Таңғажайып таңбалы тас
1. Таңғажайып таңбалы тас
2. “Таңбалы” мемлекеттік мекемесі
3. Табиғи қорық
“Таңбалы” мемлекеттік тарихи.мәдени және табиғи қорық.мұражайы

Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен белгілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен Таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген (петроглифтер) қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, “біздерде мынадай бар, мынадай бар” деп ауыз толтырып айтуға, мақтанышымызға айналғаны да тәуелсіздікпен келген игілік.
Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап, қола дәуірін қамтитынын тарихшылар айтып та, жазып та жүр. Осы мәселе жайлы ғалымдар бас қосқан жиынға да қатысқан едім.
Дегенмен Елбасының “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты көне жәдігерге деген қызығушылығым осы мекенге тағы да ат басын бұрғызды. Бұған дейін Б.Аубекерова “Отчет по теме “Подготовка научно-методической документации к проекту создания музея-заповедника в урочище Танбалы” деген қомақты еңбекті парақтауыма тура келген. Өйткені, алыстағы қыстаудағы қой тастардағы жазу бала кезден таныс, әрі оны Майтөбе жайлауларындағы Керегетастан да кездестіруге болады. Ел тарихының терең тамыры болған құнды жәдігер ата-бабалардың кезінде жазба белгілері болғанының дәлелі. Осынау көне тарихымыз туралы тарихшылармен қатар кейбір көкірек көзі ояу жандар ғана білетін. Керісінше, жастар ғана емес, ересектер үшін де бағалы мұрағаттың үлкен ағартушылық мәнге ие екендігін атап айтқан парыз.

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАҢБАЛЫ ТАС
Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен
тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан
құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы
қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған
суреттер мен белгілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен
өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса,
ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына
байланысты өз атаулары да бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және
жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен
шектескен Таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған,
бедерленген (петроглифтер) қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың
бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, “біздерде
мынадай бар, мынадай бар” деп ауыз толтырып айтуға, мақтанышымызға
айналғаны да тәуелсіздікпен келген игілік.
Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін
айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан,
өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап,
қола дәуірін қамтитынын тарихшылар айтып та, жазып та жүр. Осы мәселе жайлы
ғалымдар бас қосқан жиынға да қатысқан едім.
Дегенмен Елбасының “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты көне
жәдігерге деген қызығушылығым осы мекенге тағы да ат басын бұрғызды. Бұған
дейін Б.Аубекерова “Отчет по теме “Подготовка научно-методической
документации к проекту создания музея-заповедника в урочище Танбалы” деген
қомақты еңбекті парақтауыма тура келген. Өйткені, алыстағы қыстаудағы қой
тастардағы жазу бала кезден таныс, әрі оны Майтөбе жайлауларындағы
Керегетастан да кездестіруге болады. Ел тарихының терең тамыры болған құнды
жәдігер ата-бабалардың кезінде жазба белгілері болғанының дәлелі. Осынау
көне тарихымыз туралы тарихшылармен қатар кейбір көкірек көзі ояу жандар
ғана білетін. Керісінше, жастар ғана емес, ересектер үшін де бағалы
мұрағаттың үлкен ағартушылық мәнге ие екендігін атап айтқан парыз.
Ізгі мақсатпен Таңбалыға жол тарттық. Жол ұзақ, әрі сағым ойнаған
жазықтағы бетеге мен жусанның күзгі жауыннан соң көгі көтерілгені
байқалады. Қураған шидің түбі де жап-жасыл. Бір қарағанда, көктем келгендей
әсерге бөленесің. Қоңыр күзде де мұндай құбылыс қайталанатынына таңдандық.
Тіпті, жатаған тау гүлдері бүршік атқан. Жер апшысын қуырған автокөлік
кедір-бұдыр жолды жатырқағандай, жүргізуші жылдамдықты еріксіз баяулатып
келеді. Жол-жөнекей сирек болса да тау бөктерлей орналасқан малшы
қыстақтары болмаса айналада ұшқан құстан басқа тіршілік нышаны білінбейді.
Бабаларымыз еркіндік пен бостандық үшін осы өлкеде жастығын ала жатып,
ұрпағына мұраға қалдырғаны бүгінгі буынға да зор жауапкершілік
жүктейтіндей. Қазақ халқының мақтанышы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Малайсары, Нарбота, Жәпек, тағы
басқалары бүгінгі бақытты өмірдің шаңырағын көтеріп, уығын бекітуге
өмірлерін арнағаны да осы сәтте еске түседі. Мұндайда ойға не келіп, не
кетпейді дейсің.
Жолсерігіміз Горный орта мектебінің директоры, тарихшы, әрі туған жер
жайлы әңгімемен құлақ құрышыңды қандыратын Тұрсынбек Әзімбаев және
“Таңбалы” табиғи қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері болғандықтан жол
қысқартатындай әсерлі пікірлерге ден қойдық.
– Мына оң жақтағы Бурылшоқы биігі. Мұнда Аңырақай шайқасының 270
жылдығы кезінде ескерткіш орнатылған. Әне, алыстан көрінеді. Осы жазықтағы
төте жолмен жүрсек, Таңбалыға да 50 шақырым қалды, деп көңілімізді көтеріп
тастады.
– Туған жердің тарихын жас ұрпақтың зердесіне орнықтыру – тарихшылар
мен аға буынның міндеті. Таңбалытас жайлы зерттеулерді көп оқыдым,
іздендім. Мұндағы петроглифтер 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының
Оңтүстік Қазақстан экспедициясының күшімен ашылған. Еліміздің тұңғыш
кәсіпқой археологы Анна Максимова тарихи жәдігердің ашылуына бірінші болып
үлес қосқан. Осылайша Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1052 қаулысымен
2003 жылы “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы
ұйымдастырылып, содан бергі кезеңде алыс-жақыннан келгендер қатары көбейді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесін қазір көресіздер, деді.
“Таңбалы” мемлекеттік мекемесі Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа
қарай төрт шақырым жерде. Қорық-мұражай 2005 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде
Бүкіләлемдік мұралар тізіміне “Таңбалы археологиялық ландшафты жартас
суреттері” Қазақстандық номинациясын енгізу туралы сертификатты ЮНЕСКО-ның
бас директоры Кончиро Мацура қорық-мұражайдың бүгінгі директорына тапсырып,
оның мән-маңызына деген ықыластың жоғарылығын айқындаған екен. “Таңбалы”
шатқалының аумағында 100-ден астам әр уақыттағы ескерткіштер – қола
дәуірінен б.з.д. XІV-XІІІ ғасырдың ортасынан XІX-XX ғасырларға дейінгі
аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, жартас
суреттері және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасса, ол
еліміздің ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы
көрсететін археологиялық кешен. Археологтардың айтуынша, Таңбалының
көптеген жартас суреттері қола дәуіріндегі орталық Азияның жартастағы
өнерінің бірегейлігі деуге болады. Сонымен бірге ежелгі Жібек жолының бір
тармағы болғанын да тарихи орындар айғақтайды.
Қазіргі кезде Таңбалыда ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда. Қорық-
мұражай ескерткіштерін археологиялық құжаттандыру, картаға, суретке түсіру,
тас суреттерінің жиынтығын жасау, консервациялық жұмыстар, геологиялық
зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыс одан әрі жалғасып, сала мамандарының
қызығушылығын туғызуда.
Табиғи қорық – мұражайды тікелей құзырына алған Мәдениет және ақпарат
министрлігі оның қалыптасуына көп көмек беріп, ғылыми қызметкерлермен бірге
қорықшылар, инженерлер, экскурсоводтар және туристік маршруттар бойынша
гидтерді біріктірген 29 адамнан тұратын штат бірлігін бөлген. Нәтижесінде
Қарабастау елді мекенінің жанынан арнайы мұражай салынып, онда тастағы
суреттердің нақты көшірмесі мен бейіттерді қазу кезінде табылған қыш
құмыра, ыдыстар мен тұрмыстық бұйымдар, тағы басқа жәдігерлер қойылған.
Мұнда келгендер музейді көріп, одан әрі Таңбалы шатқалын жаяу аралайды.
Осылайша біз де тарихи орынға жол тарттық.
Таңбалыдағы суреттер бес топқа бөлініп, оны туристерге көрсету
мәселесі қарастырылған. Кешеннің негізгі аумағы 3000-нан астам жартас
суреттері бар жыра. Міне, осы қасиетті орында тұрмыз. Тарихшы
сапарластарымыз бен Қарабастаудағы музей қызметкері Нұрахан Бақытжанов
бізге әр суреттегі бейнеге байланысты әңгіме қозғады. Негізінен суреттер
ата-бабамыздың ой-санасы, тіршілігі, қоршаған ортамен байланысынан мағлұмат
береді. Мәселен, шатқалдағы биік жазық жартастағы “Күн құдайы” мен “Ай
құдайы” бейнеленген суретте (петроглифтер) екеуін он екі жан қоршап, билеп
жүр. Сурет өте анық, әрі бергі беттің өзінен де көзге шалынады. Күн мен
Айға табынып, оны ұлы күш, құдірет деген адамдар санын 12 деп бейнеленуі де
тегін емес. Әр мүшелді 12 жаспен түйетініміз, жылды 12 аймен атайтынымыз,
әрі сол кездегі адамдардың осы санға тоқтағаны ата-бабадан бізге қалған
ырым-жоралғы ма деп те қаласың. Қалай десек те екі ортада жанды байланыс
бар.
Жадағай ғана жартастың бетіндегі аша тұяқты аңдардың бейнесінде жан-
жағына аса сақтықпен көз тіккен арқар, киік, бұғы мен қолына садақ ұстап,
аң аулауға шыққан аңшы бейнесі, тағысын тағы суреттер ертедегі адамдардың
ұшқыр қиялына арқау болғандығы. Сондай-ақ бұл олардың көшіп-қонып жүргенде
малды негізгі кәсібіне, күнкөріс көзіне айналдырғанының дәлелі. Тастағы
жәдігерлер жадымызға осыны әкеледі. Әр тасты айналып қарап, өткеннен сыр
шертетін суреттердің мазмұнының бай екендігіне таңданасың. Тағы да осы
құнды ескерткіштерді зерттеудің жаңа кезеңі басталғанына қуанасың. Өйткені,
уақыт табы бейнелер салынған жартастарға өз таңбасын салып, тау жыныстары
жарылып, кей жерлері құмша үгітіліп тұр. Қазіргі кезде 5000-нан астам
(петроглиф) тастағы суреттер паспортталып, құжаттандырылып, көшірмелері
жасалғаны, әрине, бұл жұмыстың бастамасы ғана. Әлі де тиянағы келтірілетін
бағдарлы істер жеткілікті.
Қорық-мұражай ашық аспан астында болғандықтан, кейбірі көмескілене де
бастаған. Суық пен ыстық, қар мен жаңбырдың әсері болғаны байқалады.
Тастағы қос аяқты арбаға мінген адамдар сұлбасы да көп жайды аңғартады.
Демек, тұрмыстық қажеттілікпен көшіп-қонғанда көлік ретінде оны пайдаланған
болар. Өйткені, халықтың тұрақтаған мекен-жайын осы шатқалдың таулы
бөлігінен кездестіресің. Жер бедеріне байланысты мұндай мекендер шектеулі
алаңды ғана алады. Аумағы 300-ден 1200 шаршы метрді құраса, тастан салынған
тұрақжай қалдығы мен керамикалық заттардың пайдалану мерзімі б.д.д. XІІ-X
ғасырлардан бастау алғанын ғалымдар дәлелдеген. Осылайша дамуымыздың түп-
төркіні мен арғы тегі Таңбалы тастағы таңғажайып суреттермен сабақтас. Арғы
тегіміздің Тәңірге табынғанын, төрт түлігін өсіріп, табиғаттың тылсым сырын
ашуға алғашқы қадам жасауға пейіл-ниеті болғанын көреміз. Бұл ұрпаққа
қажетті тағылым, сыры терең тәлім-тәрбие бастауы.
Жермен-жексен болуға шақ қалған көне бейіттерді жоталардан да, жазық
жерлерден де кездестіруге болады. Қазіргі кезде қола дәуір үлесіне тиетін
бейіттер көбірек зерттелуде. Таңбалытас ІІ, ІV-V бөлігіне орналасқан
бейіттер шатқалдың өн бойын алып жатыр, ол Таңбалы өзенінің оң және сол
қапталын бойлай созылады. Тау етегіндегі жазықта Таңбалытас І және
Қарақұдық ІІ үлесіне тиетін бейіттер бар. Олар 1957 жылы ғалым
А.Максимованың жетекшілігімен толығырақ зерттелген. Бейіттердегі мола саны
онша көп те емес: бес-жетіден, онға дейін. Жерлеу рәсімі нәрестенің
құрсақтағы орналасуы бойынша жүргізілген деген болжам бар, әрі зерттеу
кезінде бейіттен құмыра, тағы басқа құралдар шыққан. Рәсім отбасы, жеке топ
бойынша да жерленгенін көресің. Ал Таңбалытас І, ІV, V, ІІ-дегі бейіттер
аумағы 250-400 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz