Билер қызметі



ЖОСПАР

Билер қызметі
Билердің құрылымдық жүйесі
Билер шешімдері
Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы
Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты

Қорытынды
Билер қызметі
Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйелері болған. Олар: ел басшысы – ханы, елдің қамын жескен ерлері, сөзін сөйлеген шешен-билері. Ел басқару жүйелерінің бірі – билер қызметіне, оның билік жүйесіне тоқтап көрейік.
Қазақ – елдің елдігін, кемеңгер теңдігін сөз арқылы жеткізіп, сөзге тұрған халық. Ойға қонымды, сұлу да көркем, нақышты да нұсқалы сөздердің иелері – шешен-билер болған. Билер айтатын сөз, шешімнің барлығы халықтың көкейіндегі мен көңілдегісін жарыққа шығарып, халық мүддесін іске асыруға бағытталған.
Би болу адамның әлеуметтік күй-жағдайына, дәулетіне байланысты болмаған. Би атану өзінен-өзі келмеген. Би атағына үздік шыға шапқан шешен, қара қылды қақ жарып, әділдік атаулыны бұра тартпаған адамдар ғана көтерілген. Бір сөзбен айтқанда, алдын болжай алатын, сөз құдыретінің қадірін түсірмейтін, ақыл парасаты жоғары, ұшқыр ойлы, сөйлеген сайын тасып отыратын білімдар шешен, дарын иелері болған адамдар ғана билер дәрежесіне көтерілген.
Бұл жерде біз қазақтағы билік атау мектебінің даму тарихын, билер айтқан шешендік сөздердің терең мәнін саралауды жөн көрдік. өйткені олар жайлы шығып жатқан баспа материалдары өте көп. Сондықтан халық аузындағы әңгімелерге сүйеніп, билер мектебінің құрылымдық жүйесіне және билер қабылдаған шешімдер түрлеріне, оларды іске асыру қызметтеріне аз-кем тоқтағанды құптадық.

Билердің құрылымдық жүйесі
Билер – Ата би, Төбе би, Қатар би, Төтен би, Бала би болып бөлінген.
Ата би – бұрын билік құрған, талай елдік істер мен даулардың тағдырын шешіп, елге танылған, енді қартайып, билік ісін ізінен ерген кіші билерге тапсырған адам. Ол биліктен қарттығына байланысты қалғанымен, кейінгі билер қауымы оны ақылшы, кеңесші ретінде тұтынып, батасын алып отырған.
Бірде Төбе биге Шақшақұлы Жәнібек (жас жігіт кезінде) келеді. «Еліңде қартың болса, жазулы тұрған хатың, үйіңнің қасында биік төбең болса, ерттеулі тұрған атың» деген екен атам қазақ, сізден ақыл сұрайын деп келдім. Бозбала болып ерлік қылайын ба, әлде, үлгі алып билік құрайын ба?" — депті. Сонда Төбе би: "өгізді өрге салма — қанатың талар, наданға көзіңді салма — сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа — сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа—түбіңе жетер. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма — өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи — жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса тамақ. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Айналаңа мақтаншақ жігіт жинасаң ұятқа қалдырар. Ұрыншақ атың болса — жаз жарға, қыс қарға жығар. Елге бай құт емес, би — құт. Қабырғадан қар жауса — атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе—қабырғалы биге күш. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы", — деген екен. Төбе би атамыздың ақылын ұстанған Жәнібек атақты батыр әрі шешен би болған. Қарап отырсақ, Ата бидің ел-жұртқа тигізер осындай пайдасы аз болмаған.
Төбе би — елдік (мемлекеттік) немесе өңірлік (регион) аумақта сайланып қойылатын қаламыш билер. Мысалы, тарихымыздағы Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өз өңіріндегі (жүздіктерінде) төбе билер болған. Төбе билерді сайлайтын халық емес, билер жиынында сайлаған. Оларды қалаулы, қаламыш билер деп те атаған.
Ал қазақ жұртшылығы бойынша төбе билікке сайланған Төле би атамыз. Төле бидің төбе билікке сайлануы үлкен талқыдан өтіп барып, іске асқан. үш жүздің бірнеше билері төбе би сайлауға жиналған деседі. Сонда ұлы жүз билері: "Біздің атамыздың жасы үлкен (Ақарысты айтады), төбе би—Төле би болуы керек — депті. Кіші жүздің билері: "Қазақ атамыздың шаңырағы (үлкен үй) бізде, біздің жолымыз үлкен. Сондықтан төбе би—Әйтеке би болсын деген. Сонда орта жүздің билер "ұлы жүздің үлкендік жолы, кіші жүздің үлкен үйлік жолы бар. Бізде еш жолдық құқық жоқ. Сондықтан төбе би—Қазыбек болуы керек", -дегенді айтыпты. Осындай кең талқыдан кейін,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Билер қызметі
Билердің құрылымдық жүйесі
Билер шешімдері
Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы
Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты
Қорытынды

Билер қызметі
Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйелері
болған. Олар: ел басшысы – ханы, елдің қамын жескен ерлері, сөзін сөйлеген
шешен-билері. Ел басқару жүйелерінің бірі – билер қызметіне, оның билік
жүйесіне тоқтап көрейік.
Қазақ – елдің елдігін, кемеңгер теңдігін сөз арқылы жеткізіп, сөзге
тұрған халық. Ойға қонымды, сұлу да көркем, нақышты да нұсқалы сөздердің
иелері – шешен-билер болған. Билер айтатын сөз, шешімнің барлығы халықтың
көкейіндегі мен көңілдегісін жарыққа шығарып, халық мүддесін іске асыруға
бағытталған.
Би болу адамның әлеуметтік күй-жағдайына, дәулетіне байланысты
болмаған. Би атану өзінен-өзі келмеген. Би атағына үздік шыға шапқан шешен,
қара қылды қақ жарып, әділдік атаулыны бұра тартпаған адамдар ғана
көтерілген. Бір сөзбен айтқанда, алдын болжай алатын, сөз құдыретінің
қадірін түсірмейтін, ақыл парасаты жоғары, ұшқыр ойлы, сөйлеген сайын тасып
отыратын білімдар шешен, дарын иелері болған адамдар ғана билер дәрежесіне
көтерілген.
Бұл жерде біз қазақтағы билік атау мектебінің даму тарихын, билер
айтқан шешендік сөздердің терең мәнін саралауды жөн көрдік. өйткені олар
жайлы шығып жатқан баспа материалдары өте көп. Сондықтан халық аузындағы
әңгімелерге сүйеніп, билер мектебінің құрылымдық жүйесіне және билер
қабылдаған шешімдер түрлеріне, оларды іске асыру қызметтеріне аз-кем
тоқтағанды құптадық.

Билердің құрылымдық жүйесі
Билер – Ата би, Төбе би, Қатар би, Төтен би, Бала би болып бөлінген.
Ата би – бұрын билік құрған, талай елдік істер мен даулардың тағдырын
шешіп, елге танылған, енді қартайып, билік ісін ізінен ерген кіші билерге
тапсырған адам. Ол биліктен қарттығына байланысты қалғанымен, кейінгі билер
қауымы оны ақылшы, кеңесші ретінде тұтынып, батасын алып отырған.
Бірде Төбе биге Шақшақұлы Жәнібек (жас жігіт кезінде) келеді. Еліңде
қартың болса, жазулы тұрған хатың, үйіңнің қасында биік төбең болса,
ерттеулі тұрған атың деген екен атам қазақ, сізден ақыл сұрайын деп
келдім. Бозбала болып ерлік қылайын ба, әлде, үлгі алып билік құрайын ба?"
— депті. Сонда Төбе би: "өгізді өрге салма — қанатың талар, наданға көзіңді
салма — сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа — сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды
айтпа—түбіңе жетер. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма
— өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи — жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса
тамақ. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Айналаңа мақтаншақ жігіт
жинасаң ұятқа қалдырар. Ұрыншақ атың болса — жаз жарға, қыс қарға жығар.
Елге бай құт емес, би — құт. Қабырғадан қар жауса — атан менен нарға күш,
ел шетіне жау келсе—қабырғалы биге күш. Менен ақыл сұрасаң, айтарым осы", —
деген екен. Төбе би атамыздың ақылын ұстанған Жәнібек атақты батыр әрі
шешен би болған. Қарап отырсақ, Ата бидің ел-жұртқа тигізер осындай пайдасы
аз болмаған.
Төбе би — елдік (мемлекеттік) немесе өңірлік (регион) аумақта сайланып
қойылатын қаламыш билер. Мысалы, тарихымыздағы Төле, Қазыбек, Әйтеке билер
өз өңіріндегі (жүздіктерінде) төбе билер болған. Төбе билерді сайлайтын
халық емес, билер жиынында сайлаған. Оларды қалаулы, қаламыш билер деп те
атаған.
Ал қазақ жұртшылығы бойынша төбе билікке сайланған Төле би атамыз. Төле
бидің төбе билікке сайлануы үлкен талқыдан өтіп барып, іске асқан. үш
жүздің бірнеше билері төбе би сайлауға жиналған деседі. Сонда ұлы жүз
билері: "Біздің атамыздың жасы үлкен (Ақарысты айтады), төбе би—Төле би
болуы керек — депті. Кіші жүздің билері: "Қазақ атамыздың шаңырағы (үлкен
үй) бізде, біздің жолымыз үлкен. Сондықтан төбе би—Әйтеке би болсын деген.
Сонда орта жүздің билер "ұлы жүздің үлкендік жолы, кіші жүздің үлкен үйлік
жолы бар. Бізде еш жолдық құқық жоқ. Сондықтан төбе би—Қазыбек болуы
керек", -дегенді айтыпты. Осындай кең талқыдан кейін, атақты үш би тал қыға
салынып, төбе билікке Төле биді сайлапты.
Қатар билерге — қазақ билері құрамындағы төбе биден (Төле би)
басқалары, яғни бір-бірінен артықшылығы жоқ, тең құқылы билер жатқан. Олар
— Қазыбек пен Әйтеке билер. Сол сияқты әр жүз билері құрамында да төбе және
қатар билер болған. Қазақ жүздеріндегі төбе билер – Төле, Қазыбек,
Әйтекелер. Олардың қарауындағылар қатар билер санатына кіргізілді.
Жеке би - әрбір ауыл, кіші рулық бөліністе билер құрамы болмаған,
олардағы би – біреу (жеке). Жеке билер сайланбаған немесе қаламыш (қалаулы)
би деп те аталынбаған. Олар өзінің шешендік қабілетімен, ұнамды, өнегелі
ісімен елге танылған, билік ету ісінде сыналған азаматтарды би деп сананп
мойындаған, сөйтіп олар ел сеніміне сай билік ісін жүргізіп отырған.
Төтен би – екі ел арасындағы кейбір даулы мәселелерді шешіп келуге ел
арасындағы билерден таңдама билер тобын құрып, өкілетті етіп жіберілетін
билер (төтенше би деп те атаған). Мұндай төтенше би тобын екі жақ, өзінше
құрып, кездесуге жібереді екен. Уағдаласқан жерге екі жағынан төтен билері
келіп, мәселені талқылап, тиісті келісім-шешімін (билігін) қабылдайтын
болған. Аталмыш билер тобы көбінесе ұзаққа созылған даулы істерді шешіп
келу үшін жұмсалған. Бұл билер тобы сайланбаған, олар елдің беделді
адамдарынан құрылған.
Бала би — билік дәрежесін әлі иеленбеген, билік айтуға талап қылып,
өзін әр жерде көрсете бастаған жеткіншек. Ал кейін ондай талапты жастар
үйренсін (стажировка) деп, ірі билер қостылыққа алып жүрген. Билік ісі
жүріп жатқанда, жаңағы бала би мұқият тыңдай отырып, берілген биліктің
жетімсіз жақтары болса немесе билік етуші би тоқаулап қалса бала билер
билікке араласып өз билігін айтатын болған. Осы орайда, олардың арасында
бірте-біте елге танылып, шешен билердің бірі болып кеткендері де аз емес.
Ертеректегі бір аңызда Төле мен Қазыбек Кіші жүз еліне бір көне дауды
тындыруға келеді. Билердің шешімін тыңдап есік жақта отырған бала: Асқар
тау сенде бір мін бар – елге асу бермейсің, тасқын су сенде бір мін бар -
өтуге өткел бермейсің, билерде де бір мін бар – басқаға сөз бермейсің, -
деп орнынан тұрып кетіп қалады. Төле би мен Қазыбек би: Мынау тегін бала
емес қой деп шақырып алады да, балаға істің билігін айтуды тапсырады.
Баланың берген билігіне екі би риза болысып, оны тағы бір сынау үшін:
"Жігіттің жақсысы кандай болады?" — деп сауал қояды. Сонда жаңағы бала:
"Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге тоқтай білген, басканы сөзіне тоқтата
білген",—депті. Сондағы бала би — Әйтеке еді, ол халыққа осылай танылды.
Сол кезде Әйтеке небары он алты жаста ғана екен. Сөйтіп, Әйтеке дана биге
айналыпты. Әйтеке атамыз — айтулы шешен әрі қазақ мемлекетін құрысуға үлес
қосқан мемлекет қайраткері болған адам. Жалпы, қазақ билері тарихында
атақты билердің көпшілігі істі бала биліктен бастағаны мәлім.
Мұнан басқа да қазақтың ресми емес билері болған. Олар — ел
басқарушысының өздері (хандары). Олар билік айтып, халыққа жарлық ететін
болған. Сондай хандардың қатарында Тәуке мен Абылай хандардың болғанын
айтқан жөн. Солардың билік, іс-әрекеттері халық сүйіспеншілігінен әр кез
орын тапқан.
Қазақ билерінің ойласып шешетін орталығын билер кеңесі деп атаған. Ол
билер уағдаластығымен белгілі бір жерде өтіп, онда ел қамына байланысты
мәселелер қаралып, мәмілеге келіп отырған. Ондай билер кеңестері кебіне
Құлтөбеде, Ордабасында, Түркістанда, ұлытауда, Көкшетауда, Қаратауда,
Алатауда, Жайық, Ырғыз өңіріңде болған. Осы билер кеңесіне үш жүздің ірі
билері түгел қатысып, мәселені бірлесіп шешкен. Билер келісіп шешкен іс
халыққа жария етіліп отырған.
Міне, осындай билер кеңестері қазақ даласының кішігірім өңірлерінде де
болып тұрған. Билер кеңестерінің елдін бірлігі мен ынтымағына тигізген
қолайлы әсері аз емес.
Қазақ билер жүйесінің қайсысының шешімін алсақ та олардың ел басқару
ісінде басшылыққа алынып отырылатын күші болған. Сондай дұрыс шешілген
билікті қалың көпшілік те бар ықыласымен қолдап отырған.

Билер шешімдері
Қазак билері — бірлік, ынты-маққа шақыратын шешімдерді, дау-лы істерді
бітімге келтіретін шешімдерді және айып салатын шешімдерді ұстанған.
Бірлікке, ынтымаққа шақыра-тын шешімдердің бірі — үш жүздін билері
Ордабасыға жиналып, елді жоңғар басқыншылығына қарсы топтасуға шақыру
болды. Соған орай қазақ халқы қаһарына мініп, бар күшін жоңғарларды
талқандауға жұмсады. Нәтижесінде ата жауын талқандап, өзінің
ұлтгықтүтастығын сақтап қалды.
Бітімге келтіретін шешімдер үлкенді-кішілі бола берген. Ол, әсіресе, ел
арасындағы, жеке адамдар арасындағы дау-жанжалдарды реттеуге, рухани
кінәсін жоюға бағытталған. Осындай билік шешімдердің бірі ретінде Ырғыз
өңірінде ертеректе болған оқиғаны мысалға келтіре кеткен артық емес шығар.
Ырғыз өңірдегі бір көрнекті азаматына берілген астаат шаптырылып үлкен
бәйге жарияланыпты. Осы астың басқарылуы мен тәртіп сақтау ретін Самырат
деген ел басқарушысы, үлкен бедел иесі қолына алыпты. Бәйге аттары
қарақшыға жақындай бергенде біреулеі тәртіп бұзып, аттың алдынан көтермеге
шықса керек. Сол көтермешілерді тәртіптеу барысында Самыраттың қамшысы бір
ақсақалға тиеді. Жұртшылық Самыратқа барынша ренжіп қалады. Ас тарқағаннан
кейін бірсыпыра ел азаматтары Самыратка келіп, пәленше ақсақалдан кешірім
сұрауын өтінеді. Алайда ол кешірім сұрамаған.
Самыраттың осы қылығын естіп бір күні оған осы өңірдің айтқыр билерінің
бірі Келаман деген кісі келіпті. Ас-суланып болғасын Самырат Келаманның
шаруасын сұрапты. Сонда ол: "Мен саған келдім, Сәке. Халық пәленше шалдың
таяқ жегеніне ренжімейді, Самыраттың таяғы тигеніне ренжиді. Сен халкыңмен
бітістірейін деп келдім, халықтан кешірім сұрауың керек дегенді айтыпты.
Келаманның "халық" деген сөзінен сасып қалған Самырат "Солай ма, Келеке,
жаңылсам, қайттым депті. Кейін халықтың бір жиынында Самырат халықтан
кешірім сұрап, халықпен бітіскен. Міне, осылай Келаман бидің бітім билігі
іске асқан екен.
Айып салатын шешімдерде билер кінәліге айып салып, соны орындаттырған.
Айып түрлері аз емес. Соның біріне тоқталайық.
Бірде бір ауылдың жесірін екінші ауыл жігіті алып қашыпты. Одан кейін
екі ауыл жігіттері арасында шатақ шығып, арты төбелеске ұласыпты. Жесір
иелері жесірін қайтарып, қарсы жақтың адамдарын сабап тастаса керек.
Біреуінің басы жарылып, біреуінің қолы сынып, биге өтініпті. Би жесірді
алып қашқан жаққа: Айыбыңа ат мінгізіп, үстіне шапан жабасың. Бас жарылса
бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде, сендер жесірін алып қашпасаңдар төбелес
болар ма еді депті. Ара ағайындар әділ билік болды деп, биге ризалық
білдірген екен.
Сөйтіп бұрынғы билер қызметі арасындағы талай жағдайды (істі)
әділдігімен, шешендік шеберлігімен тындырғандары ел арасындағы осындай
әңгімелерден белгілі.
Сондықтан да қазақ халқында билер құрметті тұлға болған. Олардың
даналық сөздері – ата мұрамыз, алтын қазынамыз. Шешендік сөздер өнегесін
бойымызға дарытып, әлемімізге нәр етіп пайдалансақ қандай ғанибет.

Хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы
Кейінгі кезде көшпелі қазақтың дала зиялылары жөнінде көбірек айтыла
бастады. Хандар, әулиелер, сұлтандар, қожалар, имамдар, молдалар, батырлар,
билер туралы мағлұматтар, олардың қазақ халқының тарихи қалыптасуында
атқарған рөлі, қазақ өмірінде алған орны бірсыдырғы әңгімеленіп жатыр. Бұл
қуанатын жайт. өйткені әр халықтың тарихи құрылымдық жүйесін білу сол
халықты жан-жақты тану үшін қажет.
Қазақ халқының әлеуметтік құрылымын сөз қылғанда, ерекше көңіл бөлетін
мәселе – би тұрғысы. Би – басқа лауазымдар мен атақтарға қарағанда біздің
халқымыз үшін өте байырғы, төл ресми атақ. Профессор Е. Бекмаханов би
туралы былай деп тұжырымдайды: Господствующей социальной группой,
выраставшей, в противоположность султанам, непосредственно из недр кочевой
общины, были родовые старшины – бии. Они пользовались особыми правовыми и
экономическими преимуществами. Демек, би – халықтың өз ішінен, өз
әлеуметтік өмірінен шыққан лауазым. Мұны халыққа сырттан алып келіп
ұсынбаған, телімеген.
Қазақта би атағын ресми түрде бермеген, формальды түрде сайлау немесе
тағайындау болмаған. Би атағын алу үшін адам халық алдында жылдар бойы
өзінің шешендік, әділдік, тапқырлық, парасаттылық, білімдарлық сияқты
қасиеттерімен таныла білуі керек болған. Халық арасында ондай адам туралы
жақсы лебіздер тарап, әркімдер оған істің билігін сұрап, көңілінен шықса,
мақтау сөздер таратып отырған. Сөйтіп, ондай адам би болуға халықтың өзінен
жолдама алатын болған.
Бидің халықтық сипатын көрсету үшін көз алдымызға мынадай әлеуметтік
жағдайды елестетейік. Адам мен адам, ру мен ру қарым-қатынасқа түскенде,
олардың арасында толып жатқан шиеленістер, дау-дамай болмай тұрмайды.
Осыдан келіп біреуге жүгіну қажеттілігі туады. Жүгінерлік адам әділ де
тапқыр, қысқасы, дана болуға тиіс.
Би болу, Әйтеке би айтқандай, дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны
сөзіне тоқтата білген өнерлі адамның қолынан келген.
Бидің халықтық қасиеті осында жатыр.

Ежелгі халықтық үлгідегі билер соты
Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен
немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін
терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген Би
атану үшін қазақ халқы алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-
жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай.адамдардың есімі
желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне танылған. Сөйтіп би
атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан
тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді.
Қазақ халқындағы мұндай мұрагерлік жайында көптеген мысал келтіруге
болады. Орта жүздің қаракесек руында ХVІІ ғасырдың ақырында Қазыбек деген
атақты би болды, олардың тұқымы осы күнге дейін билікке ие болып отыр.
Қазыбек - Бекболат – Тіленші - Алшынбай
Бұған қарап, қазақтарда би атағы мұрагерлік жолмен беріледі екен деп
ойлауға болмайды. Шорман би Қаржас руынан шыққан атақты, әрі бай қазақтың
баласы, бидің баласы емес. Ата-бабасында би болмаған Шорман он үш жасында
жиын топта топ жарып, дау шешеді де, өле-өлгенше бала би атанып кетеді.
Әкесі атақты би болса да, балаларының ол атаққа қолы жетпеген талай қазақты
білеміз.
Рулық әдет-ғұрыптың заңына байланысты бір рудың адамдары бір семьяның
мүшелері сияқты болған да, өз руласы өзге рудың адамдарымен дау шешкенде,
билік сұрағанда ол процесте билік жүргізбей, руласына адвокаттық міндет
қана атқарған. Қазақтың туыстық қатысы жеті атасынан әрі, тайпалық
тармақтарына да тараған. Мәселен, Орта жүз: арғын, қыпшақ, қоңырат, найман,
уақ, керей болып алты арыс ел аталады, олар өзара бауырлас саналады,
сондықтан қоңырат тайпасының талапкері (жоқшысы) арғын тайпасының
жауапкерінің процесінде облыстың 15 болысын ғана қамтитын бағаналы, қыпшақ,
уақ, керейлердің биінен өзге, яғни Сібір қазағы облысының барлық биін
рулас, солардың сөзін сөйлейді деп, сот биігінен шығаруға толық құқы болды.
Қазақтың рулық әдет-ғұрпының бұл ерекшелігі - қазақ даласындағы би
атаулының, іске қатысы жоғының қайсысын қалаймын десе де толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсақалдар соты
Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
Әдеттік құқық институты ретіндегі билер соты
Қазақ билерінің және билер сотының ерекшеліктері
Қазақ қоғамындағы билер
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Билер институты
Қазақ қоғамына билер ықпалы
«Билер мектебі – билік үлгісі» (қазақ халқының сот тарихынан)
Би елдің құты
Пәндер