Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары



Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Коммерциялық банктердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің Коммерциялық банктер туралы
пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

II. Коммерциялық банктердің операциялары.
2.1 Коммерциялық банктердің операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Банктердің пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Банктердің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары
3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2 Қолма.қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу ... ... ... .26
3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтар шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001
2. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2004
3. Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы», Алматы, 2007
4. Ілияс А.Ә. «Төлем жүйесі: теория және практикасы», Алматы, 2007
5. Айқын газеті 26.09.2006 [1]
6. С. С. Сахариев, А. С. Сахариева. «Әлем экономикасы», Астана, 2005
7. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары», Алматы,2000
8. Хамитов Н.Н. «Банк ісі», Алматы, 2006
9. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Алматы, 2007
10. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика», Алматы, 2003
11. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ч.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2004
12. Әубәкіров Я.,Есқалиев М., «Экономика теория негіздері», Алматы, 2004
13. Мәуленова А.«Экономикалық теория»,Алматы, 2004
14. Шөлейбай Б. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент», Алматы, 2005
15. Сахариев Б. «кономикалық теория негіздері», Алматы, 2004
16. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы, 2005
17. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.С. «Қаржы есебі», Алматы, 1998
18. Алдаберген Ә. «Банк жүйесінің тұрақтылығы – экономикалық дамудың кепілі» Егемен Қазақстан, 2004 ж 11- қараша.
19. Джемпеисова Г. И., Даулетханова Ж. Д. «Банк ісі», Өскемен, 2006
20. Мыржақыпова С.Т., Нұрғалиева А.М., Қ.Е.Сақыпова. «Банктік қадағалау және аудит», Алматы, 2001

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен
операциялары
Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
1.1 Коммерциялық банктердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Коммерциялық банктердің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің Коммерциялық банктер туралы
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II. Коммерциялық банктердің операциялары.
2.1 Коммерциялық банктердің
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Банктердің пассивтік
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Банктердің активтік
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары
3.1 Экономиканы және халықты
несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу ... ... ... .26
3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ...2 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32

Кіріспе
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктірілген.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне
осыдан коммерциялық банк деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі
депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе,
екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа
да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни
операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері
өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар:
депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге
асыру, несие беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтар шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.

I бөлім . Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер
деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлкетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа.;
5.Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция-оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция-оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы,
яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан
өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда
оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне
тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

1.2 Коммерциялық банктердің қызметі
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына
және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына
бөлінеді.
Банктің қйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу,
бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастьрылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру
мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы
немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Басқарманың негізгі қызметтері:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі
банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-
әрекеттер бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда
көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:
- банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер
категорияларына бағытталады;
- алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
- банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
- маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді
тұтынушыларға ұсыныс;
- өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
- нарықта банктің бәсекелестік қстанымын нығайту шаралары;
- пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу
саясаты;
- банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және
тағы басқа арттыру бағдарламасы.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды.
Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге
қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті
жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.
2. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк-күрделі және біршама
тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен
жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер
құрылады: әкімшілік, есеп-қарыздық, ревизиялық.
4. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды
түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының
бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
5. Банк қызметің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің
операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде
басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісін
талқылайды.
Басқарма мүшелеріөздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы
заңға бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен, кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына
сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып
табылады.
Кеңес тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін
банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстары жинақтау
қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктіңқызметіне тиімді
жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Бпнктің құрылтайшылары басқару органына
тікелей қатысады.
Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1 суретте берілген.

Несиелік
комитет
Акционерлердің
жалпы
жиналысы
Ревизиялық
комиссия

Бақылау кеңесі

Басқарма

Басқарма
төрағасы

Төраға
орынбасарлары

Департаменттер,
бөлімдер

Басқару
бөлімдері
Қызметтер

Коммерциялық банктің басқару құрылымы.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына біррет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің
иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын анықтау;
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
- комитеттерді құру;
- ссудалық жіне инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады.
Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:
- банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару
және нұсқаулар беру;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер
бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
- банктің мүлкіне жіне қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасасу орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды.
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
- несие беру туралы шешім шығарады.
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады.
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды.
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді.
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді.
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабынан жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі кіреді.
Ал банктің функционалдық құрамына барлық департаменттер мен бөлімдер
жатады. Мысал ретінде, Темірбанк АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы берілген.

Басқарма төрағасы

Басқарма Басқарма төрағасының Басқарма
төрағасының орынбасары төрағасының
орынбасары төрағасы

Несиелік Басқарушы Басқарушы Басқарушы
департамент директор директор директор

Шағын және орта Қазыналық Қаржылық талдау Қаржы
бизнесті операцияларды басқармасы институттары
қаржыландыру есепке алу басқармасы
басқармасы бөлімі

Құрылымдық Несиелік
қаржыландыру операцияларды
басқармасы есепке алу
бөлімі

Сыртқы талдау заң
және маркетинг депортаменті
бөлімі

ішкі талдау заемдық
Аймақтық Құжаттау
қаржыландыру операциялар
басқармасы бөлімі

бөлімі операциялар-
ды құқықтық
қаржылық сараптау

жоспарлау бөлімі бөлімі
Корпоративтік Корршот және
банкинг төлемдер бөлімі
басқармасы

Филиалдар келісім шарт-
бюджет бөлімі тарды және

банктік шот-
кастодиандық қаржылық тарды құқық-
қазынашылық операциялар тәуекел
тық сараптау
бөлімі депортаменті бөлімі

ішкі аудит
Банктік жүйе Бухесеп және филиалдармен
басқармасы
бөлімі есеп беру жұмыс
басқармасы басқармасы ішкі аудит
бөлімі
жарнама бөлімі
Ақпараттық Ішкі банктердің проблемалық
Технологиялар операциялар несиелер
Шаруашылық
Басқармасы бөлімі басқармасы
бөлімі

Телекоммуника Бас Несиелік
Іс жүргізу
ция бөлімі бухгалтерия тәуекелдер бас-
басқармасы
қармасы

1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің Коммерциялық банктер туралы
пікірлері
Ілияс Исаұлы, [1] экономист – ғылым: Қазақстандағы коммерциялық банктер
бүкіләлемдік нарықта басқа банктермен бәсекеге түсуі. Еліміздегі банк
секторының даму проблемалары туралы. Оның бірнеше себебі бар. Бұл
проблемаларды талқылау келешектегі еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына
(ДСҰ) кіру туралы және алдыңғы қатардағы озық елу мемлекеттің қатарына ену
туралы мәселеден туындайды. Бұл – бірінші. Екіншіден, елімізде өндірістің
немесе нақты сектордың қаржы секторынан даму қарқыны жағынан көш артта
қалуында болып отыр. Бізде екі сектор бар, бірі – өндіріс секторы, яғни
нақты сектор, екіншісі – қаржы секторы. Қаржы секторы дегеніміз –банктер,
зейнетақы қорлары, қор биржасы, құнды қағаздар нарығы, валюта нарығы, тағы
да басқа инфрақұрылымдар мен қаржы институттарынан тұрады. Банк секторының
даму проблемасын туғызып отырған тағы бір үлкен проблема – Қазақстандағы
өндірістің, яғни нақты сектордың салалық дамуындағы орын алып отырған
диспропорция. Қазіргі заманғы техникамен, озық технологиялармен
жабдықталған қайта өңдеу өнеркәсіп секторы немесе халық тұтынатын дайын
өнім шығару салалары көптеген мемлекеттерде жақсы дамыған. Мұндай өнеркәсіп
салалары тауарларды импорттауға жол бермей, оларды ығыстырады. Бірақ
тауарлардың сапасы жоғары болуы керек. Әсіресе, батыс елдерінде өнеркәсіп
салалары күшті дамыған. Бұрынғы ТМД кеңістігінде қалған мемлекеттерде
керісінше. Сонау Америка, Еуропа мемлекеттерінің экономикасы, ондағы қаржы
секторы әлдеқайда алда. Негізі, кез келген қоғамда, кез келген мемлекетте
әуелі өндірістік сектор, өнеркәсіп – нақты сектор ілгерілеп дамып отыруы
керек. Ал қаржы секторының даму деңгейі соның байқалу көрінісі болуы шарт.
Келтіріп отырған экономикалық заңдылық бізде орындалу үшін қандай да бір
шаралар қолға алынды. Ол экономикалық заңдылықты орындату үшін Үкіметтің
2010 жылға дейінгі инновациялық даму бағдарламасы, Елбасының 2030 жылға
дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы, биылғы ақпан айындағы Қазақстан
халқына Жолдауы бар. Осының барлығы еңбек өнімділігін көтеруге бағытталып
отыр. Олардың механизмдері жазылған. Бірақ сол механизмдер арқылы
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін уақыт керек. Әдетте, өндіріс өте баяу,
өте сараң дамиды деп жатады. Бұны қаржы секторымен салыстыруға келмейді.
Бір жақсы өндіріс орнын, жақсы өнім беретін зауытты салып, сол зауыттың
бүкіл қуатын іске қосу үшін кем дегенде 10-15 жыл уақыт керек. Оның
капиталын көтеру үшін не бары 3-4 жыл жеткілікті болуы мүмкін. Банк секторы
дамуының бүгінгі таңдағы үшінші проблемасы – біздің экономикамыздың
технологиямен, озық техникамен жарақтанған, дайын өнім шығаратын, қайта
өңдеу салаларын дамытудан гөрі шикізат өндіріп, соны экспорттау жағдайымен
байланысты. Яғни шикізатты өндіру және шикізатты экспорттау басымдылығы
бүгінгі таңда экономика дамуындағы әл бермей, ноқталанбай отырған
басымдылықтардың негізгі бағыты. Оған дәлел – бізде жалпы ішкі өнімнің көп
бөлігі, кейбір мамандар есебіне қарағанда, мұнайды сатудан түскен өнімнен
құралып жатыр. Осының нәтижесінде, Қазақстанға келіп жатқан валюталық
түсімдер шамадан тыс көбеюде. Төртінші проблема – бұл банк секторының
тікелей өзімен байланысты жалқы проблемалары. Ол – біріншіден коммерциялық,
банктердің меншікті капиталының әлі де болса, жеткіліксіздігінен немесе
коммерциялық банктердің капитализациялау дәрежесінің төмендігінен. Себебі
қазақстандық коммерциялық банктердің көшбасшысы, капиталы көп деген
Казкоммерцбанк пен ТұранӘлембанкінің өздерін батыстың басты банктерімен
салыстыруға болмайды. Өйткені бұлардың капиталы өте аз. Алысқа бармай-ақ
қояйық, Казкоммерцбанктің өзінің меншікті капиталы 553,5 миллион доллар
(2006 жылдың басындағы көрсеткіш). ТұранӘлем банкінің капиталы 687
миллион долларды құрайды екен. Үшіншісі – Халық банкі, оның капиталы 450,6
миллион доллар. Қалғандарын қоя тұрайық. Ең үлкен үш банкіміздің өзі
Ресейдің бір банкіне жетпейді. Ресейлік бір ғана Жинақ банкінің капиталы
8,8 миллиард долларды құрайды. Ал енді, жаңағы үш банкті қоса алғанда,
сондай-ақ, еліміздегі қалған – банктер Альфа, Еуразия, Нұрбанк, Центркредит
банкілерінің меншікті капиталдарын қоса алғанда 3 миллиард долларға жетіп
жығылады. Демек, басқа мемлекеттермен салыстырғанда, біздегі банктердің
капиталы әлі аз. ТМД кеңістігінен шыққан көршілес Ресейдегі банктерге
қарағанда, салыстырмалы түрде баға берсек, осындай көрсеткіштерге куә
боламыз. Әрине, Ресейдегі барлық коммерциялық банктердің меншікті капиталы
ондағы Жинақ банкінің капиталымен қарайлас деп айтуға болмайды. Қазақстанда
35 банк болса, Ресейде 1200-ден астам банк бар екен. Біздің коммерциялық
банк секторын сандық көрсеткіштері жағынан өте күрделі, керемет деп айта
алмаймын. Ал кейбір сапалық және салыстырмалы көрсеткіштері жағынан
тайталасуы мүмкін. Бұл сұрақты қою әлі ерте. Бірақ қазақстандық
коммерциялық банк секторына үлкен шетелдік инвестициялар келіп, капиталын
көбейтіп, банк капиталының шоғырлана түсуіне үлкен қозғау салуы ықтимал.
Сонымен қатар банк капиталын көрші мемлекеттерге экспорттау да етек алуы
заңдылық. Қазақстанның банк секторы сандық көрсеткіші жағынан да,
экономикалық қуаттылығы жағынан да дамыған батыс мемлекеттерінің
банктерінен әлі де көп артта келеді. Ал енді біздегі 35 банктің ішіндегі
проблемаларға келетін болсақ, олардың капитализациялау дәрежесін көтеру күн
тәртібіндегі үлкен мәселе.
Банктердің капитализациялау дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
олардың қаржылық тұрақтылығы орнықты болады. Және бұл дәлелдеуге жатпайтын
аксиома. Капиталы көп банктер бәсекеге қабілетті болады. Бұл проблема
Қазақстанның бүкіл банк секторына қатысты жалпы проблема. Ол тек
Казкоммерцбанк, ТұранӘлембанкі, Қазақстан Халық банкінің капиталдарына
ғана қатысты емес, олардан артта келе жатқан банктерге де қатысты проблема.
Ал енді ең үлкен банктеріміздің әлемдік нарықтағы орны қалай болар екен
деген сауалға келер болсақ, олар дамыған мемлекеттердің банктерімен қалай
үзеңгілес қарым-қатынас жасай алады. Сондықтан банк секторының проблемасын
екі деңгейде қарастыру керек. Біріншісі – жалпыұлттық экономика
деңгейіндегі банк секторының өз ішіндегі 35 банкке қатысты проблемалар.
Қазақстан банк секторы мен әрбір коммерциялық банктің әлемдік нарықтағы
дамыған батыс елдерінің аяғынан тік тұрған банктерге қатысты қабілеті
қандай, бұл екінші проблема. Және проблеманың үлкені де осы. Бұл проблема
ұлттық экономика деңгейінен тыс тұрған проблема. Әлемдік деңгейдегі
банктермен бәсекелесу жөнінде, Қазақстандық банктерді әлемдегі мықты
банктермен салыстырғанда, Америка, Қытай, болмаса Ресейдің бір ғана
банкімен салыстырып айтқым келіп отыр. Аталған мемлекеттердің банктерімен
салыстырғанда, Казкоммерцбанк, ТұранӘлем, Қазақстан Халық банктерінде
капитализациялау дәрежесі әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Мысалы, сол
Ресейдегі 1200 банктің капиталын қосқанның өзінде 8,8 миллиард доллар
капитал жинау мүмкін емес қой. Қазақстан мен Ресейдің маңдай алды банктерін
салыстыруға келмей тұр. 687 миллион (2006 жылдың басындағы
ТұранӘлембанкінің меншікті капиталы) мен 8,8 миллиардтың (2006 жылдың
басындағы Ресейдегі Жинақ банкінің меншікті капиталы) айырмашылығы бірнеше
есе. Осыған қатысты банк секторының және әрбір банктің біздің ұлттық
экономика шеңберінде дамуының бүгінгі таңдағы келелі мәселелері де бар.
Банк секторындағы әрбір коммерциялық банктің өзара бәсекелестік жағдайда
даму деңгейімен және даму келешегімен әлемдік қаржы нарығына шығу және
дамыған елдердің коммерциялық банктерімен тайталасу, бәсекеге түсу
мүмкіндігі ойлантарлық мәселе. Бұл мәселе тағы да банктің меншікті
капиталын одан әрі көбейту қажеттігіне тіреледі. Осыған қатысты қазір
отандық және шетелдік сарапшылар әр түрлі ғылыми пікірлер айтуда. Біздегі
коммерциялық банктер ресурстық потенциалын іштен алған қаражаттар емес,
депозиттер ретінде сырттан алған қаражаттар есебінен құрауда. Ресурс
көздерін, яғни ақшалай қаражатты іштен алмай, шет елден алуға көбірек
көшкен. Өзге елден төмен пайызға алады, өзіміздің ішкі нарығымызда жоғары
ставкамен сатады. Басқа елдерден ақшалай қаражат тарту арқылы бәрібір
меншікті капиталды көбейту қолдан келмейді .
Міне, мәселе сонда. Сырттан алған қаржы есебінен меншікті капиталды көбейту
мүмкін емес. Ал мүмкін болған жағдайда экономикалық қауіпсіздік пен меншік
құқығына қатысты күрделі мәселе туындайды.
Банктің меншікті капиталын көбейту заң жүзінде акционерлердің мойнындағы
жауапкершілік, бірақ акционерлердің де қаржылық жағдайлары жете бермейді.
Көтергісі келеді, оған мүмкіндік жоқ. Өйткені жағдай тағы да нақты секторға
келіп тіреледі. Коммерциялық банктердің барлығы бірдей мұнай секторының
компанияларына қызмет етіп жатқан жоқ қой. Сарапшылардың айтуынша,
біріншіден, қазіргі кезде сырттан қаражат тартудың нәтижесінде, екіншіден,
қазақстандық коммерциялық банктер акционерлерінің банктердің
капитализациялану дәрежесін көтеруде қаржылық жағдайының мардымсыздығы
нәтижесінде отандық банктер үлкен жүйелік тәуекелге ұрынуы мүмкін. Себебі
активтер портфелінің өсу қарқыны мен меншікті капиталының өсу қарқыны бір-
біріне сай емес, яғни сәйкес келмейді. Қысқасы, қолайлы пропорцияда емес.
Әрине, бұған қазақстандық коммерциялық банктердің шет елден көптеп қаражат
тартуымен қатар біздің экономикамыздың шикізатты өндіріп, оны экспорттау
басымдықтары да үлкен себеп болып отыр. Өйткені көмірсутекті шикізатты
сыртқа көптеп шығару және әлемдік нарықта мұнай өнімдеріне бағаның өсуі
коммерциялық банктердің өтімділігінің шамадан тыс жоғары болуына және ақша
массасының күрт өсуіне әкеп соғары сөзсіз. Міне, осыған байланысты Ұлттық
банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің
дәл қазіргі таңда экономиканы макродеңгейдегі ақша-несиелік реттеуі өз
алдына басқа үлкен проблема. Әрине, қазақстандық банктердің
капитализациялау дәрежесін жоғарылата түсу мүмкіндігі отандық
акционерлердің жауапкершілігінде болғандықтан бұған солар мүдделі болу
керек. Бірақ мұндай акционерлердің, тағы да қайталап айтамын, қаржылық
жағдайы шектеулі. Сондықтан Қазақстанның банк секторына шетелдік
инвесторлардың көптеп келуі, сөйтіп, банктердің ресурстық потенциалын қайта
қарау мәселесі туындауы әбден мүмкін. Жоғарыда аталып өткен мәселелер, егер
ұлттық экономиканың нақты секторы экспортқа байланыссыз қарқынды дамыса,
банктің акционерлері коммерциялық банктерді капитализациялауға қаржылық
жағдайы толық жетіп жатса, банктің ресурстық потенциалы сыртқы қаражат
көздерінен емес, ішкі қаражат көздері есебінен нығайып жатса, Қазақстанның
банк секторының дамуында проблема туғызбас еді. Меншікті капиталды көбейту
үшін міндетті түрде коммерциялық банктердің акционерлері – компаниялар,
үлкен кәсіпорындар, жеке тұлғалар сол банктің капиталы көбейсін деп,
қайтадан әлгі коммерциялық банктердің жарғы капиталын көбейту үшін шешім
қабылдауы керек. Меншікті капиталды көбейтудің бірнеше жолдары бар.
Біріншісі – акционерлер жаңадан құнды қағаздар эмиссиясын жасауы тиіс. Бұл
жағдайда банк акционерлерінің қатары көбейеді. Ал бұны бақылаушы акционер
қолайлы деп есептемейді. Өйткені банкке деген ықпалын сақтағысы келеді, бір
жағынан билігінен, бір жағынан акциясынан айырылғысы келмейді. Себебі акция
басқару, банкке бақылау жасау ісіне міндетті түрде толық құқық береді.Бұл
процесс барлық банкке де қатысты, соның ішінде алдыңғы қатарлы он
коммерциялық банкке де қатысты айтылып отыр. Айналып келгенде, банк
секторының дамуындағы проблемалар акционерлердің, онда да бақылаушы
акционердің шешіміне тәуелді болып тұрғаны. Осыған байланысты кейбір
бақылаушы акционерлердің мүдделері банктің меншікті капиталын дамыта түсуге
кедергі болуы мүмкін. Мысалы үшін, капиталыңды белгілі деңгейге көтеріп-
көтеріп келдің де, табысыңның есебінен банк құрдың. Банктің акциясын
иемдене отырып, тұрақты түрде дивиденд алып отырсың. Өндірістік сала енжар
дамығанмен, банк байып жатыр. Жиналған қаражатқа шет елден төмен ставкамен
қаражат тартып, активтерді босқа жатқызбауға тырысасың. Ұлттық банк
базалық капиталды көбейтіңдер, қосымша эмиссия жасаңдар дейді. Ал оны
жүзеге асыратын қаржы тапшы. Есесіне өзгелер қуана-қуана сатып алуға
мүдделілік танытады. Акционерлер сатқысы келмейді. Құнды қағаздар
эмиссиясын қосымша шығару бақылау функциясының төмендеуіне әкеп соғады.
Осындай тенденция байқалады. Шетелдік акционерлердің инвестиция жасауға
қаражаттары жеткілікті болары мәлім. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше,
біздің коммерциялық банктерге шетелдік инвесторлар көз тігуде. Егер біз
ашық экономика бағытын ұстансақ, ең алдыңғы қатарлы елдің қатарынан сап
түзеуге талпынсақ, бұл, әрине, заңдылық. Бірақ қазақстандық коммерциялық
банктердің дербестігіне үлкен сын. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Шығыс
Еуропа елдерінің банк секторында шет ел капиталының үлесі 60 пайыздан 90
пайызға дейін барады екен. Бұл – ойлантарлық мәселе.
– Жоғарыда аталып өткен Қазақстан банк секторының дамуындағы төрт
проблемасы бүгінгі таңда коммерциялық банктердің қаржылық жағдайына және
жалпы Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасына қалай
әсері өте жоғары. Оны ақша массасының жылдам қарқынмен өсуінен көруге
болады. Ақша массасының өсуі бағаның өсуіне әкеледі, ал бағаның өсуі ақшаны
құнсыздандырады, яғни инфляцияға әкеп соғады. Қазақстандағы инфляцияның екі
ұдайы табиғаты бар. Біріншісі – отандық өндірушілердің халықтың тұтыну
сұранысын қанағаттандыра алмауымен түсіндірілсе, екіншісі – банк секторының
ақшаны шамадан тыс ұсынуымен түсіндіріледі. Өйткені шет елден қаражат
тартудың және валюталық түсімдердің көбеюінің нәтижесінде коммерциялық
банктердің өтімділігі артып кетті. М0 агрегаты (айналымдағы қолма-қол
ақшалар) өте жоғары қарқынмен өсті. Ақша массасының көбеюі ІЖӨ-нің
номиналдық көлемінің өсуінің оның нақты көлемінің өсу қарқынымен
салыстырғанда, ілгерілеп кетуіне әкеп соқты. Егер бірінші жартыжылдықта ІЖӨ-
нің номиналдық көлемі 31,4 пайызға өссе, ал оның нақты көлемі 9,3 пайызға
өсті.

II. Коммерциялық банктердің операциялары.
2.1. Коммерциялық банктердің операциялары
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырымдарының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық
айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің
көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал
заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша қаражаттарының болуы
және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық негізі болып
табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаршылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді
былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

2.2. Банктің пассивтік операциялары
Пассивтік операциялар негізіндебанктің ресурстары жинақталады. Сондықтан
да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған
анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік операциялар
– бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің
өз ресурсын құру операциялары, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік
шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын
білдіретің операциларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік
операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып
алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операцияларайналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту
мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде
банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады.
Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған
ресурстар құралады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттарығ.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мқлшерде
шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда
маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті құражаттары
алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын
шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау
мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті қаражаты – бұл ұзақ
мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және қызмет
ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда
жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға третінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла
алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
- акционерлік банк;
- шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу
мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резевтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық қормен теңескен жағдайда
жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының
негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда
резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша
дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры негізінде,
валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел
валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды
қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру
барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резевтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервиер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік
операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады.
Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының
қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну
қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың
басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін
дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы,
тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ – депозиттер;
II топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігіндепозиттер құрайды. Депозиттер
банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған және өздері пайдалана
алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе
меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктің ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады.
Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан
тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің
өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес
ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтерінедеген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдар;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне
байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі
шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық қорларды қалыптастырудағы валюталық жүйе мен операциялардың маңызы мен олардың құрамы
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйедегі орны және оның экономикадағы маңызы
Валюталық бағам және валюталық нарық
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Банк жүйесінің дамуы
Халықаралық валюта жүйесі жайлы
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Пәндер