Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



Кіріспе 3
1 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздері 5
1.1 Бухгалтердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы 12
1.2 Бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері 18
2 Кәсіпорындардың есеп саясаты 21
2.1 Есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер 22
2.2 Бухгалтерлік қызметтегі құжаттау мен есептік регистрлер 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» деп аталады және бұл тақырыпты таңдауымдағы мақсатым, мен мен осы жұмысымда сан қырлы бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы, яғни нарық заманындағы атқаратын рөлі, маңызын, жалпы мәнін және мазмұнын ашып көрсету. Жылдан-жылға еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі даму үстінде. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызмметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Бұл мәселелерді шешудің жолын 1-ші тарауда, яғни, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері арқылы қамтуды қарастырмақпын.
Ал осы тараудың бірінші бөлімінде – бухгалтерлердің атқаратын міндеті мен бухгалтерия құрылымы олардың қалай ұйымдастырылу керектігі жайында болмақ. Мұнда кез-келген жағдайда бухгалтер өз міндетін адал атқарып, қабылданған заң актілері мен нормативтік ереже нұсқауларды қатаң сақтап және оларды дәлме-дәл сапалы түрде орындауы қажеттігі туралы жазылған. Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері қарастырылғын, яғни мұнда есеп үлгілерінің шаруашылықта қаншалықты маңызды рөл атқаратыны және оларды қалай жүргізу жөнінде. Жалпы, бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады. Есеп үлгісі ең әуелі есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру мен жеңілдеуіне байланысты болуы керек, сонымен қатар, есеп регистрлары пайдалануға болып, мүмкін болатын қателер мейлінше азайтылуы керек.
1. Әдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері». Алматы 2003ж.
2. Әбдіхалықов Т. Ә. «Аудит және бухгалтерлік есеп». Алматы 2003ж.
3. Бабаев Ю. А. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Мәскеу 1999ж.
4. Ержанов М. С. «Есеп сасаты» Алматы 1997ж.
5. Жақыпов С. Ж. «Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі». Алматы 2001 ж.
6. Күлімжаев «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы 2004ж.
7. Любушина Н. П. «Теория бухгалтерского учета». Мәскеу 2002ж.
8. Нидяз Б. Андерсон «Бухгалтерлік есеп принциптері». Мәскеу 1996ж.
9. Радостовец В. К, Ғабдуллин Т. Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы 2003ж.
10. Салина «Принципы бухгалтерского учета». Алматы 2003ж.
11. Соколов Я. В. «Бухгалтерлік есеп туралы түсініктер және тарихы». Мәскеу 1991ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздері 5
1.1 Бухгалтердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы 12
1.2 Бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері 18
2 Кәсіпорындардың есеп саясаты 21
2.1 Есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер 22
2.2 Бухгалтерлік қызметтегі құжаттау мен есептік регистрлер 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деп аталады және бұл тақырыпты таңдауымдағы мақсатым, мен мен осы жұмысымда сан қырлы бухгалтерлік есептің қазіргі таңдағы, яғни нарық заманындағы атқаратын рөлі, маңызын, жалпы мәнін және мазмұнын ашып көрсету. Жылдан-жылға еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі даму үстінде. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызмметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор. Бұл мәселелерді шешудің жолын 1-ші тарауда, яғни, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері арқылы қамтуды қарастырмақпын.
Ал осы тараудың бірінші бөлімінде - бухгалтерлердің атқаратын міндеті мен бухгалтерия құрылымы олардың қалай ұйымдастырылу керектігі жайында болмақ. Мұнда кез-келген жағдайда бухгалтер өз міндетін адал атқарып, қабылданған заң актілері мен нормативтік ереже нұсқауларды қатаң сақтап және оларды дәлме-дәл сапалы түрде орындауы қажеттігі туралы жазылған. Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп жүргізу үлгілері қарастырылғын, яғни мұнда есеп үлгілерінің шаруашылықта қаншалықты маңызды рөл атқаратыны және оларды қалай жүргізу жөнінде. Жалпы, бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады. Есеп үлгісі ең әуелі есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру мен жеңілдеуіне байланысты болуы керек, сонымен қатар, есеп регистрлары пайдалануға болып, мүмкін болатын қателер мейлінше азайтылуы керек.
Ал, екінші тарауға келер болсақ, бұл тарауда бухгалтерлік есепте ерекше рөл атқаратын кәсіпорындардың есеп саясаты. Аталған тарауда қарастырылатын мәселе есеп саясаты жөнінде елімізде бухгалтерлік есеп стандарттарының бірінші тарамағында Есеп саясаты және мұның маңызын шешу туралы ресми құжат қабылданған. Бұл құжатта есеп саясатының мақсаты, қажеттілігі, тәсілдері мен ереже әдістері туралы айтылған.
Осы тараудың алғашқы бөлімі есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптері жайында, яғни кез-келген жүйеде өзінің принциптері мен әдіс-тәсілдері болатыны белгілі, мұнда есеп саясатында да бірнеше есеп принциптері қабылданған және бұларға қорғау барысында жеке-жеке тоқталып өтемін.
Кез-келген ортада шаруашылық операциялары дұрыс жүргізілуі үшін оларды құжаттармен ресімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып табылады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те атаймыз. Оған қоса бұл құжаттардың атқаратын міндетін, қызметін, оның түрлерін соңғы, яғни 2-ші тараудың екінші бөлімінде қарастыратын боламын.

1 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негіздері

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (баспатқы құжаттан бастап бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін (форма), есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 1995 жылғы 2732-Бухгалтерлік есеп жөніндегі Жарлығында салынған. Бұл заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан жетілдіріп отырады.
Кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалерлік есеп кәсіпорынның өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесі мен талдау жүргізу үрдісіне экономика - математикалық әдістерді, әртүрлі модельдерді, мақсатты - бағдарламалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын еңгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек. Кәсіпорындарда нақтылы орын алған шаруашлық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қабылданған шешімді көрсетеді. Яғни бастапқы құжаттар шаруашылық фактілерінің іске асқандығын мәлімдейтін ақпараттық ағын болып табылады. Шаруашылық фактілерінің орындалуын көрсететін құжаттар дәл және осы сәтте жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қолдары қойылуы керек. Бастапқы құжаттар жасап, өз қолдарын қоюшы жауапты адамдар, құжаттардың өз уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты екендігін дұрыс түсіну қажет.
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар кәсіпорынның бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру, жетілдірілген әдістер мен амалдарды ұғымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты бухгалтерлік есеп жұмысының маңызы мен сипаты өзгеріске түсті. Бухгалтерлік есеп объектілерінің көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру, жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы, тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен атқарылатын көптеген жұмыстардың көлемі азайып, компьютерлік жүйемен атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп принциптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістер мен амалдар кеңінен қолданылуда.
Мұның барлығын да сапалы даярлаған, іс-тәжірибеден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындығы, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп ұйымдастырулы жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау мен тексеруді, талдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі бола бастады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты қандайда шаруашылық субъектілері болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақтау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін, еліміз бойынша бухгалтерлік есепке тән төмендегідей кезеңді жұмыстар атқарылуында бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің жолддары белгіленуі керек. Бұларға:
1) Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану.
2) Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп принциптерін сақтау.
3) Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің әрбір кәсіпорындарға тән ұйымдастыру бағытын жасау.
4) Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап, мұның өзін менджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының бағытын негіздеу.
5) Есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшандату және пайдаланушылар талабын орындау.
6) Кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды даярлау мен қайта даярлау, бұлардың кәсіби білімін жетілдіру.
Ендігі жерде осы жоғарыда айтылғын бухгалтерлік есеп жұмысын ары қарай жетілдіруге байланысты қойылған талаптардың қысқаша маңызына тоқталған жөн.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің құқығын негіздеп, бухгалтерлік, есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, сондай-ақ есеп үрдісін ұйымдастырудың негізін салғандығын білген жөн. Кімде-кім болмасын есеп-хисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бұлардың жіктелуі, меншіктің түрлері акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.
Бұхгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі әдістер мен есеп жүргізудегі бағыттар жөніндегі (принцип) жинақталған құжат болып табылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мұның маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлерінің (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау, өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде қолданылады.
Кәсіпорындарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, сондай-ақ бұлар өздеріне тән және ыңғайлы болып танылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуіне болады. Ішкі ереже-нұсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық құпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана бастады. Осыған орай еліміздегі есеп жүргізу үрдісі қаржылық есеп және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп пен басқарушы есеп өрісі бұларды қолдану мен қалыптастыру бағыты жекелей дамитын болды.
Қаржылық есеп қаржы жөніндегі қорытынды есеп (отчет) ақпараттарын пайдаланып, арнайы шешімдер қабылдау мақсатында жасалынады. Есептің бұл түрі тиісті заң актілері мен стандарттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми қабылданған басқа да нормативтік құжаттары негізінде жүргізіледі.
Басқарушы (өндірістік) есеп кәсіпорын қызметі мен өндірісін тиімді басқару және осы және болашақтағы кезеңдерде арнайы шешім қабылдау сатылған өнімдердің қаржылық нәтижесін шығару, жаңа технология енгізу мен мұның тиімділігін есептеу, маркетингтік шешім қабылдап, өндірілген өнімдерді, кімге, қашан, қаншаға сататындығы жөніндешешім қабылдау мақсатында жүргізіледі. Басқарушы есептің әдістемелік жолдары кәсіорындардың өз ерекшеліктеріне қарай жасалынады.
Қаржылық және басқарушы есеп жүйесінің екі бағыттағы мақсатты іске асыруына байланысты бухгалтерлік есеп счеттары да екі қатарлы: бухгалтерлік баланс жасау үшін қолданылатын қаржылық есептегі счеттар, басқарушы есепте қолданылатын операциялық счеттар болып классификацияланады.
Есеп пен маркетингтік жүйе арасында үйлесімді негіз қалыптастырып, жүйелі түрдегі есеп атқаратын рөлі зор. Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші кәсіпорындар базарлы сауданың жеңімпазы болғысы келетіндігі рас. Сондықтан кәсіпорындар тұрақты сатып алушылар іздеп, бұлардың төлем өтеушілік қабілеті мен беделі және атағын зерттейтіндігі мәлім. Осыған орай тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын халықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің бұларды жеке саудаға салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалыық және стратегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, мұның негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы кезеңіне жатады. Бухгалтерлік есепті компьютерлік жүйеге көшіру, есеп жұмысына жұмсалатын шығындарын азайтып, тез арада қажетті ақпараттар ағынын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан кәсіпорындар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеу және т.б. ақпараттард механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір кәсіпорында бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.
Зерттеулерге қарағанда, алдымыздағы жақын кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша шамамен 200 мыңға жуық бухгалтерлер мен аудиторлардың білім дәрежесін жетілдіріп, бұларды қайта даярлау керек. Қазіргі кезеңде бухгалтерлік есеп пен аудит мамандығын тек жоғары жаңадан құрылып келе жатқан кәсіби бухгалтерлердің институтында даярлаған жөн.
Сапалы және кәсіби жағынан білімді даярланған бухгалтерлер осы заманның шешуші тұлғасына айналды.
Бухгалтерлер мен аудиторлар, т.б. қаржы мен салық жүйесінде қызмет атқарушы мамандар даярлау және бұларды қайта даярлау, білімін жетілдіріп отыру үшін сапалы шығарылған оқулықтар мен оқу құралдар қажет. Бұл проблема күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Әсіресе мемлекеттік тілде жазылған іргелі оқу құралдары мен оқулықтар жүйесін жасай алмай келеміз. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне байланысты халықаралық стандарт талабына сай мамандар даярлауға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жоқ. Бухгалтерлік есеп мамандарын даярлауды қалыптастырушы жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен кітаптар шығару, оқыту процесіне қажетті электронды оқулықтар пайдалану, аудио-көру, т.б. ақпараттық ағын қалыптастыру мәселелерін шешіп отырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі, нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.

1.1 Бухгалтердің атқаратын міндеті және бухгалтерия құрылымы

Арнайы білімі мен тәжірибесі бар бухгалтерлер белгілі бір интеллектуалды ортада қызмет атқарады. Өзінің білімі мен тәжірибесіне сенген бухгалтер, біріншіден сапасы және сенімді жұмыстар атқаруы, екіншіден, атқарған жұмысының нәтижесіне қанағаттануы, үшіншіден, атқарған жұмысының маңызы мен сапасына қарай өз еңбек ақысын көбейтіп отыруды арттыруды мақсат тұтады. Ал меншік иесі, немесе кәсіпорынның басшысы көп мөлшерде пайда табуды бірінші кезекке қояды. Алайда түскен табысқа салынатын салық жүйесінің қатаңдығына байланысты, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері салық төлеуден қашып, түскен табысты жасырудың жолдарын қарастырады.
Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлер өз міндетін жақсы және сапалы жұмыстар атқарып, қабылданған заң актілері мен нормативтік ереже-нұсқауларды қатаң сақтауы керек. Бухгалтерлік есеп ережелері мен әдістемелерді дәлме-дәл орындап, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін қатаң сақтау кәсіпорындардағы бухгалтерлердің міндетті ісі болып табылады.
Жалпы сипаттаған жағдайда бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті жұмыстар атқарып, есеп объектілеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мұның өзін тиісті органдарға тапсырады. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін кез-келген кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысы жақсы және сапалы ұйымдастырылуы керектігі бұрын да айтылды. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі кәсіпорын басшысының құзырында болады.
Кәсіпорын басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, сондай-ақ есеп-хисап жұмысына қатысты адамдарға бастапқы құжаттар жасаушы жауапты тұлғаларға жақсы жағдай туғызуы керек. Кәсіпорындар өздері еңбек ұйымдастыру және қаржы қалыптастырудың түрі мен технологиялық ерекшеліктеріне, шаруашылық қызметінің бағытына қарай бухгалтерлік есеп жұмыстарын өздері қалған әдіс-тәсілдермен ұйымдастыра алады. Бухгалтерлік есеп ұйымдастыру кәсіпорын бухгалтериясында іске асырылады. Бухгалтерияның аппаратын бас бухгалтер басқарады. Кәсіпорын бас бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп жүргізу, тауарлы-материалды құндылықтардың тиімді жұмсалуы, қаржы ресурстарын қалыптастыру, экономикалық-қаржылық талдауды өз мәнінде жүргізу, болашақтағы жағдай үшін ұсыныс енгізу т.б. экономикалық-қаржылық мәселелерді ұйымдастыру тапсырылады.
Бухгалтерияда атқарылатын жұмсытар немесе кәсіпорынның бухгалтерлік аппараты өндірістік бөлімшелер мен цехтар, басқа да бөлімшелер мен басқармалар және есеп беруге міндетті адамдармен тығыз байланыста болуы керек. Нарықтық экономикалық қатынастар бағытын жетілдіру мақсатына сай кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқарушы бухгалтерлер сыртқы қаржы салымшы инвесторлар мен несиелендірушілер, қарыз беруші басқа да кәсіпорындар, салық органдары мен қаржылық басқармалар т.с.с. ұйымдармен тығыз байланыс құруы қажет. Барлық бөлімшелерден, жауапты адамдардан, сыртқы тұлғалардан, т.б. түскен құжаттар, қорытынды мәліметтер, сондай-ақ жоспарлы және сметалық нормативтік материал кәсіпорынның бухгалтериясында өңделіп, белгілі нысандарға сай топстастырылып, сапалы деңгейде ақпараттық жүйе қалыптастырудың негізін қалыптастырады. Сапалы жасалған ақпарат көрсеткіштерін терең талдау, жүйелі түрде тексеру, шаруашылық процесіне баға беру, орын алған фактілер тиімділігін анықтау арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі жөнінде арнайы шешімдер қабылданады.
Бухгалтерлік есеп ақпаратының айырықша атқаратын міндетінің ең негізгісі - тексеру мен бақылау міндетін орындау болып табылады. Бухгалтерлік аппараттың орындайтын тексеру жұмысы алдын ала, ағымдағы және келесі тексеру болып үшке бөлінеді.
Алдын ала тексеру деп - мүмкін болатын шаруашылық операцияларының орындалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Алдын-ала тексеру жұмысы ақша-қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды құндылқтар қозғалысы, қаржылық қорытынды нәтижесі, несие алу мен жұмсау, т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің қойған қолымен бекітіліп расталады. Сондықтан, кәсіпорынның бас бухгалтері немесе басқа да өкілеттілігі бар жауапты адамдар бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтердің заңдылығы мен тиімділігін, алдын-ала мұқият тексеруге міндетті.
Ағымдағы тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтте немесе мұның артынан іле-шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептеулер мен бағалау амалдарының дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы тексеруден өткен соң мұндағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына жинақталып жазылады.
Келесі тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен бастап белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Келесі тексеру есепті кезеңге сай жүргізіледі. Тексерудің бұл түрі кәсіпорынның және осы кәсіпорын құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі өрісінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша орын алған шаруашылық операцияларының маңызын оң күндік, айлық, тоқсандық, т.с.с. кезеңдер бойынша да тексереді.
Кәсіпорындағы есеп пен тексеру жұмысын осы кәсіпорын бойынша құрылған бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия аппараты кәсіпорын басшысына бағынышты болып, кәсіпорынның атқаратын жұмыстарының көлеміне қарай міндетті қызметтер атқарушы бухгалтерлер тағайындалады. Бухгалтерия жұмысын тиімді қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мұндағы бөлімдерді дұрыс құрып, есеп қызметкерлерін, бұлардың білімі мен тәжірибесіне қарай орналастырудың маңызы зор.
Кәсіпорында ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне (форма) сай бухгалтерлік аппараттың құрылымы деп өзара байланыста болатын ұйымдық тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне-бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын функционалды міндеттерін айтады. Яғни бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлімдер мен еңбектің бөлінуіне, бухгалтерияда қызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесіне қарай қалыптасады.
Кәсіпорын көлемі мен атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай есеп жүргізу еңбегі функционалды түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі өндіріске жұмсалатын шығындар есебін бухгалтерияның бір бөлігі жүргізсе, жанама өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне тапсырылуы мүмкін. Яғни, бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін бір адам немесе бір бөлім орындайды.
Сонымен қатар, есеп жұмысын функционалды тұрғыда орталықтандырып ұйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер біртектес шаруашылық операциялары жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп жүргізу үшін бір біхгалтер (топ) есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай еңбек ақы есептейді, мұның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп регистрларын жасап, счеттарды корреспонденциялайды. Бухгалтериядағы атқарылатын еңбек пен атқарлатын міндеттерді бөлісу, кәсіпорнның өндірістік немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Сонымен қатар, бухгалтерлік аппарат құрылымы мен мұның күрделілігі кәсіпорндағы еңбек етуші адамдар саны мен технологиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмстардың маңыздылығ мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы төлеудің есебі
Бухгалтерлік есептің типтік есептеры
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Есептілік кезең қағидасы
Еңбек ақы төлеудің есебі мен аудиті
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
Оқу практикасының міндеттері
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сандық өлшем
Пәндер