Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих»



1. Рашид.ад.дин Фазлолла Хамадани
2. Рашид.ад.дин шығармасы
3. Рашид.ад.диннің «Жами.ат Тауарих» атты кітабынан үзінді
Облыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих» атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Бұл кітапты Иранды жаулап алып билеген Шыңғыс хан ұрпақтарының бірі Сұлтан Махмұд Ғазан ханның дәрігері әрі уәзірі болған Қожа Рашид-ад-дин фазлолла Хамадани хан тапсырмасы бойынша 1364 жылы жазған. Қазақ халқының аңыздарында Қазан хан ретінде белгілі бұл билеуші өз ата-баблары — моңғолдармен қатар түріктердің тарихын өзінің сарайында жатқан қолжазбалар, құйма құлақ қарттардың әңгімелері негізінде жазуды өтінген екен. Үш томдық бұл шығармада қазақ халқының құрамындағы қаңлы, қоңырат, найман, жалайыр, тағы басқа тайпалар туралы едәуір сез болады. Бұл кітаптың түркі тайпалары жайлаған алқаптар туралы тарауларында Талас өңірі жайлы да бірнеше жерде жазылған. Шаш (Ташкент), Сайрам қалалары да түркі кенттері екендігі атап айтылады. Бұл тарауларда тарихи ақиқатар мен аңыздар астасып жатады. Сол кездегі казақ даласын автор Дешті- Қыпшақ яғни Қыпшақ даласы деп көрсетеді. Бұл кітапта түркілер деп аталған қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, түрік, татар, әзірбайжан, башқұрт сияқты халықтардың ата-тектері бір екендігі баяндалады. Амал не, Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер мол жазылған осы «Жами-ат-Тауарих» туралы кешегі кеңес заманында жарық көрген «Қазақ совет энциклопедиясында», тіпті осыдан екі жыл бұрын шыққан «Түркістан» энциклопедиясында да бір ауыз сөз жазылмай қалған.
Рашид-ад-дин өзінің бұл шығармасында Орта Азияны, Ресейді жаулап алған Шыңғыс ханның, оның балалары мен немерелерінің кезінде моңғолша жазылған «Алтын дәптерді», араб тарихшысы Ибн-әл-Әсірдің «Шежіресін» Жүзжани 1260 жылы Үндістанда парсыша жазған «Насыр кестесін», Түркістан мен Монғолияны әбден аралаған, жетік білетін Жувейнидің 1260 жылы парсыша жазған «Жаһангушей» атты кітаптарын да пайдаланғаны байқалады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Б. ӘБІЛДАҰЛЫ, облыс әкімінің, штаттан тыс кеңесшісі
И. ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымының кандидаты, ТарМУ ғылыми
зерттеу орталығының жетекші маманы
Облыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам
Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан
кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың
Жами-ат-Тауарих атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Бұл кітапты
Иранды жаулап алып билеген Шыңғыс хан ұрпақтарының бірі Сұлтан Махмұд Ғазан
ханның дәрігері әрі уәзірі болған Қожа Рашид-ад-дин фазлолла Хамадани хан
тапсырмасы бойынша 1364 жылы жазған. Қазақ халқының аңыздарында Қазан хан
ретінде белгілі бұл билеуші өз ата-баблары — моңғолдармен қатар түріктердің
тарихын өзінің сарайында жатқан қолжазбалар, құйма құлақ қарттардың
әңгімелері негізінде жазуды өтінген екен. Үш томдық бұл шығармада қазақ
халқының құрамындағы қаңлы, қоңырат, найман, жалайыр, тағы басқа тайпалар
туралы едәуір сез болады. Бұл кітаптың түркі тайпалары жайлаған алқаптар
туралы тарауларында Талас өңірі жайлы да бірнеше жерде жазылған. Шаш
(Ташкент), Сайрам қалалары да түркі кенттері екендігі атап айтылады.
Бұл     тарауларда     тарихи ақиқатар мен аңыздар астасып жатады. Сол
кездегі казақ даласын автор Дешті- Қыпшақ яғни Қыпшақ даласы деп көрсетеді.
Бұл кітапта түркілер деп аталған қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен,
түрік, татар, әзірбайжан, башқұрт сияқты халықтардың ата-тектері бір
екендігі баяндалады. Амал не, Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер
мол жазылған осы Жами-ат-Тауарих туралы кешегі кеңес заманында жарық
көрген Қазақ совет энциклопедиясында, тіпті осыдан екі жыл бұрын шыққан
Түркістан энциклопедиясында да бір ауыз сөз жазылмай қалған.
  Рашид-ад-дин өзінің бұл шығармасында Орта Азияны, Ресейді жаулап
алған Шыңғыс ханның, оның балалары мен немерелерінің кезінде моңғолша
жазылған Алтын дәптерді, араб тарихшысы Ибн-әл-Әсірдің Шежіресін
Жүзжани 1260 жылы Үндістанда парсыша жазған Насыр кестесін, Түркістан мен
Монғолияны әбден аралаған, жетік білетін Жувейнидің 1260 жылы парсыша
жазған Жаһангушей атты кітаптарын да пайдаланғаны байқалады.
  Жәми ат-Тауарих, қазақша айтқанда Жаппы тарих деп аталатын үш
томдық бұл кітапта Адам атадан Ғазан ханға дейінгі оқиғалар, оның ішінде
пайғамбарлар, халифалар, оғыз, қытай, үнді, израиль, европалықтар тарихы
сөз болады. Алайда, осы үш томдық кітаптың екінші томының кейбір тараулары
ғана сақталып, үшінші томы түгелдей жоғалып кеткен екен. Біздің жалпы
түркі, оның ішінде Қазақстан тарихына қатысты материалдардың бәріне де шолу
жасай алмайтындығымыз белгілі. Сондықтан да біз бұл кітаптан тек Тараз
тарихына тікелей қатысты жерлерін ғана пайдаландық.
  Кітап авторы Рашид-ад-дин Фәзлолла Хамаданидың туған жылын парсы
ғалымдары 1239 немесе 1246, әйтпесе 12481249 жьлы деп көрсетеді. 1336 жылы
Ғазан ханның немересі Сұлтан Олжайту ханды Рашид-ад-дин дәрігер ретінде у
беріп өлтірді деген желеумен атақты тарихшының ұлын көз алдында басын
шаптырып, өзінің денесін де бөлшектеп, басын Тәбрез қаласында іліп қояды.
Өйткені, Рашид-ад-дин мусылман дінін қабылдаған евреи екен. Ол кезі
тірісінде мешіт салғызған. Рашид-ад-диннің Жами -ат Тауарих атты кітабын
халқымыздың төл тарихшысы жалайыр Қадырғали би өз шығармасында қысқарта
пайдаланып, кейінгі тарауларын қазақ хандығының тарихына арнағандығы
белгілі. Сол сияқты Дулат Мұхаммед Хайдар мырза да Тарихи-и Рашиди
шығармасын жазғаңда осы Рашид-ад-диннің Жами-ат Тауарих кітабын   өнеге
еткен.
  Сонымен, Рашид-ад-диннің Жами-ат Тауарих атты кітабынан тек Тараз
тарихына тікелей қатысты бір тарауынан үзінді:
Күшліктің қарақытай гурханды паналауы және айтқан сылтауы. —
Күшліктің қаза болуы әрі моғолдар қолынан найман патшалары билігінің
күйреуі
Күшлік (хан) Шыңғыс ханның қолынан кашып жүріп гурханды паналады. Ол
(гурхан) ұлы патша болатын. Бүкіл Түркістан мен Мауароннаһр өлкесіне билік
ететін қалың қолы болды, сән-салтанатпен туратын. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм
шахтың аталары оған жыл сайын отыз мың алтын динар беріп тұруды өз мойынына
алған еді және өз ұрпақтарына да аталмыш міндеттемеге берік болуды
тапсырып, әрі бұл үшін ешқашан дау-дамайға бармауларын өсиет еткенді.
Өйткені, ол мықты жаулардың яғни моғол, найман, тағы    басқа   беделді
түрік тайпалары алдында тұра алатын өте берік бөгет екеннін ескерген еді.
Гүрхан оны (Күшлікті) қатты құрметтеп, оған барынша жақсылық жасады. Біраз
уақыт өткен соң тіпті оған өз қызын ұзатты.
  Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың істері оңға басып, Гүр, 
Ғәзне, Хорасан, Ирақ елдерін өзіне қаратып, Түркістанның бір 
бөлігін алған соң сән-салтанаты арта түсті. Содан кәпірлерге салық төлеуден
бас тартып, гурханға келісілген төлемді 
тоқтатты. Жан-жақтан әскерлер жинақтап, Мауароннаһр өлкесін 
азат ету мақсатында Бұхараға жорық жасады. Содан 
аймақтардағы әмірлерге хат жолдап, оларға тарту бере 
бастады. Сөйтіп, Афрасиаб ұрпағынан саналатын Самарқанд 
патшасы сұлтан Осман көп уақыттан бері гурханға ренжіп 
жүргендіктен Сұлтан Мұхаммедтің шақыруын қабыл алып, онымен одақтасты.
  Жасырын түрде Күшлікке де хабар жолдап, оны жолдан тайдырды. Күшлік
те гурханның әлсіреген ахуалын байқап жүрген еді. Өйткені оның (гурханның)
ұлы әмірлері шығыс аймақтарында бас көтеріп, әлемді жаулаушы патша Шыңғыс
ханды қолдайтын. Ол да (Күшлік) гүрханның көптеген әмірлерімен сырлас
болғандықтан әкесі Таян ханның әмірлері және олардың бұрынғы қызметкері шет
жақтарда жүріп қарсы екенін еститін. Сондықтан әкесінен қалған әскерлерін
жинауға дәмеленіп, бұрынғы салт бойынша таққа отырамын деген үмітпен әрекет
жасады. Свйтіп өзі топтастырған әскерлерімен қатар гурханға қарсы өз
әскерлерін біріктіріп, гүрхан мемлекетін алмақ болды...
  Сондай Пасық ойларымен ақкөңіл гурханмен екі жүзділік ойынға
кірісті. Сөйтіп оған (гүрханға) былай деді: Біршама уақыттан бері өз
ұлысымнан қол үзгенмін. Шыңғыс хан болса Кытай уалаятында шайқасып жатыр.
Әрі менің тайпаларым һәм әскерлерім Еміл, Қиялық және Бесбалық маңында
сергелдең босып жүр деп естідім. Олар менің атағымды естісе, әр жерден
жинала    бастайды.    Содан сіздердің жауларыңызға шабуыл жасайды. Егер
рұқсат етсеңіз, барып, олардың басын қосайын. Одан әрі түрлі шайқастар мен
оқиғаларда гурханға көмекші болайын. Және өле өлгенше шынайы ықыласпен
әртүрлі қызметке дайын болып, бұйрықтарын орындайын.
  Аңқау гүрхан оның сөздеріне сеніп, айтқандарына рұқсат берді. Күшлік
одан (гүрханнан) бөлініп, өз қалауынша кетті. Оның атағы Түркістанда паш
болған соң әкесінің Шыңғыс хан әскерлерінің қылышынан аман қалған руластары
мен әскерлері оның айналасына жинала бастады. Содан ол (Күшлік) жан-жаққа
жорық жасап, олжаға кенеліп жүрді, қосыны көбейді. Сосын гүрханды шабуыл
нысанасына іліндірді. Оның қалалары мен аймақтарына шапқыншылық жасап
тұрды. Гүрхан қартайып қалжыраған адам еді. Сол себептен қажетті дайындық
жасай алмады.
  Күшлік Султан Мухаммедтың (Хорәзм шахтың) гурханға қарай бет алғанын
естіп, одан әрі құтыра түсті. Екі жақ елшілер арқылы уәделесіп, Сұлтан
гурханға батыс бағытпен бет алып, Күшлік шығыс жағынан барып ортаға алуды
ұйғарысты. Ал, Сұлтан үстемдік көрсете білсе, гурхан мемлекетін Алмалық,
Хотән және Қашқарға дейін иеленетін болды. Керісінше, Күшлік басым түссе,
аталмыш мемлекетті Фәнакәт өзеніне дейін алатын болды.
  Осы келісімге орай екі жақ іске кірісті. Күшлік алдымен аттанды.
Гурхан әскерлері алыс жерде болды. Сондықтан ол (Күшлік) тездетіп Баласағұн
мекенінде гурханның үстінен түсті. Ол (гурхан) жакын маңдағы әскерлерімен-
ақ Күшлікке қарсы шығып, шайқаста Күшлік күйрей жеңіліп, кайтып кетті.
Әскерін қайта жинақтай бастады. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шах та сұлтан
Османмен бірге Самарқаннан гурханға қарай бет алды. Тараз уалаятына
жеткенде гүрханның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Шежіре
Күшлік хан
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Қадырғали Жалайыр
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы
Моғолстанның алғашқы хандары
Қадырғали Жалайыри
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Пәндер