Талшықтылар класы- mastigophora


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ- MASTIGOPHORA

ӨСІМДІКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР ЖАНУАРТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ- ZOOMASTIGINA

КЛАСС ТАРМАҒЫ

-PHYTOMASTIGINA

Хризомонадал Сауыттылар отряды - Эвгленалар отряды-

отряды-Chrysomonadina Dinoflagellata Euglenoidea

Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады.

Талшықтылардың негізгі белгісі-бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, қозғалу қызметін атқарады. Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін айналымды жасайды.

Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып пелликула деп аталатын қабықша түзейді, осыған байланысты талшықтылардың денесі өзгермей тұрақты болып келеді. Олар ұршық тәрізді не ұзынша сопақтау, цилиндр, шар, эллипс пішіндес болып келеді.

Талшықтылардың көбісінде клетка бір ядролы, тек опалинина отрядының өкілдерінде ядролары көп. Жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған, бұған қосымша вакуольдері жалғасады.

Бұлар 3 қызметін атқарады:

1. зәр шығару

2. осмос қысымын реттеу

3. тыныс алу.

Кейбір талшықтылардың клеткаларының ішінде хлорофилл пигменттері сіңген хроматофора органоидтары болады, олар фотосинтез қызметін атқарады. Бұл белгілер өсімдіктерге тән қасиет, сол себептен жасыл түсті талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық формасы деп есептейді. Талшықтылардың арасында колония құрып тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Ядро митоз әдісімен бөлінеді, содан кейін цитоплазма клетканың алдыңғы жағынан бастап артқы жағына қарай ұзынынан бойлай екіге бөліне бастайды.

Колония құрып тіршілік ететін талшықтыларда (Uroglenopsis, Sphaeroeca, Volvox туыстарында) жыныссыз көбеюі монотомия және полинтомия жолымен өтеді.

Монотомия жолымен бөліну кезінде клетка екіге бөлінеді. Пайда болған ұсақ клеткалар әрі қарай бөлінбей өседі, барлық органоидтарын түзеп, аналық формасына жетілгеннен кейін ғана тағы да бөлінеді, олар өз кезегінде тағы да өсіп бөлінеді.

Палинтомия жолымен бөліну кезінде пайда болған ұсақ клеткалар өспей әрі қарай бөліне береді (мысалы, Volvox туысында) .

Талшықтылар жынысты жолымен де көбейеді: Volvox, Polytoma, Pandorina, Eurodina туысындағы өкілдері. Бұларда изогамия, анизогамия копуляциясы кеңінен тараған.

Талшықтыларды қоректену тәсіліне қарай - автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты топтарына бөлінеді.

Автотрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың цитоплазмасында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады. Осыған байланысты бұлар фотосинтез жолымен қоректенеді, яғни күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттарды синтездейді, сондықтан қоректенудің бұл тәсілін голофиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды.

Гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың хроматофора органоидтары болмайды. Олар Дайын органикалық заттармен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен т. б. қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін голозойлық немесе жануарларша қоректену деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін талшықтылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды.

Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректене алады. Мысалы, жасыл эвглена- Euglena viridis миксотрофты организм күн сәулесі бар жерде жасыл эвглена хлорофилл дәндері арқылы нағыз жасыл өсімдіктер сияқты қоректенеді, демек көмір қышқыл газынан және судан органикалық заттарды синтездеп алады. Эвгленаны органикалық заттарға бай қараңғы жерге орналастырса, онда эвглена өзінің хлорофилл дәндерінің жасыл түсін жойып, дайын органикалық заттармен қоректенуге көшеді. Осыған орай эвгленаның денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі мен жұтқыншағы дамыған.

Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Phytomastigina және гетеротрофты жануартектес талшықтылар - Zoomastigina. Phytomastigina класс тармағына төрт отряд жатады: эвгленалар - Euglenoidea; хризомонадалар-Chrysomonadina; сауыттылар-Dinoflagellata; фитомонадалар-Phytomonadina. Zoomastigina класс тармағына алты отряд жатады: жағалы талшықтылар-Choanoflagellata; тамыр талшықтылар - Rhizomastigina; кинетопластидалар-Kinetoplastida; көпталшықтылар-Polymastigina; гипермастигиналар-Hypermastigina; опалининалар-Opalinina.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың систематикасы
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Класс. Талшықтылар - mastigophora
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы
Гетеротрофты талшықтылар
Зоология пәні мен оның міндеттері
Жеке аурулар протозоологиясы
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Паразитологиялық тексеру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz