Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

ХVIII ғасырдың аяғына қарай Ресей империясының отаршылдық саясатының күшеюі халықтың əлеуметтік-шаруашылық жағдайының нашарлауына алып келді.

Қазақтар өздерінің ежелгі қоныстарынан ығыстырылып шығарылды. Аймақтағы саяси жəне экономикалық билік барған сайын Ресей əкімшілігінің қолына шоғырлана берді. “Бөліп ал, билей бер” принципі бойынша құрылған жүйе

аймақтағы барлық қайшылықтарды шегіне жеткізе шиеленістірді. Сондықтан Кіші

жəне Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің 1773-1775 жылғы Е. Пугачев бастаған

шаруалар көтерілісіне қатысуы кездейсоқтық емес еді. Кіші жүз қазақтары Жайық,

Кулагин бекіністеріне шабуылдарға қатысты. 2000 қазақ сарбазы Орынборды

қоршауға қатысты. Орта жүз қазақтары Пресногорьков жəне тағы да басқа

бекіністерге шабуыл жасады.

Халық бұқарасының алғашқы əрі ең маңызды қимылдарының бірі Сырым

Датовтың қолбасшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-

1797жж. ) болды. Академик Ə. Марғұлан бұл көтеріліске “ Əбілқайыр ханның

ұрпақтары мен патшаға қарсы бағытталаған көтерілістердің ішіндегі ең ірісі жəне

белгілісі” деп баға берді.

Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтарды “ішкі жаққа”,

Жайық сыртына өткізбей, оған тыйым салуы басты себептердің бірі болды.

Сонымен қатар, империяның өлкедегі отаршылдық үстемдігін нығайту мақсатында

жаңа актілер қабылданды. Мəселен, казактарға қазақтардан адамдары мен малын

өз бетімен тартып алуға, күдік тудыратын кез-келген қазақты ұстауға ресми түрде

рұқсат етілді. Ал казактар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың,

башқұрттардың, татар-мещеряктардың қолымен ұлтаралық араздық саясаты

жүзеге асырылды. Хан, сұлтан, жайық казак əскері мен патша əкімшілігі

тарапынан ашықтан-ашық талап-тонау мен халыққа зорлық-зомбылық жасалды.

Қазақ қоғамының өз ішінде феодалдану үрдісі тереңдей түсті, феодалдық

аристократия мен ру шонжарларының мүдделері барған сайын алшақтай берді.

Хандар мен сұлтандардың үстем тобы дəстүрлі шонжарлар - ақсақалдармен, билермен, батырлармен барған сайын азырақ санасып, олардың құқықтарына қысым көрсетті. Олар барған сайын патша өкіметінің дала өңіріндегі тірегіне айналды. Ұзаққа созылған саяси алауыздықтардың нəтижесінде байбақты руынан шыққан батыр Сырым Датов бастаған топ бөлініп шықты.

Қазақтың дəстүрлі мəдениетінде Сырым атақты би жəне шешен ретінде белгілі. Ол ішкі өмірдің көптеген мəселелерін шешкен, ал оның шешендік өнері талай ұрпақтарға үлгі болған. Жеке басының ержүректілігі, ерлігі, табандылығы жəне сирек кездесетін қайрат-күші оған батыр даңқын əперді. Өзі басшы болған осы көтерілісте Сырым Датов осы жақсы қасиеттерінің бəрін танытты.

ХVIII ғасырдың 80-жылдарының басында даладағы жағдай əбден шиеленісіп

кетті. 1782/1783 жылдың қысындағы жұт қазақ шаруашылықтарына қатты соққы

болып тиді, мал қырғынға ұшырады. Жағдайды пайдаланып казак əскерлері ішкі

жаққа көшіп барған қазақтардың малын тартып алса, өкімет орындары қазақтарды

үлкен көлемде айып төлеуге мəжбүрледі. Осы əрекеттерге жауап ретінде қазақтар

Орал бекініс шебінің бойындағы редуттарға, бекіністер мен қамалдарға толассыз

шабуыл жасай бастады. Мұндай əрекеттерде сəттілік те, сəтсіздік те болып тұрды.

1783 жылғы шапқыншылықтардың бірінде С. Датов орал казактарының қолына түсіп қалып, оны босату үшін Нұралы хан үлкен көлемде өтем төлеуге мəжбүр болды. Өйткені Сырым ханның қарындасына үйленген болатын. С. Датовтың ел ішіндегі беделі де ханды осы əрекетке мəжбүр етті.

1784 жылғы қарашаға қарай Сырым батыр Сағыз өзенінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады, оның маңызды міндеті патшалық өкімет орындарына қарсы қимылдау болатын. Сырымның өз бетімен іс-əрекет етуі оның Нұралы ханмен ара-қатынастарының алшақтауына себеп болды. Көтерілісті басып-жаншуға генерал-майор Смирнов бастаған орынбор казактары мен башқұртардан тұрған жазалаушы отряд жіберілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты басты мақсатына жете алмаған жазалаушы отряд қайтар жолда бейбіт қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратып, малдарын айдап əкетті. Жазалаушылардың көрсеткен жəбірі халықтың ашу-ызасын күшейтті. Сол кезге дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылды. Көтерілісшілердің негізгі күші Сағыз өзені бойында шоғырландырылды. Сырым Датовтың қоластына 2700 адам бірікті, ал жалпы көтерілісшілердің саны 6000 жетті.

1785 жылдың көктемінде көтерілісшілер Антонов форпостына, кейіннен Сахарна

бекінісіне шабуыл жасады. Алайда гарнизондар алдын-ала дайындалып

отырғандықтан бұл шабуылдар сəтсіз аяқталды. Кейін шегінуге мəжбүр болған

көтерілісшілер алысқа кетпей, орыс бекіністеріне жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды.

Көтерілісшілер саны күннен-күнге көбейіп отырды, ал отаршылдық билік

аппаратымен тығыз байланыста болған Кіші жүз ханы Нұралының беделі

төмендеді. Халық ханнан сырт айналып кетті, ал патшалық өкімет орындары

ханның дəрменсіздігіне көз жеткізді. Осындай жағдайда патша əкімшілігі ханның

қатысуынсыз көтерілісшілермен тікелей келіссөз жүргізе бастады. Нəтижесінде

Кіші жүзді үш бөлікке бөліп, оларды старшындар басқаруына беру туралы шешім

қабылданды. Сырым Датов оларға кеңесші болып тағайындалды. 1786 жылғы 3

маусымда II Екатерина Нұралыны хан билігінен шеттету туралы рескриптіге қол

қойды. Нұралы Орынборға шақырып алынып, ол жерден Уфаға жөнелтілді.

Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, хан билігін жоймақшы болып

шешті. Сыртқы істер алқасы Орынбор генерел-губернаторы Игельстромға Кіші

жүзді басқару жобасын əзірлеуді тапсырды. “Игельстром реформасы” деп аталған

бұл жоба 1786 жылдың көктемінде мақұлданып, бекітілді. “Реформаның” мəні

Кіші жүзде хан билігін жоюға əрекет жасауда болатын. Саяси билік Орынбор

əкімшілігінің қолында шоғырланды. Генерал-губернатордың жанынан жүздерді

басқарудың жаңа органы - феодал шонжарлар мен патша əкімшілігінің

өкілдерінен - Орынборда Шекаралық сот құрылды. Əкімшілік органдар - ру

ақсақалдары кіруге тиіс болған “расправалар” осы сотқа бағынды.

Сөйтіп, патшалық өкімет орындары сол кездегі дəстүрлі билік иелері шонжарларға сүйенуге үміттенді. Ең ықпалды ақсақалдарға “бас ақсақал” атағы енгізілді, оларға барлық руларды қадағалап отыру міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі буын ру ақсақалдары болды, оларға айлық тағайындалды.

Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі “реформаға” қарсы шықты. Олар ақсақалдардың пайдасына ханның құқықтарын шектей отырып, хан билігін сақтап қалғысы келді.

“Реформаны” жүргізу барысында Игельстром Орал казак əскерінің қазақ

ауылдарына шабуыл жасауына тыйым салды. Қазақ малшыларына қыстыгүні

Жайық пен Еділ арасындағы жерге көшіп бару мүмкіндігі берілді. Орынбор

айырбас сарайында сауда жандана түсті.

Алайда өкімет ойластырған “тыныштық” орнамады, қазақтар өз қимылдарында дербестікті нығайтуға жəне Орынбор əкімшілігіне тəуелсіз болуға ұмтылды. Патша үкіметі Кіші жүзде жүргізіліп жатқан басқару реформасының

күткендегідей нəтиже бермегенін көрді. Оның бірнеше себептері болды:

Əбілқайыр ұрпақтарының осындай жолмен биліктен шеттетілуі əрине олардың

қарсылығын тудырды. Хан билігін талап еткен Кіші жүз сұлтандарының күресі

Орта жүз сұлтандарынан да қолдау тапты. Олар Кіші жүзде хан билігінің

жойылуы таяу болашақта Орта жүзде де хан билігінің жойылуын туғызуы мүмкін

екенін түсінді. Сонымен бірге, жаңадан құрылған билік органдары-“расправалар”-

көшпелі өмір жағдайында өзінің тиімсіз екендіне көзін жеткізді. Осындай

жағдайда патша өкіметі хандық билікті қалпына келтіруге бағыт алды.

ХVIII ғасырдың 90-жылдарының басынан Орынбор əкімшілігінің отарлау саясаты

бұрынғысынан да күшейе түсті. Орал казактарының бейбіт ауылдарға шабуылдары жиілеп кетті, ал жергілікті патша əкімшілігі оларды көтермелеп отырды.

1790 жылдың тамызында Нұралы хан Уфада қайтыс болды Патша əкімшілігінің күш-жігері нəтижесінде 1791 жылдың қыркүйегінде оның інісі Ералы хан болып сайланды. Бұл көтерілістің жандануына себеп болды. 1792 жылдың жазына қарай көтеріліс бүкіл жүз аумағын қамтыды. Сол жылдың күзінде Сырым Датов Елек қалашығын шабуылмен алмаққа əрекет жасады, бірақ ол сəтсіз аяқталды. Көтеріліс партизандық соғыс сипатын алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс және Сырым Датов
Сырым Датұлының өмірі
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Көтерілістің қозғаушы күштері
Сырым Датов басшылығымен жасалған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен жасаған көтерілісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz