалімнің біліктілігі арқылы қалыптастыра отырып,оқушылардың дағдыларын дамыту.
Ғылыми жұмыстың болжамы - егер әрбір сабақта оқытушылардың шеберлігі артса,онда әрбір сабақ жүйелі маңызға ие деп есептейміз. Өзбетіндік жұыстарды ұйымдастыра отырып,оқушы өзіндік оқу дағдысына ие болады.
Зерттеу міндеттері:Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үдерісінде мектеп оқушыларында өз бетімен оқу дағдыларының дамуын әдістемелік тұрғыда жүйесін қалыптастырып,дамыту принциптерін зерттеп,анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,екі тараудан,қоырытындыдан,пайдаланылға н әдебиеттер тізімінен тұрады.
4
I.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үдерісінде мектеп оқушыларында өз бетімен оқу дағдыларының дамуы
2.1.Өздік жұмыстың анықтамасы
Өздік жұмыс- сабақ үстінде алған білімді мұғалімнің көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.
Өзіндік жұмыстың педагогикалық психологиялық түсініктемелері бірнеше бөлікке бөлінеді:біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалім тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оның оқушыларда оқу пәнін жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.
Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс - үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни мұғалімнің келесі сабаққа дайындау сыныпта үйге берген тапсырмаларын орындау. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай бұл оқушының қандайда бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.
Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысымен байланысты өз-өзіне білім беру формасы.
Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психологиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бірқатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру (А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы терминдерінде), осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.
5
Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс, немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлі түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).
Өздік жұмыстың тиімділігі:
-зерттелетін тақырыптың,қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді тереңдетуге
-өз пікірін айтып,оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады.
-теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды.
Өзіндік жұмыстың алғышарттары мынадай:
1.Мұғалім тарапынан тапсырманың мәні,мақсат міндеті түсіндіріледі;
2.Оқушыға қалай орындауы керектігі туралы бағыт бағдар беріледі;
3.Нақты нұсқаулар беріледі;
4.Күрделі мәселелер туралы қосымша ақпарат беріледі;
5.Қажет болғанда дайын үлгімен таныстырады;
6.Талапқа сай орындалған жұмыстар үшін ынталандыру шаралары ұйымдастырылады;
Өзіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы
Өзіндік жұмысқа оқытудың арнайы бағдарламасы төмендегілерді қамту керек:
* үйренушілердің мектепте, жоғары оқу орнында алған білімдер жиынтығын тереңдетуде, кеңейтуде өз танымдық қажеттіліктерін диагностикалауы;
* өздерінің интеллектуалдық, тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, соның ішінде оқу орнында оқуынан тыс уақытын объективті бағалау;
* өзіндік жұмыстың мақсатын анықтау - жақын немесе алыс мақсатын, яғни ол танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін немесе, мысалы, оқуды жалғастыру үшін керек деген сұраққа жауап;
* үйренушінің зерттеу объектін немесе осы таңдаудың өзі үшін дәйектемесін өз бетімен еркін таңдауы (осындай таңдау негізінде, мысалы шет тілін оқуда, Англия тарихын, Германияның поэзиясын, музыкасын, Францияның өнерін және т.б. таңдау болуы мүмкін); 6
нақты жоспарды, өзіндік жұмыстың қысқа және ұзақмерзімді бағдарламасын жетілдіру. Егер, сабақ кезіндегі ұстазбен жұмыс осындай бағдарлама құруға үлгі болса, өте тамаша болар еді;
өзін-өзі бақылау формасы мен уақытын анықтау. Бақылау формасы ретінде оқушы біреуге керек (сызба, жоба, аударма, реферат және т.б.), яғни жұмыс нәтижесі өзі үшін, өзгелер үшін тұлғалық мәнді жұмысты таңдап алғаны өте орынды болар еді.
Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.
Бұл жеке, топтық және түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі.
1.Топпен өздік жұмыс жүргізілгенде, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысы болады-үлгерімі жақсы оқушылар. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектеседі. Әр топ келесі топқа өз сұрақтарын қояды. Мұнда оқушылар өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер дайындап әкеледі.
2.Оқушыларға өздік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар жасауды тапсыруға болады.
3.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасап, қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беремін. Оқушы өз қатесін тауып алады.
4.Сәйкестік тест жүргізгенде, әр оқушыға жеке карточка жасап таратылып, тексеріледі.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай: 1)оқыту; 2)жаттықтыру; 3)бекіту; 4)қайталау; 5)дамыту; 6)шығармашылық, яғни іздену мақсатына; 7)бақылау мақсатында;
1.Оқыту мақсатындағы өз бетімен жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты-жаңа материалға қызығушылығын дамыту, оқытушы нені түсіндіріп жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару. Осы жерде бірден не түсініксіз екені анықталады, яғни өтіліп жатқан тақырып бойынша ереже, қасиеттерге мысалдар келтіру арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Логарифмдер және оның қасиеттерінтақырыбын түсіндіріп болғаннан кейін мынадай тапсырмалар беруге болады. а) Логарифм қасиеттеріне 2-3мысал келтір.
2. Жаттығу мақсатындағы өз бетімен жұмысқа арналған тансырмалар бір текті болады, яғни түсіндіріліп берілген анықтама, ережелерге сәйкес қасиеттерді, белгілерді қорытып шығару. Бұл көбіне геометрияда қолданылады. Мұндай жұмыс кезінде оқытушының көмегі қажет болады немесе оқулық, дәптер-таблицаларды қарауға рұхсат беріледі.Осындай өз бетімен жұмысқа тапсырмалар әр түрлі деңгейде карточкалар немесе дидактикалық материалдар арқылы беріледі. ( 7-8 сыныптар дидактикалық жаттығу)
7
3. Бекіту мақсатындағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі теоремалар мен ережелерді араластыра отырып ( комбинированного) қолдануда талап етеді. 7
4. Шығармашылық мақсаттағы өз бетімен жұмыс өте жоғарғы деңгейде жүргізіледі; бұл оқушылардың үлкен қызығушылығын арттырады. Мұндай тапсырмаларға шығарылған есептің II-ші; III-ші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір теоремалардың дәлелдемесін басқа тәсілдерімен табу тапсырылады. ( Пифагор теоремасы).
5. Қайталау мақсатындағы өз бетімен жұмысты оқытушы жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргізеді, яғни оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтіретін сұрақтар болса анықтауға көмектеседі.
6. Дамыту мақсатындағы өз бетімен жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға дайындау, ғылыми-конференция т. с. с.
Өзіндік жұмысқа оқыту
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, орта және жоғары сынып оқушыларын, студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, оқушылардың ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспекттердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін:
мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру; оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалармен динамикалық оқу) және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері); есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, бірліктерін бөлуге сүйенетін; қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау; емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, қиын ауызша және жазбаша тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру,
8
еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы және т.б.) тәсілдері
Өзіндік жұмыстар, негізінен оқушыларға берілетін сабақты түсіндіру, қайталау кезеңдерінен гөрі жаңа сабақты пысықтау барысында және қорытып қайталау сабақтарында атқарылғаны дұрыс деп ойлаймын.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолдарын атауға болады:
· негізгі білімді игеруде
· өткен материалды бекітуде
· техникалық құралдармен жұмыстарды ұйымдастыруда
· ақпараттық технологияны қолдану барысында
· интерактивтік тақтамен жұмыс жасатуда
· картамен жұмыс жасатуда;
Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін алып білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап деген сияқты, есте сақтау қабілетін де жақсартады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, презентация, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Мысалы, реферат жазу оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеп қоймай, сонымен қатар ғылыми кітаптармен , арнаулы құжаттармен, ғалым зерттеушілердің еңбектерімен танысуға, оқуға деген , ізденіске деген қажеттілік құштарлығын туғызады. Оқушыны жұрт алдында сөйлеуге дағдыландырады. Реферат жазу жұмысы , ең алдымен ,таңдаған тақырыпқа байланысты кітаптарды оқып қараудан басталады. Өзіндік жұмыстың бір түріне конспект те жатады. Қазақ әдебиетінде жекелеген пікірлер мен үзінділердің айырмашылығын, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын конспектілеу . Кейбір мәтіннің мазмұнын , тарауларын қысқаша өз беттерімен конспектілейді.
Ақпараттық технологияларды қолдану.
Қазіргі қоғамда бала үшін кітаптың маңызы қандай болса, копьютер де бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану. Оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы кез келген тақырыпты түрлі көрнекіліктер арқылы көріп, біліп дәлелдей отырып түсіндіруге болады. Ал электрондық оқулық пен оқыту нәтижесінде оқушы тақырыпты жан-жақты, терең түсінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың жекелеген (саралап оқыту) және топтасқан түрлері (топпен немесе ұжымдық) бар.
Саралап оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылды. Саралап оқыту технологиясындағы оқу үрдісінде келесі мақсаттарды
көздеуге болады:
· оқушыға сенімділік білдіру
· пәнге қызығуын арттыру
9
· оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамыту
· өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу;
Саралап оқытуға байланысты келесідей тапсырмаларды қолдануға болады.
1 - тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап алу.
2 - тапсырма. Тест тапсырмасын орындату.
3 - тапсырма. Жаттығу мен тапсырмалар орындату.
4 - тапсырма. Компьютер арқылы сынақ, емтихан алу
Саралап оқытудың маңызы келесідей.
1. Білім игерудің үш деңгейі қарастырылады: төменгі, бағдарламалы, күрделі.
2. Әр оқушыға білім алу үшін жағдай жасап, мүмкіндік береді.
3. Балалардың барлығына бірдей көңіл бөліп, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызметін дамытатын жаңа технологияны қолданудың бір жолы топпен немесе ұжымдық жұмыс болып табылады. Мысалы: Оқушыларды 4 топқа бөліп, түрлі тапсырмаларды орындатуға болады. Тапсырмаларды орындатудың бірнеше жолы бар.
· Түрлі сұрақтар арқылы тақырыпқа қызығуды ояту.
· Сөздік, энциклопедия, газет-материалдарымен жұмыс.
· Оқулық, қосымша кітаптармен жұмыс.
· Аудиотаспа, бейнетаспа және интерактивтік тақтамен жұмыс.
· Еліміздің тарихын, байлығын, табиғатын, салт-дәстүрін білу, оны қорғауға дайын екендіктерін білу.
Оқушының өздігінен білім алу жұмысы тек өзінің білімін толықтыру, өзін-өзі жетілдіру міндетімен шектелмейді, өздігінен жұмыс жасап жүрген оқушылар басқаларға білім беруіне, олардың білім алмасуына дағдыландырады. Өзіндік жұмыста басты мақсат - оқушыларды саналақ, белсенділік, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары, болашағы бар азамат дайындау. Оқушының өзіндік жұмысын өз дәрежесінде және уақытында жүргізу немесе ұйымдастыру - дара тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
10
2.2.Өздік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет - журналдармен, интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып, құрастырылуына байланысты болады.

Өздік жұмыстар ұйымдастырылуда мынадай талаптар орындалуы қажет:
1. Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.
3. Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек.
4. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
Өздік жұмыстарды жеке оқушымен, топтарға бөлу арқылы, барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады.
Өздік жұмыстардың түрлері: оқулықпен жұмыс, әр түрлі жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тәжірибелер, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, рефераттар, баяндамалар, ғылыми жоба т. б.
11
2.3.Өздік жұмысты оқытуда сыныптан тыс жұмыстың салыстырмалы сипаттамалары
Енді өзіндік жұмыстың өзгешелігін сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудығы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.
Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты ақпараттық вакуум негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілікті пайда болуна алғышарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мұғалімі былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі күнгі жастар ағылшын тілін үйренемін десе, менің кеңесімді және қолда бар әдебиеттерді пайдалана алады).Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан ажырататын ерекшелігі оның негізінде әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі сондай-ақ, өзіндік жұмыстың іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан бастаған шахматшының өз бетінше шахмат партиясын талдауы бола алады. Әрине, мұндай өзіндік жұмыспен бәрі айналысады деп үміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар үшін жағдай мен алғышарт тудыру сөздің тура мағынасында дамыта оқудың көрінісі болып табылады.Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету тура пән аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа да қатысты. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz