Сыныптан тыс дене шынықтыру туралы ақпарат



1. Дене тәрбиесі
2. Гимнастика
3. Дала жарысы.
4. Қозғалмалы ойындар
Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.
Бастауыш мектеп бағдарламасы.- Алматы, 2003.
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, ЖШС «Нұр-пресс»,2005
Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001.
Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж.
Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.
Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.
Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224.
Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
Мухтаров С.М.. Дене тәрбиесі сабағында // Қазақстан мектебі., 2001. – № 6 . 67- 68 б.б.
Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сыныптан тыс дене шынықтыру

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене
қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік
қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз
елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне
спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи
факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен
кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт
қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен
жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт
жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі
балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене
жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен
іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай
жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды.
Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі
денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады.
Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы
дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық
жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс
қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық
қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс
қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен
шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы
болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі -
гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі
гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі
жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты
қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ
өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына
байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту
жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз
орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде
дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы
гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы
батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-
құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту
мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт
жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып
есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және
үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен
ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
Спорттың акробатика - жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық
жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының
орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды
ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп
жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін
үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы
шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі
керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр
спортшының міндеті.
Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең
таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары - тегіс жерде
жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және
биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа
қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа
қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі
қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа - 5000, 10000, 20000, 42 шақырым
192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру - 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру - диск, найза, граната, балға,
доп және ядро. Секіру - орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру,
биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс - көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың
жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар - жүгіру, секіру, лақтыру және
кедергілерден өту.
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және
биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре
жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре
жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін
студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан
оралмадық.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық
жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен
шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық түрі бар.
Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі
ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге
тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі
аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл
жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте
көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады.
Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп
кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін
жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін
меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге
айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде
аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен,
біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің
жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған
орай мынандай жаттығуларды орындауға болады:
белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше
рет қайталау);
20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет
қайталанады;
соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);
белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;
аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;
аяқтың ұшымен жүгіру;
жүреден отырып жүгіру;
сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;
қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30,
40 м);
қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;
белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;
белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;
30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;
30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;
30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру.
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты
анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке
секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен
бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі,
спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар.
Біріншісі - аттап секіру, екіншісі -алдыға қарай аунап секіру, үшіншісі
- шалқадан жатып өту. Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті
-шалқадан жатып өту әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын
секірудің ең қарапайым түрі аттап секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы
аттап секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең
әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты
кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ
нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат - итерілетін аяқтың
қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі
болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден
сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары
көтеріледі.
Дала жарысы.
Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ
жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы
өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу
орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы - кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі.
Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді,
секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске
құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер
бедерінің кедергілері жалғаса береді.
Дала жарысының негізгі мақсаты - табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден
өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге
болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші
бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп
алуына болады.
Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі
тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп
көмектеседі.
Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен
абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай
дұрыс өтуін бақылайды.
Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп
қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына
барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне
болады.
Жалғыз бөренелі көпірден өту. Әрине, көпірдің дұрыс екендігін білгеннен
кейін ғана кезектесіп өте беруге болады.
Сазды, томарлы жерден өткенде тек бір ізбен ғана жүру керек. Алдыдағы жол
бастаушы, мұндай жердің бедерін жақсы білуі қажет. Себебі, сазды-томарлы
жер болғаннан кейін міндетті түрде бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және ұйымдастыру
Дене тәрбиесінің мазмұны
Салауатты өмір салтын қалыптастыруды дене тәрбиесінің рөлі
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Жеңіл атлетика сабағы
Жеңіл атлетиканың түрлері
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүйесінің сипаттама беру
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Пәндер